Бір және екі гетероатомды алты мүшелі гетероциклдар

Бір гетероатомды алты мүшелі гетероциклдардың ішіндегі аса маңыздыларына азотты қосылыстар пиридин, хинолин, изохинолин және акридин жатады.

Бір және екі гетероатомды алты мүшелі гетероциклдар - student2.ru пиридин Бір және екі гетероатомды алты мүшелі гетероциклдар - student2.ru хинолин Бір және екі гетероатомды алты мүшелі гетероциклдар - student2.ru изохинолин Бір және екі гетероатомды алты мүшелі гетероциклдар - student2.ru акридин

Пиридиннің туындыларының ішінде изомерлі метилпиридиндер – пиколиндердің тотығуы маңызды болып есептеледі. Мысалы, β–пиколин, β–пиридин қышқылына немесе никотин қышқылына айналады:

Бір және екі гетероатомды алты мүшелі гетероциклдар - student2.ru β–пиколин никотин қышқылы (витамин РР)

Никотин қышқылы және оның амиді медицинада пеллагра дертін емдеу үшін қолданылатын РР витаминінің екі түрі ретінде белгілі. Никотинамид тотығу–тотықсыздану ферменттерінің құрам бөлігі, ал никотин қышқылының диэтиламиді (кордиамин) ОЖЖ–нің стимуляторы қызметін атқарады.

γ–пиколин тотыққанда, туберкулезге қарсы қолданылатын тубазид пен фтивазидті алу үшін пайдаланылатын изоникотин қышқылы түзіледі.

Бір және екі гетероатомды алты мүшелі гетероциклдар - student2.ru Изоникотин қышқылы тубазид

Бір және екі гетероатомды алты мүшелі гетероциклдар - student2.ru тубазид фтивазид

Пиридиннің тотықсыздануы жұмсақ жағдайда жүреді, түзілетін пиперидин анестетик промедолдың құрамына енеді:

Бір және екі гетероатомды алты мүшелі гетероциклдар - student2.ru пиридин пиперидин промедол

Пиридиннің маңызды туындыларына коферменттердің құрылымдық элементтері болып табылатын В тобының кейбір витаминдері жатады. Мысалы, пиридоксальфосфат α–амин қышқылдарының түзілуі барысындағы қайтадан аминделу (трасаминделу) реакциясына қатысады. Хинолиннің ядросы кейбір алкалоидтардың және дәрілердің құрамында болады. Мысалы, оның туындысы хинозол антисептикалық зат ретінде қолданылады, ал басқа туындысы 8–гидрокси–5–нитрохинолин (5–НОК) бактерицидтік қасиет көрсетеді.

Бір және екі гетероатомды алты мүшелі гетероциклдар - student2.ru 8–гидроксихинолин 8–гидрокси–5–нитрохинолин

Үшінші бір өкілі 8–гидрокси–7–иод–5–хлорхинолин ішек инфекцияларының микроорганизмдеріне күшті әсер жасайды.

Бір және екі гетероатомды алты мүшелі гетероциклдар - student2.ru 8–гидрокси–7–иод–5–хлорхинолин

Изохинолиннің ядросы морфин және папаверин алколоидтарының құрамында болады.

Акридиннің кейбір туындылары күшті бактерицидтік әсер жасайды, мысалы, риванол (этакридин) залалсыздандыру үшін қолданылады.

Екі гетероатомды алты мүшелі гетероциклдарға жалпы түрде диазиндер деп аталатын және өзара изомерлер болып табылатын пиридазин, пиримидин, пиразин жатады.

Бір және екі гетероатомды алты мүшелі гетероциклдар - student2.ru пиридазин (1,2 – диазин) Бір және екі гетероатомды алты мүшелі гетероциклдар - student2.ru пиримидин (1,3 – диазин) Бір және екі гетероатомды алты мүшелі гетероциклдар - student2.ru пиразин (1,4 –диазин)

Әсіресе, нуклеин қышқылдарының компоненттеріне жататын пиримидиннің гидрокси және аминді туындылары урацил, тимин және цитозин өте маңызды. Оларға лактам–лактимді изомерия тән:

Бір және екі гетероатомды алты мүшелі гетероциклдар - student2.ru урацил (2,4 – дигидроксипиримидин)
Бір және екі гетероатомды алты мүшелі гетероциклдар - student2.ru тимин (2,4–дигидрокси–5–метилпиримидин)

Бір және екі гетероатомды алты мүшелі гетероциклдар - student2.ru цитозин (4–амин–2–гидроксипиримидин)

Бір және екі гетероатомды алты мүшелі гетероциклдар - student2.ru Барбитур қышқылы
Пиримидиннің аминді туындыларында, сонымен қатар, аминді–иминді таутомерия да байқалады. Пиримидиннің көптеген аминді, гидрокси және тиотуындылары дәрі – дәрмектер ретінде қолданылады. Мысалы, урацил–6–карбон қышқылының калийлы тұзы алмасу процестерінің стимуляторы ретінде, ал метилтиоурацил қалқанша бездің қызметін емдеу үшін пайдаланылады. Пиримидиннің туындылары кейбір алкалоидтар мен сульфаниламидтердің құрамында болады. Барбитур қышқылының барбитураттар деп аталатын диалмасқан туындылары ұйықтатқыш және талмаға қарсы дәрілер ретінде аса маңызды роль атқарады.

Барбитураттарға барбитал (веронал), оның натрийлы тұзы және фенобарбитал (люминал) жатады. Маңызды витаминдердің бірі тиамин (витамин В1) өзара метилен тобымен жалғасқан пиримидин және тиазол сақиналарынан тұрады.

Бір және екі гетероатомды алты мүшелі гетероциклдар - student2.ru тиамин (витамин В1)

Тағамның құрамында тиаминнің жетіспеуі Шығыста «бери – бери» деген атпен белгілі ауыр дертке әкеп соқтырады. Бұл витаминнің қажеттілігі оның α–оксоқышқылдардың декарбоксилденуіне және ацетилкофермент А–ның синтезіне қатысатын кокарбоксилаза коферментінің құрамында болуымен түсіндіріледі.

Наши рекомендации