Clarus-SQ 8 маркалы масс-спектрометрлі газдық хроматографымен (GC/MS) жұмыс жасау
Жуырда Қолданбалы химия институтының зертханасы тағы бір Clarus-SQ 8 маркалы масс-спектрометрлі газдық хроматографымен (GC/MS) заманауи жабдықпен толыққан екен. Біз осы құрылғыда жұмыс жасауды үйрендік.
Масс-спектрометрлі газдық хроматограф Clarus-SQ 8 (GC/MS)
Жабдық келесідей мәселелерді шешуге арналған:
· Қоршаған орта нысандарының, дәрілік препараттардың, тағам өнімдерінің, өсімдік шикізаттарының анализі;
· Құрамы белгісіз органикалық текті заттар компоненттерінің идентификациясы;
· Ауыз және ағын сулардағы, топырақтағы, су асты шөгінділеріндегі мұнай өнімдерін, фенолдарды, полициклді ароматты қосылыстарды және басқа да көмірсутектерді 0,01-10,0 ШРК (шекті рауалды концентрация) деңгейінде анықтау.
Кешен органикалық химияда қосылыстар мен заттардың құрылымдық және химиялық талдауын жүргізуде, медицинада, сот-медициналық сараптамада, криминалистикада, токсикологияда, әртүрлі тағамдық, парфюмерлік, фармацевтикалық, өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде және бақылауда, наркотикалық заттарды анықтау және экологиялық бақылау жүргізуде, сонымен қатар оқу, ғылыми-зерттеу мекемелерінде және санитарлық эпидемиялық қадағалау орталықтарында пайдаланылады.
Жабдықты «Азиалаб» компаниясы ұсынды, компания қызметкері Репп Александр және Мәскеулік «SchelTec» компаниясының қызметкері Сипкин Денис оның іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізіп, Қолданбалы химия институтының қызметкерлеріне және химия мамандығының студенттері мен магистранттарына жабдықпен жұмыс жүргізу бойынша тренинг өткізген. Жабдыққа қосымша NIST масс-спектрлері қоры орнатылды, оның көмегімен 300 мыңнан аса заттарды тануға мүмкіндік бар.
Институт бірнеше жылдар бойы Қазақстан мен Қиыр Шығыс өсімдіктерінің фитохимиялық құрамын зерттеу бойынша жұмыстар жүргізіп келеді. Масс-спектрометрлі газдық хроматографтың іске қосылуымен институт алдағы уақытта өсімдік текті шикізаттың ұшқыш компонеттерін өз базасы негізінде анықтау мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар химия мамандығы бойынша тәлім алатын магистранттар мен жоғары курс студенттерінің қазіргі заманғы жабдықта жұмыс істеу тәжірибесін игеру бойынша ерекше мүмкіндікке ие болғандығын айта кетуге болады. Жабдық әртүрлі салалардағы (химия, медицина, өндіріс, экология, сараптама) кең ауқымды мәселелерді шешуге арналған.
Біз DAHLIA Divin GIVENCHY француз иіс суының компоненттік құрамын Масс-спектрометрлі газдық хроматограф Clarus-SQ 8 (GC/MS) құралында анықтадық, нәтижесі келесі 3-кесте көрсетілген.
Кесте 3. DAHLIA Divin GIVENCHY француз иіс суының компоненттік құрамы
Pk | RT | Compound Name | Area % | Norm % |
16,63 | Limonene | 1,881 | 21,98 | |
18,8 | ç-Terpinene | 0,399 | 4,66 | |
19,78 | 7-Octen-2-ol, 2,6-dimethyl- | 1,475 | 17,24 | |
21,43 | Phenylethyl Alcohol | 0,567 | 6,63 | |
Linalool | 5,739 | 67,06 | ||
25,72 | Acetic acid, phenylmethyl ester | 1,356 | 15,85 | |
28,8 | 1,6-Nonadien-3-ol, 3,7-dimethyl- | 1,539 | 17,98 | |
29,9 | 1,6-Nonadien-3-ol, 3,7-dimethyl- | 2,696 | 31,5 | |
32,7 | 6-Octen-1-ol, 3,7-dimethyl-, (R)- | 1,004 | 11,74 | |
35,29 | Linalyl acetate | 5,717 | 66,8 | |
36,1 | Octanal, 7-hydroxy-3,7-dimethyl- | 1,064 | 12,43 | |
41,02 | Octanal, 7-methoxy-3,7-dimethyl- | 0,379 | 4,43 | |
41,21 | Octanal, 7-methoxy-3,7-dimethyl- | 0,445 | 5,2 | |
43,48 | Benzaldehyde, 3-hydroxy-4-methoxy- | 0,464 | 5,42 | |
45,44 | Coumarin | 0,362 | 4,23 | |
52,61 | à Isomethyl ionone | 0,876 | 10,23 | |
53,13 | 4H-Inden-4-one, 1,2,3,5,6,7-hexahydro-1,1,2,3,3-pentamethyl- | 0,364 | 4,26 | |
53,49 | Benzene, 4-hexenyl- | 0,359 | 4,19 | |
54,72 | 2-Phenoxyethyl isobutyrate | 0,328 | 3,84 | |
56,69 | 1,3-Benzodioxole-5-propanal, à-methyl- | 2,972 | 34,73 | |
58,76 | 2-Buten-1-ol, 2-ethyl-4-(2,2,3-trimethyl-3-cyclopenten-1-yl)- | 1,707 | 19,94 | |
64,83 | Cyclopentaneacetic acid, 3-oxo-2-pentyl-, methyl ester | 8,557 | ||
66,12 | cis-3-Hexenyl salicylate | 0,819 | 9,57 | |
66,58 | Cyclopentaneacetic acid, 3-oxo-2-pentyl-, methyl ester | 3,806 | 44,47 | |
67,99 | 1H-Indene, 2,3,3a,4,7,7a-hexahydro-2,2,4,4,7,7-hexamethyl-, trans- | 1,73 | 20,21 | |
71,46 | Octanal, 2-(phenylmethylene)- | 4,056 | 47,39 | |
71,69 | Naphtho[2,1-b]furan, dodecahydro-3a,6,6,9a-tetramethyl- | 0,475 | 5,56 | |
72,93 | Ethanone, 1-(2,3,4,7,8,8a-hexahydro-3,6,8,8-tetramethyl-1H-3a,7-methanoazulen-5-yl)- | 1,129 | 13,19 | |
74,87 | Cyclododecanone, 2-methylene- | 0,671 | 7,84 | |
75,82 | Oxacycloheptadec-8-en-2-one, (8Z)- | 5,964 | 69,69 | |
76,22 | Oxacycloheptadec-8-en-2-one, (8Z)- | 4,134 | 48,31 | |
76,64 | Oxacycloheptadec-8-en-2-one, (8Z)- | 3,537 | 41,33 | |
77,24 | 5-Cyclohexadecen-1-one | 0,65 | 7,6 | |
77,88 | 5-Cyclohexadecen-1-one | 0,721 | 8,43 | |
78,4 | Benzoic acid, 2-hydroxy-, phenylmethyl ester | 2,393 | 27,97 | |
79,8 | Ethanone, 1-(2,3,4,7,8,8a-hexahydro-3,6,8,8-tetramethyl-1H-3a,7-methanoazulen-5-yl)- | 0,527 | 6,16 | |
82,9 | Oxacycloheptadec-8-en-2-one, (8Z)- | 0,612 | 7,15 | |
105,8 | 2-Propenoic acid, 3-(4-methoxyphenyl)-, 2-ethylhexyl ester | 2,292 | 26,78 | |
FOOTER | 73,766 |
Орытынды
2015 жылдың 25 мамырдан 18 шілде аралығында оқу жоспарымен сәйкес өткізілген өндірістік практиканы біз Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне қарасты Қолданбалы химия институты лабораториясында өткіздік.
Өндірістік практика біздің көзімізді ашты десек те болады. Себебі біз мұнда көптеген жұмыстарды қолымызбен жасап көріп, теориялық білімімізді көрсетіп, практика жүзінде білмегенімізді үйрендік.
Практаканың бірінші күні бізде экскурсиямен басталған болатын. Онда біз Қолданбалы химия институты ұжымымен танысып, олардың жасаған жобаларын, химия лабораториясындағы ыдыстармен, құралдар мен жабдықтармен таныстық. Бұл күні тәлімгерлер жетекшілерімен эфир майы арқылы сабын алу жұмысын жасаған болатын, біз соны тамашалаған болатынбыз.
Ал практиканың келесі күні техника қауіпсіздік ережесімен таныстық, лабораториядағы қауіпсіздік ережелері бойынша сынақ тапсырдық. Клевенджер аппаратының жұмыс істеу принцпін көріп, өсімдіктерді тазалау, ұсақтау процесіне кірісіп кеттік. Кейінгі күндері Клевенджер аппаратымен жұмыс істей бастадық, эфир майын бөліп алдық.
Біздің мақсатымыз жаңа заттармен танысып солармен жұмыс істеу болатын. Бұл өсімдіктер Қазақстанның әр түрлі аймағынан жиналып алынған екен. Сонымен қатар, техникалық спирттен таза спиртті айдау арқылы алдық. Сонымен қоса, біз химия лабораториясының қоймасына кіріп сол жердегі ыдыстарды, органикалық сұйықтарды, қышқылдарды кластарына, классификациясына байланысты орындарына орналыстырған болатынбыз.
Ультрадыбысты моншамен, араластырғыш шейкермен, кептіргіш пешпен жұмыс жасауды үйрендік.
Колонналық хроматография, рехроматография әдістерін көрдік.
Өсімдіктердің экстрактілерін әр түрлі органикалық еріткіштермен алумен айналыстық.
Белгісіз заттардың компоненттік құрамын Масс-спектрометрлі газдық хроматограф Clarus-SQ 8 (GC/MS) құралында анықтауды үйрендік.
Бұл өндірістік практика өте қызықты өтті және біздің мамандық тану барысында алатын орны ерекше болды. «Қайда қарасақта көретініміз химия ғажайыптары. Химия бір үлкен қалың орман секілді, бір кірсең ішінен шыға алмайсың»- демекші осы орманға кіргелі бері мен химия ғажайыптарын көрудемін және сол ғажайыптары арқылы жұмыс істеп жаңа жаңалықтар ашамын деген сенімдемін. Бұл менің алға қойған мақсатым және ол мақсатыма мен жетемін.
Өндірістік практиканы өз деңгейінде ұйымдастырған Қолданбалы химия институтының директоры PhD докторы, х.ғ.к., доцент Сүлеймен Ерлан Мэлсұлына, ғылыми жетекші қызметкерлер, химия ғылымдарының кандидаттары Ибатаев Жарқын Әбікеновичке және Искакова Жанар Бақтыбаевнаға алғысымыз шексіз.