Дезактивтендіру, дегаздау, дезинфекция, дезинсекция, дератизация түсініктеріне анықтама. ТЖ-дағы санитарлық тазалау және оны жүргізу.

Дезактивтендіру -бұл қоршаған орта обьектілерінің үстінде қалып қойған (су,ғимарат, киім- кешек, тағам өнімдері, техника құралдары, қару -жарақтар) радиоактивті заттарды жою.Дезактивтендіру көбінесе радиациялық қауіпті зат қалдықтары бар, ядролық энергетикалық, әртүрлі изотоптардың ерітінділері, радиоактивті ұнтақтар пайдаланылатын аймақтарда, радиохимиялық анализ жасайтын өндірісте, реакторды ремонттау кезінде т.с.с. жағдайларда жүргізіледі.Дезактивтендірудің екі жолы бар:1)Механикалық щеткамен тазалау, суды струемен шаю немесе температураны жоғарлату, сабын соды заттарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.Мысалы, залалданған ортадан шыққан сәтте автотранспортты, киімді, сол сиякты жеке бастың тазалығын жүзеге асыруда қолданылады.2) физика химиялық. Дезактивтендірудің бұл түрі радиоактивті заттар ішкі бөліктеріне еніп кеткен кезде арнайы препараттардың ерітіндісімен тазаланады.Дезактивтендіруді тағы да вакуумдау, экрандау, биологиялық әдістермен жүргізуге болады.Дегаздау.Ауа технологиялық процестерді жүргізудің нәтижесінде пайда болған қатып және газтәріздес қоспалармен, химиялық реакциялармен адамдардың тыныс алуымен ластанады.Көптеген атмосфералық ластанудың түрлері адамның тыныс алу мүшелеріне, терісіне, көру мүшелеріне зақым тигізуі мүмкін.Сондықтан белгілі бір орындарда дегаздау процесі жүргізілуі керек.Барлық ауа ортасының газдануын талдау әдістері негізгі үш топқа бөлінеді: зертханалық, экспрестік және автоматтық.Ауадағы зиянды қосылыстардың құрамы келесі физикалық-химиялық әдістер бойынша анықталады: фотометрлік-зертханалық, люминисцентті, хроматографиялық, тізбектік.Дезинфекция өзімізді қоршаған орта аймағында инфекциялық аурулардың қоздырғыштары мен токсиндерді бұзуға арналған комплексті шаралардың бірі.Дезинфекция жүргізу үшін химиялық заттар, мысалы формальдегид, натрий гипохлориді қолданылады.Дезинфекция кезінде кейде микроорганизмдер түгелдей жойылмай, тек саны азаюы мүмкін, сондықтан дезинфекция залалсыздандырудың бір түрі деуге болады.Дезинфекцияның 3 түрін бөліп көрсетуге болады:1) профилактикалық -эпидемияға байланыссыз үнемі жүргізіледі, қолды жуып таза ұстау, бактерицидті қоспалары бар тазалайтын жуғыш құралдарды пайдалану.2)дәл мезеттегі (текущая)- медициналық пункт изоляторларында инфекциялық аурулардың таралуын болдырмау мақсатында жүргізіледі, мысалы, науқас адамның төсек -орнын таза ұстау.3)соңғы(заключительная) - эпидемия қоздырғыштарының көзін құрту мақсатында изоляциядан, госпитализациядан кейін жүргізіледі.Дезинфекциялау әдістері: механикалық, химиялық (мысалы хлорлы әкпен), биологиялық (микроорганизмдердің арасында антагонистік әрекеттер туғызатын биологиялық заттармен жүргізіледі), физикалық (гамма сәулелендіру көздері, ультракүлгін сәулелендіру, қайнату)

Қарсыластың жаппай жою қаруын пайдалану нәтижесінде радиоактивті, химиялық және бактериалық зақымдану ошақтары пайда болуы мүмкін. Мұндай шарттарда адамдар, жануарлар, сонымен қатар аймақтар, жұмыс орындары, үй-жайлар мен басқа материалдық заттардың бәрі улануға ұшырауы мүмкін. Сондықтан зақымдану қауіпін болдырмау үшін улануға қарсы шаралар және санитарлық тазалау жүргізу қажет. Адамдарды санитарлық тазалаудан өткізу дегеніміз – радиоактивті және улағыш заттарды, сонымен қатар адамның терең қабатындағы және сілекейлі оболочкаларындағы бактериалық заттарды жою. Адамдарды санитарлық тазалау кезінде киімдерге, аяқ киімдерге және жеке санитарлық заттарға дезактивизация, дегазация және дезинфекция жасалады. Өткізу шарттарына, уақыт пен қажетті материалдарға байланысты санитарлық тазалау толық және сирек болып бөлінеді. Адамдарға санитарлық тазалауды сирек өткізу түрі негізінде профилактикалық сипатқа ие. Ол зақымдану ошағындағы химиялық зақымдану кезінде және зақымдану ошағынан шыққаннан кейінгі радиактивті зақымдану кезінде жүргізіледі. Санитарлық тазалауды адамдардың зақымдануын максималды түрде төмендету үшін және алдын алу үшін жүргізеді, әсіресе тері қабаттарының зақымдану деңгейінің жоғары болған кезінде.

Наши рекомендации