Терморегуляцияға қатысушы, ферментативті мәні.
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК
НҰСҚАУЛАР
Мамандығы: 051301 - «Жалпы медицина»
Пәні: Bioh 2202 Биохимия
Кафедра:Биохимия және химиялық пәндер
Курс 2
Тақырып № 22 Су-тұзды алмасу..Бүйрек және зәр биохимиясы
Құрастырушы: Килибасова С.М.
Қызметті : оқытушы
Ғылыми дәрежесі:
Атағы:
_________________________
Семей 20
Тақырыбы: Су тұзды алмасу. Бүйрек және зәр биохимиясы.
2. Мақсаты :Су-тұзды алмасудың қалпы ең алдымен гомеостазда көрініс береді.,оның бұзылуы ағзаның өліміне әкеледі.Сондықтан су-тұзды алмасу және оның реттелуі патологиялық процесстердің және олардың дамуын алдын-алу тактикасын таңдау барысында патогенезін түсіну үшін қажет.
3. Оқудың және оқытудың мақсаттары:Су-тұзды алмасудың механизмін, реттелуін және бұзылыстарын оқып білу. Бүйректің қалыпты минералды алмасудағы мәнің анықтау. Студенттерге су-тұзды алмасудың бұзылыстарын анықтау тәсілдерін үйрету. Қан сары суында кальций және фосфат иондарының мөлшерін анықтау.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Ағза сұйықтығының электролитті құрамы. Ағзадағы натрий,калий және басқа электролиттер
2.Су-тұзды алмасудың реттелуінде бүйректің мәні.
3.Осмореттеу механизмі.
4.Антидиуретикалық гормон, альдостерон және ренин - ангиотензинді жүйе. Бүйрек глутаминазасы, ацидоз кезіндегі активациясы, аммониогенез, физиологиялық мәні. 5.Бүйрек тініндегі метаболизм ерекшеліктері.
6.Зәрдің физико-химиялық қасиеттері.
7.Зәрдің және зәр тұнбасының химиялық құрамы.
8. Зәрдің патологиялық компоненттері, оларды анықтау, диагностикадағы маңызы.
9.Фосфор-кальций алмасуы. Тіндегі кальций ионының функциясы. Д3 витамині 25-оксихолекальцийферол және 1,25- диоксикальциферол гормональді белсенділігімен өнімге айналуы және кальций мен фосфат алмасуы.
10.Паратгормонымен және тиреокальцитонинмен фосфор-кальций алмасуының реттелуі.
Практикалық жұмыстары :
- Зәрдің физико-химиялық қасиетін анықтау.
- Қанда хлоридтерді анықтау.
- Зәрде хлоридтерді ашу .
- Креатининді ашу.
5. Оқытудың тәсілдері: Ауызша сұрау, аз топтар, тестілер.
6. Әдебиет:
Негізгі:
1.Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия.- Астана, 2001.
2.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.- М.,2005, 2007.
3.Биохимия, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005, 2007.
4. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. Метаболические основы питания с курсом общей
биохимии – Алматы, 1998, 2008
5. Практикум. Верболович П.А № 306.
6. Практикум Т.Л.Алейникова и др, 1988 раб 84,85
Қосымша :
1.Тапбергенов С.О, Тапбергенов Т.С. Медицинская и клиническая биохимия.-
Павлодар,2004.
2.Марри Р., Греннер Д., Мейес П., Родуэлл В. Биохимия человека. 2003
3.Кольман Я., Рем К-Г. Наглядная биохимия.- М.: Мир, 2004.
4.Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов , под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005.
5.Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред. чл.-корр. НАН РК, д.х.н.,
проф. С.М.Адекенова.-Астана, 2003.
Азақ тілінде
Негізгі :
1.Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды.-2007.
2. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
2.Сеитов З.С., Биологиялык химия, 2007
3.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.
Қосымша :
1.Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана,2003.
Ағылшын тілінде
1. Lehninger « Principles of biochemistry», Fourth Edition, David L.Nelson, Michael M. Cox, 2005.
2. Murray R.K., Granner D.K., Mayes P.A., Rodwell V.W., Harpers Biochemistry.1988.
3. Saini A.S., Kaur J., Textbook of biochemistry.- New Delhi,1995.
Бақылау. Тесті бақылау.
1.Судың ағзадағы негізгі мәні:
1- заттарды ерітуші, құрылымдық мәні
терморегуляцияға қатысушы, ферментативті мәні.
3- регуляторлық мәні
4- тек гидролиз реакциясына қатысушы
5- энергия көзі
2.Эндогенді су мына процесстерден кейін түзіледі:
1-қышқылды фосфорилдену кезінде
2- үшкарбон қышқылының циклы кезінде
3- гликолитикалық оксиредукция кезінде
4-субстратты фосфарилдеу кезінде
5- қышқылды дезаминдену кезінде
3.Жануарлар ағзасының негізгі минералды заты болып табылады:
1-органикалық емес катализаторлар
2-құрылымдық функцияны атқарып,қанда буферлі жүйенің дамуына әсер етеді
3- жай ақуыздардың құрамына кіреді
4- липидтерді тасмалдауға қатысады
5- энергия көзі болып табылады
4.Зәрдің патологиялық компоненті болып табылады:
1. кpеатинин
2. мочевина
3. зәр қышқылы
4. гиппуp қышқылы
5. глюкоза
5.Зәрдің азотты емес компоненті болып табылады:
1. мочевина
2. зәр қышқылы
3. кpеатинин
4. оксибутиpат
5. кpетин
6.Изостенуpия - бұл:
1. зәр алмасуының жоғарылауы
2. түнгі диурездің жоғарылауы
3. зәрді түнде ұстай алмау
4.зәрдің тәулік бойы тығыздығының өзгермеуі
5. зәр бөлінуінің тоқтауы
7.Қантты емес диабетке тән метаболитикалық симптомдар:
1. поилурия және полидипсия
2. гиперглюкоземия және глюкозурия
3. полидипсия және кетонурия
4. ацидоз және гиперкетонурия
5. алкалоз және гипогликемия
8.Су-тұзды алмасуды қандай гормон реттейді?
1. инсулин
2. кортизол
3. альдостерон
4. кальцитриол
5. норадреналин
9.Қантты емес диабеттің себебі?
1. глюкагон жетіспеушілігі
2. кортикостеронның көп өндірілуі
3. вазопрессин секрециясының төмендеуі
4. кортизол жетіспеушілігі
5. глюкагонның көбеюі
10. Кетонемии және кетонурии себебі:
1.адреналин мөлшерінің жоғарылауы
2. глюкагон және инсулин мөлшерінің төмендеуі
3. гипогликемия
4.инсулин-глюкагон қатынасының төмендеуі
5. гипергликемия
11Бүйректік гипертензияға әкелетін механизм:
1. судың мөлшерден тыс адсорбциясы
2. ренин және ангиотензиногеннің белсенді синтезі
3. ренин және ангиотензиннің синтезінің жоғарлауы
4. альдостеронның мөлшерден тыс жоғарлауы
5. вазопрессиннің жетіспеушілігі
12.Калийдың қалыпты мөлшері.
1. 2,75 – 3,75 ммоль/л
2. 3,48- 5,3 ммоль/л
3. 3,0-4,0 ммоль/л
4. 2,5-3,0 ммоль/л
5. 3,0-5,0ммоль/л
13. Аммоний тұздарының түзілуіне қатысатын фермент
1. гидролаза
2. глутаминаза
3. гиалуронидаза
4. пептидаза
5. фумараза
14. Ісіктің пайда болу механизмі:
1. гипернатриемия
2. гиперкальциемия
3. гипонатриемия
4. гиперфосфатемия
5. гипокальциемия
15. Кальцийдің қалыыпты жағдайдағы мөлшері:
1. 1,5-2,0 ммоль/л
2. 2,0-3,0 ммоль/л
3. 2,3-2,75 ммоль/л
4. 4,2-5,4 ммоль/л
5. 3,7- 5,5 ммоль/л
16. Натрийдің қалыпты жағдайдағы мөлшері:
1. 130-146 ммоль/л
2. 130-156 ммоль/л
3. 120-135 ммоль/л
4. 100-112 ммоль/л
5. 126-137 ммоль/л