Нұсқа Б - Кәдімгі емен

НҰСҚА А – Батпақты иір

1-кезең

1. Өндірілген өсімдік – Батпақты иір.Acorus calamus.

2. Дәрілік өсімдік шикізаты – Батпақты иір тамырсабағы. Rhizomata Acori Calami.Тұқымдасы - Иірлер – Araceae.

3. Батпақты иір - қөп жылдық, тамырсабағы көлбеу өсетін сулы жердің өсімдігі. Тамырсабағының сыртқы белгілерінің сипаттамасы: тамырсабағы ұзын 1,5м –ге дейін жетеді, диаметрі 3см, бөлшектері жеңіл, цилиндр тәрізді, сәл майысқан, кейде бұтақталған,ткөп бөлігі ұзыннан кесілген, қатқан қабатынан тазаланбаған, үстіңгі жағында қураған жапырақтардың жарты ай тәрізді кең іздері бар, астыңғы жағынан кесілген тамырлардан көптеген ұсақ дөңгелек іздері бар. Сынған жері тегіс емес, түйіршіктелген. Негізгі тамырдың сырты жасыл көк, ішкі жағы ақ.. Жуан тамырдың ұзындығы 120 см-ге дейін жететін үш қырлы ұзын сабақ өсіп шығады. Бөлік ұзындығы 30 см, қалыңдығы 2 см-ге дейін.

2-кезең

1. Тамырсабағының сыртқы белгілерінің сипаттамасы: тамырсабағы ұзын 1,5м –ге дейін жетеді, диаметрі 3см, бөлшектері жеңіл, цилиндр тәрізді, сәл майысқан, кейде бұтақталған,көп бөлігі ұзыннан кесілген, қатқан қабатынан тазаланбаған, үстіңгі жағында қураған жапырақтардың жарты ай тәрізді кең іздері бар, астыңғы жағынан кесілген тамырлардан көптеген ұсақ дөңгелек іздері бар. Сынған жері тегіс емес, түйіршіктелген. Негізгі тамырдың сырты жасыл көк, ішкі жағы ақ. Сындырып қарағанда іш жағынан ауа жүретін көптеген қуыстары бар. Жуан тамырдың ұзындығы 120 см-ге дейін жететін үш қырлы ұзын сабақ өсіп шығады. Бөлік ұзындығы 30 см, қалыңдығы 2 см-ге дейін.

2. Ұзын жұқа тамырсабақтарын ұзындығы 15-20 см бөліктерге бөліп, ал қалың тамырсабақтар ауада жақсы кебу үшін ен бойынша кесіп кептіреміз. Кептіруді ауада жүргіземіз, шикізатты жиі жылы ауада кептіреді. Жылы ауада кептіру 20-30С температурада кептіреді, себебі үлкен температурада эфир майлары ұшып кетуі мүмкін. Шикізатты құрғақ, күн сәулесінің тік түспейтін, желдетілетін жерде сақтау керек. Жарамдылық мерзімі 2 жыл.

3-кезең

1. Иір тамырының химиялық құрамында әсер етуші заттар - эфир майлары 5% дейін: оның ішінде бициклді монотерпендер: (D-a-пинен (1%), D-камфен (7%), D-камфора (9%)), бірқатар спецификалы циклді сесквитерпендер: каламен және элемен. Кетондардан - калакон және акорон. Сонымен қатар фенолдар және фенолды эфирлер, соның ішінде азарон, азарилальдегид, эвгенол, метилэвгенол, ащы зат акорин. Сонымен қатар 40% дейін инулин полисахаридіде бар. Иір тамырының химиялық құрамында ілеспелі заттары: ащы гликозид-акорин, иілік заттар, аскорбин қышқылы (150 мг/100 г дейін) және басқа да заттар бар.

ББЗ бөліп алу. Ұсақталған шикізатты колбаға салып, 300 мл су қосады, колбаны бу өткізгіш түтікшемен біріктіріп, варонкамен аяқталатын, резинкалы түтікшенің көмегімен кран арқылы градуирленген және ағынды түтікшелерді сумен толтырады. Кейін бүйір түтікше арқылы пипетканың көмегімен қабылдағышқа шамамен 0,5 мл декалинді құяды және нақты көлемін сұйықтықтың деңгейін түтіктің градуирленген бөлігінедейін түсіріп өлшейді. Кейін МФ көрсетілген 2 әдіс бойынша жүргізеді. Айдау уақыты 1,5 сағат.

4-кезең

1. Сапалық анықтау. Ащыларға реакция

Шталь реактивімен:Пробиркаға 1 мл ДӨШ сығындысын салып, 0,5 мл Шталь реактивін қосады. Қоспаны су моншасында 1-2 мин қыздырады.

Шталь реактиві: 5 мл қаныққан хлорсутек қышқылы, 1,0 г п-диметиламинобензальдегидті сыйымдылығы 100 мл колбада 96% этанол ерітіндісімен ерітеді.

Трим-Хилл реактивімен: Пробиркаға 1 мл ДӨШ сығындысын салып, 0,5 мл Трим – Хилл реактивін қосады. Қоспаны су моншасында 1-2 мин қыздырады.

Трим – Хилл реактиві: мұзды сіпке қышқылы, қаныққан хлорсутек қышқылы және 0,2 % сулы мыс сульфаты ерітіндісінің (20:1:2) қоспасы

2. Сандық анықтау.Шикізаттың аналитикалық сынамасын, тесіктерінің диаметрі 2мм елеуіштен өтетіндей, бөлшектік өлшемге дейін ұсақтайды. 10г ұсақталған шикізаттың құрамындағы эфир майын МФ көрсетілген әдіс бойынша анықтайды. Айдау уақыты 1,5 сағат.

5-кезең

1. Тұнбаны (Tinctura Acori calami) батпақты иірдің тамырынан (Rizoma Acori calami)1:10 қатынасында дайындайды, экстрагент- 70% спирт, перколяция тәсілімен алады.

Тұнбаны дайындау процесі мынадай сатыларын тұрады:

1. Ұсақтау. Шикізатты 0,5-1мм ірілікте ұсақтайды, таразыда өлшеп экстракторға жібереді.

2. Спиртті сұйылту. Сұйылту арқылы 70% спирт алынады.

3. Перколяторды жүктеу.Ұсақталған шикізаттың аздаған бөліктермен экстрактрге салып, мұқият 70%-дық спиртте араластырады. Қоспаны ісіну үшін 30 мин бөлме температурасында қалдырады.

4. Ығыстыру. Өсімдік шикізаты экстрагентпен толық қапталуы үшін, перколяторға ауыстырады және жай бөлме температурасында перколяциялайды. Перколяция процесінбөліндінің мөлшері 1:10 қатынасына жеткенше ұсақтайды.

5. Тұндыру және стандартизациялау. Тұнбадағы құрғақ қалдықты тексереді, ауыр металдарға анықтама жүргізеді, спиртке сандық анықтама жүргізеді, сондай-ақ тұнбаның микробиологиялық тазалығын тексереді.

6. Сүзгілеу және өлшеп орау.Бөтелкелерге құяды, бөтелкелерді бірден қалпақшалармен және бітеушелермен қымтап жабадыжәне бөтелкелерге этикетка жабыстырады.

Қолданылуы. Тіс ауруын емдеуде.

Медицинада қолданылуы: ащы қайнатпасы ароматты ащы түрінде тәбетті шақыру және ас қорытуды реттеу үшін қолданылады. Иір майы «Олиметин» препаратының құрамына кіре отырып, бүйрек және өт тастарын емдеуге қолданылады. Ұнтақ және таблетка түріндегі препараттары асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасы мен гиперацидті гастрит кезінде қолданылады.

2. Батпақты иір препараттары: иір тамырының ащы қайнатпасы (Decoctum Rhizomae Calami), иір тамырының майы (Oleum Rhizomae Calami) «Олиметин» препаратының құрамына кіреді, иір тамырының ұнтағы (Pulveris Rhizomae Calami). Иір тамырының ұнтағы «Викалин» және Викаир» препараттары құрамына кіреді.

Нұсқа Б - Кәдімгі емен

1-кезең

1. Өндірілетін өсімдік – Кәдімгі емен – Quercus robur

2. Дәрілік өсімдік шикізаты – Емен қабығы - Cortex Quercus

Шамшаттар тұқымдасы – семейство буковые - Fagaceae

3. ДӨШ морфологиялық сипаттамасы: Биіктігі 40 м жақсы тармақталған ірі тамыры, кең жайылған діңі, бурыл-қоңыр түсті, жарылған тоз тамыры бар ағаш. Гүлдері біржынысты, жапырағы кезекті орналасқан, кері-жұмыртқа тәрізді қауырсын салалы, ескі бұтақтарының қабығы қоңыр түсті.

Сәуір-мамыр айларында гүлдейді, қыркүйек-қазан айларында жеміс береді. Емен ағашы негізгі қылқан жапырақты орман түзуші ағаштар қатарына жатады.

2-кезең

1. Сандық көрсеткіштері. Бүтін шикізат. Иілік заттар 8%-дан кем емес; ылғалдылық 15%-дан көп емес; жалпы күлі 8%-дан көп емес; іш жағынан қарайған қабықтары 5%-дан артық емес; қалыңдығы 6 мм артық қабық бөліктері 5%-дан артық емес; органикалық қоспалары 1%-дан артық емес; минералдық қоспалары 1%-дан артық емес.

Ұсақталған шикізатта. 7 мм артық бөліктері 10%-дан артық емес; өлшемі 0.5мм елегіштен өтетін бөліктері 5%-дан артық емес.

Ұнтақталған шикізатта. өлшемі 0.5мм елегіштен өтетін бөліктері 5%-дан артық емес.

2. Жас бұталарының қабығын ерте көктемде өсімдік бойында сөл жүретін кезеңде жинайды. Көлеңкеде, жақсы желдетілген бөлмелерде кептіреді.

Микроскопиясы.Емен қабығының жұмсартылған шикізатынан микротомның (алмастың) көмегімен көлденең кесіндісі жасалады. Препаровалдық иненің көмегімен нысан заттық шыныға көшіріледі. Жарықтандыру үшін хлоралгидрат не глицерин ерітіндісінен 1 тамшы тамызылады, жабынды шынымен жабады және микроскоптың кіші және үлкен өлшемімен қаралады.Емен қабығы препаратының микроскопиясында келесідей диагностикалық элементтерді табады: Көлденең кесіндісінде көптеген жасушалар қабатынан тұратын қошқыл тығынды қабаты көрінеді.

3-кезең

1. Жас ағаштарының қабығында катехиндердің тотығу полимеризациясының нәтижесінде пайда болатын 7-12% иілік заттар табылған. Бұдан басқа галла және эллага қышқылы, флавоноидтар – кверцетин, кверцитрин, левумин, дәрумендер В1, В2, С, РР, В6, патонен қышқылы, стероидтар, уштерпеноидтар, 13-14% пентозалар, 6% пектинді заттар, шайырлар, флобафен, крахмал табылған. Жаңғағында 40% крахмал, 5-8% иілік заттар, 5% майлы майлар, қанттар мен ақуыз заттар бар.

2. 1.0 г 1 мм дейін ұсақталған шикізатты, сиымдылығ 250 мл колбаға саламыз, 50 мл ыстық су қосып 20 минут су моншасында қайнатамыз. Суыған бөліндіні мақта арқылы сүзіп алып кейін сапалық реакцияларды жүргізу үшін қолданылады.

4-кезең

1. Иілік заттарды анықтау үшін келесідей сапалық реакцияларды жүргіземіз.

Жалпы тұнбаға түсіретін реакциялар:

1. Ақуызбен . 2 мл тазартылған бөліндіге тамшылатып 1% желатин ерітіндісін қосады.

2. Алкалоидтармен. 2 мл бөліндіге бірнеше тамшы 1% хинин хлоридінің ерітіндісін қосамыз.

Түсті реакциялар:

3. Теміраммонилік квастерінің ерітіндісімен. 2 мл бөліндіге 4 тамшы Теміраммонилік квастерінің ерітіндісін қосамыз.

Жеке реакциялар:

4. Иілік заттарды конденсирлеуге арналған реакция.

2 мл бөліндіге тамшылатып бром суын (1 л суда 5, 0 гр бром) бром иісі пайда болғанша қосамыз.

5. Иілік заттарды гидролиздеуге арналған реакция. 2 мл бөліндіге бірнеше натрий нитратының кристаллдарын және 2 тамшы 0,1 хлорсутекті қышқылды қосамыз.

2. Сандық анықтау

2,0г шикізатты ұсақтап және тесігінің өлшемі 3 мм болатын иеліктен өткізеді.Шикізаттың нақты өлшемін (2,0г шамалап) түбі тегіс көлемі 500 мл колбаға салып , 250 мл қайнатылған суды құйып және де электрплитада кері мұздатқышпен 30мин бойы араластыруымен қайнатамыз. Сұйықтықты бөлме температурасына дейін суытамыз және конус тәрізді көлемі 200-250 мл колбаға мақтта арқылы шамамен 100мл-ді сүземіз.

25мл бөліндіні пипетка арқылы алып,конус тәрізді 750 мл колбаға орнатады. 500мл суды және 25 мл индигосульфо қышқылды қосамыз.Қайта араластыру кезінде калий перманганатының ерітіндісімен (0,02 моль\л ) алтын сары түске дейін титрлейміз.

X=(V-V1 )* K*250*100*100\m*25*(100-W)

5-кезең

1. Қайнатпалар – бұл ДӨШ– нан сулы бөлінді болып табылатын

сұйық дәрілік формалар.

Қайнатпалардың жалпы технологиясы. Бөліндіні алу процессінің механизмі бірнеше жәй процесстерден тұрады: диализ, қарапайым еру, десорбция, механикалық шаю және еркін диффузия.

Бөліндіні алу процессіне әсер ететін фактолар:

1) ДӨШ стандарттылығы

2) ДӨШ ұсақтылығы

3) Шикізат пен бөлінді санының қатынасы

4) Шикізаттың физико-химиялық құрамы

5) Экстракциялар режимі

6) Бөлінді рН-ы және оның табиғаты

7) Ферменттер мен микроорганизмдер әсері

8) Концентрациялар түрлілігі

Сулы бөлінділері дайындау сатылары:

1) ДӨШ ұсақтау

2) Шикізатты шаңнан бөліп алу

3) Адын ала жылытылған инфундиркаға өлшенген шикізатты салып, тазартылған бөлме температурасындағы саналған су мөлшерін құямыз, себебі қайнап тұрған су ақуыздың коагуляциясын және шырыштың бұзылуын шақырады.

4) Су моншасында тұндыру

5) Бөлме температурасында тұндыру.

6) Цилиндрға екі қабаталған дәке арқылы сүземіз.

7) Цилиндрға қалған массаны сығу.

Қайнатпаны салқын жерде сақтаймыз, қолданар кезінде шайқаймыз.

2. Еменнің қабығынан дайындалған қайнатпасын қабынуға қарсы және бырыстырғыш дәрмек ретінде стоматитте, гингивиттте, созылмалы тонзилитте, фарингитте, қорылда, қызыл иектің қабынуынан аяқтың тершендігі кезінде, күйгенде, тері ауруында, іш өтуінде қолданылады. Еменнің өабығына қайнатпа мен тұнба күйінде жинақтардың құрамына жүректің бұлшықеттерін ығайуға қолданылады.

Наши рекомендации