Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі, дене тәрбиесінің топтарын белгілеңіз.

Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан – жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған депкүн режіміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестірп отыратынжас адамды айтамыз.

Елімізде ерікті дене шынықтыру – спорт қоғамдары жұмыстарын қайта жандандыра бастады. Соның бірі «Жастар» спорт қоғамы. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жасөспірімдердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен шұғылдану қажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық артады.

Дене жаттығулары, сылап – сипау, қозғалыс және спорттық ойындар, жүру, жүгіру, дене еңбегі дене тәрбиесінің құралдары болып табылады. Айтылған құралдар өсіп келе жатқан ағза үшін маңызды сауықтыру мәніне ие. Бұл біріншіден, дене жаттығулары арқылы қоршаған ортаның жағымсыз факторлары мен жұқпалы ауруларға ағзаның қарсылығы артатындығымен түсіндіріледі. Басқа сөзбен айтқанда, денесі мықты және шыныққан адам сирек ауырады. Екіншіден, өсу мен даму процесі ынталандырылады, жылуды реттеу реакциясы жетілдіреді, яғни салқын тигеннен болатын сырқаттануға қарсылық артады. Үшіншіден, ақыл-ой және дене қабілеттерінің артуына себепкер болатын шыдамдылық, күш, жылдамдық пен икемділік секілді қасиеттер дамиды. Ақырында, дене жаттығуларымен айналысу жағымды эмоционалды жағдайды туғызады, сергектік пен сенімділіктіқолдайды.

Дене тәрбиесімен шұғылдану кезінде жас, жыныс, ағзаның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктері есепке алынуы керектігі есте болған жөн. Басты талаптардың бірі – дене тәрбиесі және спортпен айналысу тәртібін сақтау, яғни олардың жүйелілігін, жүктемелердің біртіндеп арттырылуын, сабақ өткізілетіндей жағымды жағдайларды, әр түрлі құралдар мен формаларды кешенді түрде пайдалану.

Қозғалыс дегеніміз өмір деген қанатты сөз бар. Шындығында, қозғалыс – ағзаның биологиялық қажеттілігі. Күнделікті өмірде адам әр түрлі қозғалыс жасайды, олардың жиынтық көлемі қозғалыс белсенділігі деп аталады. Жүру кезінде жасалатын адам адамның саны мен жұмыс көлемінен көрінетін тәуліктік қозғалыс белсенділігі жас өскен сайын артатындығын зерттеулер көрсетіп отыр, әрі бұл көрсеткіштер ер балалар мен қыз балаларда бірдей болмайды. Яғни, жеткіншектік жастағы қыз балалардың тәуліктік адымының саны, өздерімен құрдас ер баларға қарағанда 4,9 мың адым кем екен. Дене тәрбиесі және спортпен айналысудың нормасы мен тәртібі ғылыми тұрғыдан негізделген. 15 – 17 жастағы жасөспірімдердің тәуліктік қозғалыс белсенділігі 25 – 30 мың адымды құруы керек, ал осы жастағы қыз балаларда жүру мен жүгіру еңбек және спорттық қызмет барысында орындалатын өзге қозғалыс – қимылдармен алмастырылуы мүмкін.

Қозғалыс белсенділігінің де өлшемі бар. Тәулікте қозғалыс белсенділігінің сандық сипаттамасына ие бола отырып, оның ағзаға әсер етуі туралы алдын ала айтуға болады. Тәуліктік қозғалыс белсенділігінің ең төменгі қажетті және мүмкін болатын ең жоғарғы деңгейі гигиеналық норманың шектері болады, ол бұзылса сауықтыру белсенділігі болмайды және ағзаның жағдайында жағымсыз өзгерістер дамуы мүмкін.

Қалыптасқан өмір салты, еңбек ету мен дене тәрбиесінің жүйесі балалар мен жеткіншектердің күнделікті қозғалыс белсенділігін өзгертуі, төмендетуі не оны арттыруы мүмкін. Кіші жастағы балаларда тәуліктік қозғалыс белсенділігі көп жағдайда тұқым қуалаушылық негізде қалыптасатын биологиялық себептермен реттеледі. Жеткіншектерде ол әлеуметтік жағдайлардың әсерімен қоғамдық тәрбие беру барысында жекелей қалыптасады.

Қозғалыстың жетіспеуін «гипокинезия» («гиподинамия») деп атайды, ағзадағы көп жақты ауытқушылықтар гипокинезия жағдайын білдіреді. Шектен тыс қозғалыс белсенділігін «гиперкинезия» атауы білдіреді.

Сөйтіп қозғалыс белсенділігі адам қызметінің таптырмайтын факторы бола отырып, тек оңтайлы және қолайлы күн режімінде ғана өсіп келе жатқан организмге сауықтыру әсерін тигізеді.

Дене тәрбиесі мен спорттың барлық құралдары мен түрлерін дұрыс пайдалану арқылы ғана оңтайлы қозғалыс белсенділігіне жетуге болады. Мектепке дейінгі мекемелердегі, мектептердегі және КТМ – дегі оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаларымен қарастырылған дене дайындығының міндетті түрлері және үйде дербес шұғылдану әрбір оқушыға қолайлы.

Жеткіншектерде қозғалыс белсенділігіне тұрақты қажеттілікті қалыптастыруда спорттың алатын орны үлкен. Алайда, шама жетпейтіндей спорттық жүктемелер бала ағзасында жағымсыз өзгерістерді туындатуы мүмкін. Балалық жаста спорттың кез – келген түрімен айналыса беруге болмайды. ҚР – сы Білім, Денсаулық және Спорт министірлігінің дене тәрбиесі және спорт комитеті бекіткен жеке спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу топтарына балалар мен жеткіншектерді қабылдау үшін жас шектері бар. Тәуліктік қозғалыс белсенділігінің ұсынылып отырған көлемі сергектіктің (ұйықтамаған уақытта) барлық кезеңіне бірқалыпты бөлінуі тиіс: ағзаның тәуліктік ырғағына сәйкес дене қозғалысының көп бөлігін 9 – 12 және 15 – 18 сағаттардың арасында орындау керек.

Оңтайлы құрылған қозғалыс режімінің міндетті жағдайына қозғалыстың сапалық әр түрлілігі жатады. Дене жаттығуларымен шұғылдану, бұлшық ет күшін жұмсау қызметінің түрлері әр түрлі болуы тиіс және сонымен бірге өсіп келе жатқан ағзаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес келуі қажет.

Оқушылар дене тәрбиесінің өзара байланысты түрлерін дене тәрбиесі сабақтары, мектептің күн режіміндегі дене шынықтыру – сауықтыру шаралары, сыныптан және мектептен тыс спорт – көпшілік жұмыстары, үйде, мектеп жанындағы және ауладағы алаңда, стадионда дене жаттығулармен дербес айналысу түрлері құрайды.

Барлық оқушылар үшін міндетті болып табылатын дене тәрбиесінің негізгі формасы бұл дене тәрбиесі сабақтары. Ол мүмкіндігінше арасында 1 -2 күн салып, аптасына (45минуттен) 3 рет өткізіледі. Сабақтарды қосарлау, қажетті жағдайда тек шаңғы дайындығында ғана болады.

Ойынның түрін, орындалу екпіні мен ұзақтығы оқушыладың өздері таңдауы тиіс . алайда, жоғрылаған дене жүктемелерін, екі жақты ойындарды (футбол, қол добы, баскетбол) пайдалануға болмайды. Олар шамадан тыс адамды қоздырады, ойыннан кейін оқу қызметіне кірісу қиынға соқпақ. Төмен және орташа қарқындылықтағы қозғалыс ойындарын келесі сабақ басталғанға дейін 5 – 6 минут қалғанда аяқтау қажет.

Үлкен әдістердегі қозғалыс ойындары мен дене жаттығуларын табысты өткізукөп жағдайда спорттық жабдықтардың (доптар, секіртпелер, шығыршықтар, батпандар, жалаушалар, эстафеталық таяқшалар және басқалар) қаншалықты бар, не жоқтығына және жаттығу өткізетін орынның дайындығына байланысты.

Денсаулық жағдайында ауытқушылығы бар балалар, әсіресе оқу күнінің дұрыс режіміне, оның ішінде шынықтыру- сауықтыру шараларына мұқтаж болады. Бұл оқушыларға дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарға (бұқаралық дене шынықтыру мейрамдары, серуендер, экскурсиялар) шамасы жеткенше қатысқаны өте пайдалы. Олар үшін күн сайын таза ауада 2-2,25 сағат демалудың үлкен маңызы бар. Демалыс күндердегі серуеннің ұзақтығы екі есе көбейтілуі тиіс. Мұндай қозғалыс режімі өзін – өзі сезінуге, дене дамуына және денсаулығы нашар оқушылардың жұмыс қабілетіне жағымды әсер етеді.

Сыныптан және мектептен тыс спорт – көпшілік жұмыстарына спорт секцияларындағы сабақтарды ұйымдастыру, сондай – ақ денсаулық және спорт күндерін өткізу енеді. Бұл жұмысты дене тәрбиесінің мұғалімі жүргізеді, әр түрлі секциялар құрылады, олардағы сабақтар аптасына 2 – 3 рет өткізіледі, жаттығу сабақтарының әрқайсысының ұзақтығы 1,5 – 2 сағат.

ҚР – сы Үкіметінің «Дене тәрбиесі мен спорттың бұқаралығын одан әрі арттыру туралы» (1996, 2001, 2006) қаулыларына сәйкес жалпы білім беретін барлық мектептерде ай сайын денсаулық және спорт күндері өткізіледі. Бұл шаралар денсаулықты нығайтуға, Президент сынамалары нормаларын тапсыруға жақсы дайындалуға көмектеседі, оқушылардың белсенді демалуын қамтамассыз етеді және дене т/мен айналысуға олардың қызығушылығын арттырады.

Дене тәрбиесі және спортпен күн сайын шұғылдану жасөспірімге немесе қыз балаға өз денсаулығын нығайтуға, ауырмауына, өнімді еңбек етуіне, бос уақытын түрлендіре,т қызғылықты өткізуіне көмектеседі.

Еңбек гигиенасы, міндеттері. Кәсіптік аурулардың алдын алудағы шараларды ұйымдастыру және жүргізу бойынша санитарлық дәрігердің қ олданатын тәсілдері мен амалдарын негіздеңіз

Еңбек гигиенасы , кәсіби гигиена — еңбектің және айналадағы өндірістік ортаның адам организміне тигізетін әсерін зерттейтін, еңбек етуге қолайлы жағдай туғызу, кәсіби ауруларға жол бермеу шараларын қарастыратын гигиена саласы. Е. г-ның Қазақстанда ғылым ретінде қалыптасуы Қазақ медицина ин-тының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина ун-ті) санитарлық-гигиеналық ф-тінің ашылуымен байланысты (1942). Бұл саладағы жүйелі ғыл. зерттеулер Қазақстан ұА-ның Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар секторында басталды (1946). 1950 жылдары а. ш-ндағы Е. г. мәселесімен Қазақ эпидемиол., микробиол. және жұқпалы аурулар ғыл.-зерт. ин-ты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғыл.-зерт. орт.) айналысты. Е. г-ның негізгі бағыттары: өндірістегі әр түрлі физ., хим., биол. (шаң-тозаң, шу, вибрация, улы заттар, газ, сәуле, ыстық, суық, су, т.б.) факторлардың адам организміне тигізетін әсерін зерттеу; өндірістің зиянды жағдайларын жоюда инженерлік-тех. (мыс., ауыр, зиянды жұмыс түрлерін механикаландыру, жұмысшылардың жұмыс орнын, сондай-ақ, бүкіл өндіріс орындарын желдету, тазарту, т.б.) шараларды жетілдіру арқылы іске асыру, т.б. Е. г. физиология, токсикология, химия, физика, санитария, статистика және кәсіби патология ғылымдарымен тығыз байланысты. Е. г-ның тәжірибе жүзіндегі ұсыныстарының орындалуын санитарлық-эпидемиол. стансалар қадағалап отырады. Сондай-ақ, санитарлық ережелер, мемл. стандарт (ГОСТ-тар), шектеулі мөлшерде алынған концентрация, т.б. нормативтік құжаттар дайындалады. Қазақстанда Е. г. жөніндегі мәселелермен ҚР Білім және ұылым мин-нің Қарағандыдағы Еңбек физиологиясы және гигиенасы ғыл.-зерт. ин-ты, Бат. Қазақстан (Ақтөбе), Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) мемл. медицина академиялары мен Қазақ ұлттық медицина ун-тінің (Алматы) гигиеналық кафедралары шұғылданады.

Кәсіптік аурулар дегеніміз-адамның еңбек еткен ортасындағы ағзаға жайсыз әсер ететін факторлар әсерінен қалыптасқан дерттер. Мамандар бұл ауруларды этиологиялық принцип бойынша бес топқа бөліп қарайды.

1)Химиялық факторлар әсерінен туындаған аурулар. Бұған жедел-өтпелі және созылмалы улану мен оның салдары жатады. Яғни жұмыс барысында ағзаның жекелеген мүшелері мен жүйелері ауруға ұшырауы мүмкін.

2)Шаң-тозаң әсерінен болатын аурулар (дәнекерлеушілерде, тозаңды істейтіндерде болатын силикатоз, пневмокониоз-силикоз, металлоколниоз)

3)Физикалық факторлардан пайда болатын аурулар. Бұған вибрациялық, шудан электоромагнитті сәулелену мен таралған лазерлік сәулеленуден болатын дерттер, сәулелік ауру, атмосфералық қысымнан туындайтын кеселдер жатады.

4)Жүйке ширығуынан болатын аурулар.

5)Биологиялық факторлардан туындайтын дерттер. Бұған инфекциялық және паразитарлық аурулар жатады (туберкулез, бруцеллез, күйдіргі, тағы басқа).

Бұлардан бөлек кәсіптік аллергиялық аурулар (конъюктевит, жоғары тыныс жолдары аурулары, қолқа демікпесі, экзема, дерматит) және онкологиялық кеселдер (тері ісігі, қуық ісігі) де кәсіптік аурулар тізіміне кіреді.

Сондай-ақ жедел-өтпелі және созылмалы кәсіптік аурулар да болады. Жедел-өтпелі кәсіптік ауру бір жұмыс кезегінде қоршаған ортадағы химиялық немесе басқа да денсаулыққа зиянды заттардың әсерінен пайда болады. Ал созылмалы кәсіптік ауру осындай қолайсыз факторлардың жиі әсер етуінен туындайды.

Жұмыскерлердің денсаулығына жағымсыз әсер ететін өндірістік әсерлер әрқилы. Олардың әсерлерінен тек КА ғана емес, сонымен қатар кәсіптік жарақаттанулар да кездеседі. Соңғыларына өндірістің аумағында немесе тікелей жұмыс орнында тіндер мен ағзалардың механикалық, термиялық, химиялық және электрлік зақымдануларынан болған жіті аурулар жатады.

КА диагнозын қою кезінде анамнезін, клиникалық және лабораторлық-диагностикалық көрсеткіштерін тыңғылықты талдау қажет.Осындай кезде еңбектік немесе кәсіптік анамнезі өте маңызды орын алады, себебі тек кәсіптік зияндылықпен қатынасы дәлелденген кезде ғана аурудың адамның жұмысымен байланысты екені анықталады.

Еңбектік анамнезінде КА дамуына мүмкіндік тудыратын шартты жағдайлар көрсетілуі тиіс. Оларға мыналар жатады: кәсібі, еңбек еткен барлық мерзім арасында өндірістік ортаның нақты жағымсыз факторымен қатынастағы еңбек жағдайының толық сипаттамасы; ұжымдық және жекебастық қорғандыру заттарын қолдануы; өндірістік ортаның зиянды әсерлерімен қатынастың ұзақтығы мен мерзімі.

Медициналық-санитарлық бөлімдердің негізгі міндеттері – денсаулық сақтау саласының жергілікті органдарымен және мекемелерімен, әкімшіліктермен және қоғамдық ұжымдармен бірге тиісті бекітілген жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек пен тұрмыс жағдайларын сауықтыруға, жалпы және кәісіптік аурулар мен жарақаттануларды азайтуға, мамандандырылған медициналық жәрдем көрсетуге және диспансерлік қадағалауды толассыз жүргізуге бағытталған шараларды жобалау мен өткізу.

Кәсіптік аурулар мен жарақаттанудың алдын алу қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау мен мынадай жолдар арқылы жүзеге асырылады:

- осы стандарттың талаптарына сәйкес еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру;

өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу;

- қауіпті және зиянды өндірістік факторларды жою (азайту);

- қызмет түрін ескере отырып, еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес өндірістік жабдықтардың, өндірістік процестің тиесілі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- қызмет түрін ескере отырып, еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес аумақтарға, ғимараттарға, құрылыстарға, үй-жайларға қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;

- қауіптілігі жоғары, машиналармен және механизмдермен байланысты жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерді ауысым алдында медициналық куәландыруды ұйымдастыру;

қауіпті аймақтарды белгілеу, жұмыскерлер мен көліктің жүру маршруттарын әзірлеу;

- жеке және ұжымдық қорғану құралдарын пайдалану;

- белгіленген мерзімдерде тиісті сынақтар өткізу (жабдықтарды, қорғаныш құралдарын, сигнал беру құралдарын, құрал-саймандарды, құрылғыларды, қосалқы жабдықтарды, көлікті, жүк көтергіш қондырғыларды, мұнараларды, лифтілерді және т.с.с.;

- еңбек және тынығу режимдерін сақтау;

- қызметкерлерді еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы хабардар ету;

- еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды ағымдағы бақылауды орындау;

- қызметкерлерді өндірістік объектілерді аттестаттаудың қорытындысы бойынша еңбек жағдайларының жай-күйі туралы уақтылы хабардар ету; қайта бөлу.

- жұмыс берушінің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа да көздердің есебінен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау іс-шараларын қаржыландыру.

- қаражат көлемі ұжымдық шартпен белгіленеді.

- еңбекті қорғау жөніндегі персоналды даярлау.

- түзету іс-қимылдарын жүргізу қажеттігі ағымдағы және ықпал ететін бақылау, аудит, оқиғалар, авариялар мен жазатайым оқиғалар кезінде пайда болған еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуіндегі сәйкессіздік анықталғанда туындайды. Түзету іс-қимылдары анықталған (пайда болған) кемшіліктердің себептерін жоюды білдіреді, ол үшін мыналар жүзеге асырылады:

- еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ішкі құжаттамасына өзгерістер енгізу; - қызмет түрін ескере отырып, еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына өзгерістер енгізу бойынша бастамашылық ету;

- еңбекті қорғау саласындағы жауапкершіліктер мен өкілеттіктерді қайта бөлу; ресурстарды

Кәсіптік патология (проф.патология) – клиникалық пән, этиологиясын, патогенезін, клиникалық суретін, емін және кәсіптік ауруларды алдын алу сұрақтарын зерттейді. Профпатология басқада клиникалық пәндермен тығыз байланысты, сонымен қатар еңбек гигенасыменде. Кәсіптік ауруға шалдықпас үшін алдын алу шараларын дұрыс жүргізу керек. Және әрқашан кәсібіңізге мұқия болға тиспіз

Ндірістік шаң туралы түсінік. Шығу тегі бойынша, түзілу әдісі бойынша, дисперстік құрамы бойынша өндірістік шаңның жіктелуіне анықтама беріңіз

Өндірістік шаңдар – әртекті формада, өлшемде қатты заттардың бөлшектерінен тұратын өнеркәсіптік жұмыстар нәтижесінде түзілетін дисперсті жүйе. Олардың физика-химиялық қасиеттері де әр түрлі болады. Минералды шаңдардың ұсақ бөлшектері жұмысшылар дем алатын ауада таразылау түрінде болады.

Қатты заттардың бөлшектерінің өлшемі 0,1 кем болмайтын дисперсті жүйені түтін деп атайды. Бу конденсациясының нәтижесінде түзілетін шаңды айналдыру (возгон) деп атайды.

Өндірістік шаң әртүрлі жыныстарды, көмірді ұсақтау, шаңды отынды себу және оны жағу, пайдалы қазбаларды өңдеу, тасымалдау кезінде және т. б түзіледі. Өнеркәсіптік қалаларда және оның маңында тұнған шаңдардың мөлшері жылына 1 км2-на мыңдаған тоннаны құрайды. Өндірістік шаң қондырғыларды бұзады, шығарылатын өнім сапасын төмендетеді, кәсіби ауруларды тудырады, еңбектің санитарлы-гигиеналық шарттарын нашарлатады, жарылысқауіпті және отқауіпті орта түзеді.

Шаң қатары (көмірлі, алюминилі, магнийлі, ацетатцеллулозалы, ұнді, қантты, күкіртті және т.б) сәйкес концентрацияда және жылу көзі бар жерде тұтанады және жарылады. Өндірісітк шаңдардың тұтануы жоғары болған сайын оның дисперстілігі жоғары болуы ықтимал. Шаңның жарылысқауіпті концентрациясы кең аралықта өзгереді. Мысалы, көмір шаңының жарылысқауіпті концентрациясы 10-600 г/м3, күкіртті және сульфидті 5-1000 г/м3 аралығында өзгереді.

Табиғи күштің (ауырлық, электростатикалық, магнитті) әсерінен шаң бөлшектері коагулирлейді және тұнады. Тұну жылдамдығы өлшеміне, тығыздығына, формасына, бөлшектің физикалық күйіне және газ ауалы ортаға тәуелді.

Өндірістік шаңдардың жіктелуі, шаң ұстағыштар

Өндірістік шаң бөлшектерінің өлшемі бірлік үлестен 100 мкм-ге дейін өзгеріп отырады. Өндірістік шаңдар бөлшектерінің өлшеміне байланысты дөрекі (10-100мкм дейін), сырт көзге көрінетін және жеткілікті тез тұнатын;микроскопиялық (0,25-10 мкм дейін), әдеттегі оптикалық микроскопта көрінетін және қозғалмайтын ауада үздіксіз жылдамдықта тұнатын;субмикроскоптиялық (0,25 мкм-дан кем емес), тек электронды микроскоп көмегімен ғана көрінетін, тұрақты хаотикалық қозғалыс күйінде болатын және қозғалмалы ауада практикалық түрде тұнбайтын болып бөлінеді.

Шығу тегі бойынша шаң негізгі үш топқа бөлінеді:

органикалық – өсімдіктен (ағаштан, көмірден) және жануардан (түктерінен, шаштарынан және т.б) шығады;

Бейорганикалық – металлдардан (болат, мыс, шойын) және минералдан (цемент, әк және т.б);

Аралас – бірінші және екінші топ шаңдарынан тұрады, мысалы, инструменттерді қайрау кезінде түзіледі және металды және минералды бөлшектерден тұрады.

Сонымен бірге шаңдар келесідей түрге бөлінеді:

дезинтиграция шаңдары – ұсақтау, ұнтау, кесу және т.б механикалық процесс кезінде түзіледі. Олар полидисперстілігімен, ал шаң бөлшектерінің формасы дұрыс еместігімен сипатталады;

конденсация шаңдары – балқымалы массалардың (металл, шыны массасы, тұз балқымалары, қаныққан ерітінділер және т.б) бу конденсациясы және салқындау нәтижесінде түзіледі. Бұл жағдайда түзілген шаң бөлшектері дөңгелек, сопақ формада болады, олар жоғары дисперстілігімен сипатталады.

Шаң ұстағыштар(циклон) – қоршаған ортаны газдағы бөлшектерден тазартатын, өнеркәсіпте қолданылатын ауа тазартқыш. Газдарды тазарту эффективтілігі шаң ұстағыштардың модельіне және газдағы бөлшектің дисперсті құрамының сипатына байланысты.

Шаңданған газ ағыны аппаратқа тангенциалды жоғарғы бөлігінен кіру патрубогы арқылы енгізіледі. Аппаратта аппараттың конусты бөлігіне төмен қарай бағытталған айналмалы газ ағына формаланады. Инерция күшінің әсерінен шаң бөлшектері ағыннан шығарылып аппарат қабырғасына тұнады, содан соң екіншілік ағынға жабысып төменгі бөлігіне түседі, одан шығу саңылаулары арқылы шаңды жинақтауға арналған бункерге түседі. Шаңнан тазартылған газ ағыны төменнен жоғары қарай қозғалып түтіндік құбыр арқылы циклонан шығарылады.

Эффективтілігі диаметрі 20 мкм болатын бөлшектерді тазарту дәрежесі орташа есеппен 99,5%; диаметрі 10 мкм – 95%, диаметрі 5 мкм – 83% құрайды. Циклон диаметрі төмендеген сайын тазарту дәрежесі жоғарлайды, бірақ жылусыйымдылығы және тазарту шығыны жоғарлайды.

Артықшылығы: өңдеу және дайындау қарапайымдылығы, сенімді, өнімділігі жоғары, агресивті және жоғары температуралы газдарды және газ қоспаларын тазартуда қолдануға болады. Кемшілігі: гидравликалық кедергісі жоғары, бөлшек өлшемдері аз шаңдарды ұстай алмайды.

ВЗП-800 типті қарама-қарсы айналмалы ағынды шаң ұстағыш – жарылыс қауіпті емес шаңдарды мақта тазарту және жеңіл өнеркәсіп салаларында ауадан тазартуға арналған.

Шаң ұстағыш ортадан тепкіш сепаратор принципі бойынша жұмыс істейді. Шаң ұстағышқа тазартылатын ауа екі ағынмен ауа ағынының төменгі және жоғарғы айналмалы корпусының потрубкасы арқылы түседі. Айналмалы корпусынан өткеннен кейін ауалы ағын бір-біріне қарама-қарсы бір бағытта айналады. Ортадан тепкіш күштің әсерінен шаң қабырғаға лақтырылады да, сақиналы саңылау арқылы жоғарғы ағынмен жуылып бункерге түсіп және одан аралық бекітпе – шаң жинағыштағы мигалка арқылы жойылады.

Тазартылған ауа ортанғы түтіндік патрубок арқылы шаң ұстағыштан шығып кетеді. Түтіндік потрубкада шаң ұстағыш корпусында жарылыс туған жағдайда қысымды атмосфераға лақтыру үшін жарылғыш клапан орнатылған.

Ндірістік зиянды фактор шуға анықтама беріңіз. Ағзаға шудың әсері. «Шу ауруының» спецификалық және спецификалық емес әсерінің арасындағы өзара байланысты табыңыз.

Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол . өмірді сақтап қалу. Адам осы өмірдегі өмір сүру мағынасын іздейді, жоспар құрайды, сол жоспарларды іске асыру үшін жасайды және үйренеді.

Көп жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы: алғашқы медициналық көмек төтенше жағдайлар кезінде. Өмір қауіпсіздік негіздерін ӘР ҚАЙСЫСЫ білу керек және де әр қайсысы түсініп отыру керек, өз уақытында бәрін дұрыс жасауын біздің денсаулығымызға және өзіміздің өмірімізге, балаларымызға қаншалықты маңызды екенін білу керек.

Қай жерде сіз болсаңыз, жалғыз, достарымен, отбасымен, жолда жұмысқа бара жатқанда, демалыста немесе үйде, әрқашанда есіңізде сақтаныз, өмірде көптеген жағдайлар болады. Олар әдеттегідей әр.түрлі жағдайларға әкеліп соқтырады. Сіздер бұндай жағдаймен кездессеңіз сабырлық сақтау керек . сіздің оған жасаған көмегіңіз оның өмірін сақтап қалуына мүмкіндік жасайды. Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану біздің міндетіміз.

"Өмір қауіпсіздігі" . адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасы мен қауіпсіз қарым.қатынасының, шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтеншө жағдайларды ескерту мен салдарын жою жәнө осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселелерін зерттейді.

Пәнде мынадай мәселелөрдің жәй.күйі мен жағымсыз факторлары қаралады:

тіршілік ортасының жәй.күйі мен жағымсыз факторлары

. адамның тіршілік ортасымен қарым.қатынасының қауіпсіздігін қамсыздандыру принциптері, физиология негіздері және оның қызметінің қолайлы жағдайлары;

. жарақаттаушы, залалды және зақымдағыш факторлардың адамға әсерінің анатомиялық.физиологиялық факторлары, оларды біргейлестіру принциптері, техникалық қүралдар мен техникалық процесстердің қауіпсіздігін арттыру;

. шаруашылық объектілерінің төтенше жағдайдағы жүмыс істеу түрақтылығын зерттеу әдістері;

. ТЖ мөн оның салдарын болжау;

. Төтенше жағдайда халық пен шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметкерлерін қорғау және ТЖ салдарын жою жөніндегі шараларды әзірлеу;

Қарқынды шу күнделікті баяу мен қайтымсыз әсері қорғалмаған есту мүшесінін әсер етіп мүкіс құлақтыққа әкеледі. Кәсіптік мүкім құлақтың Кортиев мүшесінің шектеулі зақымдалуымен сипатталған. Көптеген зеттеулерге қпрпмпстан кәсіптік мүкіс құлақтығының патогенезі туралы еш қандай пікір жоқ. Шудың ұзақ әсеріне жауап ретінде дыбыс анализаторының перифериялықаумағындағы дегенеративті өзгерістер туады да олар кейін орталық бөліміндеріне таралады. Патологиялық процесс негізі «акустикалық зақымдануында» жатады, ол дыбыс қабылдау процессіне қатысатын торшалар әлементтерінің тозуы мен әлсізденуімен сипатталады.

Жедел жарақат пен шудың созылмалы әсері кезіндегі мүкіс құлақтың дамуы бірдей емес. Кохлеалы нерв тарамдалулары мен аяқтамаларындағы гтүзілістердің пайда болуына дейін жүйке ұлпасындағы ұзақ зат алмасуының нәтижесі ретінде ферментативті белсенділігі жүреді. Көпткгкн зеттеушілер ұзақ акустикалық әсерінен ұлының өткізгіштіінің жоғарлауымен байланыстырады, сонымен бірге естудің уақытша төмендеуін тамырлы өзгерістердің нәтижесі ретінде қарастырады тамырлардың жүйелі спазмы Кортиев мүшесіндегі қайтымсыз процесстерінің түзілуіне әсер етеді.

Интенсивті шу әсерімен байланысты әртүрлі мамандық жұмысшылар топтарының көп жылғы клинкалық зерттеулер мен бақылаулар нәтижелер «шу ауруын» қәсіптік патологиялардың жеке формасы ретінде қарастырылады.

«Шу ауруы» - бұл көбінесе есту мүшенің, орталық жүйке жүйесінің және жүрек-тамыр жүйесінің қарқынды шудың ұзақ әсері нәтижесінде дамитын ағзаның қабынуы. Аурудың клиникалық көріністері есту мүшесінің перифериялық аймақтарында түзілетін ерекше және мүшелер мен жүйелерде айда болатын ерекше емес сонымен бірге жүйке жүйесіндегі өзгерістер есту мүшесінің патологиясынан бұрын болу керек.

Шу әсерінен патологиялық процесстің қалыптасуы біртіндеп жүреді де вегетотамырлы дистониянвң ерекше емес көріністерінен басталады. Кейін нақты нейроциркулярлы дистонияның түзілісімен вегетоастеникалық немесе астеновегетативті синдром суретіне жататын невротикалық сипаты өзгерістер дамиді. Жағдайлардың 65%-де вегетотамырлы бұзылыстар кохмарлы неврит дамуынан бұрын болады. Көпжылғы зеттеулер бұл мәліметтерін дәлелдеп, орталық жүйке және жүнек-тамырдағы ерекше өзгерісінің алды болып келетініне көз жеткізді.

Клиникада шумен шақырылған аурулар өзінің нышандарының біркелкі субъективтілігіне назар аударады. Зерттеу барысында жұмысшылар ашуланшыққа бас ауруына, ұйқышылдыққа, жоғары шаршаудығына, нашар ұйқы мен бас айналуына шағымданады. Естудің төмендеуіне шағымдар кейін қосылады. Объективті нышандарына негізінен орталық жүйке жүйесінің қызметтік бұзылыстарын сипаттайтын невротикалық: қан мен аяқтардын сіңірілерінің периостты рефлестрерінің жоғарлануы немесе төмендеуі, созылған қол саусақтарының треморы, Ромберг қалпындағы шайқалулар, жалпы және дистальді гипергидроз, айқын тұрақты демографизм. Сонымен қатар айқын көрінетін вегетативтік нышандар: терморегуляция процесстері бұзылады.

69.Жергілікті және жалпы өндірістік дірілге түсініктеме беріңіз, гигиеналық

Наши рекомендации