Егістікті қорғау

Жаңа жыртылған, жаңа аударылған жерлерге құстар әуес болады. Тұқымдарды шоқып жейтінін жеп, жемегенін. шашып тастайды, топыраққа аунағанды жақсы көреді. Сөйтіп еккен егініңіздің берекесін кетіреді, сондықтан да еккен қатарларыңызға екі жағынан кішкентай қазық қағып жіп не лента тартып тастаңыз.

Белгі (этикетка)

Топырақпен тұқымның бетін жаппас бұрын, арықшаның бас аяғын белгілеп алыңыз. Осы алдын алу шарасы өте пайдалы, сіз тырмамен осы жерді қайта тырмаламайсыз және себілген жерге қайта сеппейсіз. Ерінбей, еккен көкөністеріңіздін атын жазып қойыңыз, сонда қай жерде не еккеніңізді анық білесіз, шатаспайсыз.

Сирету және өскіндерді қайта қондыру

Сіз қалай тырыссаңыз да өсімдік жиі, қалың болып қаулап өседі. Сондықтан да оны сиретуге тура келеді. Өскіндерді басқа жерде өсіріп, тұрақты өсетін жерге алып келеміз. Осы кезде қайта қондыруға немесе қайта егуге мәжбүрміз.

Жиі отырғызылған өсімдіктер жарыққа ұмтылып, бойы сорайып әлсіз шіп – шидей болып қалады. Оларға қорек жетіспейді, сондықтан да көршісімен жарық пен ылғал алу үшін бәсекеге түседі. Көкөністердің қалыпты өсіп өнулері үшін жарық пен кеңістік қажет.

Күтілмеген, қаралмаған бау бақшаға ауру мен зиянкестер өш келеді, себебі ауа алмасуы бұзылған және ортасында ылғалдылық жоғары болады. Сондықтан өскін кездегі сирету мол өнімнің кепілі.

Сирету

Сирету – бұл әлсіз өсімдіктерді жұлып алып тастау, нәтижесінде мықты өсімдіктер бір бірімен белгілі ара қашықтықта орналасады. Сиретпес бұрын жерді қанықтыра суарып алыңыз. Осыны өскінді көшірердің алдында кешке жасаңыз.

Қатарды қарап өтіңіз, егер көз мөлшермен сирете алмасаңыз сызғыш алып алыңыз. Әлсіздерін жұлып алып тастап отырыңыз, оның орнын аяқпен нығыздап таптап кетіңіз. Ыстық пен желді күні сиретпеңіз, себебі қалған өсімдіктер запа шегуі мүмкін.

Скіндерді қайта қондыру

Өсімдіктерді тұқыммен немесе үйде өсірілген өскінмен егуге болады. Өскіндерді көшіріп отырғызар алдында шынықтырып алу керек.

Ең жақсы уақыт – ылғалды ауа райы. Егер өскіндер тым жиі болса, алдын ала суарып алу қажет. Бұл топырақты жұмсартып, өскіндердің тамырларын зақымданудан сақтайды. Сау және мықты өскіндерді біртіндеп бірінен кейін бірін қазып алыңыз. Ауада тастамаңыз, кеуіп кетуі мүмкін. Сызғышты қолданып қажетті ара қашықтыққа орналастырыңыз. Тамырдың түбіндегі топырақты ақырындап нығыздаңыз.

ЖАЛПЫ ШЫРҒАЛАҢДАР

Бау бақша және ауласында көкеніс өсірумен шұғылданатын адамдардың ерігуге уақыттары болмайды. Себебі, табиғат келеңсіздіктері бізді үнемі «жараған» қалпымызда ұстайды. Біз қалайтын ауа райы сирек болады. Көбінесе құрғақшылық, не тым ыстық, не тым суық немесе жаңбырлы болып кетеді. Сіз енді тынығам ба дегенде арам шөп қаулап кетеді, осыны тамаша қылып тазартқаннан кейін, өсімдіктің зиянкестердің салдарынан зиян шеккенін және аурғанын байқайсыз.

Есіңізде болсын, келеңсіздіктер неше түрлі химиялық компаниялар айтқан сияқты аса күрделі емес. Олар өздерінің өнімдерін өткізу үшін «ақырзаманды» төндіре береді. Көптеген жайсыздықтарды аз ғана күшпен шешіп, кейбір жағдайларда ымыраға келуге де болады. Жадыңызға жаттап алыңыз! Химиялық дәрі мен уларды өте сирек жағдайда, басқа амал жоқ кезде ғана қолданыңыз!!!

Алдыға қараңыз

Егер де кездескен шырғалаңдардың бәрін міндетті түрде шешу қажет болса, елдің бәрі бау бақша мен көкөністерді өсірмеген болар еді. Сіз химия компаниялары шығарған оқулықтарды оқи берсеңіз миғұла болып өмірден түңіліп кетесіз, себебі олар қарапайым нәрсені күрделендіріп жібереді. Көптеген жайсыздықтарды қарапайым әдістермен шешуге ал, кейбіреулеріне көңіл аудармай – ақ қоюға да болады. Ылғалды жылы көкөністерді «саңырауқұлақ таты» (ржавчинный грибок) басып кетеді. Немесе тесемен ғана қиналмай - ақ шөптеп тастауға болатын арам шөптер, ал құрттар мен коларад қоңыздарын қолмен теріп жинап алуға да болады.

Көптеген аурулар мен зиянкестерден әртүрлі әдістермен құтылуға мүмкіншілік бар. Өте ауыр жағдай өте сирек кездеседі, сондықтан да бау бақша мен көкөніс өсірушілер жыл сайын байсалды да, байыпты өмір сүре береді. Тіпті болмаған жағдайда, келесі жылы басынан қайта бастайды.

Бастапқы дайындық

Егер алдын ала ойланып істесеңіз көптеген келеңсіздіктерден құтылуға болады. Тыныш өмірдің негізгі бір шарты – тазалық. Шіріген жемістер мен көкөністерді жерде қалдырмаңыз, оларды және жұлып алған арам шөптерді қойыртпаққа апарып қосыңыз. Егер олар ауру болса жерге көміп тастаңыз. Өз бау бақшаңызды мұқият қадағалап жүріңіз, егер бір қауіпті жағдай байқасаңыз алдын алыңыз. Капустаны ақ көбелектен қорғау үшін үстіне шүпіректен жапқыш жауып қойыңыз. Ылғал сақтау үшін жерді суғарғаннан кейін, жаңа шабылған шөппен, сабанмен не пленкамен жауып қойыңыз (мульчирование). Жел соғатын жаққа бөгет егіңіз итмұрын, қарағаш, таңқурай (малина) т.б. тірі қоршау болатындар. Бұршақ пен ас бұршақты құрғап кетпей уақтылы жинап алыңыз. Осындай үлкенді – кішілі қулық амалдар сіздің күшіңізді және уақытыңызды үнемдейді.

Тесе (тяпка) – сіздің күнделікті қолданатын құралыңыз. Осының көмегімен жерді қопсытып, арамшөптерден тазалайсыз.

Наши рекомендации