Анды биохимиялық зерттеулер үшін көк тамырдан алу.

Глюкозағатөзімділк сынағындағы қандағы глюкоза деңгейі

Зерттеу Көк тамыр қаны Капиллярлық қан
Қант диабеті
Ашқарынға 7 ммоль/л жоғары 7 ммоль/л жоғары
1 сағ кейін 10 ммоль/л жоғары 11 ммоль/л жоғары
2 сағ кейін 10 ммоль/л 11 ммоль/л
Глюкозаға төзімділіктің бұзылуы
Ашқарынға 7 ммоль/л жоғары 7 ммоль/л жоғары
1 сағ кейін 10 ммоль/л жоғары 11 ммоль/л жоғары
2 сағ кейін 7 және 10 ммоль/л аралығында 8 және 11 ммоль/л аралығында
Қалыпты жағдай
Ашқарынға 7 ммоль/л төмен 7 ммоль/л төмен
1 сағ кейін 10 ммоль/л төмен 11 ммоль/л төмен
2 сағ кейін 7 ммоль/л төмен 8 ммоль/л төмен

Адамдардың глюкозаға төзімділігі бұзылған жағдайда 70 %-да 10 минуттің ішінде қант диабеті дамиды, ал қалғандарының жағдайы өзгермейді немесе қалыпты глюкозаға төзімділік пайда болады.

Қандағы глюкоза деңгейінің ашқарынға қалыпты көрсеткіші - 3,5 – 5,3 ммоль/л.

анды биохимиялық зерттеулер үшін көк тамырдан алу.

Анды биохимиялық зерттеулер үшін көк тамырдан алу. - student2.ru

Мақсаты: диагностикалық.

Көрсеткіші: дәрігердің нұсқауы бойынша пациентті тексеру.

Асқынулары: гематома, тромбофлебит, сепсис, вирусты гепатит, ЖИТС. Қанды алу орындары: шынтақ, білек, қолдың үстінгі жағы.

Жабдықтау: залалсыздандырылған: көлемі 10-20 мл бір реттік қолданылатын шприц, лоток, мақта түйіршіктері, дәкелер, тері антисептигі, алжапқыш, маска, көзілдірік, қолғап, штативтегі суланбайтын қақпақтары бар пробиркалар, резеңке жгут, суланбайтын жастықша, ҚЗАК (қолданылған заттарға арналған контейнер).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Пациенке процедураның мақсатымен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз. Таңғы ас қабылдамағанын анықтаңыз.

2. Зертханаға жолдама жазыңыз, пробирканы белгілеңіз.

3. Пациентті ыңғайлап отырғызыңыз.

4. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеп, тері антисептигін қолданыңыз.

5. Қолғапты, маска, қорғаныш көзілдірігін, алжапқышты киіңіз (стандарт бойынша).

6. Бір рет қолданылатын шприцті жинаңыз (стандарт бойынша).

7. Пациенттің шынтағының астына клеенка жастықшаны қойыңыз.

8. Иықтың ортаңғы бөлігіне, дәкені немесе пациенттің ішкі киімінің үстіне резеңке жгутты салыңыз.

9. Жгуттың бос жағын жоғары, ал байланған ілгегін төмен қаратып байлаңыз.

10. Кәрі жілік артериядан тамыр соғысын анықтаңыз (пульс анықталуы қажет).

11. Көк тамырды тексеріңіз. Ең толымды көк тамырды табыңыз.

12. Пациенттен, көк тамыр толуы үшін, жұдырығын бірнеше рет ашып-жұмуын, одан кейін жұмып ұстауын сұраңыз.

13. Қолғаптарды тері антисептигімен өңдеңіз.

14. Пациенттің шынтақ буыны, инъекция орнын екі рет, бірінші үлкен аймағында, содан кейін кіші аймағында спиртке малынған мақта түйіршігімен өңдеңіз. Үшінші мақта түйіршігін сол қолдың IV и V саусақтар арасында ұстаңыз.

15. Шприцті оң қолыңызға алыңыз: ІІ саусақ ине канюлясын, ал III, IV, І саусақтармен цилиндрдің үстін, V саусақпен поршенді ұстаңыз.

16. Сол қолдың үлкен саусағымен болжамдаған тесу орнынан төменірек жерден көк тамырды бекітіп ұстаңыз.

17. Иненің қалпақшасын шешіп, көк тамырды тесіңіз (бұл кезде аурудың жұдырығы жұмылған).

18. Поршенді өзіңізге қарай тартып, иненің көк тамырда екеніне көз жеткізіңіз.

19. Шприцке, сол қолмен поршенді абайлап өзіңізге қарай тартып, 5-7 мл қанды сорып алыңыз.

20. Жгутты шешіңіз, пациент жұдырығын ашу қажет, инені көк тамырдан тез арада алып шығыңыз.

21. Инъекция орнына тері антисептигіне малынған мақта түйіршігін 3-5 мин салып, пациенттің шынтақ буынын аздап бүгіп ұстауын сұраңыз.

22. Инені шприцтен алып ҚЗАК-ға салыңыз (қолданылған заттарға арналған контейнер).

23. Шприцтен қанды пробиркаға қабырға бойымен жайлап қысымсыз жіберіңіз, қанның шашырауына жол бермеңіз.

24. Пробирканы суланбайтын тығынмен жабыңыз.

25. Қаны бар пробирканы штативімен бірге контейнерге қойыңыз, аузын мықтап жабыңыз.

26. Пациенттің тұруына немесе оның ыңғайлы жағдайда отыруына көмектесіңіз.

27. Көк тамырды тескен жерден қанның ақпағанына көз жеткізіп, пациенттен мақта түйіршегін алып ҚЗАК-ға салыңыз (қолданылған заттарға арналған контейнер).

28. Контейнерді және жолдаманы биохимиялық зертханаға жіберіңіз.

29. Қолғапты шешіп ҚЗАК-ға салыңыз.

30. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

Ескерту:
- көк тамырдан биохимиялық сараптамаға қан таңертең ашқарынға, 10 мл мөлшерінде алынады;

- АИВ және RW сараптамаларына қан кез-келген уақытта 5 мл көлемінде алынады;

- қан алуға арналған пробирка құрғақ (эритроциттер гемолизге ұшырайды), химиялық таза, өзіне сәйкес тығыны болуы қажет;

- қанды тек инемен, шприцсіз алуға болмайды (қанның шашырау қауіпі бар);

- жолдамада пробирканың нөмірін, зерттеу мақсатын, пациенттің аты-жөнін, жынысын, жасын, диагнозын, бөлімшесін көрсетіңіз;

- қанды қауіпсіз әдіспен алу жүйесі - вакутайнердің (BD VACUTAINER) болуы медициналық қызметкердің максималды қауіпсіздігі мен жиналған материалдың сапасын арттырады.

Наши рекомендации