Халықтың қар көшкіні,сырғыма,опырылма кезіндегі іс-әрекеті.

Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.

Қар көшкініне тап болған кездегі өзін-өзі құтқару әдістері:
- көшкін сырғыған жағдайда жүктерді лақтырып тастап бірінші кезекте мұзұрғыштан, қапшықтан, шаңғы мен таяқтан босаныңыз;
- көшкіннің шетіне шығуға талпынып, негізгі қар массасын өзіңізден өткізіп жіберіңіз;
- шаң тәріздес көшкінге тап болған жағдайда (құрғақ қар) одан тұншығып қалмау үшін ауыз бен мұрынды бас киіммен немесе бөкебаймен жабу керек;
- қолдан келген барлық әдіспен (аяқ-қолды қозғалта) үстіңгі бетте қалуға тырысыңыз.
Егер көшкін басыңыздан жоғары басып қалса, ол тоқтағанға дейін тізені ішке бүгіп басты қозғалту арқылы демалу үшін беттің төңірегінен үлкен кеңістік жасауға тырысыңыз; көшкін тоқтағаннан кейін төменгі жақ пен үстіңгі беттің қайда екендігін анықтап, қолмен ауыздың төңірегіндегі кеңістікті кеңейтіп, сілекейді түкіріп тастаңыз; көшкін кезінде айқайлау пайдасыз, бұл тек күш пен ауа қорын шығын қылады, егер құтқарушылардың қадамы естілсе ғана айқайлауға болады. Сабырлық сақтап ұйқымен күресіңіз. Тыныс алу үшін қажетті ауаның қар арасынан өтетіндігін есте сақтаңыз. Көшкін астынан 11 күннен соң адамдар тірі табылған оқиғалар да белгілі. Алайда көшкін басқан адамның бетінің айналасынан тыныс алу кезінде су буының жиналу нәтижесінде герметикалық мұз қыртысы пайда болады. Сондықтан зардап шегушіні қар астынан мүмкіндігінше жылдам шығарып алуға тырысу қажет.
Көшкін қаупі кезінде тауда қалған туристерге мынадай көрнекі болжамдық белгілерді естерінде сақтау пайдалы, олар пайда болған сәтте тез қауіпсіздік шараларын қабылдаған жөн:
- қар жиі жауған кездегі ( сағатына 3 см) қар көшкінінің қауіпті ахуалы 3-4 сағаттан кейін тууы мүмкін, сондықтан бұл уақытты қауіпті аймақтан шығу үшін пайдалану керек;
- егер жылы күні жауын-шашын түсе бастаса қауіпсіз аймаққа тез шығуы қажет.
- төзімді (адам салмағын көтеретін) және қуатты (20 см жуық) мұз қыртысы (қар бетіндегі қатқан түйіршік) тек таңертеңгі сағаттарда сенімді бола алады, ал онымен жүрген кезде (қажетті жағдайда) жүрушілер тобында үлкен арақашықтықты сақтай отыра қозғалу қажет.

Опырылма – тау жыныстарындағы және жартастардағы жекелеген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы.

Сырғымалар мен опырылмалар қаупінің белгілері:
- топырақтың ылғалдануына алып келетін нөсер жаңбырдың жаууы, қар жамылғысының үздіксіз еруі;
- жарықшақтары, бұрын болған қопарылмалардың іздері бар борпылдақ жыныспен жамылған таулы тік жартас;
- тас кесектері құлайтын, жарықшақтары бар, жыныстарын жел кеулеген таулы тік жартас.
Қопарылмалар мен үгінділер аудандарында болған кездегі сақтық шаралары:
1. Таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарын ұдайы қадағалау.
2. Құлау белгілері мен жарықшақтары бар еңіс жартас пен тік беткейлердің жанына тоқтамаңыз.
3. Қопарылмалар мен үгінділер пайда болған үгінділердің шетіне жақындамаңыз.
4. Қауіпті учаскіден бір-бірден, тез және шусыз өтіңіз.
5. Тас құлаған кезде қабырғаға жабысыңыз немесе басыңызды қапшықпен жауып, шығып тұрған жартас ұшының астына жасырыныңыз.

Секталар жөнінде түсінік,олардың түрлері.Секталардың адамдарды өзіне тартуы,ұйымдарына мүше қылып алу әдістері және секталардың ықпалынан құтылу жолдары

Секталар жөнінде түсінік, олардың түрлері. Секта дегеніміз – дәстүрлі діннен бөлінген және оған қарама –қайшылықта болатын діни ағым.Елімізде діни сенім бостандығы берілген.Қазақстан бойынша 4000-нан астам секталар бар.Алматыда әр түрлі секталар бой көтеріп, тіпті ауадай жайылып бара жатыр. Олар Иегова куәгерлері,Протестанттар,Кришнайттер,Сопылар,Хизбут-Тахрирлер,Ваххабистер т.б.Олар заңсыз да өрескел әрекеттерді жасап,халықтың басын улады.Отбасына іріткі салып,шаңырақтарын шайқалтты.Әсіресе Иегова куәгерлері үй-үйді аралап,пәтерлерді жағалап,өз қатарларына адамдарды күшпен алдап-арбап,тартып,еріксіз кіргізді. «Иегова куәгерлері» сектасын 1876 жылы АҚШ мемлекетінің азаматы Чарльз Рассел негізін қалаған. Қазақстан бойынша 76 қауымдастығы бар.Сектаның мақсаты:1)саяси;2)материалдық. Сатья Саи Баба сектасы. Сатья Саи Баба 1926 жылыҮндістанның оңтүстігіндегі ауылда туған. Саи Бабаның айтуы бойынша ол 14 жасында комаға жақын жағдайды басынан өткерген. Екі ай бойы оны қатты аурулар мазалап ол есінен жиі танып қалатын. Осы біртүрлі аурудан кейін «оның парапсихологиялық қабілеттері өсіп кеңейді» және Саи Баба өзін тірі құдай, Шива құбылысы болып есептеліп Ширдилік әйгілі үндістандық «әулие» және таңқаларлық іс жасаушы Шри Саи Бабаның басқа түрі менмін деп жариялады.«Врата рая» (Жұмақ қақпасы-Heaven’s Gate)-1975 жылы АҚШ-та Маршалл Эпплуайт және Бонни Неттлз негізін салған. 1997 жылы Эпплуайт жердің Хейла-Бопп кометасымен соқтығысуынан қаша алмайтын себепті өзінің сектасының 39 ізбасарын өзін-өзі өлтіруіне көндірді.Сектаға түскен адамдар:үйінен безеді;тамақты аз ішеді,аз ұйықтайды;ақша талап етеді,не ұрлайды;тұйық не ашушаң болады;психологиясы өзгереді;балалар ата-аналарымен қарым-қатынасын үзеді;мінез-құлқы өзгереді.Сектаға баулу жолдары:көшеде келе жатқанда, тоқтатып дін жөнінде әңгімелесу;кітапшалар ұсыну;үйге,пәтерлерге келіп мазалау;тесттен өтуді ұсыну;дәрістерге шақыру;психотропты дәрілер,гипноз қолдану;қорқыту;материалдық көмек ұсыну.Әр түрлі секталарды уағыздаушылар көбінесе адамдар көп жүретін, әсіресе жастар көп жүретін парктерде,алаңдарда,Жоғарғы Оқу Орындарының маңдарында көбірек кездеседі. Аталған мәселеге қарсы тиімді күресу үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдап, жүзеге асыру қажет: мемлекеттік құрылымдар және діни ұйымдардың қарым-қатынасын үйлестіретін тетіктер жасау және жүзеге асыру;балалар мен жастардың зайырлы білім алу құқығын бұзбайтын және шектемейтін тұрғыда рухани тәрбие беретін бағдарламалар жасау және оларды бірізділікпен жүзеге асыру;азаматтарға теріс пиғылды діни ағымдардың жағымсыз салдарын ескерту және сауықтыруда әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және рухани-педагогикалық шаралар жүйесін айқындау және т.б.

Секталардың адамдарды өзіне тартуы, ұйымдарына мүше қылып алу әдістері және секталардың ықпалынан құтылу жолдары.Cектаға баулу жолдары:көшеде кетіп бара жатқанда тоқтатып алып дін жөнінде әңгімелесу,кітапшалар ұсыну,үйге немесе пәтерге іздеп келу,тесттен өтуді ұсыну,дәрістерге шақыру,психотопты дәрілер қолдануі,қорқыту және т.б.Сектаға кірген адамды оның ықпалынан құтқару өте қиын.Оны аз уақыт ішінде оның ықпалынан құтқару мүмкін емес.Сектаға кірген адам басқа адамның сөзіне құлақ аспайды өз ісін дұрыс деп ойлайды.Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін әртүрлі қаптап кеткен ағымдарға заңмен тыйым салу керек,жас балаларға сектаның зияны туралы,ол туралы дәрістер оқу керек.Ал сектаға кірген жағдайда психологтардың көмегіне сүйеніп емделу қажет.

27.Ланкестер кепілдікке алған адамдардың өзін-өзі ұстауы «Лаңкестік» гректің «террор» сөзінен шыққан, «үрейлі,қорқынышты» деген мағынаны білдіреді.Бұл атауды ең алғаш рет Аристотель қолданған. «Террор» сөзі өз мақсатына жету үшін еш нарседен тайынбай зорлықпен үкімін жүргізуді көздеген саяси күрес деген мағынада түсіндіріледі.Терроризм –идеологиялық және күш қолдану арқылы жүргізілетін саяси күрес.Оның негізгі мәні-үрей мен күш көрсету.Яғни террорды жүйелі түрде қолдануға негізделген саясат.Лаңкестіктің екі түрі болады:жекелеген және топтық(ұйымдасқан).Жекелеген терроризм –бір екі адам арқылы іске асса, топтық терроризмде белгілі бір ұйымдардың жоспарымен жүзеге асырылады.(Әл-Каида, эсерлер,мемлекеттік лаңкестік және т.б.)Терроризм өз мақсатына қарай ұлттық және діни түрлері көп айтылады.Ұлттық лаңкестік ұлт-азаттық сипатта көрініс береді.Ал діни лаңкестік дінаралық қақтығыстар немесе дінішілік жанжалдар кезінде қолданылады.Қазіргі уақытта террорлық әрекеттер кезінде жарылғыш заттар көп қолданылып жүр.Сонымен қатар мемлекеттік терроризм деген термин бар.Мұндай жағдайда халыққа,азаматтарға қарсы аяусыз күш қолданылады. Саяси экстремизм дегеніміз- қандай да бір саяси әрекеттер мен көзқарастардың шарықтау шегі. Тұтқындардың өзін-өзі ұстауы:* артық назарға ілігпес үшін тұтқындаушылардың көзіне тік қарамаңыз және шұғыл шара жасамаңыз;*тұтқынға алудың алғашқы минуттарында ғана қашуды ұйымдастыруға болады, себебі айналада әлі байбалам (паника) орнып тұрады;* егер сіз өзіңізді жайсыз сезінсеңіз және шынымен де ауру болсаңыз сіздің алдын ала босану мүмкіндіктеріңіз әлдеқайда жоғары. Құсу мен астмалық ұстаманы қоздыруға тырысыңыз, бірақ тым артық кетіп қалмаңыз. Симмулянттарды бірінші кезекте атып тастайды;* егер сіз өзіңізді тұтқындаушымен қарым-қатынасқа түскен болсаңыз, онда сыпайы болуға тырысыңыз, бұл тұтқындалушының бірінші міндеті;* егер сізді авиа ұшу кезінде тұтқынға алған болса, ең қолайлы орын ол самолеттің құйрығы;* егер сізді бомбаға орап тастаған болса онда сәтін тауып арнайы бөлімге хабарлау керек;* тұтқындау кезінде сіздің қожайыныңыз сізді тұтқынға алған адам, сондықтан дәретханаға шығуға, тамақ ішуге,

тіпті отырып тұруға да рұқсат сұрау керек;* тұтқынға түскен кезде қарсыласпаңыз және күйгелектенбеңіз. Күйгелектік жұқпалы нәрсе, ал күйгелек террорист сіз үшін өте қауіпті, ол сізді тұтқындарды босатқанға дейін тірі қалдырмауы мүмкін.Гиперлаңкестік-арнайы хакерлер тәсілдері бойынша компьютер басқару жүйесін иеленіп алу,комп.вирустары арқылы интернет жүйесін істен шығару.Биолаңкестік- биологиялық ұнтақ,вирус,микробактериялық қоспаларды пайдалана отырып,лаңкестік әрекет жасау.Химиялық лаңкестік-уланушы және тұншықтырғыш газдарды пайдалану арқылы әрекет жасау.

28.Компьютерді қолданғандағы қауіп және одан қорғану шаралары..Дене сымбаты бұзылады.соның салдарынан скалиоз ауруы қалыптасады;Көздің көру,құлақтың есту қабілеттері төмендейді;Саусақ ұштарына пернетақтадан электрленген сәулелер әсер етіп, қолдың буындары ауыра бастайды;Компьютер алдында ұзақ отырудан бел омыртқаға көп күш түседі де, омыртқа дискілері қалыптасқан үлгіден өзгеріске ұшырайды;Жүйке жүйесінің бұзылуына да әсер етеді.Қорғану шаралары.Компьют. орналасқан бөлме әр адамға 19м3бөлінетіндей аумақты қамтуы керек.Шу деңгейі 50дБа-дан жоғары болмау қажет,ал тербелісті азайту үшін компьютерлерді арнайы фундаменттерге орналастырады.Компьютермен жұмыс істейтін оператордың жұмыс орны мынадай тәртіпте орналастыруы қажет:-Стол мен пернетақтаның биіктігі 62-88см,ал жерге қарағанда экранның биіктігі 90-128см;-Экраннан стол шегіне дейінгі арақашықтық 40-115см;-Экран еңісі-15-тан +20-қа дейін болуы шарт.

Компьютермен жұмыс істеу кезінде шығатын зиянды факторлар.Техникалық дәуір адамзаттың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болып қалды. Әсіресе, күнделікті өмірі мен жұмысы төртбұрышты мониторға телмірумен өтетіндер үшін компьютердің маңызы да зор, одан тиер зиян да зор. Бірақ кез-келген мәселенің шешімі бар екенін ұмытпаған жөн.Компьютердің мониторындағы кескіндер адамның көзінің көру өткірлігін нашарлатады. Компьютерлендірудің алғашқы жылдарында ("компьютер -көрермен синдромы" (CVS-Computer Vision Syndrome) дисплейлердiң қолданушыларында ерекше шаршау байқалған. Оның себептерi бiрнешеу: дисплейдегi сурет бақылау объектілерiнiң үйреншiктi көздерiнен принциптi айырмашылығы бар дискреттi нүктелерден тұрады; оның нақтылы жиiлiгi бар, бұл нүктелер жылтылдап, яғни, жана бастайды да, өшедi; компъютердің түрлi- түстi суреті табиғи түстерге сәйкес келмейдi. Компьютермен жұмыс жасаудың пайдалы жағымен қоса зияды жақтарына да тоқталып көрелік. Компьютерде жұмыс істейтін адамдардың денсаулық жағдайына теріс ықпал ететін негізгі факторлар:
• компьютер алдында өте ұзақ уақыт отыру;
• монитордың электромагнитті сәулеленуінің әсері;
• көзге салмақ түсуі,
• шаршау;
• білезіктердің буындарына шамадан тыс салмақ түсуі;
• мәлімет жоғалтуына орай стресс жағдайы.
Адам компьютерде босаң қалыпта отырады, ол денесінің қандай тұрғыда қисайғанына мән бере бермейді. Бұл ағзаға кері әсер етеді; омыртқа, мойын, бастың бұлшық етi, қол және иықтарға артық салмақ түскендіктен балаларда-сколиоз, остехондроз аурулары пайда болады.
Көздер мәтiн немесе суреттiң майда дiрiлдеулерiн, перденiң жылтырауын тез тiркейдi. Көз шамадан тыс салмақ әсерінен көру қабілетін жоғалтады. Кiлегейленген түстi сәтсiз таңдап алу, шрифттер, терезелердiң құрастырылымы, перденiң терiс орналастырылуы көзге теріс әсерін тигізеді.
Микрожарақаттану - бұл күн сайынғы салмақ түсу нәтижесінде организмнің бiртiндеп тозуы. Организмде көп жиналған микрожарақаттанулар болады. Ол қол немесе аяқтың сынуы сияқты кенеттен пайда болмайды. Сiз ауруды сезінбес бұрын, бiрнеше айлар өтеді. Ауру әртүрлi сезiледі : ішкі ағзаның қыжылдауы, шаншу түрінде сезіледі.

Компьютермен жұмыс жасау барысында оның зияндылығынан сақтанудың бірден бір жолы жұмыс үстелі басында дұрыс отыру және жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуында болып табылады. Егер біз әрбір екінші адамның үйінде компьютер барын ескеретін болсақ, ол балалардың болашағы қалай болады деп еріксіз ойланасыз.Қорыта келе айтар болсақ, компьютер ,әрине, адам өмірінде өте пайдалы, қажетті құрал. Қазіргі таңда компьютерсіз қоғамды елестетіп көру де мүмкін емес. Дегенмен, компьютердің пайдасына қоса зияны да бар.
1. Дене сымбаты бұзылады, соның салдарынан скалиоз ауруы қалыптасады;
2. Көздің көру , құлақтың есту қабілеттері төмендейді;
3. Саусақ ұштарына пернетақтадан электрленген сәулелер әсер етіп, қолдың буындары ауыра бастайды.
4. Компьютер алдында ұзақ отырудан бел омыртқаға көп күш түседі де, омыртқа дискілері қалыптасқан үлгіден өзгеріске ұшырайды.
5. Жүйке жүйесінің бұзылуына да әсер етеді.
Сондықтан да, компьютермен жұмыс жасауға отырмас бұрын мына кеңестерді басшылыққа алып жүруді ұсынамын.

29.Ұялы телефонның ағзаға әсері және қауіпсіздік шаралары.Ұялы телефондартек ми қыртысына емес,басқа да ішкі органдарға зиянды,кейде қауіпті әсерін тигізеді.Ұялы телефон қолданған кезде ұмытылмауы керек ұсыныстар:-Ұялы телефонмен мүмкіндігінше қысқа сөйлесу керек.-Аяғы жүкті әйелдер ұялы телефон қолданбауы керек, үйде ұялы телефон жабық ұсталуы қажет. -Телефон сатып алған кезде SAR көрсеткіші барлары таңдалуы керек. -Ұялы телефонмен сөйлескен кезде балалардан алыс жерде болу керек. Қалта телефонын пайдаланған кезде одан бөлінетін электромагниттік өріс тұтынушының миына әсер ететіні анықталған. Қалта телефондарындағы қауіпсіздік стандарттары ересектер үшін жасалған, олар бала ағзасының ерекшеліктерін ескермейді.Қалта телефондарын пайдалану балаларда мидың ісігіне соқтыруы мүмкін.Сондықтан жас балалардың қалта телефонымен ойнап, музыка тыңдауына жол бермеу керек. Балаларды мейлінше зиянды нәрседен аулақ ұстаған жөн. Қорғау шаралары радиожиілік диапазондардың электромагниттік өрісінің қоршаған ортаның жай-күйіне әсерін шекті жол беруге болатын-деңгейлердің нормативтерін анықтау мақсатында зерттеу және биологиялық қауіпті және санитарлық қорғау аймағын есептеу әдістемелерін әзірлеу.

30.ТЖ кезінде қолданылатын жеке бас қорғаныс құралдары.Жеке қорғаныс құралдары тыныс алу органдарын, көзді және аэрозольдерден, сондай ақ радиоактивті шаңның аурутудырғыш микробтар мен токсиндердің түсуінен қорғайды, олар тыныс алу органдарының қорғау және теріні қорғау құралдары болып теріледі.Тыныс алу органдарын қорғау құралдары: газ қағарлар, расператорлар, мақта мата таңғыштары мен шаңнан қорғайтын маскалар, сондай ақ оқшаулағыш газ қағарлары жатады.

Сүзгілік газқағарлардың жұмыс істеу принциптері:Ластанған ауаны жұтқан кезде ол сүзгіш жұтқыш қорапқа түседі, сонда тазаланған соң үстіңгі бөліктің астына және тыныс алу органына түседі ауаны қорапшаны айнала өтіп үстіңгі бөліктен үрленген кезде сыртқа шығады.

Бумен газды жұту адсорбция, хемосорбция және катализ арқылы, ал түтін тұманды (аэрозольді) жұту түзу арқылы жүргізеді.

· Абсорбция – адсорбент деп аталатын қатты денені үстіндегі газ бен буды жұту. Сүзгілік газ қағарларда активтелген (агаш) көмір адсорбент болып табылады.

· Хемособрция – УЗ, ҚӘУЗ–дің олардың өңдеу процесінде активтелген көмірге жағылатын химиялық белсенді заттармен ықпалдасуы есебінен жұтылуы.

· Катализ – катализатор деп аталатын заттардың ықпалымен химиялық реакциялар жылдамдығының өзгерісі. Катализатор ретінде мыс, күміс және хром тотығы пайдаланылады.

Түтін мен тұманды сүзгілеу қалыңтырды құрайтын талшықты материалдан әзірленген түтіннен қорғайтын сүзгімен жүргізіледі. Халықты қорғау үшін ГП-5(ГП -5M), ГП-7(ГП-7B, ГП-7BM) газ қағары қолданылады.

· ГП -5 Газқағары адамның тыныс алу органдары, көзін және бетін радиоактивтік, улағыш қатты әсер ететін заттардан қорғауға арналған. Ол сүзгілік жұтқыш қорапшамен алдыңғы беттен (шлем, маска) тұрады. ГП-5M газқағарының жиынына сөйлесу қондырғысына арналған мембраналы қорапшасы бар шлем маска кіреді.

· ГП-7 газқағары ең соңғы ең жаңа үлгілердің бірі. Газқағардың алдыңғы бетін үш өлшеммен әзірлейді. ГП-7- ні ГП-5 салыстырғанда пайдалану және физиологиялық көрсеткіштері бойынша бірқатар артықшылықтары бар.

· Жеке бас қорғаныс құралдары:

Тыныс органдарын қорғау құралдарына противогаздар, респираторлар және қарапайым қорғау құралдары жатады.

Противогаздар изоляциялық және фильтрлік болып бөлініп, азаматтық, жалпы әскерлік және балаларға арналған түрлерден тұрады. Изоляциялық противогаздар адамдарды ауа құрамындағы зиянды заттардан қорғаса, ал филтрлік противогаздар ауадағы әр түрлі зиянды қоспалардан фильтр арқылы тазалап қорғайды. Фильтрлік противогаздардың ГП-5, ГП-7(азаматтық), РШ-4, ПМГ-2 (жалпвәскерлік), ДП-6, ДП-6М, ПДФ-Ш (балаларға арналған) және т.б. маркалары пайдалануда. Изоляциялық противогаздардың ИП-4, ИП-5, КИП-5, КИП-7 және т.б. маркалары бар. Респераторлар тыныс алу жолдарын радиоактивті шаңдардан қорғайды. Мата және маталы-дәке таңбалар да тыныс алу жүйесін радиоактивті шаңдардан, бактериялық заттардан қорғайды,

Наши рекомендации