Химиялық қорғау шаралары

Химиялық күресу шаралары. Ауылшаруашылық дақылдарын зиянды организмдерден қорғау шараларының кешеніңде басты орын химиялық тәсіл үлесіне тиеді. Өсімдік қорғаудың бұл әдіс түрлі химиялық заттар инсектицидтерді қолданумен жүзеге асады. Қазіргі кезде өсімдік қорғаудағы тиімді тәсіл химиялық тәсіл. Себебі, оны көптеген ауылшаруашылық дақылдардың зиянкестеріне қолдануға болады. Ол әр түрлі машиналар мен механизмдер бүріккіштер, тозаңдатқыштар, аэрозоль генератолар, тұқым дәрілегіштермен жүзеге асады. Көптеген жағдайда егінді пестицидтермен өңдеу үшін авиацияны қолданады. Химиялық күрес тәсіліні ең бір артықшылығы өте көбейіп кеткен зиянды жою қажеттілігі туған жағдайда оны қысқа мерзімде, тиімді түрде ұйымдастыруға болады. Өсімдік қорғаудың аталған тәсілі тек елімізде ғана емес, сонымен қатар шет елдерде де кең таралған. Химиялық күрес тәсілінің кемшіліктері де аз емес. Бұл тәсілді жүзеге асыру үшін пестицидтерді , машиналарды, аппаратураларды қолдану әжептәуір қаражатты қажет етеді. Көптеген пестицид зиянды организмдермен қатар пайдалы организмдерге, жылы қанды жануарлар мен адамдарға улы әсер етеді.

Пестицидтерді қауіп қатер дәрежесіне, уыттылығына байланысты бөледі.

Тәжірибелік жануарлардың ағзасына ас қорыту жолы арқылы енгізілген препараттар уыттылық дәрежесі бойынша бірнеше топқа бөленеді.

1.Уыттылығы күшті улы заттар ЛМ50 (летальді мөлшер) 50мг/кг.

2.Уыттылығы күшті улы заттар ЛМ50 = 50-200 мг/кг.

3.Уыттылығы орташа уларЛМ 50-200-1000 мг/кг.

4.Уыттылығы әлсіз улар ЛМ50-1000 мг/кг.

Уыттылығы күшті және аса жоғары улы заттарды қалада, қыстақтарда, мәдениет және демалыс паркінде пайдалануға болмайды.

Пестицидтердің топырақта ыдырау дәрежесіне байланысты топтарға бөлінуі

1.Өте тұрақты заттар уытсыз компонеттке ыдырауы 2 жылдан аса

мерзімде;

2.Тұрақты заттар ыдырауы 0,5-2 жылға дейін;

3.Тұрақтылығы орташа заттардың ыдырауы 1-6айға дейін;

4.Тұрақсыз заттар- ыдырау мерзімі 1 ай;

Пестицидтердің уыттылығы көрсеткіштерінен басқа төмендегідей

гигиеналық ерекшеліктері бар.

1.Бластомогенділік - улы заттар әсерінен ісіктердің пайда болуы. Егер

ісік қатерлі болса, онда препараттар канцерогенге жатады.

2.Мутогенділік – пестицидтер әсерінен өсімдіктер, жануарлар

хромосомында мутацияның болуы.

3.Эмбриотоптылық - пестицидтер әсерінен ұрық дамуының қалыптан

ауытқуы.

Пестицидтерге қойылатын гигиеналық талаптар: ауылшаруашылық дақылдарына қолданылатын препараттар жануарлар мен адамдарға уыттылығы төмен болуы керек; өте тұрақты химиялық заттарды қолдануға болмайды; бластомогенді; эмбриогенді; мутогенді препараттармен жұмыс жүргізілуге тиым салынуы тиіс.

Соған байланысты зиянкестер мен ауруларға химиялық күрес жүргізуде қауіпсіздік ережесі талаптарын бұлжытпай орындау керек. Кейбір пестицидтердің қолдану мерзіміне белгілі бір дәрежеде шек қойылады.

Тірі ағзаладарда басым көпшілігі әсер ететін пестицидтер шектеусіз, шамадан тыс қолданғанда зиянды түрлермен қатар олардың көбейіп кетуін тежеп отыратын пайдалы ағзаларда да жоятыны, сондай ақ синтезделіп, алынған органикалық пестицидтерге зиянды ағзаларжа төзімділік қасиет пайда болатыны белгілі.

Қазіргі кезде пестицидтердің ассортименті кең. Бірақ, олар зиянды организмдердің белгілі бір тобына бағытталып қолданылады. Зиянды бунақденелілерге қарсы қолданылатын пестицидті инсектицид, кенелерге акарицид, нематодаларға нематоцид, шырыштарға лимацид, кеміргіштерге роденцидтер, саңырауқұлақтарға фунгицид, батериаларға бактерицид, арамшөптерге гербицид деп атайды. Зиянды организмдерге байланысты препараттар түйісті, жүйелі, фумиганттарға бөлінеді.

Жүйелі пестицидте деп аталған улы химикаттарды бүріккенде олар өсімдік ұлпаларының ішіне енеді де, зиянды ағзаларды қоректенген кезінде уландырады. Пестицидтерді осындай тәсілмен пайдалануды өсімдіктің ішкі терапиясы немесе иниоксациясы деп атайды. Оны топыраққа отырғызатын тұқымды және материалды себер алдында пестицидтермен баптау үшін қолданады. Ал түйісті препараттар зиянды ағзамен тікелей жанасу арқылы әсер етеді.

Пестицидтер әр түрлі препаративтік тұрде синтезделіп, зиянды ағзалардың бірнеше тобына әсер етуі мүмкін. Әсіресе, өсімдік қорғауда қолданылатын химиялық препараттар суланатын ұнтақ, минералды май эмульциясы, эмульсия консентранты, сулы ерітінді, сулы суспензия, сулы консентрат, гранула, түйіршік және басқа препаративтік түрде шығарулады. Оларды қолдануда әр түрлі тәсілдермен бүрку, тозаңдату, тұқымды дәрілеу, фумигациялау, аэрозольді өңдеу арқылы жүзеге асырылады.

Бүрку үшін көбінесе сулы эмильсиялар, суспензиялар және препараттардың әр түрлі консентрациялы ерітінділері тракторға тіркелетін және ілінетін т.б. бүріккіштерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Ауылшаруашылық дақылдардың тұқымында көптеген саңырауқұлақ, бактерия т.б. ауруларының инфекциясы сақталады. Сондықтан себу алдында тұқымды құрғақ және ерітінді дәрілеуіштермен өңдеу жұмыстарын міндетті түрде жүргізу керек.

Өсімдіктің кейбір аурулары мен зиянкестерімен күресуге аса улы пестицидтердің (фумиганттардың) газ немесе булану кезіндегі күйі тиімді болып табылады. Фумиганттармен жылыжай құрылысын, топырағын және қоймаларды зарарсыздандыру арнай фумигаторларды қолдану арқылы жүргізеді. Фумиганттар зиянды организмге газ түрінде тыныс жолдары арқылы әсер етеді. Аэрозольдық өңдеуде арнайы құрал – аэрозол генераторы көмегімен улы тұман немесе улы түтін аэрозолы алынады. Пестицидтердің қолдану әдісіне, препаративтік түріне, дақылға тағы басқа ерекшеліктеріне байланысты препараттың жұмсалу мөлшері және жұмыс ерітінділерінің көлемі әр түрлі болады. Мысалы, жеміс ағаштарды (бақтар) кәдімгі жер үстілік бүркуде гектарына 800-1000 л, ал егістік дақылдарға 300-600 л сұйықтық жұмсалады. Аз көлемді бүрку тәсілінде гектарына 50, 25 және 10 л сұйықтық қолданылады. Бұл жағдайда 1 гектарға жұмсалатын пестицид мөлшерін алдын ала белгіленген нормада сақтау үшін эмульсия, суспензия немесе ерітіндінің жоғарғы концентрациясы алынады. Аз көлемді және өте аз көлемді бүрку препаратты ұсақ тозаңға айналдыратын аппаратпен жабдықталған бүріккіш көмегімен жүргізіледі. Фумигациялау әдісі негізінен жабық жайларда (жылыжай, оранжерея, қойма, кеме трюммы және т.б.), сонымен қатар топырақты зарарсыздандыруда қолданылып, зиянды организмге газ түрінде әсер етеді. Кеміргіштермен уландырылған еліктіргіш заттар (көбінесе қоректік) пестицидпен өңделіп, зиянкестер мекендейтін аудандарға шашылады. Пестицидтермен жұмыс жүргізу кезінде жекебас және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау шаралары мен құралдары.Пестицидтермен жұмысқа жасы 18-ге толмаған жастар, аяғы ауыр әйелдер, бала емізетін аналар, мас және арнай киімдері жоқ адамдар жіберілмейді. Пестицидтермен жұмыс істеу туралы келісім медициналық шешім арқылы бекітіледі. Үнемі пестицидтермен жұмыс жасаушылар әрбір алты айда медициналық тексеруден өтіп, кітапшада және жұмыскердің жеке карточкасында белгіленуі тиіс. Жұмысқа жаңа алынған жұмыскер қауіпсіздендіру ережесі және нұсқаулармен таныстырылып, әрбір үш ай сайын түсініктемелер қайталап өткізілуі тиіс. Пестицидтермен жұмыс істейтін адам арнайы сырт киім, аяқ киім, респиратор, қорғаушы, көзілдірік, қолғап және фартукпен қамтамасыз етіледі. Пестицидтермен жұмыс істеген әрбір адамға күнделікті 0,5 л сүт, ал гигиеналық мақсатқа айына 400 г сабын беріліп, жеке гигиеналық ережелер қатаң сақталуы тиіс. Жұмыс орнында тамақ ішуге, темекі шегуге тыйым салынып, ол үшін арнайы орындар белгіленуі қажет. Пестицидтермен жұмыс жасау мерзімі 6 сағат, ал аса улы заттармен 4 сағаттан аспауы керек. Бұл ережелер кейінгі кездерде жаңа ережелермен толықтырылуда. Пестицидтерді қабылдау тәртібі. Өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық қосылыстар қоймаларға, сақтау орындарына бүтін ыдыстарда анық жазылған этикеткалармен әкелінуі тиіс. Химиялық заттарды сақтайтын ыдыстары бүлінген жағдайда, препараттар міндетті түрде басқа бүтін ыдысқа ауыстырылуы қажет. Сұйық пестицидтерді үлкен ыдыстан кішісіне төкпей-шашпай түтікшемен ауыстыру керек. Пестицидтердің қабылдап алынуы және жұмсалынуы арнайы құжаттарда тіркелінуі тиіс. Егер пестицид салынған ыдыстардың салмағы көрсетілген мөлшерге сәйкес келмеген немесе пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, ондай ыдыстар кемшіліктері көрсетілген актімен, оны шығаратын заводтарға немесе қамтамасыз етуші фирмаға қайтарылуы тиіс. Пестицидтерді сақтау ережелері.Пестицидтер арнайы қоймаларда немесе минералды тыңайтқыштар қоймасының бөлек жекеленген секцияларының біріндесақталуы қажет. Қойма елді мекендерден, қоғамдық үйлерден, су көздерімен, мал қораларынан, құс фермаларынан 500-1000 м қашықтықта орналасуы керек. Қойма іші құрғақ, жарық, сақталатын заттардың мөлшеріне сәйкес, қабырғалары берік, төбесі су өтпейтін бүтін, едені тегіс цементтелген немесе ағаштан болуы керек. Қойма ішінде пестицидтерді химиялық, физикалық, токсикологиялық және өрт қауіпсіздігі қасиеттеріне байланысты орналастырады. Қойманың есігі темірден немесе темірмен қапталған, құлпы сыртынан жабылғаны жөн. Оның терезелерінде темір тор болуы қажет. Ерекше сақтауды қажет етпейтін пестицидтер құрғақ жерлерде сақталады. Сақталатын әрбір пестицидтің аты, тобы (инсектицид, фунгицид, дефолиант, фумигант, т.б.) жазылған тақташасы және оның қолданылуы туралы сипаттамасы болуы керек. Пестицидтермен жұмыс жасауда жекебасты қорғау. Тері, тыныс органдары арқылы өтетін химиялық заттардан организмді қорғау үшін адам жекебастың қауіпсіздігін қорғайтын құралдармен қамтамасыз етілуі қажет. Жекебасты қорғайтын құралдар, қолданылатын пестицидтердің препаративтік түріне олардың физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты және адамның дене мөлшеріне сәйкес болуы керек. Ондай заттарды іріктеу, пестицидтермен болатын жұмысты басқаратын адамға жүктеледі. Әрбір жұмыскерге барлық жұмыс мерзіміне арнап жекебасты қорғайтын құралдар жиынтығы (арнайы комбинизон, арнайы аяқ киім, респиратор, көзілдірік, қолғап және т.б.) бекітіледі. Тыныс органдарын пестицидтерден қорғауда «Лепесток-200», ал тозаңды улы заттардан клапанды респираторлар: У-2К, Астра-2, Ф-62ШК және басқаларды қолданылады. Жазым алған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек. Адам денесінің ашық бөлігіне немесе ағзасына улы заттар әсер етсе, онда зертханада бар дәрі-дәрмектермен бірінші дәрігерлік көмек көрсету керек. Егер адам денесінің ашық бөлігін қышқыл немесе сілті тиіп күйдірсе, онда оны сумен тез шайып жіберген дұрыс. Ал егер улы заттың ерітіндісі тисе, онда оны мақта немесе жұмсақ матамен сүртіп, орнын 2% сода ерітіндісімен немесе сабындап жуған жөн. Улы зат ерітіндісі көзге тамып кетсе, онда қайнаған су немесе бор қашқылының 2% ерітіндісімен шайып, 1-тамшы 30% альбуцид ерітіндісін тамызу керек. Улы зат асқазанға өтіп кеткен жағдайда, адамға бірнеше стакан жылы су ішкізіп құстыру арқылы ас қорыту жолдарын тазартқан дұрыс. Бірінші дәрігерлік көмектен кейін қатты уланған адамға жедел дәрігерлік көмек шақыру керек. [5]

1 – кесте Инсектицидтер және акарицидтер

Саудалық атауы, препараттық формасы, әсерлi затын өндіруші, тіркелуші фирма. Қайта тiркеу мерзiмi (айы, жылы) Препарат қолдану мөлшерi (л/га, кг/га, л/т, кг/т) Дақыл, өңдеу нысаны Зиянды нысан Өңдеу мерзiмi, шектел уі тәсiлi Өнiмдi жинағанға дейiнгi соңғы бүрку мезгiлi, ( ) бүрку еселiгiнiң максималдығы
БИ-58 Новый, 40 % к.э. (диметоат) БАСФ СЕ, Германия П–1 12.2022 ж.     0.8-1.0   Темекi   Бiтелер, трипсi   - " -   30 (2)
ДЕЦИС, 2,5% к.э. (дельтаметрин, 25 г/л) Байер КропСайенс П-2 12.2013 ж.     0.5   Темекі   Бітелер   Өскiн шыққанда бүрку   30 (2)
Нуфарм, Австрия П-1 12.2018 ж.   0.1-0.2.   Темекі Бiтелер, темекі трипсi,шаб-дал бітесі   - « -   30 (1)
ФИЕСТА, 20% c.к. (имидаклоприд, 200 г/л, Париджат, Индия) Париджат, Индия П-1 12.2016 ж.       0.1-0.2   Темекi   Бiтелер, трипсi   - « -   30 (1)
КОНФИДОР ЭКСТРА, в.д.ж. (имидаклопри, 700 г/л) Байер КропСайенс П-1 12.2014 ж.       0.06     Темекі     Шабдалы бітесі, темекі трипсі     - « -     30 (1)

Фунгицидтер

Саудалық атауы, препараттық формасы, әсерлi заты, фирмасы. Қайта тiркеу мерзiмi (айы, жылы) Препарат қолдану мөлшерi (л/га, кг/га, л/т, кг/т) Дақыл, өңдеу нысаны Зиянды нысан Өңдеу мерзiмi, шектелуi, тәсiлi Өнiмдi жинағанға дейiнгi соңғы бүрку мезгiлi, ()бүрку еселiгiнiң максималдығы
МИКАДО, 70% с.е.т. (пропинеб, 700 г/кг, Лимин Кемикал Ко., Лтд.,Китай) Моер Кемсайенс Ко, Китай П-3 12.2020 ж.   1.5   Темекі   Ақ ұнтақ     - « -   20 (2)

ГЕРБИЦИДТЕР

Саудалық атауы, препараттық формасы, әсерлі заты, әсерлі затын өндіруші, тіркелуші фирма. Қайта тіркеу мерзімі (айы жылы) Қолдану мөлшеріа (л/га, кг/га) Дақыл, өңдеу нысаны Арамшөптер Өңдеу мерзімі, шектелуі, тәсілі Өнімді жинағанға дейінгі соңғы бнрку мезгілі () бүрку еселігінің максималдығы
  ВАЛПАНИДА, 33% к.э. (пендиметалин, 330 г/л, Рози Кемикал Ко., Лтд, Китай) Стоктон Кемикал Корпорейшн, АҚШ А-4 12.2018 ж. 3.0-6.0 Темекі, соя Біржылдық астық тұқымдас және қосжарнақ-ты арамшөп-тер Дақылды еккенге дейін немесе дақылдың өскіндері шыққанға дейін немесе көшеттерін отырғызған-ға дейін топыраққа бүрку -(1)
ЗОРРО 330, к.э. (пендиметалин, 330 г/л, Джэдзиянг Синнонг Кемикал Ко., Лтд., Қытай А-4 12.2020 ж. 3.0-6.0 Темекі Біржыл-дық қосжарнақ-ты және астық тұқымдас арамшөп-тер Дақыл шыққанға дейін және көшетті отырғызған-ға дейін топырақты өңдеу - (1)
ЛОТОС СУПЕР, к.э. (пендиметалин, 330 г/л, ЕМА Групп Ко., Лтд, Қытай) Бартонс Кемикал ГмбХ., Швейцария А-4 12.2019 ж. 3.0-6.0 Соя, темекі, мақта, қызғанақ, көшеттік қырыққабат, сәбіз, пияз, күнбағыс Біржылдық астық тұқымдас-тар және қосжарнақ-ты арамшөп- тер Дақыл шыққанға дейін топырақты немесе көшетті отырғызғанға дейін бүрку - (1)
НИТРАН, 30% к.э. (трифлуралин, 300 г/л) Алтайхимпром ААҚ, Ресей А-1 12.2013 ж. 5.5 Темекі Біржылдық астық тұқымдас және қосжарнақ-ты арамшөп-тер Көшетті отырғызған-ға дейін (тез арада өңдеу) бүрку -1

Орытынды

Бағалы техникалық дақылдардың бірі - темекі. Ол негізінен шылым дайындауға және медицинада пайдаланылады. Темекінің құрғақ жапырағының құрамында 1,09 - 3,76% никотин, 17,1 - 18,9% күл, 4,9 - 17,6% көмірсутегі, 2,2 - 3,7% азот, 0,1 - 1,37% эфир майы және 4 - 7% шайыр бар. Темекі өсірудің жергілікті жер жағдайларына, табиғатына бейімделген әр түрлі егіс әдістері, сұрыпталған сорттары бар.

Қорыта келгенде, ауылшаруашылық дақылдары өнімін сапалы және мол алу жолында оларды зиянкестер мен аурулардан қорғау маңызыды шара болып табылады. Біздің елімізде қорғау шараларын ұйымдастыру жүйесі сәл ақсап келеді. Қорғау шараларын дұрыс ұйымдастырудың негізгі мақсаты экономикалық жағынан тиімді болып келетін және сапалы өнім алатын, қоршаған ортаға зиянсыз тиімді шараларды қолдану болып табылады. Ол үшін ең алдымен алдын алу шаралары қолға алынуы шарт.

Мен өз жұмысымда темекі дақылының негізгі зиянкестері мен ауруларына қарсы күресу шарларының бірнеше жолдарын қарастырып өттім. Тиімді жолдарының бірі алдын ала тұқымды өңдеу жұмыстары болып табылады. Себебі, ауру қорларының көпшілігі дерлік тұқымда сақталып, тұқым арқылы таралады. Сол себепті тұқымды өңдеу жүмыстары, себу және жинап алу мерзімдері міндетті түрде бақылауда болуы шарт. Бұл шараларға негізгі агротехникалық және тұқымды препараттармен өңдеу жұмыстары болып табылады.

Зиянкестермен күресу шаралары да агротехникалық алдын алу шарасына негізделе жүргізіледі. Ал зиянкестердің шамадан тыс көбейген, яғни ЭЗШ- нен асқан жағдайда химиялық жолмен күресу шарларын ұйымдастыру жүргізіледі. Препараттарды тізімде көрсетілген рұқсат етілген мөлшері бойынша, тұрақты түрде бақылау жүргізу арқылы қолданылады.

Наши рекомендации