Гельминтоспориозная пятнистость

Helmintosporium.

Даму фенологиясы : 6- мамыр. Гельминтоспориоз ауруы мамырдың 6-шы жұлдызында егіс алқаптарында байқалды.

Гельминтоспориоз дағы. (Helminthosporium dramineue) Гельминтоспориоз дағы 6-мамырда егіс алқаптарында байқалды. Гельминтоспориоз дақ ауруының алғашқы белгілері Ақтоған ауылдық округінде «Тілеміс батыр» шаруашылығында 100 га күздік бидай алқабында анықталды. Осы мезгілде ауа-райының орташа температурасы +17 0 С жоғарғысы 28 0 С төменгісі 16 0 С, жағымды температура жиынтығы +543 0 С, 50 С жоғары тиімді температура жиынтығы +306 0 С, 10 0 С жоғары тиімді температура жиынтығы +84 0 С шамасында болды.

1-ші онкүндігінде егіс алқаптарында анықталды. Гельминтоспориоз дақ ауруының белгілері былтырғы жылға қарағанда аз мөлшерде болып отыр. Былтырғы жылмен салыстырғанда, биылғы жылы ауа-райы жауын шашынсыз, ыстық кей-кездері салқын болып келді. Гельминтоспориоз ауруының егіс алқабында таралуын анықтау үшін 2000 га егіс алқабы тексерілді. Ауру 0,1 алқапта төмен дәрежеде екені анықталды. Аурудың таралуы - 0,25 пайыз, дамуы - 0,025 пайыз болды. Қорытындысы №70 кестесінде көрсетілген.

Кесте №70

Күздік бидай алқабындағы гельминтоспориоз ауруының

Дамып таралуы туралы кесте.

мың,га

Ауыл округінің аты Тексеріл гені, мың га Залалданғаны
барлығы оның ішінде дәрежесі Таралуы, % Дамуы, %
Төмен Орташа Жоғары ЭЗШ-жоғары
Сарымолдаев а\о 0,5 0,05 0,05       0,5 0,05
Ақтоған а\о 0,1 0,01 0,01       0,1 0,01
Сұрат а/о 0,4              
Жаңатоған а\о 0,05              
Андас-батыр а/о 0,05              
Кеңес а/о 0,2 0,04 0,04       0,4 0,04
Акермен а/о 0,5              
Ойтал а/о 0,1              
Барлығы 2,0 0,1 0,1       0,25 0,025

2015 жылға болжам:

Өсімдік қалдықтарында ауру инфекциясының сақталуынан, тұқымның сапасыз дәріленуінен және себу технологиясы сақталмауынан және ауа-райының жауын шашынды болуына байланысты 2015 жылы гельминтоспориоз ауруы таралуы мүмкін.

Тозаңды қаракүйе.

Пыльная головня.

Ustilago tritici.

Тозаңды және қатты қара күйе.

Меркі ауданы бойынша астық дақылдарда көп кездесетін аурулардың түрлері: Тозаңды қара күйе, тамыр шірігі, тат септориоз дағы, гельминтоспориоз дағы, торлы дақ.Тозаңды қара күйенің қоздырғышы екі вегетациялық кезеңде дамиды. Бірінші жылы гүлдеген кезде залалданады, екінші жылы бидайдың масақтануы кезінде байқалады.Бірақ тозаңды қара күйе аурулары соңгы жылдары анықталмай отыр,себебі тұқымды уақтылы дәрілеп сеуіп келеді.

Тозаңды және қатты қара күйе ауруын анықтау үшін 800 га егіс алқабы тексерілді. Тексеру кезінде тозаңды және қатты қара күйе ауруы байқалған жоқ. 2011 жылы аудан алқаптарында тозаңды қара күйе ауруы байқалған болатын, биылғы жылы және былтырғы жылы тозаңды және қатты қара күйе аурулары анықталмай отыр. Тексерудің қортындысы № 71 кестеде көрсетілген.

Кесте №71

Тозаңды және қатты қара күйе ауруының күздік бидай егістігінде таралуы туралы мәлімет.

Ауыл округінің аты Тексерілгені мың ,га Залалданғаны мың га Масақтың залалдану пайызы
тозаңды қатты орташа жоғары
тозаңды қатты тозаңды қатты
Сұрат а/о 0,2            
Сарымолдаев а/о 0,2            
Т.Рысқұлов а/о 0,15            
Кеңес а/о 0,1            
Жаңатоған а/о 0,15            
Барлығы 0,8            

Аурудың биылғы жылы таралмаған себебі: соңғы 3-4 жыл бойы барлық шаруашылықтар және жеке қожалыктар тұқымды себер алдында химиялық препараттармен дәрілейді. Негізгі колданылатын препараттар: Раксил ультра к.с.0,2 л/т, Раксил 6 % в.р.к. 0,6 л/тн.

Егер 2015 жылы күздік дәнді дақылдардың тұқымын міндетті түрде технологияға сәйкес химиялық препараттармен дәрілеу жұмыстарын жүргізбесе, тозаңды қаракүйе ауруы егін алқаптарын залалдандыруы мүмкін.

Қатты қаракүйе.

Твердая головня.

Ustilago Ievis.

Тозаңды және қатты қара күйеауруын анықтау үшін 200 га егіс алқабы тексерілді. Тексерілген алқапта тозаңды және қатты қара күйе ауруы анықталған жоқ. Тексерудің қортындысы № 72 кестеде көрсетілген.

Кесте №72

Тозаңды және қатты қара күйе ауруының жаздық арпа егістігінде таралуы туралы мәлімет.

Ауыл округінің аты Тексерілгені мың га Залалданғаны мың га Масақтың залалдану пайызы
тозаңды қатты орташа жоғары
тозаңды қатты тозаңды қатты
Сарымолдаев а/о 0,05            
Сұрат а/о 0,1            
Жаңатоған а/о 0,05            
Барлығы 0,2            

2015 жылы жаздық арпа дәнді дақылдарда тозаңды қаракүйе және қатты қаракүйе ауруының таралуын болдырмау үшін тұқымды міндетті түрде технологияға сәйкес дәрілеу керек. Ауруға шалдыққан тұқым сапасыз дәріленіп, егістікке себілсе, 2015 жылы қатты қаракүйе ауруы егіс алқаптарында болуы мүмкін.

Жаздық арпа егістігіндегі торлы дақ ауруы

Сетчатая пятнистость

Helminthozporium terez.

Көктемгі арпа егістіктеріндегі торлы дақ ауруын анықтау үшін 100 га алқабы қаралды. Аурудың даму мөлшері - 0,04 пайыз, таралуы - 0,4 пайыз,аурудың дамуы 0,03 төмен дәрежеде екені анықталды. Көктемгі арпа егістіктеріндегі торлы дақ ауруын анықтау үшін 100 га алқабы қаралды. Торлы дақ ауруының алғашқы белгілері мамыр айының 6-жұлдызында, бірінші он күндіктерінде Ақтоған ауылдық округінде анықталып отыр.

Мамыр айы ауа-райының орташа температурасы +24,2 оС -12,4 ОС аралығында болды. Осы мерзімде ең жоғарғы температура +33 ОС, ең төменгі температура +8 оС шамасында болды. Орташа тәуліктік температура +16,7 ОС Тиімділік температурасы (5- тен жоғарғы градус) 2090 оС ( 10- нан жоғары градус) 232 оС (15- тен жоғары) 90,2оС болды. 1-ші он күндігінде ашық болды. Батыстан қатты жел соғып тұрды. 28- мамыр күндері 25 мм жаңбыр жауды. 2-ші он күндігінде ауа-райы ашық болып келді. 3-ші он күндігінде ауа райы құбылмалы болды. 21 күні батыстан қатты жел соғып тұрды.

Өткен жылмен салыстырғанда ауа температуарасы 30С жылы, жауын шашын мөлшері 280,1 мм көп, ылғалы 3 пайызға жоғары болды.Қорытындысы № 73 кестесінде көрсетілген.

Кесте №73

Арпа егістігіндегі торлы дақ ауруының таралуы мен дамуы таралуы мен дамуы туралы мәлімет.

Ауыл округінің аты Тексеріл гені, мың га Залалданғаны
барлығы оның ішінде дәрежесі Таралуы, % Дамуы, %
Төмен Орташа Жоғары ЭЗШ-жоғары
Ақтоған а\о 0,01 0,01 0,01       0,1 0,01
Сарымолдаев а\о 0,04 0,02 0,02       0,7 0,07
Сұрат а/о 0,03              
Т.Рысқұлов а/о 0,01              
Кеңес а/о 0,01              
Барлығы 0,1 0,03 0,03       0,4 0,04

Өсімдік қалдықтарында ауру инфекциясының сақталуынан,тұқымның сапасыз дәріленуінен және себу технологиясы сақталмауынан және ауа-райының жаңбырлы болуына байланысты 2015 жылы гельминтоспориоз, торлы дақ ауруларының таралуы мүмкін.

Көпжылдық шөптердегі зиянкестер

Жоңышқа зиянкестері

Жоңышқа алқаптарына ерте көктемде: жоңышқа бізтұмсығы, фитономус (люцерновый слонник), фитономус дернәсілі, жоңышқа қандаласы, дала қандаласы, қызылша қандаласы зиян келтірді.

Жоңышқа фитономусы

Фитономус

Наши рекомендации