Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Азақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Азақ бизнес және технология университеті
Химия, химиялық технология және экология кафедрасы
Ндірістік практика
Есебі
5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы
Орындаған: Асқар Әсия, 2 курс студенті
Тексерген: Искакова Ж.Б., х.ғ.к., доцент м.а.
Астана 2015
Мазмұны
1 Өндірістік практиканың мақсаты мен міндеттері.................................3
2 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті........................4
3 Қолданбалы химия институты және жеткен жетістіктері....................6
4 Химия лабораториясындағы техника қауіпсіздік ережелері...............9
5 Химиялық лабораториядағы химиялық ыдыстар, құрылғылар және қондырғылар..............................................................................................10
6 Техникалық спирттен таза спирт алу әдісі..........................................12
7 Өсімдіктерден эфир майларын алу. Клевенджер аппаратының жұмыс істеу принцпі.................................................................................14
8 Радикалға қарсы белсенділікті зерттеу................................................17
9 Clarus-SQ 8 маркалы масс-спектрометрлі газдық хроматографымен (GC/MS) жұмыс жасау..............................................................................19
Қорытынды................................................................................................23
Ндірістік практиканың мақсаты мен міндеттері
Қазіргі нарықтық экономикада мықты мемлекет болу құру жағдайына байланымты ұлттық бағдарламада өндірістік практика ерекше орын алады. Өндірістік практика қазіргі таңда алға қойылып келе жатыр, өндірістік практиканың студенттер үшін үлкен мүмкіндік беруде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Кәсіп қойлық, отаншылдық, ұзақ мерзімді міндеттер қоюға қабілеттілік, оларды жаңа жағдайда шеше алатын білімділік пен жігерлілік » - деп көрсеткен.
Осыған байланысты жоғары мамандандырылған инженер-технологтарды даярлау маңызды болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2007 жылы 27 шілдеде қабылданған «Білім туралы» заңында білім алушылардың кәсіптік практикасы мамандар мен жұмысшылар даярлаудың бір бөлігі болып табылады және білім беру ұйымдарындағы оқыту процесінде алынған білімді бекітуге практикалық дағдылар алу мен озық тәжірибені меңгеруге бағытталған.
Студенттердің өндірістік практиканы өту мақсаты болып, алған теоретикалық білімдердің негізінде кәсіби білімдер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
«Органикалық заттардың химиялық технология» мамандығы бойынша өндірістік практиканың міндеттерін айта кетсек: осы бағдарламада көрсетілетін жұмыстардың орындалуы яғни әрбір студент лабораторияға кіргенде өз жұмыстарын білу қажет, студент өндірістік практиканы өтетін органның ұйымдық құрылымын және олардың қызметтік міндеттерін зеррттеу мен талдауды, дипломдық жұмысына практикалық материалдар жинау және талдау керек.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті-Астанада орналасқан Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі. 2012 жылы www.topuniversities.com сайтының рейтингтік жариялауы бойынша әлемнің ең үздік 369-шы университеті болып саналады.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ құрамында жалпы саны 26 ғылыми мекемені құрайтын ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, зертханалар, 12 факультет, қосымша білім беру және біліктілікті жетілдіру институты, әскери кафедра, түрлі мемлекеттердің мәдени білім беру орталықтары бар.
Еуразия ұлттық университетінде мамандарды даярлау жүйесі 3 білім беру баспалдағы бойынша: жоғары негізді білім (бакалавриат), магистратура және Ph.D докторантура. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ге қабылдау мемлекеттік білім гранты мен ақылы негізде жүзеге асырылады. Оқу орны құрамында бакалавриатта - 61 мамандық, магистратурада - 64 мамандық, Ph.D докторантураcында - 29 мамандық бойынша мамандар даярлануда. Еуразия ұлттық университетінде 2011-2012 оқу жылында студенттер саны – 11 300 құрады.
Факультеттері:
· Журналистика және саясаттану факультеті;
· Ақпараттық технологиялар факультеті;
· Механика-математика факультеті;
· Халықаралық қатынастар факультеті;
· Cәулет-құрылыс факультеті;
· Жаратылыстану ғылымдары факультеті;
· Физика-техникалық факультеті;
· Әлеуметтік ғылымдар факультеті;
· Экономика факультеті;
· Көлік-энергетика факультеті;
· Филология факультеті;
· Заң факультеті.
Факультеттер мен ғылыми-зерттеу бөлімшелерінде 1678 оқытушы бар, мұнда 61,3 пайыз ғылым докторлары, профессорлар, түрлі академиялардың мүшелері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегерлері, ғылым кандидаттары, доценттер жұмыс істейді. Университеттің көптеген ғалымдары тек Қазақстанға ғана емес, сондай-ақ, шетелге де танымал тұлғалар.
2011 жылдың шілдесінен бастап Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры тарих ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының академигі Ерлан Батташұлы Сыдықов.
2001 жылдың 29 маусымындағы N 892 «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес университетке Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті атауы берілді.
ЕҰУ құрамына Дипломатиялық академия және әр саладан білім берумен шұғылданатын 5 институт (жаратылыстану технология, гуманитарлық, құқық, экономика, білім беру), сондай-ақ «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер ғылыми-зертхана орталығы, Жоғары мектеп проблемаларының ғылыми-зертхана орталығы, Дүниежүзүлік экономика және конъюнктура ғылыми-зертхана институты, Геотехнологиялық ғылыми-зертхана институты, ҚР Ұлттық ядролық орталығы ядролық физика институтының бөлімшесі, Ақпараттық-есептеу орталығы, т.б. енеді. Ресей, Беларусь, Испания, Германия, т.б. елдер оқу орындары ғылыми орталықтарымен тығыз байланыс орнатылған. Күндізгі бөлімде 85 мамандық, ал сырттай бөлімде 25 мамандық бойынша студенттер білім алады (2001). Университетте 669 білікті маман дәріс береді. Оның ішінде 70 ғылыми доктор, професор, 214 ғылыми кандидат, доцент бар. Кандидат және докторлық диссертация қорғайтын 9 ғылыми кеңес және 20 мамандық бойынша аспирантура жұмыс істейді. Университеттің 5 оқу ғимараты, 12 лингафондық кабинеті, 1 250 000 қоры бар кітапханасы мен 500 орындық компьютерлік оқу орталықтары бар. ЕҰУ базасында 2000 жылы Ломоносов атындағы ММУ (Мәскеу Мемлекеттік Университеті) Қазақстандық филиалы құрылған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылғы 23 мамырдағы бастамасымен екі ЖОО – Целиноград инженерлік-құрылыс институты мен Целиноград педагогикалық инстиутының бірігуі негізінде құрылды.
2001 жылдың 5 шілдесіндегі «Жеке мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше статус беру туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына сәйкес университетке «Ұлттық және жалпыадамдық құндылық, ғылым мен техника жетістіктері негізінде тұлғаларды дамыту мен кәсіби қалыптастырудағы елеулі үлесі» ерекше мәртебесі берілді.
2002 жылдың қазанында Лев Николаевич Гумилевтің мұражай-кабинеті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында ректор М.Ж. Жолдасбековтың бастамасымен ашылған (2000-2004 жж.).
2009 жылдың 10 наурызында ЕҰУ-де Университеттердің еуразиялық қауымдастығының XI съезі өтті.
2012 жылы Еуразия ұлттық университеті XX ғасырдың көрнекті ғалымы, түркі, славян, азиялық және еуропалық халықтарының тарихы туралы ірі еңбектердің авторы, тарихи этнология және тарихи география салаларының атақты маманы Лев Николаевич Гумилевтің (1912-1992) 100 жылдық мерейтойы бүкіләлемдік дәрежеде атап өтілді.