Химиялық қарудың жарылу ошағы

Химиялық қарудегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улану заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т.с.с. құралдар пайдаланады. Улану заттары адамдарды, мал-жануарларды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.

Улану заттарының жіктелуі келесі белгілермен анықталады:

1. Зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6 топқа бөлуге болады: нервті-салдық әсері (зарин, зоман, V типті заттар); тері жарасы әсері (иприт, люизит), жалпы улану әсері (синильдік қышқыл, хлорциан), тұншықтыру әсері (фосген, фифосген), псикаға әсері (ВZ), тітіркендіру әсері (СS – адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен және т.б.)

2. Улану заттарының сақталу қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа бөледі: сақталмайтындар (синильдік қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген), ұзақ сақталатындар (иприт, зоман, V типті заттар), бұлар ұзақ уақытқа (тіпті айлар бойы) дейін улау қасиетін жоғалтпайды.

3. Соңғы зақымдау натижесі бойынша: өлімге алып келеді (иприт, зоман, U типті заттар, синильдік қышқыл және басқалары) және адамдарды уақытша есінен айырады.

4. Әсер ету уақыты бойынша: тез әсер ететіндер (удың әсері тез арада білінеді (V), жәй әсер ететіндер (әсері бірнеше сағат өткен соң біліне бастауы мүмкін), мысалы, азотты және күкіртті иприттер, фосген, дифосген.

5. Қолданылуы ықтимал заттары (V) және фосфорорганикалық заттар.

6. Басқалары жатады.

  1. Бактериологиялық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар.

Бактериологиялық (биологиялық) қарудеп терлеткі (потогенные) микроорганизмдерді, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдарының жиынтығын айтады.

Бұл қарудің қауіптілігі – приборлардың жиынтығынап іздеп табудың қиындығы. Ал олардың әсерін анықтау үшін, сол қару қолданылған жерден , судан, ауадан заттар алынып, арнайы жабдықталған зертханада талдау жасап қана анықтауға болады. Оған көп уақыт кетеді, ол жаппай улану басталғанда әрбір минут, секунд қымбат.

  1. Халықты және аумақтарды қорғауды ұйымдастыру.

Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қатерi төнген және қолданылған жағдайда қорғау, одан болатын залал мен шығынды азайту мақсатында:

1) алдын ала: бейбiт және соғыс уақытына арналған азаматтық қорғаныс жоспарларын жасау, азаматтық қорғаныстың басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерiн құру мен дамыту және оларды пайдалануға әзiрлiкте ұстау, Азаматтық қорғаныс күштерiн құру, жасақтау, жарақтандыру және әзiрлiкте ұстау, зақымдау құралдары қолданылған жағдайда қорғану әдiстерi мен iс-қимыл жасауға басқару органдарын дайындау және оған халықты жаппай оқыту, Азаматтық қорғаныстың қорғану құрылыстарын салу мен олардың қорын жинақтау және оларды жұмыс iстеуге әзiрлiкте ұстау, Азаматтық қорғаныс шараларын орындауға және халықтың тiршiлiгiне арналған жеке қорғаныс құралдарының, материалдық-техникалық құралдардың қорларын, резервтерiн жасау, жинақтау және дер кезiнде жаңартып отыру, эвакуациялық шараларды жоспарлау мен жүргiзу, шаруашылық жүргiзу салалары мен объектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуi жөнiндегi шараларды жоспарлау және орындау, Азаматтық қорғаныстың әскери құрамаларының жұмылдырылу дайындығын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды өткiзу.

2) зақымдау құралдарын қолданған кезде: зақымдау құралдарының қолданылу қатерi мен қолданылуы жайында құлақтандыру, халықты iс-қимыл тәртiбi мен ережелерi жөнiнде хабардар ету, халықты қорғану құрылыстарына паналату, қажет болған жағдайда жеке қорғану құралдарын пайдалану, жараланғандар мен жарақат алғандарға медициналық көмек көрсету, iздеу-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу, басқарудың, құлақтандыру мен байланыстың бұзылған жүйелерiн қалпына келтiру, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерi мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiнде шұғыл авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу, Азаматтық қорғаныс құрамаларының әзiрлiгiн қалпына келтiру, эвакуациялық шаралар жүргiзу жүзеге асырылады.

Наши рекомендации