Шаншуға арналған дәрілік түрлер

Шаншуға арналған дәрілік түрлер ағзаға шприц арқылы тері немесе кілегей қабаттарын бүтіндігін (injection-впрыскивание) бұзу арқылы енгізілетін дәрілік түрлердің ерекше тобына жатады. Көлемі 100мл және одан көп болатын шаншуға арналған ерітінділер инфузиялық (лат.infusio-құю) деп аталады.

Қазіргі кезде медициналық өнеркәсіп денсаулық сақтау орындарының инфузиялық препараттарға қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды. Глюкоза ерітіндісімен қажеттілік 7%, натрий хлоридінің изотондық ерітіндісінен 10%, тұзды ерітінділермен- 20-30% қанағаттандырылады, ал натрий гидрокарбонаты ерітіндісі өнеркәсіпте тіпті шығарылмайды. Сондықтан негізгі күш өнеркәсіпке қарағанда инфузиялық өнімдерді 40 есе жоғары өндіретін дәріханаларға түсіп отыр. Инфузиялық ерітінділер дәріханалардың экстемпоралдық рецептурасының, 12-25%, аурухана және ауруханааралық дәріханалар экстемпоралдық рецептураның 40-45% құрайды.

Дәрілік заттарды тері арқылы енгізуді (1785ж) дәрігер Фуркруа айтқан болатын. Ол скарификатордың көмегімен теріде кесік істеп және алынған жараларға дәрілік заттарды ысқылыған. Алғаш рет дәрілік заттардың ерітінділерін тері арқылы жіберуді 1785жылдың басында Владикавказ әскери госпитальдың дәрігері Лазарев жасаған. Ол үшін барометрлік түтіктің бір бөлігін поршенімен алып, бос ұшына инеге дейін созылған күміс үштік бекіткен. 1852жылы чех дәрігері Правац қазіргі заманғы шприц конструкциясын ұсынған.

Дәрілік препараттарды енгізу жеріне байланысты инъекцияның әр түрі(тері ішіне, тері астына, бұлшық етке, қан тамырға, жұлын-милы, ми сауыт ішілік, құрсақ ішілік, плевро ішілік, буын ішілік) қолданылады.

Тері ішілік (injectiones in tracutaneae) инъекция. Инъекцияның бұл тәсілінде ине тек эпидермисті тесу арқылы сұйыктық (0.2-0.5мл) эпидермис пен дерма арасындағы кеңістікке енгізіледі.

333-334

Тері астылық инъекция (injectiones subcutaneae). Ерітінділер 1-2мл көлемінде тері асты клеткаға енгізіледі. Тері астына сулы және майлы ерітінділер, сонымен қатар субсензиялар, эмульсиялар енгізіледі.

Бұлшық етке енгізілетін инъекция (injectiones intramusculares). Сұйықтық (1-2мл) қалың бұлшық етке енгізіледі. Кей жағдайларда 50 мл-ге дейін сұйықтық енгізіледі. Сулы, майлы суспензиялар және эмулсиялар турінде енгізіледі.

Қан тамырына енгізілетін инъекция. Қан тамырына енгізілетін (injectiones intravenosae) және артерияға енгізілетін (injectiones intraatherieales) инъекциялар жатады. Бұл кезде ерітінді күре тамырға (жиі шынтақ) немесе артерияға (cан, иық, ұйқы) енгізіледі. Бұл жағдайда дәрілік заттың әсері тез (1-2секунд) көрсетіледі. Инъекцияны қан тамырына енгізу тәсілі қанға өте көп мөлшерде енгізуге мүмкіндік береді. Мысалы, физиологиялық ерітінділер кейде 3 литрге дейін енгізіледі. Қан тамырланына қанмен жақсы араласатын тек сулы ерітінділерді енгізуге болады.

Жұлын – милы инъекция (injectiones intraarachnoidales.cerebrospinales.enbolumbales).Ерітінді III және IV бел омыртқа арасындағы омыртқа каналының субарахноидалды және перидуалды кеңістікке енгізіледі. Бұл тәсілмен негізіне жансыздандыратын дәрілер және антибиотиктер енгізіледі. Жұлын-милы инъекцияларда рН мәні 5-тен төмен емес 8-тен жоғары болмайтын нағыз ерітінділер енгізіледі. Жұлын-милы инъекцияларды тәжірибелі дәрігер-хирург жүргізеді.

Мисауыт ішілік инъекция (injectiones suboccipitales).Дәрілік зат лезде әсер етеді. Нейтралды реакциялы нағыз ерітінділер (1-2мл) енгізіледі.

Сирегірек инъекцияның басқа түрлері: сүйек ішілік, буын ішілік, плевро ішілік, құрсақ ішілік және тб қолданылады.

Дәрілік заттардың инъекция түрінде енгізілуі жалпы танылған және кеңінен қолданылатындығы олардың бірқатар артықшылықтарына байланысты.

Шаншуға арналған дәрілік түрлердің артықшылықтары:

v Тез терапевтік әсер көрсетеді;

v Дәрілік зат дәл дозаланады;

v Енгізілетін дәрілік заттар бірден қанға түседі. Дәрілік заттарды өзгертіп, кейде тіпті бұзатын асқазан-ішек жолдары, бауыр сияқты ағзаның қорғаныс барьерлерінен өтпейді;

v Ес-түссіз жағдайындағы науқасқа дәрілік затты енгізуге мүмкіндік береді;

v Жағымсыз иісі мен дәміне және асқазан-ішек жолдарын тітіркендіруіне байланысты жағдайларды болдырмайды;

v Қанды көп жоғалтқан кезде, оның сұйықтықтарымен алмастыру мүмкіндігі (қан алмастырғыштармен).

Шаншуға арналған дәрілердің кемшіліктері:

v Инфекция енгізу қаупі;

v Шприц инесімен ұлпаны жарақаттану нәтижесінде ауырсынуы, осмостық қысымының өзгертуі, рН- мәнінің ауытқуы және тб;

v Майда қан тамырларының қатты заттармен немесе ауа көпіршіктерімен бекітілу қаупі-эмболия;

334-335

v Дәрілік затты ағзаға енгізу үшін арнайы білімі бар медициналық қызметкердің қажеттлілігі.

Шаншуға арналған ерітінділерді ұлпаларға және ағза сұйықтықтарына енгізу терінің және шырышты кабаттардың табиғи қорғаныс баръерлерін бұзып енгізетіндіктен оларға МФ XI басылымында жалпы << инъекционные лекарственные формы>> мақалға сәйкес келесі талаптар қойылады: стерильдік, апирогендік, тұрақтылық, механикалық қоспаларының болмауы, кейбір ерітінділер фармакопеялық мақалалардағы нұсқауларға сәйкес изотонды, изогидрлі және изоионды болу керек.

Стерильдик деген не? Бұл сұрақ 5.1 бөлімінде келтірілген.

Апирогендік. Апирогендік- шаншуға арналған ерітінділерде пирогенді заттардың немесе пирогендердің болмауы. Пирогенді заттар деген – (грек. Pyr- от, латын generatio – рождение, туу) –микроорганизмдердің ыдырау өнімдері ,өлген микроб клеткалары. Химиялық құрамы бойынша пирогенді заттар орташа молекулалық салмағы 8000000, бөлшектерінің мөлшері 50мм ден 1 мкм болып келетін табиғаты жағынан липолисахаридті жоғары молекулалы қосылыстар. Пирогенді заттар негізінен грамм теріс микроорганизмдерден түзіледі. Құрамында пирогенді заттары бар ерітінділерді ағзаға енгізгенде пирогендік эффект (дене температурасының жоғарылауы, тынышсыз жағдай ) қозады. Жиі пирогендік реакциялар қан тамырға енгізетін, жұлын –милы және ми-сауыт ішілік инъекцияларда жиі кездеседі. Бұл кезде артериялық қысымның төмендеуі, қалтырау, құсу, іш өту байқалады және барлық мүшелер мен ағза жүйесі азап шегеді.

Пирогендер – термотұрақты заттар, олар тек құоғақ ауа стерилизаторларында 250*С температурада 30минут бойы қыздырғанада ғана бұзылады.

Қысым астында бумен әсер еткенде (120*C), рН мәні 8,0 ерітіндіде пирогендер 5 сағатта, ал рН-мәні 3,2 ерітіндіде 2 сағатта (бұзылады)жойылады. Осыған байланысты шаншуға арналған препараттар дайындаудын барлық сатысында, соңынан стерильдеуіне байланыссыз, қатаң антисептикалық жағдайда сақталуы тиіс.

Депирогенизациялаудың (пирогендік заттардан арылту) бирнеше әдістері бар: химиялық, физико-химиялық, энзиматикалық (фармацевтік технологияда қолданылмайды).

Химиялық әдіс. Сутек асқан тотығы ертіндісінде 100*С температурада 1 сағат қыздыру немесе күкірт қышқылымен қышқылданған калий перманганатының 0,5-1%ерітіндісіне 25-30минут ұстау. Бұл әдіс дәнекерлеуші шыны түтіктерді өңдеу үшін қолданылады.

Физико-химиялық әдіс-активтелген көмір, мембрандық фильтрлері бар колонкалардан ерітінділерді өткізу. Пирогендік эффект қаупіне байланысты көлемі 10мл және одан жоғары қан тамырына енгізілетін ерітінділерді пирогендік тексеруден өткізеді. Міндетті түрде 5% глюкоза, натрий хлоридінің изотондық ерітіндісі, желатин ерітіндісі тексеріледі.

Ерітінділердің және изотонды ерітініді түріндегі шаншуға арналған судың пирогенді сынау (МФ XI) биологиялық әдіспен жүргізіледі. Ол әдіс зерттелінетін объектіні қоянның күре тамырына енгізген соң, оның дене температурасының өзгеруіне негізделген. Ол үшін зерттелінетін ерітінді дендері сау, салмағы 1,5-2,5 кг, әр 1кг салмағына 10мл есебімен, қояндардың құлақ күре тамырына енгізіледі. Егер тәжірибелік қояндардың әрқайсының дене температурасы бастапқы температурадан 0,6*С жоғары көтерілмесе және 3 қоянның дене температурасының

336-337

жоғарылауының қосындысы 1,4*С аспаса, онда дәрілік зат ерітіндісін немесе суды апирогенді деп есептейді. Егер 3 қоянның біреуінің дене температурасы жоғарыда көрсетілгеннен жоғары болса, тәжірибе(сынау) тағы да қосымша 5 қоянға жүргізіледі.

Пирогендікті анықтаудыңбиологиялық әдісі спецификалығына қарамастан бірқатар кемшіліктері бар. Индивидуальды сезімтал қояндардың көп санын асырау (әдіс экономикалық қымбат).Осыған байланысты МФ XI басылымында (макала «Испытание на пирогенность») көрсетілгендей қояндардың индивидуальды сезімталдығын тексеру керек екендігі және пирогендікті анықтау үшін альбинос – қояндарды қолдануға болмайтындығы көрсетілген.

Официалды биологиялық әдістен басқапирогендігін анықтау үшін , шет елдерде лимулус – тест (лим-тест) әдісі кеңінен қолданылады. Ол әдіс бактериалды пирогендердің амебоциттер лизатымен Limulus poluphemus әректтескен кезде гель түзуіне негізделген. Қазіргі кезде осыған ұқсас, бірақ микроорганизмдердің 3% калий гидрооксидімен гель түзу арқылы ерітінділердің пирогендігін тексеру мүмкіндігі бар.

Шаншуға арналған ерітінділерді дайындаған кезде пирогенді заттардың ерітінділерді дайындаған кезде пирогенді заттардың ерітіндіге түсуін болдырмау қажет, ол біріншіден еріткіштердің, қолданылатын дәрілік заттардың және қосымша материалдардың (тұрақтандарғыштар, солюбилизаторлар, консерванттар және т.б) жоғары сапалы болуын талап етеді.

Дисперстік орталар (еріткіштер).Шаншуға арналған ертінділерде сұйық дисперстік орта (ерткіш)ретінде шаншуға арналған су, бейсу еріткіштер қолданылады. Олар нормативті құжаттардың талаптарына жауап беруі керек.

МФ XI басылымына сәйкес шаншуға (инъекцияға)арналған су, тазартылған суға қойылатын талаптарға жауап беруі және апирогенді болуы керек.

Шаншуға арналған суды асептикалық жағдайда ҚР ДСМ санитарлық бас дәрігердің 25 наурыз 2002 ж. №9 «Дәрілік ұйымдарын орналастыру, жабдықтау және пайдалану, санитарлық ережелері мен нормалары» бұйрығына сәйкес алынады. Шаншуға арналған суды алу асептикалық блоктың дистилляциялық бөлмесінде жүргізіледі .Ол бөлмеде қосымша, суды дистилляциялаудан, басқа жұмыстарды жүргізуге болмайды.

Шаншуға арналған суды кәдімгі айдау аппараттарында, тек асептикалық жағдайда, дистилятты жинау кезінде оған құамында пирогенді заттары бар айдалмаған судың тамшылары түспейтін жағдайда жүргізілуі тиіс.

Пирогенді заттар ұшпайды және су буымен айналмайды. Осыған байланысты шаншуға арналған суды булану камерасынан конденсатқа дейінгі бу жолдарында шашыранды су тамшыларынан ұстап қалатын қондырғысы бар аппараттарда алады. Мұндай мақсатта, кәдімгі дистиллятордан ерекшелігі бар су буы арнайы әртүрлі конструкциялы- сепараторлардан өтетін аппараттар қолданылады. Конструкциясы бойынша олар центрден тепкіш, пленкалы, көлемді, масса алмасу, аралас болады.

Апирогенді суды алуға бірқатар әртүрлі конструкциялы аппаратар: АА-1, А-10(ДА-10),АЭВС-4, АЭВС-25, АЭВС-60 қолданылады.

337-338

Аппарат АА-1 апирогенді электрлік аквадистиллятор номиналды өнімділігі 1л/сағ (c49).

Аппараттың негізгі бөліктері булану камерасы (10),сепаратор (8), конденсатор(1), жинағыш-теңестіргіш(25), және электрлік жайма- тақта. Булану камерасы (10) қызметші персоналды күйіп қалудан және жылудың жоғалуын төмендететін, болат жабынмен(9) қорғалған. Камераның түбіне (12) төрт электр қыздырғыш құрастырылған (11). Булану камерсаындағы (10), электр қыздырғыштармен (11) қыздырылатын су буға айналып, сепаратор (8) және бу түтігі (7) арқылы, сыртынан суық сумен салқындалаты, конденсациялық камераға (3) түседі және конденсацияланып апирогенді суға айналады. Апирогенді су ниппель (5) арқылы ағып түседі. Камералардағы (3) және (10) қысымның жоғарылауын болдырмау үшін, артық бу шығаратын, қорғау саңылауы (6) болады. Салқындатылған су, вентиль (4) арқылы конденсатордың су камерасына, камерадағы су деңгейін бір қалыпта ұстап ұстап тұратын булуну камерасымен (10) өз-ара байланыста болатын, төгетін түтік (15) арқылы жинағыш- теңестіргішке (25) төгіледі. Жұмыстың басында аппараттағы буландыру камерасында су орнатылған деңгейге дейін толтырылады. Әрі қарай, су қайнағаннан кейін буға айналады, су булану камерасына жарым-жартылай түседі, оның негізгі бөлігі штуцер (26) арқылы канализацияға төгіледі. Булану камерасындағы (10) судың деңгейін визуалды бақылау, жинағыш- теңестіргіштің штуцерінде (25) орналастырылған су көрсеткіш шыны (27) арқылы жүргізіледі. Су жинағыш-теңестіргіш (25) сонымен қатар, фармокопеялық талаптарға жауап беретін сапалы апирогенді су алу үшін булану камерасына қосылатын, химиялық реагенттермен суды араластыруға арналған. Бұл мақсатта жинағыш-теңестіргіште, сумен бірге химиялық реагенттер булану камерасына(10) түсетін, арнайы түтік бар. Химиялық реагенттердің қатаң дозасы, резеңке түтікпен байланысқан, екі дозаторы (18), екі фильтрі (21), тамызғышы(24) бар екі түтіктен тұратын,арнайы дозалаушы қондырғымен жүргізіледі. Дозалаушы қондырғы жинағыш-теңестіргішпен (25) тамызғыш (24) арқылы қосылған саңылауы бар, кронштейнге (19) бекітіледі. Дозаторлар (18) кронштейнге контргайкалармен (17)бекітіледі.

Шаншуға арналған дәрілік түрлер - student2.ru

Сурет 49. Апирогенді суды алуға арналған аппарат АА-1

338-339

Аппарат А-10-техникалы жетілдірілген модель, өнімділігі10л/сағ. Апирогенді суды алу, бу камерасының жогарғы жағында орналасқан сепараторлардың қайтарғышэкрандары арқылы өтетін буды мұқият сепарациялау, сонымен қатар суға қажетті химиялық реагенттерді қосу арқылы жургізіледі. Аппарат су деңгейін көрсеткіш құралымен қамтамасыз етілген.

Аппарат АЭВС-4(дистиллятор электрический с водоподготовкой для получения воды апирогеный) буландырғыштан, шаншуға арналған суды жинағыштан, құбырлардан, электрошкафтан және қаққа қарсы магнитті қондырғыдан тұрады.

Аппараттың жұмысы төмендегіше жүргізіледі. Су жіберілетін құбыр жолында, суды тұздардан және әртүрлі қоспалардан ажырату үшін, магнитті қаққа қарсы қондырғы орналастырылады. Содан соң жинағыш көйлегіне және буландырғышқа түседі. Бу камерасында түзілген бу сепаратор арқылы өтіп, су жіберетін құбыр арқылы жинағышқа түседі. Жинағыш сумен толған соң, бу камерасындағы электрқыздырғыш өшіріледі. Аппарат өнімділігі-4 л/сағ.АЭВС-25- аппарат станционарлы қондырғы (сурет 50).

Шаншуға арналған дәрілік түрлер - student2.ru

Сурет 50. Апирогенді суды алуға арналған АЭВС-25 аппараты

Аппарат буландырғыштардан және II сатылы , (2) конденсатордан (1), шаншуға арналған суды жинағыштан (3), тұрады. Бірінші сатыда түзілген бу сепаратор арқылы өтіп, бу түтігі арқылы II сатылы буландырғыш қыздырғышкамераға түседі. IІ сатылы буландырғышсепаратордан өткен бу сулы қоспа қыздырғыш камерадан, түтікьер арқылы жинағышқа түседі.

Аппарат АЭВС-60- стационарлы аппарат, өнімділігі 60 л/сағ. Жұмыс істеу принципі АЭВС-25 аппараты сияқты.

ЦАНИИ аппараты- ион алмастырғыш колонкалардан және айдағыш аппараттан тұрады. Су тұзсыздануғаұшырап, сонан соң айдалып, стерильденеді.

Шаншуға арналған суды стерильденген немесе бумен өңделген қабылдағыштарда сақтау қажет (сурет 51)

Су жинағыштың сиымдылығы 40л (CИ-40) немесе 100л (СИ-100). Су жинағыш трубкалы электроқыздырғыштармен, ауаны фильтрлейтін, судың деңгейін бақылайтын, қоректендіруші патрубкамен, температурасының датчигімен және төгетін кранмен, су жинағыштың қабырғалары

100*С температура жоғарылағандаэлектроқыздырғыштарды өшіретін құралмен жабдықталған. Су жинағыштар бірден жұмыс істейтін бірнеше аппаратқа немесе бір аппаратқа қосылуы мүмкін.

Бейсу еріткіштер.МФ ХІ басылымындакөрсетілгендей шаншуға арналған судан басқа бейсу еріткіштері де қолданылады. Олар медицинада қолдануға рұқсат етілген өсімдік майлары және этилолеат. Комплексті еріткіш ретінде этанол, глицерин, пропиленгликоль, ПЭО-400, бензил спирті, бензилбензоат және медицинада қодануға рұқсат етілген басқа еріткіштер

гидрооксиді ерітіндісін тамызып, көлемін 20 мл дейін шаншуға арналған сумен жеткізеді. Ерітіндіні шыны фильтрмен немесе стерильді фильтр қағаз және медициналық мақта арқылы сыйымдылығы 30 мл стерильді бейтарап маркалы флаконға сүзеді. Химиялық талдау жасауға жібереді (сапалық, сандық). Талдау нәтижесі тіркеу журналына жазылады. Оң нәтиже алған соң флаконды резеңке тығынмен жауып, механикалық қоспалардан тазалығын тексереді. Пергамент қағазбен жауып, жіппен байлап 3х6 см ұзартылған ұшына ерітіндінің атауын, концентрациясын, дацындалған кунін, фармацевтің қолы қойылады. Автоклавта 1200 С 8 минут стерильденеді. Уақыт өткен соң салқындатып, мөлдірлігін, түстілігін, механикалық қоспадан тазалығын тексеріп, безендіреді. Негізгі этикетка көк түсті “Шаншуға арналған”толық рецепт көрсетіледі.

Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар ерітінділерін тұрақтандыру. Гидролиз нәтижесінде аз диссоциацияланатын әлсіз негіз және әлсіз қышқыл молекулалары түзіледі, сондықтан гидролиз жоғарыдағы жағдайларға қарағанда толығырақ жүріп, реакция нейтралды болады:

BA + HOH ------ BOH + HA

Мұндай тұздар гидролизін болдырмау тек БАЗ қосу арқылы мүмкін болады, өте сирек кездеседі.

Шаншуға арналған ерітінділердегі дәрілік заттардың ыдырауы тотығу-тотықсыздану реакциялары есебінен де жүреді.

Жеңіл тотығатын заттар ерітінділерін тұрақтандыру. Жеңіл тотығатын заттарға аскорбин қышқылы, адреналин гидротартраты, этилморфин гидрохлориді, викасол, новокаинамид, фенотиазин туындылары, құрамында жеңіл қозғалғыш сутек атомдары бар карбонильді, фенолды, спиртті, амин топтары бар кейбір препараттар жатады. Бұл препараттардың шаншуға арналған ерітінділерін су құрамындағы және ерітінді үстіндегі оттегі қатысында дайындау процесінде, әсіресе жылу стерелизациясы кезінде дәрілік заттар тотығады. Тотығу нәтижесінде ерітінділерде улы немесе физиологиялық белсенді емес өнімдер түзіледі. Тотығу механизмі туралы түсініктер негізін А.Н Бах және И.О. Энглердің асқын тотықты теориясы және академик Н.Н. Семеновтың тармақталған тізбекті реакциялар теориясы жатады. Тізбекті реакциялар теориясына сәйкес тотығу-бастапқы заттар молекулалары мен иницирлеуші факторлар - жарық және жылу энергиясының әсерінен түзілетін бос радикалдармен әрекеттесу арқылы жүреді. Бос радикал тотығу өзгерістері тізбегін бастайды. Ол оттегі мен әрекеттесіп, асқын тотықты радикал түзеді де, жеңіл тотығатын заттардың басқа молекулаларымен алғашқы аралық өнім- гидроасқын тотық және жаңа бос радикал түзеді. Гидроасқын тотық бос радикалдар түзе отырып, ыдырайды. Процесс тізбекті реакциялар түрінде жүреді. Тотығу прцесін келесі кезекті этаптар түрінде көрсетуге болады:

RH(жарық, температура) R. + H.

R. + O2 ----- R – O – O.

R- O – O. + RH ---- R – O –O - H + R.

МҰНДАҒЫ: RH - жеңіл тотығатын зат

R. - алкилді радикал

RO. -асқын тотықты радикал

ROOH -гидросқын тотық

Көрсетілген схема бойынша тотығу процесін келесі тәсілдермен баяулатуға болады:

а) алкилді радикалдармен тез әрекеттесетінзат енгізу, нәтижеде RO –ға R радикалдарының бір бөлігі ғана айналады ;

б) асқын тотықты радикалдармен тез әрекеттесетін қосылыс енгізу. Ол ROOH түзілу жылдамдығын төмендетеді;

в) молекулярлы өнімдер түзе отырып, гидрототықтарды бұзатын зат енгізу.

Жеңіл тотығатын заттардың ерітінділерін тұрақтандыру үшін антиоксидантар қосылады. Антиоксидантардың тұрақтандыру механизмі күрделі және олар антиоксидантардың және дәрілік заттардың табиғатына, сонымен қатар ерітіндідегі ауыр металдардың микроқоспаларына да байланысты.

Фармацевтік технологияда тізбекті реакцияларды бұзатын ингибиторлар қолданылмайды, себебі олар тек оттегісіз ортада тиімді. Негізінде гидроасқынтотықтан активті радикалдың түрлеріне кедергі болатын антиоксидантар қолданылады. Олардың ішінде тиімдірегіне фенолдар, аминофенолдар және т.б. жатады. Олар гидроасқынтотықты радикалдармен төмендегі реакция бойынша әрекеттеседі:

RO.2 + JnH ----- ROOH + Jn. ;

Мұндағы; JnH - қозғалғыш сутек атомы бар антиоксидант;

Jn. - төмен активті антиоксидант.

Ең тиімді антиоксидант – гидроасқынтотықтарды бұзатын заттар. Олар тотығудың тізбекті процессін тоқтатпайды, тізбектің тармақталу жылдамдығын төмендете отырып, тотығу процессін тежейді. Олар күкіртті қышқыл тұздары және күкірттің органикалық қосылыстары жатады:

ROOH + R. SR. --- ROH + R.2 SO

ROOH + R.2 SO ---OH + R.2 SO 2

Қазіргі кезде құрамына төмен валентті күкірт кіретін бейорганикалық және органикалық көптеген антиоксидантар бар:

Na2 SO3 - натрий сульфиті; Na2S2O3 - натрий метабисульфиті;

NaHSO3 – қышқылды натрий сульфиты;

NH2 – C – NH2 – тиомочевина;

S

OH

H2C-SO2Na – (ронгалит натрий формальдегидсульфоксилат);

H-C-SH

H2C-SO3Na – унитиол (2,3 –димеркаптопропансульфоант натрий)

Бұл тура антиоксидантар, тотығуға жоғары қабілетті, кушті тотықсыздандырғыштар. Олардың әсері күкірттің тез тотығуына негізделген. Мысалы ронгалит:

OH

H2C-O-S-ONa -+20---- CH2O + NaHSO4

S+2 ----- S+6

Антиоксидант ретінде альдегидті, этанолды, фенолды топтары бар, басқа органикалық заттар: парааминофенол, аскорбин қышқылы және т.б. қолданылады.

Тотығу – тотықсыздану процестері бірқатар: ауыр металл иондарының болуы, pH мәні, оттегі мөлшері, температура және т.б. факторлардың әсерінен күшейетіндігі белгілі.

Дәрілік заттардың тотығу процессіне, тотығу процессінің катализаторы болып табылатын, ауыр металдардың (Fe3+, Cu2+,Mn2+ және басқалар) іздері үлкен әсер етеді. Ауыр металл иондары, тізбекті тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатыса отырып, ерітіндідегі әр түрлі иондардан электрондар тартып алып, оны бос радикалға ауыстыруға қабілетті:

Cu2+ + RCOO- --- Cu+ + RCOO.

Cu2+ + ROOH --- R.

Түзілген радикал оттегімен реакцияға түсіп әрі қарай тізбекті реакцияға қатысатын,асқын тотықты радикал түзеді. Жарым жартылай тотықсызданған (қалпына келтірілген) ауыр металл ионы оттегімен алғашқы формасына дейін жеңіл тотығады, содан соң процесс қайталанады:

Cu+ --02—Cu2+

Ауыр маталл иондары етітіндіге шыныдан, аппаратурадан немесе өндірістік қоспа ретінде дәрілік заттан жиі өтеді. Жеңіл тотығатын заттардың тұрақты ерітінділерін алу ушін оларды ауыр металдардың қоспасынан тазарту керек.

Қазіргі кезде суды және дәрілік заттардың ерітінділерін ауыр металл қоспаларынан, оларды активтелген көмір және целлюлозаның қышқылды формасы арқылы фильтрлеп тазартады.

Жеңіл тотығатын заттарды тұрақтандыру үшін комплексондар: ЭДТА-этилендиаминтетра- сірке қышқылы, трилон Б – этилендиаминтетра-сірке қышқылының динатрий тұзы,тетацин-кальций, этилендиаминтетра-сірке қышқылының кальций – динатрий тұзы. Комплексондар ауыр металдардың катиондарымен берік суда еритін қосылыстар түзеді. Комплексондардың тұрақтандыру механизмі комплекс түзгіш заттар металдар катиондарын комплекстерге байланыстырып, олардың гидроасқынтотықтарға қатысы активті емес, іс жүзінде диссоциацияланбайтын қосылысқа айналатындығымен түсіндіріледі.

Жеңіл тотығатын заттарды тұрақтандыру бірқатар технологиялық іс-әркеттер жүргізуді қажет етеді.

1.Антиоксидантар енгізу (тізбекті тотығу реакцияларын тоқтату оттегіні байланыстыру);

2.Ерітіндіге ауыр металлдар иондарын байланыстыратын комплексондар немесе басқа заттарды енгізу;

3.Оптималды pH шекараларын жасау ;

4.Еріткіштегі және ерітінді үстіндегі ауа құрамындағы оттегі мөлшерін төмендету (CO2 газбен суды қанықтыру, инертті газ ағынында флакондарды ерітіндімен толтыру).

Жеңіл тотығатын заттар және оларды тұрақтандыру:

-адреналин гидрохлориді, адреналин гидротартраты, норадреналин гидротартраты, 1 л ерітіндіге 1 г натрий матабисульфитін қосып тұрақтандырады;

-5% аскорбин қышқылының ерітіндісіне 2 г сусыз натрий сульфитін немесе 1 г натрий метабисульфитін қосып тұрақтандырады. Аскорбин қышқылының ерітіндісі қышықылды орта (pH 2,6-2,8) болғандықтан және ауытатындықтан, нейтралдау ушін 1 л 23,85 г мөлшерде натрий гидрокарбонатын қосады;

-фенотиазин туындылары – аминазин , дипразин, имизин және пропазин, 1 л ерітіндісіне 1 г натрий сульфитін , 1 г натрий метабисульфитін, 2 г аскорбин қышқылын қосып тұрақтандырады;

- новокаинамид 1 л ерітіндісіне 5 г натрий метабисульфитін қосып тұрақтандырады. Еритін стрептоцид 1л ертіндісіне 2г натрий сульфитін қосады;

- кейбір жеңіл тотығатын заттарды тұрақтандыру үшін ронгалит қолданылады. Мысалы, парааминосалициалит, этазол- натрий 1л ерітіндісіне 5 г ронгалит қосады;

- глюкоза ерітінділерін тұрақтандыру. Стерильдеу кезінде глюкоза ерітінділері, әсіресе сілтілі шыныда , тотығады және карамелизицияланады. Бұл кезде ерітінді сары түске боялады. Глюкоза ерітінділерін тұрақтандыру үшін оның полифункционалды қасиетін ескеру қажет. Сілтілі ортада глюкоза тұрақсыз , оттегі әсерінен оксиқышқылдары. Гликоль , левулин,құмырсқа және басқа қышқылдар және оксиметилфурфурол түзіледі. Бұл процестерді болдырмау үшін глюкоза ерітінділерін МФ XI басылымына сәйкес 1 л ерітіндіге 0,26 г натрий хлоридын және 0,1 н. Хлорсутек қышқылынан pH мәні 3,0-4,0 болғанға дейін қосып тұрақтандырады. Дәріхана жағдайында жұмыс істеуге қолайлы болу үшін , тұрақтандырғышты(Вейбель тұрақтандырғышы) келесі жазылым бойынша дайындайды:

Натрий хлориды 5,2 г

Сұйытылған хлорсутек қышқылы 4,4 мл

Шаншуға арналған су 1 л-ге дейін

Глюкоза ерітінділерін дайындаған кезде , олардың концентрациясына байланыссыз , тұрақтандырғышты ерітінді көлемінен 5% мөлшерде қосады.

Мысалы:

Rp: Solutionis Glucosae 40% - 200 ml

Sterilisetur!

Da. Signa. 20 мл күре тамырға

Глюкозаның стандартты препаратының құрамында кристаллизациялық судың 1 молекуласы бар , сондықтан глюкоза ерітіндісін дайындағанда глюкоза құрамындағы судың пайыздық мөлшерін ескере отырып, рецепте көрсетілген мөлшерден көп мөлшерде алады.

X =

Мұндагы: x – препараттың қажетті мөлшері, г.

а – рецепт бойынша сусыз глюкозаның мөлшері, г.

б – талдау бойынша препараттағы судың пайыздық мөлшері.

40 – 100

Х – 200 х = 80,0 г

Егер глюкоза құрамында 10% су бар деп есептесек , онда

Х=

Глюкоза ерітіндісі жеңіл тотығатын препаратқа жататындықтан, тұрақтандыру үшін Вейболь тұрақтандырғышы қолданылады. Оның құрамы:

Натрий хлориді 5,2 г

Хлорстек қышқылы сұйытылған 4,4 мл

Шаншуға арналған су 1 л-ге дейін

5 – 100мл

Х – 200 мл х = 10 мл Вейболь тұрақтандырғышы

Глюкоза мөлшері 3% -дан жоғары, сондықтан су мөлшерін есептеген кезде КҰКглюкоза= 0,64 мл/г ескеру қажет.

V н2o =200- (0,64 х 88,8+10)=133,2мл= 133 мл

БП

Aquae pro injectionibus 133 ml

Glucosae 88,8

Stabilisatoris Veibeli 10 ml

Vж = 200 ml

Технологиясы: Барлық жұмыс ережелерін сақтай отырып , дәрі дайындайтын стерильді ыдысқа 133 мл шаншуға арналған суды өлшеп,қыздырып , онда 88,8 глюкозаны ерітеді, 10 мл Вейболь тұрақтандырғышын қосып араластырады, ерітіндіні салқындатады. Босатылған құтыға фильтрлеп, химиялық талдауға жібереді. Тығындап ,механикалық қоспалардан тазалығын тексеріп, пергамент қағазбен жауып жіппен байлайды, маркалап қажетті жазылымдар: ерітіндінін атауы,концентрациясы, дайындалған күні, фармацевтің қолы қойылады. 1200С температура 15 минут бойы стерильдейді. Стерильдеп болған соң мөлдірлігін , түстілігін, механикалық қоспалардан тазалығын тексереді. Көк түсті этикеткамен безендіріп , онда рецепті және қолдану тәсілін жазады.

1)Жоғары концентрациялы новокаин ерітінділерін тұрақтандыру.

Новокаиннің 5 және 10% ерітінділерін тұрақтандыру үшін ерітінді 0,1 моль/л хлорсутек қышқылымен рН мәнін 3,8-4,5 дейін жеткізу жеткіліксіз, себебі стерильдеу кезінде новокаиннің интенсивті тотығу процессі жүреді. Сондықтан антиоксиданттар қолданылады. Мысалы, оториноларингологиялық іс-тәжірибеде қолданылатын 10% новокаиннің ерітінділері келесі құрам бойынша дайындалады.

Новокаин 50 г, 100 г

Натрий метабисульфит немесе калий метабисульфит 3 г

Лимон қышқылы 0,2 г

Хлорсутек қышқылы 0,1 моль/л ерітіндісі – 10мл

Шаншуға арналған су 1 л дейін

Ерітіндінің рН мәні 3,8 – 4,5

Ерітінді 120+20С температурада 8-15 минут стерильденеді.

Жұлын- ми ішілік анестизияға арналған 5% новокаин ерітіндісі асептикалық жағдайда тұрақтандырусыз дайындалады. Ол үшін новокаин ұнтағын 120+20С температурада 2 сағат стерильдейді. Ерітіндінің рН мәні 5,0-5,3 тең. 5% новокаин ерітіндісіне қышқыл қосқан кезде оның анестезирлеуші қасиеті төмендейді.

Сонымен, жеңіл тотығатын заттардың тұрақтылығын көп факторларға байланысты, ал оларды тұрақтандыру әр түрлі технологиялық тәсілдердің көмегімен жүргізіледі. Тотығудың тізбекті реакцияларын тоқтататын және оттегімен байланысатын антиоксиданттар енгізу, ауыр металл иондарын байланыстыратын комплексондар енгізу, оптималды рН шекараларын орнату, еріткіштегі және ерітінді үстіндегі оттегі мөлшерін төмендету , тотығу ракцияларын төмендететін жоғары молекулалы қосылыстар енгізу арқылы жүргізіледі.

Термолабильді заттармен шаншуға арналған ерітінділерді дайындау әр түрлі тәсілдермен жүргізіледі.

-термолабильді заттар ерітінділерін жылумен стерильдеусіз асептикалық жағдайда дайындайды. Бұл топқа жататын ерітінділер : акрихин,барбамил,натрий барбиталы,гексаметилентетрамин,физостигмин салицилаты, апоморфин гидорхлориді, 12% эуфиллин ерітінділері.

-шаншуға арналған термолабильді заттардың ерітінділерін МФ Х 992 бет басылым көрсетілген бойынша консервантар қосу арқылы дайындауға да болады. Ол үшін ерітінділерге 0,5% фенол немесе 0,3% трикрезол қосып, құтыны суға салып , 800С температурада 30 минут ұстайды.

-кейбір заттардың бактерицидті антисептикалық қасиеттері болғандықтан, асептикалық жағдайда,жаңа қайнатылған шаншуға арналған суға дайындап , стерильдемейді. Оларға фенотиазин туындылары жатады. Аминазин, дипразин , имизин ерітінділері. Бұл заттардың сулы ерітінділеріне тұрақтандыру мақсатында 1 л ерітіндіге келесі жазылым бойынша антиоксидантар қосады.

Аскорбин қышқылы 2,0

Сусыз натрий сульфиты 1,0

Натрий метабисульфаты 1,0

Натрий хлориді 6,0

Бұл заттардың тітіркендіргіш әсері бар және кілегей қабаттарды тітіркендіріп, дерматиттер тудыруы мүмкін, сондықтан жұмыс істеген кезде қолға резина қолғап киіп, ауа тартқыш астында жұмыс істеу қажет.

Шаншуға арналған ерітінділерге қойылатын талаптардың бірі механикалық қоспалардың болмауы. МФ ХІ басылымы бойынша парентеральды қолдануға арналған дәрілік заттар көрінетін механикалық қоспалардан таза болуы керек. Бұл бөлшектер жағымсыз патологиялық өзгерістер тудыруы мүмкін, мысалы, қан тамырларын бекіту, аллергияға ұласатын жергілікті қабыну реакциялары . Ыдыстар мен инвентарды мұқият өңдеу процесін жүргізу жағдайларын қамтамасыз ететін жоғарыда көрсетілген барлық факторлардан басқа, ерітінділерді сапалы фильтрлеуге ерекше көңіл бөлінеді.

Бақылау сұрақтары:

1.шаншуға арналған ерітінділер дәріханалар рецептурасының қанша пайызын құрайды?

2.шаншуға арналған ерітінділер енгізу жолдарына байланысты қалай жіктеледі ?

3.шаншуға арналған ерітінділердің дәрілік түр ретінде қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар ?

4.МФ ХІ басылымы бойынша шаншуға арналған ерітінділерге қойылатын талаптар ?

5.шаншуға арналған дәрілік түрлерде қандай дисперстік орталар қолданылады ?

6.дәріханаларда шаншуға арналған су қалай алынады ?

7.шаншуға арналған суды алу үшін қандай аквадистилляторлар қолданылады ?

8.сепараторлық қондырғыларды қолданудың мақсаты. Оның қандай түрлері бар ?

9.шаншуға арналған ерітінділерде қолданылатын бейсу еріткіштерге сипаттама беріңіздер ?

10.шаншуға арналған ерітінділерде қолданылатын дәрілік заттарға қойылатын талаптар ?

11.дәріханалардағы шаншуға арналған ерітінділерді дайындау қандай технологиялық сатылардан тұрады? Сипаттама беріңіз.

12.шаншуға арналған ерітінділерді қандай мақсатта тұрақтандырады ?

13.әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздар ерітінділерін тұрақтандырудың қандай жолдары бар? Мысал келтіріңіздер.

14.кешті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар ерітінділерін тұрақтандырудың қандай жолдары бар? Мысал келтіріңіздер.

15.әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар ерітінділерін тұрақтандырудың қандай жолдары бар? Мысал келтіріңіздер.

16.беттік активті заттардың тұрақтандырғыштық механизмі қандай ?

17.жеңіл тотығатын заттар ерітінділерін тұрақтандырудың қандай жолдары бар? Мысал келтіріңіздер.

18.антиоксидантар әсерінің негізгі механизмі қандай?

19глюкоза ерітіндісін тұрақтандыру қалай жүргізіледі ?

20.жоғары және төмен концентрациялы новокаин ерітіндісін тұрақтандырудың ерекшеліктері неде ?

21.термолабильді заттармен шаншуға арналған ерітінділерді дайындау жолдары ?

Наши рекомендации