Инсулин мен контринсулярнық гормондар

Инсулин гипогликемиялық әсер көрсетеді, яғни қандағы глюкоза деңгейін төмендетеді. Әсер ету механизмі: 1) нысана-жасушаларына глюкозаның түсуін күшейтеді; 2)оның пайдаланылуын күшейтеді- гликолиз, гликогеногенез, липонеогенез процестерін, сонымен бірге липогенез бен белок синтезін; 3) гликоген, белоктар, липидтердің ыдырауын төмендетеді.

Контринсулярлық гормондар- қандағы глюкоза деңгейін жоғарлатады, олардың гипергликемиялық әсерінің механизмдері әртүрлі.

Глюкагон- негізінен липолизді және липолиз өнімдерінен (глицериннен) глюконеогенезді күшейтеді. Адреналин мен норадреналин- негізінен гликоген ыдырауын күшейтеді. Глюкокортикостероидтар (ГКС)- негізінен белоктардың ыдырауын және амин қышқылдарынан глюконеогенезді күшейтеді. Соматотропты гормон (СТГ)- алғашқы 30 минут инсулинтәрізді глюкоза үшін (соматомединдер арқылы) мембрананың өткізгіштігін жоғарлатып әсер етеді, бірақ кейін глюкагонның түзілуін жоғарлатып контринсулярлық эффект көрсетеді.

ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫ МАТЕРИАЛДАР:

1. Презентация (слайдтар)

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.

2. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2012 ж.

3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

Орыс тілінде:

17. Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.

18. Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009

Қосымша әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы

1Бөлім. Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер.

2Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі.

3Бөлім. Адам ағзасындағы сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы.– Алматы, 2009 ж.

19. Биохимия пәнінен студенттердің өздігінен дайындалауына арналған тест сұрақтары – Алматы, 2007

20. Сейтембетов Т.С. Биохимия сұрақтары мен жауаптары - Алматы, 2011

Орыс тілінде:

  1. Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.

18. Плешкова С.М. и др. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии

Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.

Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.

Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.

19. Аблаев Н.Р., Бейсембаева Ш.А. Клинически значимые биохимические показатели и их интерпретация: учеб пособие, Алматы, КазНМУ, 2007

20. Клиническая биохимия учеб.пособие под ред Ткачук В.А. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2008

ҚОРЫТЫНДЫ СҰРАҚТАР:

1.Нейрогуморалды реттелудің кестесі.

2.Гормондардың әсер ету механизмдері бойынша жіктелуі.

3.Инсулиннің физиологиялық эффектері.

Дәріс

Тақырыбы: Қан биохимиясы. Қанның органикалық құрамдас бөліктері.

Мақсаты:Студенттерді қанның негізгі қызметтерімен таныстыру. Қан плазмасының азотты органикалық заттары, азотсыз қалдық заттары тұралы, және олардың қан плазмасындағы қалыпты мөлшері және патология кезінде ауытқу туралы білім қалыптастыру

Дәріс жоспары

1.Қан. Түсініктері, қызметтері, қан плазмасының химиялық құрамы

2. Қан плазмасының белоктары. Маңызы

3.Плазма ферменттері

4.Қалдық азот. Гиперазотемия тұралы түсінік

5.Қан плазмасының азотсыз органикалық құрамдас бөліктері

Дәріс тезистері

Қан-жабысқақ, қою, мөлдір емес, қызыл түсті сұйықтық, 52-56% плазма, 44-48 % формалық элементтерден тұрады. Сарысу дегеніміз фибриногенсіз плазма болып табылады.

Қызметтері: реттеуші, қоректік, экскреторлық, тыныс алу, қорғаныштық, диагностикалық.

Қан плазмасы 90-91 % судан және 9-10 % құрғақ заттан тұрады, органикалық заттар 8-9 % және бейорганикалық 1-2 %. Органикалық заттарға азотты заттар (белоктар және қалдық азот) және азотсыз ( көмірсулар, липидтер, пигменттер, витаминдер және басқалар)

Плазмада жалпы белок мөлшері 60-80 г/л. Белоктардың жалпы қызметтері: онкотикалық қысымды және рН қалыпты жағдайда сақтау, реттеуші, қоректік, экскреторлық, тыныс алу, қорғаныштық, диагностикалық. Сапалық құрамы бойынша белоктар әртүрлі болады, Өкілдері: альбуминдер, глобулиндер, фибриноген, иммуноглобулиндер, кининдер, қанның ұйюы және қан ұюға қарсы қарсы жүйелер. Белоктар-ферменттер диагностикалық рөл атқарады, олар үш топқа бөлінеді -секреторлы, индикаторлы, экскреторлы.

Альфа-глобулиндер - антитрипсин, альфа-2 макроглобулин, гаптоглобин, альфа-липопротеин және т.б.

Бета-глобулиндер- бета-липопротеин, трансферрин және т.б.

Гамма-глобулиндер- иммуноглобулиндер, С-реактивті белок (СРБ) және т.б.

Нефроз(бүйрек тінінің дистрофиясы) кезінде қан плазмасының альбуминдері мен басқа да төмен молекулалы белоктар зәрмен бөлініп шығады, қандағы гамма-глобулиндер аздап төмендеген, ал альфа-2-глобулиндердіңмөлшері жоғарлаған. Бұл түрі нефрозда, нефросклерозда, жүктілік кезіндегі токсикозда, туберкулездің терминалды сатыларында, кахексияда байқалады.

Қан сарысуындағы белок фракцияларының арақатынасының бұзылуы –диспротеинемия деп аталады. Жалпы белоктардың мөлшері қалыпты жағдайда болуы мүмкін.

Қан сарысуындағы белок фракцияларының арақатынасының бұзылуы –диспротеинемия деп аталады. Жалпы белоктардың мөлшері қалыпты жағдайда болуы мүмкін.

Альфа-1 мен әсіресе альфа-2-глобулиндердің(гаптоглобин есебінен) мөлшері жоғарлаған, альбуминдер аздап төмендеген болады. Бұл түрі пневмонияның бастапқы сатыларында, жедел полиневрит, экссудативті туберкулез, сепсис, миокардтың кең аймақты инфарктында байқалады.

Бета- мен гамма-глобулиндердің мөлшері біраз жоғарлаған ,гаптоглобиннің деңгейінің жоғарлағаны, ал альбуминдердің мөлшерінің азайғаны сақталуы мүмкін. Бұл түрі пневмонияның соңғы сатыларында, созылмалы туберкулез, созылмалы эндокардит, созылмалы холецистит, созылмалы пиэлит кезінде байқалады

Қан сарысуында альбуминдердің мөлшері біраз төмендеген, ал гамма-глобулиндердің(әсіресе имміноглобулиндер А) мөлшері біраз жоғарлаған .Бұл түрі бауырдың әртүрлі циррозында, коллагеноздарда байқалады.

Қан сарысуында аномалды белоктардыңжоғарлауы, яғни плазмада қалыпты жағдайда кездеспейтін белоктың пайда болуы (жиі гамма-глобулиндер фракциясына жататын). Мысалы миеломада (моноклоналды гаммапатиялар).

Қалдық азот (RN)– плазманың жалпы азоты мен белоктың азотының айырымына тең. RN қан плазмасындағы қалыпты мөлшері : 15-30 ммоль/л. RN құрамына негізінен белоктар алмасуының аралық және соңғы өнімдері кіреді.

Қалдық азоттың өкілдері:

Мочевина 2,9-8,9 ммоль/л (барлық RN 46-60%)

Несеп қышқылы, плазмадағы мөлшерлері ер адамдарда 0,18-0,54мМ/л; әйелдерде – 0,15-0,45мМ/л

Креатин 15-70 мкмоль/л (ер адамдарда 50 дейін);

Креатинин 62-132 мкмоль/л (ер адамдарда 177 дейін), бұл көрсеткіш созылмалы бүйректік жетіспеушілігінің маркеры;

Жалпы билирубин 8-20 мкмоль/л: тікелей –7мкМ/л дейін; тікелей емес –13мкМ/л дейін.

Ретенциондық гиперазотемия – қан ағымына қалыпты мөлшерде түскен азот зәрге жеткіліксіз бөлінгенде байқалады. Ол бүйрекке тәуелді және бүйрекке тәуелсіз болады.

Бүйректік ретенциондық азотемия бүйректің экскреторлық қызметі бұзылғанда байқалады. Бүйрекке тәуелсіз ретенциондық азотемия қан айналымының жетіспеушілігі, артериялық қысым төмендеуі, бүйректің қан ағымының жылдамдығының төмендеуі, зәр шығару жолдарының бітелуі (тас, ісік) кезінде пайда болады.

Продукциондық гиперазотемия – қанға азотты заттардың көп мөлшерде түскенде және тін белоктарының күшті ыдырауында ( ұзақ уақыт бұлшық ет мыжылғанда, күйікте, ісікте, қызбада).

Органикалық азотсыз заттар: глюкоза, лактат, ПЖҚ, жалпы липидтер, ТАГ, холестерин, БМҚ, кетон денелері, пигменттер, витаминдер, гормондар – стероидтар. Глюкозы в норме 3,4-6,1 мМ/л. Жоғарлауы гипергликемия, төмендеуі—гипогликемия. Лактат нормада-0,5—2,2 мМ/л, ПЖҚ - 0,03-0,1 мМ/л, холестерин -4-5,2Мм/л, жалпы липидтер -4-7 г/л.

Әдебиет:

Негізгі:

1.Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.

2.Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009

3. Плешкова С.М., Абитаева С.А., Булыгин К.А. «Биохимические основы действия витаминов и гормонов», Алматы, 2004 г.

Қосымша:

1. Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.

2. Плешкова С.М. и др. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии

Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.

Часть 3.Биохимия жидкостей и тканей организма человека

3. Аблаев Н.Р., Бейсембаева Ш.А. Клинически значимые биохимические показатели и их интерпретация: учеб пособие, Алматы, КазНМУ, 2007

Наши рекомендации