Жүрек қан тамыр жүйесі

Орталық жүйке жүйесі

1. Сопақша ми мен ми көпірінің орталықтарын атаңыз.

Сопақша мидың жуйке орталықтары адамның өмірін қамтамасыз етуде улкен орын алады. Онда; тыныс, қан тамырлар тарылтып- кеңійтетін, журек соғуын баяулатып сирететін зат шығару, кірпік қағу, жөтелу, тушкіру, тер шығару, қорғаныс орталығы болып табылады. Сондай ақ шайнау, жуту, сілекей шығару, қарын және уйқыбез сөлін шығаруын, қусу орталықтары бар. Мысалы: эмбрион сатысында жуту орталығы дамымаса жаңа туған бала (булбарлық паралич) анасын емгенінен, сутті жута алмайды. Нәтижесінде ол өңешпен қарынға бармай, окпеге қуйылып, қабанып өледі. Сопқша ми қызметіне ми қыртысының әсері улкен. Ауызға тағам аларда, шіріктігін сезіп қусу немесе артістердің сахнада тугіліп жыр айта алу (гипноз). Вароли копірінде ақ зат коп қ. Серпілістерді откізу. Мунда 5-6-7 жуп ядролар, КЖБ ширықтыруға қатысатын рефлекс орталығы, сергектікті реттейтейтін орталық, пневмотаксистік апнезистік орталықтары бар.

2. Миотатикалық рефлекстер деген не? Рефлекторлық доғасының ерекшелігі және медицинада қолданылуы. Рефлекс дегеніміз – орталық жүйке жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіргендіргіштерге беретін күрделі жауабы. Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға, яғни қозуларды рецепторлардан жүйке орталығына, онан шеткі ағзаға (эффекторға) жеткізетін жол. Ол 5 бөлімнен тұрады. 1. Қабылдаушы құрылым – рецептордан, 2. Қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден, 3. Афференттік, аралық, афференттік нейрондардан тұратын орталықтан. 4. Қозуды орталықтан эффекторға апаратын эфференттік жүйкеден, 5. Жауап беруші құрылым – эффектордан тұрады. Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекс қызметін атқарады. Яғни доғаның бүтіндігі бұзылса рефлекс біржола жоғалып кетеді.

3. Спинальдық шок деген не, оның белгілеріне сипаттама беріңіз? Жұлындық шок – бұл орталық және сопақша ми жағынан супраспинальдық әсерден айрылғанда, жұлынның жарақаттық тітіркену әсерінен пайда болады. Арқа жарақаты кезінде сүйекті байламды аппарат, жұлын және жұлынның тамырлары мен түбірлері зақымданады. Осы айтылған құрылымдардың қосарлана зақымдануы жиі кездеседі. Жұлын миы қызметінің бұзылысының қайтымсыз жарақаты кезінде сүйек ығысуы ықтималдылығы жоғары болуын қамтамасыз етеді. Бостау кеңістігі омыртқа өзегінің көкрек бөлімінің орналасады, сондықтан осы жердегі сүйек «футлярының» зақымдануы жұлын миы жарақатына көп алып келеді. Көбнесе (С5-С7) кеуде – бел ( Тһ10-L2) омыртқаларының бөлігі жарақаттанады.Омыртқа өзегі крановертебральді және люмбосакральді бос кеңістік болып орналасады. Клиниада жұлынның толық көлденең зақымдалуымен көрінеді. Жұлын қызметі бірнеше тәулікпен аптадан кейін біртіндеп қалпына келеді. Клиникалық белгілері жарақат алу кезінде (жедел қысылу) немесе бірнеше сағат өткенсоң (ерте қысылу) немесе бірнеше айлар және жылдан кейін (кеш қысылу) пайда болады. Жұлынның жедел қысылу- омыртқаның сүйектік және жиегімен немесе оның сынықтарымен, дискінің түсуімен шақырылады.Жұлынның ерте қысылуы- қабықтық немесе ми ішілік гематоманың (біртіндеп дамиды) түзілуінің салдарынан болмаса сүйек сынықтарының екіншілік ығысуынан (тез дамиды) болады. Жұлынның кеш қысылуы – тыртықты-спайкалы үрдстің және екіншілік жұлынды қан айналымының бұзылысының тәтижесі.

4. Жұлынның өткізгіш функциясының маңызы неде? Мидың әсерін шеткі ағзаларға және кері қарай олардың қабылдағыштарыдан қозуды миға жұлынның ақ затындағы жоғарға төмен көрсетіп жолдар арқылы жеткізіледі. Ең негізгі өткізгіш жолдары мен физиологялық маңызы;А сезгіш жолдар; нәзік буда: жанасу, дене қалпы, тербелу сезімдерін өткізгіштері.Дарзальды тапер жолы: ауру, ыстық суық сезімдерін откізгіштері.Флекоң жолы: терінің қысым, жанасу сезімдерін өткізгіштеріЖұлынның жалпылық жолы: кору және ауру сезімдерін өткізгіштеріБ қозғалтқыш жолдары:Пирамидылық жол: қаңқаға серпіністер өткізіп, ерікті қимылды қамтамасыз етедіМонаков жолы: қаңқа еттерін қатайтырадыТор жұлындық жолы: дене қалпымен тепе теңдікті қамтамасыз етеді.

Жүрек қан тамыр жүйесі

1. Жүректің функциясы мен құрылысы қандай?

2. Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері қандай және олардың ерекшеліктері неге байланысты? Негізгі қасиеттері: қозғыштық, қозды өткізу, жиырлу, автоматизмдік қасиеті бар. Мысал, көлбақа жүрегін денесінен алып, физ ертіндге салып қойса, жүрек өзі табиғи ырғағымен көпке дейін жиырыла береді. Жылы қандыларда автоматизм болатынын Лангендерв дәлелдеді: иттің денесінен бөлініп алынған жүректің тәждік тамырына О2 мен қаныққан жылы қанды әдеттегі қысыммен жіберсе, тоқтап қалған жүрек қайтадан жиырыла бастайды. Жүрек автоматиясы пайда болғаны туралы миогендік және нейрогендік теория бар Миогендік: қозу жүректің атипті ет тіндерінде паида болады, яғни автоматизм ет тіндерінің қозуына байланысты Нейрогендік: ол жүрек етіндегі қозғыш нейрондардың әсерінен әркетке түседі.Жылы қандыларда миогендік теория дұрыс. Себебі, нейрондар 20-сағатта толық бұзылыды, ал миоциттер бұзылмайды.

3. Жүректің өткізгіш жүйесінің функциясы мен құрылымы қандай?

миокардта ет талшықтарда 2 - түрі: жүрек еті негізін құрайтын жиырылуға бейімделген миозидтер, жүрек өткізгіш жүйесін құрайтын арнайы емес белсенді тік бейарнамалы миоциттер яғни өткізгіш жүйесі саркоплазмаға бай, миофибриндері аз, өте қозғыш, эмбр жасушаға ұқсас болып келеді.

Өткізгіш жүйесі 2 түрден тұрады.

1. Жоғарғы қуысты вена мен оң құлақша арасында - Кис - Флек түйіні.

2. Оң жүрекше мен қарынша арасында - Ашофф - Тавар түйіні.

осы екі түйінді бір - бірімен және СА түйіні сол жүрекшемен жабыстыратын жіпше бақилан талшықтары. АВ түйін төменінде, қарыншааралық пердеге жақындаған жерде ГИСС шоғыры орналасады. одан оң сол аяқшалар шығып эндокардт астымен төмен түсіп, жүрек ұшындағы қалың етке айналады. Одан иіліп жоғары қарай емізікше еттерге бұтақ тәрізді жайылып жеке Пуркинье талшықтарына айналады. Сонымен жүрек СА түиіннен байланысы, Пуркинье талшықтарымен бітеді.

Өткізгіш жүйесінде СА-ға автоматизм тән өйткені мұнда қозу саны көп сондықтан ешқандай тітіркеніс әрекеттерде мембр. потенциал (МП) - ӘП -ға айналады. Қозу саны әркімде әртүрлі М піпі - 25 рет адам жүрегі 70-72, қоян -150, торғай жүрегі - 600 рет соғады. Бұл зат алмасу деңгейін білдіреді.

4. ЭКГ элементтерін атаңыз және оларға толық сипаттама беріңіз.

5. Электрокардиография, ЭКГ тармақтары деген не?

Жүрек еті қозған кезде көптеген ет талшықтары теріс зарядқа көшеді де, қозбай қалған ет талшықтары бұрынғысынша оң зарядын сақтап қалады сөйтіп қозған және қозбаған миоциттер арасында электр айырмашылығы пайда болып,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,

6. Жүректің насостық функциясы немен сипатталады, оның жиырылғыштық көрсеткіштері қандай?

Жүрек адам бойындағы сорғылық яғни насостық қызмет атқаратын бүрден бір мүше. Жүректің насостық қызметіне оның құрылысы сай келеді. Ол тұтас арқылы екі- сол және оң бөлікке бөлінген. Сонымен адамның жүрегі барлық сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камерадан, екі құлақша және екі карыншадан тұрады. Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа,бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылғанда қан қарыншаларға өтеді және қарынша бүкіл тамырларды бойлап қан айдайды. Тікелей сол жақ қарыншадан шыққан қолқа арқылы қан бүкіл ағзаларды оттегі және қоректік заттарды тасымалдайды. Жүректің насостық қызметінің реттелуі организмнің сыртқы және ішкі орта жағдайларына байланысты. Жүректің қызметінің баяулауына не артуына байланысты организмнің қан тамырларына келетін қан мөлшері өзгеріп отырады. Жүректің насостық қызметі автаномиялы нерв жүйесіне қатынасында рефлекторлы жолмен өзгеріп отырады. Парасимпатикалық нервтер арқылы келетін импульстер жүректің баяулатып әлсіретсе , симпатикалық нервтер жүрек қызметін күшейтіп жеделдетеді. Нервтік және гуморальдық жолмен реттелуі жүрек әрекетінің қоршаған орта жағдайларына өте дәл бейімделуіне мүмкіндік береді. Дене еңбегін атқарған кезде , бұлшықеттерден сіңірлерден шығатын импульстер жүрек қызметін реттеп отыратын нерв жүйесіне келеді. Бұл симпатиклық нервтер бойымен жүрекке келетін импульстер ағынын күшейтеді. Сонымен қатар қандағы адреналиннің шамасы артады.

Жүректің жиырылғыштық көрсеткіштері. Жүректің жиырылғыштық жұмысының көрсеткіштері жүректің систолалық және минуттық көлемі жатады. Жүректің систолалқ немесе соққы көлемі дегеніміз- әр жиырылу кезінде сәйкес тамырларға жүректің ығыстырып шығаратын қан көлемі. Систолалық көлем , жүректің өлшемңне миокард күйіне және ағзаға байланысты. Әр систолалық көлемі шамамен 70-80 мл-ді құрайды. Сөйтіп қарыншалар жиырылуы кезінде артериялық жүйеге қанның 120-160 мл көлемі келіп түседі. Жүректің минуттық көлемі дегеніміз жүректің өкпе өзегі және аортаға « минутта ығыстырып шығаратын қан көлемі. Жүректің орташа минуттық көлемі 3-5 л құрайды.

7. Коронарлық қан айналыстың ерекшеліктері қандай?

Жүрек етіне қан әкелетін тәждік артерия қолқаның сол қарыншасынан басталады. Бұл артерияларға қан негізінде диастола кезінде өтеді. Систола уақытында жүрек еті жиырылып, тәждік тамыр қысылғандықтан қан ағысы өте төмендейді. Олай болғанымен де жүректің минуттық көлемінің 4-6 проценті (200-250 мл) жүрек тамырларына түседі. Ал дене қимылы үдесе бұл тамырдан минутына өтетін қан мөлшері 3-4 литрге жетуі мүмкін. Жүрек веналарындағы қанның көбі (75-90 процент) оң жүрекшедегі тәждік синусқа, қалғаны көптеген ұсақ Тебези тамырлары арқылы қарыншаларға құйылады.

Жүрек еті басқа ағзаларға қарағанда қаннан белгілі уақыт арасында оттегін көп сіңіреді. Жүрек тамыры тарылып оттегі аз өндірілетін болса, қатты ауру сезімі пайда болады. Сау адамда оттегі жеткіліксіз болса, тәждік артериялар кеңейіп, қайтсе де миокардты оттегімен қамтамасыз етеді. Бірақ тәждік артерияларда атеросклероздық өзгерістер болса олар онша кеңейе алмайды. Сондықтан жүрек тұсында туатын ауру сезімі көбіне қарияларда кездеседі

8. Жүрек жұмысына гуморальдық әсерлер неге негізделеді?

Гормондар, иондар, медиаторлар және т.б. химиялық заттар қаннан миоциттерге өтіп, жүректің қызметіне тікелей әсер етеді. Химиялық заттарды денеден бөліп алынған жүректің қоректік ерітіндісіне қосып, кардиограмма жасау арқылы олардың әсерін анықтауға болады. Кальций мен адреналин әсері симпатикалық жүйе әсеріне ұқсайды: жүрек соғуын жиілетіп (хронотропты әсер), күшін (инотропты әсер), тонусын өсіреді (тонотропты әсер), қозу мен қоу өткізу қасиеттерін де көтереді (батмо, -дромотропты әсер).

Хлорлы калий, гистамин, ацетилхолин кезеген жүйке сияқты жүректің барлық қасиеттерін төмендетеді: жүрек әлсіреп, соғуы сирейді, қозу қабілеті төмендеп, қозу өткізу қарқыны баяудайды, кейде бұл заттардың әсерінен диастола кезінде тоқтап қалады. Әсері кезеген жүйке әсеріне ұқсас заттар ваготропты, ал симпатикалық жүйке әсері сияқты химиялық заттар симпатотропты заттар деп аталады.

Гуморальдық заттар жүрекке орталықтағы кезеген жүйке тонусын өзгертуі арқылы әсер етуі мүмкін.Бұл әсер олардың жүрекке тікелей тигізетін әсеріне қарама-қарсы болады. KCl, ацетилхолин кезеген жүйке нейрондары тонустарын өзгертіп, симпатикалық жүйке тонусын күшейтеді, сөйтіп, жүрек қызметін жақсартады, ал адреналин, хлорлы кальций кезеген жүйке орталығын қоздырып, жүректің қызметін бәсеңдетеді, әрі әлсіретеді.

Организмде сан қилы әрекеттердің жүйкелік және гуморальдық реттелуі бір-бірімен тығыз байланысты үдерістер. Мұнда жүйке жүйесінің қатысуымен реттелу жетекші рөл атқарады, ал қан арқылы реттелу оның әсерін тінге өткізетін тәуелді үрдіс. Оны мынадан байқауға болады.

1. Гуморальдық әсері күшті заттардың деңгейі жүйке әсеріне тәуелді. Мәселен, қандағы адреналин деңгейі жүйке жүйесінің бүйрекүсті безге тигізетін әсеріне байланысты; 2.Белгілі бір жүйке нақты тінге ықпал ету үшін алдымен өзінің ұшынан химиялық зат бөліп шығарады да сол арқылы әсер етеді. Жүйкенің тінге химиялық заттар арқылы әсер ететінін тұңғыш 1892 ж. Қазан университетінің профессоры А.Ф.Самойлов болжаған.

9. Гемодинамикаға анықтама беріңіз. Қан тамырларының функционалдық бөлімдеріне сипатталады?

Гемодинамик- қан тамырлары жүйеміндегі гидростатикалық қысым айырымы нәтижесінде тамырдағы қанның жылжуы . Мысалы адамда жүрек бір жиырығанда 60-70 мл қан айдап шығарады. Бұл тыныштық күйінде 4,5-5 л/мин ға тең. Жүректің 1 минутта айдайтын қан мөлшері жүрек- тамыр жүйесі қызметінің ең басты көрсеткіші болып табылады. Қара жұмыс кезінде ол

20-25 л/мин жетеді. Қан тамыр жүйесі тұйық және тамырлардың ұзындығы диаметрі әртүрлы болғандықтан едәуір кедергі тұдыды. Ол кедергі шамасы Пуазеиль заңы бойынша анықталады. Қан тамырларының барлық бөлігінде бір мезгілде өтетін қан мөлшері бірдей болады. Қанның тамыр бойымен қозғалу жылдамдығы тамыр бөлігінің осы арадағы барлық қуыс көлеміне кері пропорционал келеді . Қанның адам қолқасында ораша жылд. 50см/сек, капилярда 0,5 см/сек,ал қуыс венасында 20 см/сек. Жүректің соғуына байланысты қолқа мен ірі артериялардан қан үздік-үздік өтеді. Артерия қаьырғасының созымталдығы арқасында, артық қан іріліп қалады да , капилярға үздіксіз ағып келіп отырады. Қан тамырдың функционалдық бөлімдеріне: қанды жүректен адып шығып организмге тасымалдайтын қызыл тамырлар-артериялар

Қанды организмден жүрекке алып келетін- веналар , оларды өзара байланстырып организмдегі жасушалық деңгейде үздіксіз жүретін зат алмасу процесін қамтамасыз ететін микроайналым арнасының қан тамырлары қызыл тамырша- артериола, қылтамыр-капиляр, және көк тамырша -венула жатады. Артерия жүйесіне - өкпе артерясы,қолқа,және артериолаға дейінгі артерия тармақтары жатады.

Вена қантамырлары- мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды. Денеден жиналатын вена қаны алдымен ұсақ веналардың өзара қосылуынан,ірі вена қантамырларын түзеді. Ең соңында бүкіл денеден жиналатын вена қантамырлары жоғарғы және төменгі қуыс венасына құяды

Венула- көктамырша, гемокапилярлардың бір-бірімен өзара бірігулерімен түзілетін, орташа арнасы 30-50 мкм тең жіңішке қан тамыры.

Капиллярлар – олар дененің барлық мүшелерін торлайды. Онда қан өте баяу қозғалады. Қандағы қорек заттар қылтамырлардың қабырғасымен ұлпаларға өтеді. Қорыта келгенде , адам ағзасында қан- артериялар, веналар, капиллярлар бойымен ағады .

10. Артериялық пульстің шығу табиғатына, зерттеулеріне және қасиеттеріне сипаттама беріңіз.

Жүректің ырғақты соғуына байланысты қолқадағы қан қысымның жоғарылап-төмендеуі артерия тамырларын лүпілдетіп тұрады.Мұны артерия пульсі деп атаймыз. Систола кезінде жүректен шыққан қан қолқаны кеңітеді,ал диастола кезінде қолқадағы серпімді талшықтардың серпінісі ішіндегі қанды қысып қолқа түтігін бұрынғы қалпына келтіреді де, қанды сығып қолқадан әрі артерияға ығыстырып жылжытады.Жүректен шыққан қанның ықпалынан пайда болған осы қолқа қабырғасының толқыны пульстік толқын деп аталады. Ол артерия тамырларының бойымен лезде шетке тарап

Кетеді. Пульстік толқын секундына 9-12метр жылдамдықпен тарайды,ал қолқадағы қан ағысының сызықтық шапшаңдағы секундына 30-50см ,пульстік толқын шеттегі тамырларға қолқаны қаны кеңейткен қан бөлігінен бұрып келіп жетеді .Артерия тамырын саусақпен ұстап басқан кезде осы пульстік толқын сезіледі.Пульс көбінесе қатты тіннің (сүйектің) үстінде теріге жақынырақ орналасқан артерияларда байқалады.Мысалы ,адамда самай,білезік, білек,ұйқы артерияларын бас бармақтан басқа төрт саусақпен басып анықтайды.Пульсті белгілі аспаппен сфигмографпен жазып алуға болады. Тамырдың соғуын көрсететін қисық сызық-сфигмограмма анакроттық көтерілу және катакроттық төмендеу сызықтарынан тұрады.Катакроттық төмендеу кезінде ойыс (инцизура)кездеседі.Одан кейін дикроттық тіс пайда болады(қайта көтеріледі).Анакрота қан қысымының систолалық көтерілуіне ,ал катакрота оның диастолалық төмендеуіне сәйкес келеді.Ал дикроттық тіс диастола мезгілінде қолқаның айшық қақпақшаларының алдымен қарыншаға қарай созылып ауытқуынан,кейін бұрынғы қалпына келіп ,бастапқы орнына түсуіне байланысты қанның біресе қарыншаға ауытқып ,содан соң қайтадан қолқаға өтуінен пайда болатын қосымша толқын .

Артериялық пульс жүректің атқаратын қызмет көрсеткішінің бірі.Пульстің көптеген қасиеттері арқылы қанайналымын да сипаттауға болады .

11. Қан тамырлар тонусының миогендік және гуморальдық ретелулері деген не?

Қан тамырлар тонусының миогендік реттелуі қан тамырлар қабырғаларында ғы тегіс бұлшықет клеткаларының спонтанды активтілігіне байланысты болып келеді

Ағзадағы физиологиялық демалыс жағдайында қан плазмасында ангиотензин концентрациясы тікелей қабілетті деңгейге жетеді. Тамыр тонусының әсері оның секрециясын ынталандыру үшін жеткілікті болып табылады.Натрий мен судың органына кідіріссіз септігін тигізетін- альдостерон, және су-тұз балансының айтарлықтай жиырылғыш қызметін әсер етуі мүмкін қан тамырлары- тегіс бұлшықеттер. вазопрессин , бұл пептидтер тобына жатады, перифериялық және орталық ретінде де әрекеті бар.

Бүкіл организмнің жылы тамырлардың тонусын реттейтін жергілікті химиялық факторлар өзара іс-қимыл нақты органның мүдделерін миогенді нәтижесі өзара іс-қимыл орталық жүйкелік және гуморальдік модельдеуі әсер етеді.

Гуморальдық реттелу-биологиялық активті заттар және метаболизмнің өнімдері арқылы орындалады

Олардың прессорлық әсері және депрессорлық әсері бар.

Бұл реттелу осы заттар арқылы жүзеге асырылады-

Адреналин

Норадреналин в

Вазопрессин

Серотонин

Ренин , ангиотензиноген, ангиотензин I, ангиотензин II.

метаболизм өнімдері, хининдер

Ацетилхолин

Гистамин

Жүрек қан тамыр жүйесі - student2.ru

12. Қан мен тіндер арасындағы алмасу процестерін сипаттаңыз.

Бұл тірі ағзада өтетін барлық химиялық реакциялардың жиыны. Зат алмасу нәтижесінде ағзаға қажет заттар түзіледі және энергия бөлінеді. Ағза мен сыртқы орта арасында әрқашан зат және энергия алмасуы үздіксіз жүріп отырады. Күрделі қоректік заттар ас қорыту мүшелерінде қорытылып құрылысы жай заттарға айналған соң ащы ішектен қанға және лимфаға өтеді. Қан және лимфа ағыны арқылы ұлпаларға жеткізіледі. Әр мүшенің жасушалары өзіне тән және өсіп-өнуіне қажетті қарапайым заттарды түзеді. Қоректік заттардың ыдырауынан пайда болған энергияны жасушалар әр-түрлі физиологиялық үрдістер үшін жұмсайды. Артық түскен заттарды өзіне қор етіп жинайды (мысалы, гликоген, май). Ал жасушалардың тіршілік етуі нәтижесінде түзілген керексіз заттар өкпе, тері ішек арқылы сыртқа шығарылып отырады…

13. Қан тамырлардағы қанның ағысына гравитацияның әсері қандай?

14. Қанның деполануы (қорға жиналуы) деген не?

15. Микроциркуляторлық арна деген не және ондағы қанның жылжуы қандай?

Тыныс алу жүйесі

1. Тыныс алу қандай кезеңдерден тұрады, сыртқы тыныс алуға сипаттама беріңіз.

Тынысалу деп ауадан оттегін сіңіріп, көмір қышықл газын шығаруын қамтамасыз ететін өзара байланысты көптеген үрдістердіайтады. Оттегінің қатысуымен организмде тотығу үрдісі өтеді.

Организм ауадан үздіксіз оттегін алып, ұдацы көмір қышқыл газын сыртқа шығарып тұрса ғана өмір сүре алады.

Тыныс алу негізінен бес кезеңнен тұрады:

1. Сыртқы тыныс алу –ауадағы газдарда өкпеге әкеліп, өкпеден қайтадан атмосфераға шығарып тұру.

2. Өкпе көпіршіктеріндегі газдар мен қан құрамындағы газдардың алмасуы.

3. Газдардың өкпеден тінге, тіннен өкпеге қан ағынымен тасымалдануы.

4. Тін мен қан арасында газ алмасуы.

5. Ішкі тыныс алу- жасуша құрамындағы органикалық заттардың тотығуы. Бұл –химиялық үрдіс. Тынысалудың алғашқы 4 кезеңін физиология соңғысын биохимия зерттейді.

Сыртқы тыныс –дем алу және дем шығару механизмі. Сыртқы тынысалу, яғни газдардың ауадан өкпеге өтуі, өкпеден қайта атмосфераға шығарылуы екі кезеңнен: демалу-инспирация және демшығарудан экспирация тұрады. Инспирация мен экспирация тірі организмде өзара жымдасып үйлесім тапқан, өмірі бойы бірінен соң бір кезеекпен келіп алмасып отырады. Ауаны өкпеге тартып алып, ондағы газ алмасуына қатысқан ауаны тысқа шығару үшін өкпе біресе ұлғайып , біресе тартылып тұруға тиіс. Өкпе сыртындағы ауамен қатыспайтын көкірек құысында орналасқан. Сыртынан өкпе висцеральдық және париетальдық екі қабықпен қоршалған висцеральдық плевра өкпе тінімен біте байланысқан. Өкпе түбіріне жеткен жерде париетальдық плевраға айналады да көкірек құысын ішкі жағынан астарлап көмкереді, ондағы тіндермен біте қиылысады.

Адам демді ішке тартқан кезде инспирация еттері жиырылады да, көкірек құысын кеңейтеді: көкет жиырылады, оның күмбезі жазылып 1,5 см төмендейді. Өкпе альвеолалары серпімді тіндерге бай, осыған байлансыты олар жазылып ұлғаяды да, көкірек құысын кернеп, түгелдей жайлап алады. Осы сәтте альвеолаларда қысым азаядыда сырттан тартылған ауа өкпеге қарай ойысады. Одан әрі инспирация еттері босап қабырғалар мен төс әдеттегі орындарына түседі, іле-шала көкет күмбезі томпайып, жоғары қарай көтеріледі де көкірек құысы тарылады, өкпенің аумағы кішірейеді. Көкірек құысының тарылуы экспирация еттері, яғни ішкі қабырға аралық еттердің жиырылуына байлансыты.

Қаттырақ, яғни терең дем алған сәтте,қосымша тыныс алу еттері бұл үрдісті күшейе түседі. Ал демді шығару тура, қиғаш, көлденең жолақты құрсақ еттерінің жиырылуына байланысты.

2. Сыртқы тынысты зерттеу тәсілдеріне сипаттама беріңіз.

Сыртқы тыныс –дем алу және дем шығару механизмі. Сыртқы тынысалу, яғни газдардың ауадан өкпеге өтуі, өкпеден қайта атмосфераға шығарылуы екі кезеңнен: демалу-инспирация және демшығарудан экспирация тұрады. Инспирация мен экспирация тірі организмде өзара жымдасып үйлесім тапқан, өмірі бойы бірінен соң бір кезеекпен келіп алмасып отырады. Ауаны өкпеге тартып алып, ондағы газ алмасуына қатысқан ауаны тысқа шығару үшін өкпе біресе ұлғайып , біресе тартылып тұруға тиіс. Өкпе сыртындағы ауамен қатыспайтын көкірек құысында орналасқан. Сыртынан өкпе висцеральдық және париетальдық екі қабықпен қоршалған висцеральдық плевра өкпе тінімен біте байланысқан. Өкпе түбіріне жеткен жерде париетальдық плевраға айналады да көкірек құысын ішкі жағынан астарлап көмкереді, ондағы тіндермен біте қиылысады.

Адам демді ішке тартқан кезде инспирация еттері жиырылады да, көкірек құысын кеңейтеді: көкет жиырылады, оның күмбезі жазылып 1,5 см төмендейді. Өкпе альвеолалары серпімді тіндерге бай, осыған байлансыты олар жазылып ұлғаяды да, көкірек құысын кернеп, түгелдей жайлап алады. Осы сәтте альвеолаларда қысым азаядыда сырттан тартылған ауа өкпеге қарай ойысады. Одан әрі инспирация еттері босап қабырғалар мен төс әдеттегі орындарына түседі, іле-шала көкет күмбезі томпайып, жоғары қарай көтеріледі де көкірек құысы тарылады, өкпенің аумағы кішірейеді. Көкірек құысының тарылуы экспирация еттері, яғни ішкі қабырға аралық еттердің жиырылуына байлансыты.

Қаттырақ, яғни терең дем алған сәтте,қосымша тыныс алу еттері бұл үрдісті күшейе түседі. Ал демді шығару тура, қиғаш, көлденең жолақты құрсақ еттерінің жиырылуына байланысты.

3. Өкпенің сыйымдылықтары мен көлемдері деген не? Олардың бір-біріне арақатынасы мен мөлшерлері қандай?

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегеніміз –терең дем алып, іле-шала терең дем шығарған кезде сыртқа шығатын ауаның көлемі. ӨТС ересек адамда 3500-5500 мл. ӨТС адамның жасына, жынысына, бойына, дене еттерінің күшіне байланысты болады. ӨТС қарт адамда аз, оның қабырға шеміршектері қатайып, өкпесінің серпімді қабілеті төмендейді, сондықтан демді ішке тартқанда кеуде құысы онша кеңімейді, өкпесі керегенше жазылмайды. Ер адамға қарағанда әйелдің көкірек құысы тарлау, ал жолақ еттері ширақ, күштірек келедіде,дем алған кезде көкірек қаттырақ керіледі, ӨТС жоғары болады.

ӨТС –ын, оның құрамындағы ауа түрлерін көлемін спирометрмен өлшеп немесе спирографпен жазып, олардың мөлшерін спирограмма арқылы табуға болады.

Күш салып терең дем шығарған сәтте 1000-1500 мл ауа сыртқа шықпай өкпеде қалып қояды. Мұндай ауа қалдық ауа деп аталады. Қалдық ауа мен резервтік демшығару ауасы қалыпты дем алып, дем шығарған кезде әрдайым өкпеде қалып отырады. Мұндай екі түрлі ауаның қосындысы функциялық қалдық ауа деп аталады.

Ал қалыпты дем алған кезде функциялық қалдық ауа қалыпты тыныс ауасымен араласып, әрдайы аздап жаңарып отырады. Демді мейлінше ішке тартқан кездегі өкпені толтырған ауаның жалпы мөлшері өкпенің жалпы сыйымдылығы деп аталады. ӨЖС өкпенің тіршілік сыйымдылығы мен қалдық ауадан тұрады. Әдетте ҚА өкпенің жалпы сыйымдылығының 20-30% -не тең. Қарт адам өкпесінің серпімді қабілеті төмендеп шеміршегі қатайғандықтан өкпенің тіршілік сыйымдылығы азайып кетеді, ал қалдық ауаның көлемі, керісінше, көбейе түседі.

Тыныстың минуттық көлемі.

Бір минут ішінде өкпе арқылы өтетін ауаның көлемі тыныстық минуттық көлемі деп аталады. ТМК бір минут ішінде өкпеге келіп түсетін оттегімен сыртқа шығарылатын көмір қышқылы мөлшерінің ара-қатынасына байланысты. ТМК әдетте орташа есеппен 6-9 л болса, ал ауыр, қара жұмыс істеген адамда 100-120 л –ге жетеді, тіпті одан да асады. ТМК қалыпты жағдайда шығарылған ауаны Дуглас қабына жинап, газ санақшасынан өткізу арқылы өлшенеді немесе қалыпты тыныс ауасының көлемін минуттық тыныс жиілігіне көбейту арқылы анықталады. ТМК осы аталған екі көрсеткіш мөлшеріне қарай өзгеріп отырады.

4. Физиологиялық өлі кеңістік деген не? Оның құрамына кеңістіктер кіреді?

Ауа жолын жайлаған ауа, газ алмасу үрдісіне қатыспайды, сондықтан бұл жол «өлі» кеңістік деп, ал ондағы ауа «өлі» кеңістік деп аталады. «Өлі» кеңістік анатомиялық және физиологиялық болып екіге бөлінеді. Анатомиялық «өлі» кеңістіктің аумағы қан тамырларымен қамтамасыз етілмеген немесе ауасы алмаспаған альвеолалардың санына байланысты. Физиологиялық «өлі» кеңістік альвеолалық желдетіліс мөлшері және өкпедегі қанның көлемдік жылдамдығына байланысты. Альвеолалық желденіс (Ѵₐ) деңгейі мен қан айналысының кіші шеңбері арқылы өтетін қан көлемінің (Q) ұдайы өзгеріп отыруына байланысты физиологиялық өлі кеңістік бірдей кеңейіп, бірдей тарылып отырады. Бұл тәуелділікті альвеолалық желдетіліс (Ѵₐ) көрсеткішін қан айналу жылдамдығы көрсеткішіне бөлу арқылы (Ѵₐ: Q) анықтауға болады.

Қалыпты демалу үрдісі аяқталған сәтте физиологиялық «өлі» кеңістік Ѵₐ: Q=

-0,8-ге жақындайды. Бұл альвеолалық желдетіліс көрсеткішін қан айналымының кіші шеңбері арқылы бір минутта өтетін қан көлемінен едәуір төмен екенін, яғни «өлі» кеңістіктің ұлғайғаанын көрсетеді.

Егер Ѵₐ: Q=1-ден жоғары болса, альвеолалық желдетіліс қан перфузиясынан (айналысынан) көп жоғары, яғни өкпеде газ алмасуы деңгейінің төмен екенін, басқаша айтқанда «өлі» кеңістік аумағының кеңейгенін көрсетеді.

5. Өкпелердің вентиляциясы (ТАМК), альвеолярлық вентиляция, өкпелердің максимальдық вентиляциясы деген ұғымдардың арасындағы айырмашылықтар неге негізделеді?

Вентиляция деген қазақша желдетіліс түсінбей қалмаңдар!

Бір минут ішінде өкпе арқылы өтетін ауаның көлемі тыныстық минуттық көлемі деп аталады. Тыныстық минуттық көлем бір минут ішінде өкпеге келіп түсетін оттегімен сыртқа шығарылатын көмір қышқылы мөлшерінің ара-қатынасына яғни зат алмасу қарқынына байланысты. Тыныстық минуттық көлем әдетте орта есеппен 6-9 л болса, ал ауыр, қара жұмыс істеген адамда 100-120 л-ге жетеді, тіпті одан да асады. Тыныстық минуттық көлем (ТМК) қалыпты жағдайда шығарылған ауаны Дуглас қабына жинап, газ санақшасынан өткізу арқылы өлшенеді немесе қалыпты тыныс ауасының (ҚТА) көлемін минуттық тыныс жиілігіне (МТЖ) көбейту арқылы анықталады. (ТМК=ҚТА+МТЖ). МТЖ ересек адамда 14-20. ТМК осы аталған екі көрсеткіш мөлшеріне қарай өзгеріп отырады. ТМК өкпенің желдетіліс мөлшерін, яғни өкпе желдетілісін көрсетеді. Бірақ өкпенің жалпы желдетіліс мөлшеріне альвеолалық желдетіліс мөлшері тең болмайды (кем келеді), өйткені өкпе көпіршігіне сырттан келген ауаның тек 70%-ы ғана енеді, қалғаны «өлі» кеңістіктің желдетілінісін көсетеді. Альвеолалық желдетіліс өкпедегі ауаның минут сайын жаңарып отыру мөлшерінің, өкпедегі газ алмасу қарқынының көрсеткіші. Қалыпты тыныс алу кезінде альвеолалық желдетіліс біркелкі болады.

6. Көмір қышқыл газының қанмен транспортталуын толығымен сипаттаңыз.

Жүрек қан тамыр жүйесі - student2.ru

Жүрек қан тамыр жүйесі - student2.ru

7. Тіндердегі оттегі мен көмір қышқыл газдарының бір-бірімен алмасуы қалай іске асырылады? Гипоксемия, гипоксия, гиперкапния деген не?

Тыныс алу орталығының қызметі: қандағы газдар молшеріне, CO2 мен О2 қатынасына байланысты озгеріп отырады қанда О2 молшері азайса гипоксия немесе CO2 артса гиперкапния болады, тыныс алу жиілейді. Муны гиперпное дейді. Әдетте ересек адам минутына 16- 20 рет дем алады – ейпное деп аталады. Егер қанда CO2 азайса гипокапния болады, тыныс алу сирейді, типті тоқтап қалады- апное. Кеңірдекті қысып біраз уақыт дем алмай қойса ( асфексия) гиперкапния мен гипоксемия процестері удейді де адам жиі жиі арі терең дем алады, және диспное пайда болады.

8. Тыныс алу орталығына, оның орналасуына, өмірлік маңызы бар бөлімдеріне сипаттама беріңіз.

Тыныс жиілігі, тереңдігі О2 адамға қажет молшері және СО2 деңгейіне байланысты озгеріп отырады. Ал буларды жуйке жуйесі реттеп отырады. Тыныс алу еттерін жиырылтатын жуйке нейрондары жұлын мен ми қурамына кіреді: диафрагмалық жуйке нейрондары жулынның 3-4ші мойын сигментінің алдынғы муйізінде, ал қабырға аралық еттердің жуйке клеткалары жулынның кокірек сегменттерінде орналасқан. Тыныс алудың орталығы Сопақша ми болып табылады. Егер одан томенірек жулын мен туйіскен жерді кессе тыныс тоқтап қалады. Тыныс алу орталығы дорзальды жағында кобіне инспирациялық ал вентральды жағында эксперациялық нейрондар орналасқан. Инспирациялық нейрондар орындайтын қызметіне қарай қозу және тежеу болып болінеді. Инспирация қозғанда, экспирация тежеледі. Вароли копіршесіндегі пневмотаксикалық тыныс орталығы осыны қадағалап отырады.

9. Гипоталамус пен мидың жоғарғы бөлімдернің тыныс алуды реттеудегі қалай іске асырылады?

Тыныс алу гипоталамус арқылы да және мидың кей бөлімдері арқылыда реттеледі. Тыныс алудың еттерін жиырылтатын жуйке нейрондарының жулын мен ми қурамына кіреді: диафрагмалық жуйке нейрондары жулынның 3-4ші мойын сигментінің алдынғы муйізінде, ал қабырға аралық еттердің жуйке клеткалары жулынның кокірек сегменттерінде орналасқан.Егер жулын мен мидың туйіскен жерін кесіп тастаса тыныс алу тоқтайды. Адам оз еркімен тынысты жиілетіп, тереңдете алады, тіпті біразға дейін тоқтата алады. Мунда тыныс алу реттелуі ми қыртысы арқылы реттелетінін корсетіледі. Тыныстың омір бойы белгілі бір ырғақпен қозу және сыртқы, ішкі ортаның озгерістеріне бейімделуінің механизмі. Тыныс алудың қозу жиілетіп реттейтін пневмотаксикалық орталық, гипоталамус, торлы қурылым, стриополидарлық жуйе және лимбиялық жуйемен реттеледі.

10. Төменгі тыныс жолдарының рецепторларына сипаттама беріңіз.

Ас қорыту жүйесі

1. Асқазан секрециясын реттеуге қатысатын ас қорыту жолдарының негізгі гормондарына сипаттама беріңіз.

Пилоруста G жасушаларынан гастрин гормоны бөлініп шығады. Гастрин шығару үрдісін белок ыдыраған кезде пайда болатын өнімдер мен экстративті (ет, көкөніс сорпасы) заттар үдетеді. Гастрин қанға сіңіп, ол арқылы қарын бездеріне жетіп, олады тітіркендіреді. Әсері гастринге ұқсайтын 2-ші химиялық зат гистамин. Ол қарын сөлінде тұз қышқылын молайтады. Гистамин қарынның шырышты қабығында гистидиннен түзіледі. Оны медиаторға жатқызамыз. Қанда гастрин мен гистамин көбейсе қарынның сөл шығару қабілеті арта түседі. қарында ішек пен бауырда гистаминді ыдырататын фермент гистаминаза болмайды, сондықтан қарыннан бөлініп шыққан гистамин алдымен қанға сіңеді де қақпа венасына, одан бауырға , осы арада қан тамырларын айналып қарын артериясына , одан әрі қарын бездеріне жетіп оларға әсер етеді.

Аталған заттар мен қатар ішектің шырышты қабығында энтерогастрин , бомбезин гормондары бар. олар қан арқылы қарын бездерін тітркендіріп, сөл шығару үрдісін үдетеді.

2. Асқазаннан он екі елі ішекке ас қалай эвакуацияланады? Осы процестің жыдамдығын қандай факторлар қамтамасыз етеді?

Қарынның моторлық іс әрекетінің ерекшелігі:

1) қарын қабырғасының бірыңғай салалы бұлшықеті жасушаларының автоматизмі

2) ұзақ уақытты тонустық жиырылу мен босаңсу

3) күшті және кіші интенсивті перистальтикалық толқандардың болуы.

Осы аталған барлық ерекшеліктердің бірыңғай қызметінің нәтижесінде қарындағы тағам 12 елі ішекке қарай жылжиды. Астың 12 елі ішекке өтуі антральдық бөлімнің пропульсивтік күшті жиырылуына байланысты бөлек бөлек сығымдалған түрінде жылжиды. Химустың 12 елі ішекке жылжу жылдамдығы қарындағы ас кесегінің консистенциясына, осмостық қысымына, тағамның хим.құрамына және 12 елі ішектің толу деңгейіне байланысты. Қарыннан 12ішекке ең жылдам көмірсулі тағам жылжыса, кейінірек наруыздық тағам жылжиды. Ал майлы тағам ең ұзақ уақыт кідіреді. Ас кесегінің қарыннан 12ішекке ауысуында пилорикалық сфинктердің ашылып жабылу механизмі басты рөл атқарады. Бұл мезанизмнің қызмет атқаруы негізінде метасимпатикалық ЖЖ қызметі жатыр. Ол өзара байланысқан афференттік , қондырма, эфференттік нейрондардың жиынтығы. Олар жергілікті рефлекстік принцип бойынша жұмыс жасайды. Тағам қарынға түскенде пилорикалық сфинктер жабылады. Қышқыл химустың қарынның антральды бөлігіне жылжып, оның шырышты қабатындағы хеморецепторларға әсер етуінен сигнализация афференттік , қондырма, тежеуші нейрондарға жетіп, эфференттік қоздырғыш нейрондарға келеді, сфинктер бұлшықетінің жиырылуын реттейді. Оның тежелуі жүреді де соның есебінен сфинктер ашылады, химус 12 елі ішекке эвакуацияланады.

3. Асты қабылдаудың өттің түзілуі мен өттің шығарылуына қандай байланысы бар? Қандай гуморальдық және тағамдық заттар аталған процестерді ынталандырады?

Өт бауыр жасушаларында түзіліп, 12елі ішекке құйылып тұратын сұйық зат. Өт аш қарында өт қабына ал тамақ ішкен соң 12 елі ішекке құйылып тұрады. Өт өзегінің 12елі ішекке ашылатын жерінде одди сфинктері қоршайды. Осы сфинктер ашылғанда өт 12елі ішекке ағады. Аш қарынға одди сфинктері жиырылып, өт қабында өттің жиналуына себепші болады.

Бауыр гепоциттерінде өттің түзілуі жіәне 12елі ішекке құйылуы жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Кезеген жүйке өт түзілуін күшейтеді, ал симпатикалық жүйке тежейді. Тамақты көргенде иісін сезгенде және де тамақ жайлы әңгіме болғанда өт өзегінен 12елі ішекке шартты рефлекс түрінде өт құйыла бастайды. Ішек қарынға түскен сәттен бастап , өттің 12елі ішекке құйылуы шартсыз рефлекске бағынады.

Өт қышқылдары мен секретин өт түзілуін күшейтеді. Өт қабын жиырып өттің 12елі ішекке құйылуына панкреозимин де өз әсерін көрсетеді. Сонымен бір қатарда өт құйылуын тежейтін одди сфинктерін жиыратын бірнеше гормондар бар, олар: глюкагон, кальцитонин , антихолецистокинин, ВИП.

4. Аш ішек моторикасының негізгі түрлерін атаңыз. Оның реттелуі қалай жүзеге асырылады?

Ішек қимылы бірыңғай салалы ет талшықтарының үйлесімді жиырылуына байланысты 5 түрге бөлінеді: маятник тәрізді, ырғақты-бунақты, перистальтика, тонустық, антиперистальтика.

1. Маятник тәрізді қимыл нәтижесінде ұзыннан ұзақ орналасқан ет талшықтары біресе жиырылып, біресе босаңсиды да ішектің біраз бөлігі біресе қысқарып, біресе ұзарады.

2. Ырғақты-бунақты қимылы кезінде сақина тәрізді ет талшықтары бірден ішектің бірнеше жерінде жиырылып, сегменттерге бөледі. Ішекті бунаққа бөлу ырғақты түрде қайталанып, оның бір жерінен екінші жеріне көшіп отырады.

3. Перистальтика қимылын жасауға ішек етінің екі түрі де қатысады. Ішек бөлігінің жоғарғы жағында сақина тәрізді көлденең еттер жиырылып, ішек қуысын тарылтады, төменгі жағында ішекті бойлай орналасқан еттер жиырылып, ішек қуысын кеңітеді. Ондағы химус енді ішек қуысының тарылған жерінен кеңиген жеріне қарай жылжиды.

4. Кері перистальтика (антиперистальтика) қимылы ішектегі химусты кері қайтарып, қарынға қарай жылжытады.

5. Тонустық қимыл өзгеріп отырады. Еттер тонусы күшейсе ішек қусы тарылады, төмендесе керіснше ішек қуысы кеңейеді.

Зәр-жыныс жүйесі

1. Шумақтық фильтрация деген не? Шумақтық фильтр қандай құрылымдардан құралған? Шумақтық фильтрдің өткізгіштігі қандай факторларға тәуелді?

Несеп алдымен шумақтық сүзгіден өтеді. Яғни қан –бүйрек (геморенальдық) тосқауылы (барьер) арқылы қан шумлянский боумен капсуласына сүзіледі. Мальпигий шумағынан қан плазмасының еріген басқа да заттары қан қысым әсерінен капсуланың ішіне өтеді. Геморенальды тосқауылға байланысты эндотелий тесікшелерінен базальдық мембранамен капсуланың ішкі қабырғасынан үлкен молекулалы заттар өтеді. Шумақтық сүзгіден молекулалық салмағы 70 000 Д және одан да көп заттар - глобулин, фибриоген, гемоглобин өтпейді. Сондықтан шумақтық сүзінді құрамында белоктар өте аз болады. Шумлянский боумен капсуласынан алынған алғашқы немесе провизорлық несеп, құрамы жағынан ультрасүзінді қан плазмасымен бірдей оның құрамында қан жасушалары және үлкен молекулалы белоктар болмайды. Аздаған альбумин басқа заттардан қант, аминқышқылдар, тұздар болады. Олардың концентрациясы қан плазмасындағыдай. Алғашқы несеп көлемі өте көп, тәулігіне 150-180л.

Шумақтағы сүзілу деңгейі тәуелді факторлар:

1. капсуладағы

2. түтікшелердегі

3. бүйрек түбегідегі несептің гидростатикалық қысымы

2. Шығарылу табалдырығы деген қандай ұғым? Глюкозаның шығарылу табалдырығы нешеге тең?

Бүйректің сыртқа шығару табалдырығы деп толық қайта сіңіріле алмаудан соңғы несепте пайда болатын, алғашқы несеп және қан құрамындағы зат концентрациясын айтады.

Глюкозаның шығару табалдырығы 150-180мг\л немесе 8-9ммоль\л.

3. Генле ілмегі бойымен жылжу барысында түтікшелік сұйықтықтың осмолярлығы қалай өзгереді?

Генле ілмешігінің төмендеу иініндегі эпителий ерекшелігі тек суды ғана өткізіп, натрийді жібермейді, өйткені мұнда ион тасушы ферменттер болмайды: сукцинатдегидрогеназа жоқ. Ал өрлеу иінің эпителийі натрий иондарын қайта сіңіреді , яғни натрийді түтікшелердегі несепті интертициальды сұйықтыққа өткізіп, ондағы осмос қысымын жоғарылатады. Генле ілмешігінің өрлеу дәне төмендеу иіндерінің эпителий өткізгіштігінің ерекшеліктеріне байланысты, яғни төмендеу иінінде судың қайта сіңуі күшейеді де натридің сіңуі тоқталғандықтан несеп бірте-бірте қоюланып концентрацияланады. Судың интертицияға өтуінен осмос қысымының өте жоғары болуынан несептің ең көп осмостың концентрациясы өрлеу төмендеу иінінде бұрылатын жерінде байқалады, яғни генле ілмешігің ең жоғарғы аймағында несептің осмостық концентрациясы өте көп 290-310 ммоль\л болса, төмендеу иінінің бұрылатын жерінде 2000ммоль\л көтеріледі. Бұл өте жоғары гипертониялық несеп. Кейін қалған гипертониялық несеп ілмешектің өрлеу бөліміне түседі де , одан ары натрийдің концентрациясы төмендейді. Өйткені бұл бөлім эпителийі натрий ионын белсенді түрде қайта сіңіреді. Сондықтан несеп қайтадан изотоникалық н\се гипотоникалық болады. Оның мөлшері едәуір кемиді және дистанттық иірім түтігі несеп жинайтын түтікке түседі.

4. Түтікшелік секреция деген қандай ұғым? Секрецияланатын заттарға мысал келтіріңіз.

Несеп сөлінісі (секрециясы) белсенді үдеріс. Ол ферменттер көмегімен және АҮФ жұмсалуымен Н+, NН3, холин, парааминогиппур қышқылы, дәрілік заттар қаннан несепке өтеді. Міндетті (облигатты) сөлініс проксимальды түтікшелерде, ал факультативті сөлініс дистальды түтікшелерде жүреді.

Эндокриндік жүйе

1. Ерлер мен әйелдердің жыныстық гормондарныа сипаттама беріңіз.

Жыныс бездері – гонадалар, аралас ІСБ. Зат алмасу , көбею жыныс белгілерін ажыратуынан бастап, ұрықтың пайда болып, дамып, тууына дейінгі көптеген үрдістерді реттейтін жыныс гормондарын шығарады.

Аталық жыныс гормондары : андроген, тестостерон, андростерон.

Әйелдердің жыныстық гормондары: эстроген, прогестерон.

Жыныс гормондарының әсерлері:

1) Денеде зат алмасуды, анаболизмдік үрдістерін күшейтеді, яғни күрделі органикалық үрдістердің түзілуін күшейтеді, белок, соның ішінде ферменттердің жасалуын жоғарылатады. Осыған байланысты дене салмағы артады, себебі бірқатар тіндердің жүрек, сүйек, қаңқа бұлшықеттері, бауыр, бүйрек салмағы артады.

2) Екінші жыныс белгілерінің дамуына, пайда болуына көмектеседі. Олар тиісті жынысты сипаттайды - жыныс мүшелерінің өсіп дамуы, түк пен май қабаттарының пайда болуы, қаңқа дамуы т.б.

3) Жүйке жүйесі мен жоғарғы жүйке қызметіне әсер етеді, ұрпақ жаңғырту жүйесінің барлық бөліктері қызметінің белсенділігін қамтамасыз етеді. Жыныстық көңіл күйдің дамуы негізінен жыныс гормондарының қандағы деңгейімен анықталады. Бойдың өсуі, дененің қалыптасуы, тәртіппен өзін өзі ұстауы жыныс бездеріне байланысты.

2. Қалқанша маңы бездері мен ПТГ гормондарына сипаттама беріңіз.

Қалқанша маңы безі қалқанша безінің арт жағында жұптап орналасқан. Саны 2-6, салмағы 20-50мг. Оның гормоны: паратгормон. Паратгормон сүйекте сақталған кальциді қанға шығарады, сондықтан қанға осы гормонды қосымша енгізу н\се қалқанша серік безінің шамадан тыс артық бөлінуі гиперкальциемияға әкеледі. Соған сәйкес сүйектен кері сіңудің басқа өнімдері босатылады (магний, фосфат, цитрат) . паратгормон аталған әсері негізінен сүйек тінін бұзатын ферменттері бар. Паратгормоннның бұл әсерлері бірігіп, кальций мен фосфордың сүйектен шығуына , тіпті ондағы белокты құрамның қалыпты жағдайдан бұзылуына әкеледі. Гормон едәуір артық бөлінсе , сүйекте бос кеңістік пайда болады, яғни остеопороз дамиды.

Қалқанша маңы безінің секреция қызметінің төмендеуін гипопаратиреоз, жоғарлауын гиперпаратиреоз дейді. Туа пайда болған қалқанша маңы безінің тапшылығынан балаларда қандағы кальцийдің деңгейі төмендеп, сүйек, тіс өсуі баяулап, тырнақтары мен шаштары морт сынғыш келеді.

Паратиреоидэктомия - қалқанша серік бездерін алып тастағанда , мыс иттерге тәжірибе жасағанда, алғашқы күндері тәбеті төмендеп, қатты шөлдеу сезімі пайда болады. Операциядан кейін 1-3 күн өткен соң , әуелі кейбір жеке бұлшықеттер тартылып, одан соң жалпы дененің барлық бұлшықеттерінің ұзақ уақыт тартылуының дайындығы басталады. Оны паратиреоидты тетания д.а.

3. Ұйқы безінің негізгі гомондары – инсулин мен глюкагонға сипаттама беріңіз.

Ұйқы безі Аралас безге жатады. Сыртқы сөлініс қызметіне асқорыту сөлін өндіру жатады, ішкі сөлініс қызметін Лангерганс аралшықтары атқарады. Онда инсулин мен глюкагон түзіледі.

Инсулиннің физиологиялық әсері:

1) бауырдың гликоген түзу қызметін күшейтеді, бұлшықеттерде қорының жиналуын арттырады: сондықтан инсулинді «сараң сарбаз» дейді.

2) Жасушалардың қантты пайдалануына әсер етеді.

3) көмірсулардың майға айналуына әсер етеді;

4) Гликонеогенезді, май мен белоктан көмірсулардың пайда болуын тежейді. Инсулин гормоны жетіспегенде қант диабеті ауруы туындайды. Инсулин диабетпен ауырған адамның бұзылған зат алмасуын жөнге келтіреді. Бірақ тамақтың құрамына , қасиетіне , қандағы қанттың мөлшеріне қарай ауру оны күнделікті қабылдап отыру керек. Инсулин тек тері астына жіберіледі, себебә оның табиғаты белок болғандықтан, ішкенде асқорыту ферменттері оны ыдыратып жібереді.

Глюкагон қандағы қанттың мөлшерін көбейтіп, бауырда гликогеннің ыдырауын күшейтеді. Оның әсері гипергликемиялық адреналинге ұқсас, ал инсулинге қарама-қарсы. Бұл гормонның физиологиялық маңызы әлі онша анықталған жоқ, бірақ қанда түрлі әсерге байланысты инсулин көбейгенде глюкогонның да мөлшері артып гипогликемияға жол берілмейді.

4. Қалқанша безінің гормондарына сипаттама беріңіз (құрамында йоды бар және кальций деңгейін реттейтін).

Наши рекомендации