ІІ-тарау. КСРО жерінде Андерс әскерінің жасақталуы.

2.1 Қазақстанда поляк әскери елшілігінің қызметі

1941 жылғы 30 шілдедегі кеңес – польша елшілік алмасу туралы жарлығына сәйкес, польша эмиграциялық үкіметінің елшілігі КСРО – ның Куйбышев қаласында орналасыты. Куйбышев қаласында КСРО – дағы Польша елшісі Станыслав Кот, Кеңес жеріндеполяк әскерлерін құру штабының басшысы генерал Андерс және Польшаның КСРО – да әскери өкілеттілігінің басшылары қызметке кірісті.

1941 жылы 25 желтоқсанда КСРО – ның сыртқы істер министрлігінің келісімімен, польша елшілігін құру туралы, жарлығы жарияланды. Онда жазылғандай Польша Республикасының елшілігі Қазақстан және Орта Азия Республикаларына көшірілген поляктар орналасықан жерлерде Кеңес өкіметінің жергілікті органдармен тығыз қызмет атқару үшін құрылды. Екіншіден, польша елшілігі жағдайға байланысты уақытша поляктар мәселелерімен айналысады.

Польша елшілігі міндеттері

· Польша елшілігінің ақпарат қызметі поляк азаматтарының мұқтаждарымен айналысады.

· Польша азаматтарын тіркеу, оларды КСРО жеріндегі қозғалысы, есепке алған поляктардың әскери қызметке жарамдылығы және отбасыларын жоғалтқандар туралы мәліметтер жинау.

· КСРО заңдарына сәйкес олардың жергілікті кеңес органдарымен байланысты жалғастырып олардың көмегімен жұмысқа орналастыру.

· Поляк азаматтарына мәдени – ағарту көмек көрсету.

· Польша елшілігінің өкілеттігі жоқ округтерде олардың қызметін арнаулы өкімет қызметкері барып атқарады.

· Польша елшілігінің басшысын және орынбасарларын Польша Республикасының елшісі тағайындайды.

· КСРО – ның сыртқы істер министрлігімен байланыста жергілікті атқару органдарымен ішкі істер министрлігімен ( НКВД ) тығыз қатынаста жұмыс атқарады [21.135б].

Қазақстанда Польша елшілігінің қызметі КСРО – ның солтүстік және Қыйыр шығыс аудандарында орналасқан поляктарды ауа – райы жылы аймақтарға көшіріп орналастыру және оларды тіркеуге алып әскер қатарына шақырумен айналысу болды. Бұл аудандарда орналасқан поляктардан әскери бөлімдер жасақталды. Бұл қызметтерді кеңес – польша келісіміне сәйкес КСРО жеріндегі құрылған Польша елшілігінің жергілікті жерде құрылған Польшаның әскери өкілеттік мекемелері айналысты. Сонымен қатар Орта Азия және Қазақстан жеріндегі аудандық, облыстық әскери комиссариаттар, Орта Азия әскери округі және Қазақстан Коммунистік партиясын Орталық Комитетінің жергілікті партия комитеттері мен аудандық облыстық атқару комитеттері, КСРО ішкі істер министірінің ( НКВД ) бөлімшелері Қазақстан жеріндегі құрылған Польшаның елшілігі жанындағы әскери бөлімдерімен тығыз байланыста жұмыс атқарды.

1941 жылдың 12 тамызындағы КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығы бойынша кешірім алған азаматтардың барлығы Қазақстанға орналастырылды. 1941 жылы 1 қазанда КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі мен БКП ( б ) Ортлық Комитеті Өзбекстанға 100 мың поляк азаматтарын қоныстандыру туралы шешім қабылдады. Бұл аймақтардың таңдалуы, әрине, бірінші кезекте мұндағы ауа – райының жылылығына байланысты болар, сонымен қатар жер аударылған поляктардың көбі бұрыннан Қазақстанда тұрып жатқан болатын.

1941 жылы 25 желтоқсанда КСРО мемлекеттік қорғаныс Комитеті " КСРО жеріндегі поляк әскері туралы " қаулы қабылдады. Қаулы бойынша Поляк әскерінің толық құрамы 96 мың адам және 6 жаяу әскер дивизиясы әрқайсысында 11 мың адамнан, штаб, офицерлік мектеп және басқа бөлімдерде 30 мың адам болмақ.

Куйбышев қаласындағы Польша елшілігімен және поляк әскерлерінің басшысы генерал Андерстің КСРО – ның әскери комиссарияты бөлімшелерімен келісіп Қазақстан және Орта Азия жеріне орналастырылды.

Атап айтқанда:

ü Армия штабы мен ғимараты – Янги – Юль ( Өзбек КСР )

ü Офицерлер мектебі – ст Веревская ( Өзбек КСР )

ü Күшейтілген армия бөлімшесі – ст Отар ( Қазақ АКСР )

ü Қара – Балты ( Қырғыз КСР )

Сонымен қатар барлығы 6 жаяу әскер дивизиясы құрылды. 8 – ші жаяу әскер дивизиясы – Пахта – Арал совхозында ( ҚазКСР ). 10 жаяу әскер дивизиясы ст – Луговая ( ҚазКСР ) орналастырылды.

1941 жылы 8 тамызда Польша Жоғарғы Әскери Бас қолбасшысы В. Сикорски және Қызыл Әскер Бас штабының барлау орталығының бастығы генерал – майор А. П. Панфиловтың келісіммен Қазақстан жерінде поляктарды қабылдау, оларды тізімге алу және орналастыру қызметін атқару үшін:

ü КСРО жоғарғы қолбасшылығы жанында Поляк Әскери миссиясы құрылды;

ü Лондондағы Поляк жоғарғы Қолбасшысы жанынан кеңес әскери миссиясы құрылады. Басқа жергілікті жерлерде Польша елшілігінің бөлімшелері құрылады – делінген [2.94б].

Қазақстанға КСРО – ның әр түкпірінен келіп жатқан поляк азаматтарын қабылдау, тізімге алу қызметтерін жүргізу үшін Орта Азия Әскери округының штабы Қазақстанның барлық облыстарының Әскери Комиссарияттары польшаның елшілігі жанындағы әскери өкілеттілігімен тығыз байланыста жұмыс істеуді міндеттеді.

1941 жылы 28 қазанда Қазақстанның Әскери комиссары генерал Шербаков және Польша әскерінің капитаны Казимир Марьянский Алматы, Қарағанды, Ақмола облыстарында тұрып жатқан поляк азаматтарын көмек көрсету үшін Алматы қаласында Польша елшілігімен Польша әскерінің штаб үйін ашуға келісті. Осы күні Ташкен қаласына Алматыға Польша елшілігінің өкілі Венцек келді.

1942 жылы 20 мамырда Алматы қаласындағы Польша елшілігінің қызметкерлерінің тізімі жарияланды.

ü Венцек К. Я – Председатель.

ü Вольскии Я. Ю – Зав. Общим отделом.

ü Барткевич С. А – Зав. Паспортным. отд.

ü Турек В. В – секратарь.

ü Ягодзинская З. Л – Пом. секратарь.

ü Домбровскии А. В – Зав. отд. доверенных.

ü Пилят Я. З – Зав. отд. пропогонды и культуры.

ü Килиян А. – Помощница.

ü Сапега Э. Ян – Зав. отд. учето и розыск родных.

ü Лисевич К. Ян – Бухгалтер.

ü Меллер Ф. А – Интендент, кассир, и зов. склад.

ü Поляк Ян. М – Врач.

Мұрағат құжатынан қазақша аударма бердік.

Польша елшілігінің бөлімшелері Алматы облысының аудандарында ашылды [21.167,194бб] .

ü Қаратал ауданында – төраға Готлиб Я. С

ü Іле ауданы ( Талғар ) - // - // - // - // - // - Ластик.

ü Іле станциясы - // - // - // - // - // - Флянк.

ü Қаскелең - // - // - // - // - // - Кранцлер.

ü Иссык ( Есік ) - // - // - // - // - // - Зильбер.

ü Шелек - // - // - // - // - // - Гальперн.

ü Ұзын – ағаш - // - // - // - // - // - Штейнбер.

Польшаның елшілігі Қазақстанға келген поляктарды қабылдап олардың тізімін анықтап, жергілікті жердің басшыларымен тығыз байланыста болды. 1941 жылы 12 тамызда арнайы қоныстанған поляктар саны облыстар бойынша 61.092 мың азаматтар келіп қоныстанған.

Қазақстанда орналасқан поляк азаматтарының жалпы саны туралы 28.01.1942 жылғы мәлімет кесте [22].

  Облыстар Орналастырылған адам саны
Оңтүстік Қазақстан
Жамбыл
Солтүстік Қазақстан
Қостанай
Павлодар
Семей
Ақтөбе
Шығыс Қазақстан
Алматы
Қызылорда
Қарағанды
Гурьев
Батыс Қазақстан
Ақмола
Ақмола – Қарағанды теміржол
Барлығы

Ұлы Отан соғыс басталарда Қазақстанда 80 мың немістер 130 мың поляк және 60 мың корейлер тұрған. 1942 – 1943 жылдарда Алматы облысында 7549 немістер, 9098 поляктар, 18538 корейлер болған [23].

Алматы қаласында Польша елшісі Венцектің мәліметінде 1942 жылы 15 – наурызда Алма – Ата облысында тұрған поляктар саны көрсетілген.

Елді – мекендер Адам саны Жұмысқа жарамдысы
Іле ауданы
Алматы
Қаскелең
Жамбыл
Еңбекшіқазақ
Қаратал
Талдықорған
Борлы – төбе
Ақсу
Қоғалы
Шелек
Барлығы

[23].

Қазақстандағы Польша елшілігінің қызметтерінің бірі Қазақстанға келген поляктарды орналастырумен айналысты, бұл қызметті атқару үшін, Поляк әскерінің Бас Штабы Қазақстанның барлық облыстың комиссарияттарында өз өкілдерін тағайындады. Оңтүстік Қазақстан облысына – поручик Майковский, Жамбыл облысында – капитан Троянский, Алматы облысына – поручик Гитоновский басқа облыстарына жіберілетін поляк өкілдері кейін қосымша хабарланатындығы ескертілді [24].

1942 жылы 28 қаңтарда КСРО – ның сыртқы істер министрлігі Қазақ ССР – ның төрағасы мен облыстық атқару комитеттерінің төрағаларына телеграмма таратқан. КСРО жерінде Польша елшілігін құруға рұқсат етеді.

Польша өкілеттілігіне жаңа міндеттер жүктеледі. Басты қызмет польша азаматтарына көмек көрсету, тіркеу, іздестіру, жұмысқа орналастыру, поляк азаматтарына ақшалай және тауарлар арқылы көмек беру. Мүгедектер мен ауру адамдар дәрігерлік көмек көрсету және мәдени шаралар ұйымдастыру қажет екенін жазады. Поляктарға жеке құжаттар беру ( паспорт, анықтама, жеке куәлік ). Бұл шараларды жергілікті жердегі польшаның сенімді уәкілдері жергілікті басшылармен бірлесіп атқаруы жүктеледі. Төтенше жағдайда бұл мәселелер КСРО сыртқы істер министрінің орынбасары Вышиныскийге хабарлауы міндетті.

Қазақ ССР үкімет жанындағы сыртқы істер министрлігінің уәкілі Г. Смирнов. Қазақстанда Польша елшілігінің басты қызметі поляк азаматтарын жұмысқа орналастыру болды. 1941 жылы 31 – желтоқсанда Алматы облыстық атқару комитетінің жанындағы польша елшілігі мен бірігіп, облысқа келген 383 поляктар орналасқан. Барлығы жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз етілдң – деп хабарлайды. Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасы С. Шарипов Польша азаматтарының араснда әртүрлі жұқпалы аурулар кең етек алған. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан аудандық санэпидемия басқармасының мәліметі бойынша 1942 жылы 1 – 15 сәуірде 115 адам сүзек ауырған, оның 77 – сі Польша азаматттары. Дәрігерлік көмектің уақытында көрсетілуі емханадан үйлеріне жіберілді [21.140б].

1942 жылы 5 – 6 сәуірде поляк азаматтарына діни мейрамдары пасханы өткізуге рұқсат берді. Петропавл облыстық атқару комитетінің шешімімен поляк азаматтарна арнап, асхана бала бақшаларды пайдалануға оларды үй жанында бау – бақшамен айналысуға жер бөлініп берілді – деп жазды облыстық атқару комитетінің төрағасы В. Грузинев. 1942 жылы 21 – мамырда Польша елшілігінің ұсынысымен Қостанай облыстық атқару комитетінің қолдауымен мектеп, гимназия және ата – анасыз қалған балаларға арнап интернаттар ашылды. 1942 жылы 20 – маусымда Қостанай облысында 3895 әйел, 1389 ер адам және 2797 балалар, барлығы – 8081 адам деп польша елшілігі Романский Мечислав жазды.

1943 жылы мамыр айында Алматы облысында тұрған поляк азаматтарын киім – кешек және аяқ – киімдер берген. Облыстағы 2000 поляктарға 15300 мақта мата киімдері және165 аяқ – киім жеткізілген – деп жазды. Облыстық тұтынушы президиумның орынбасары Бусыгин [21.163,168-169бб].

Қазақстандағы Польша елшілігінің жанындағы әскери өкілеттілігі 1941 – 1943 жылдарда атқарған қызметі Қазақстанда орналасқан поляк әскери құрамдардың орналастыру және оларға жататын орындармен, азық – түлік, дәрігерлік көмек көрсетумен айналысты.

1941 – 1942 жылдарда Поляк елшілігінің мәліметтеріне қарағанда, барлық есепке алынған поляк азаматтарының саны 265 мың 501 адам соның ішінде РСФСР жерінде 117 мың, Қазақстанда 56 мың болды. Поляк азаматтарын есепке алу жұмыстары барысында 140 мың поляк азаматтары төл құжат алды. Кейіннен Қазақстандағы поляк азаматтарының саны 71789 адамға жетті [2.128б].

1943 жылы 20 шілдеде КСРО сыртқы істер министрлігі Польша елшілігіне мәлімдеме жасады. " Польшаның уақытша елшілігі өздерінің міндеттерін орындай алмауына байланысты, Халық Комиссарияты Польша елшілігінің қызметін жабуға шешім қабылдады ". 1943 жылы 25 сәуірде КСРО үкіметі Польшаның Эмиграттық үкіметімен елшілік қарым – қатынасты үзу туралы нота жіберді [25.319,356б].

2.2 Қазақстанда Андерс армиясының құрылуы

ІІ-тарау. КСРО жерінде Андерс әскерінің жасақталуы. - student2.ru

4-сурет Генерал Владыслав Андерс (1892 – 1970 жж.)

Генерал В. Сикорски Кеңес Одағында жасақталатын поляк армиясының қолбасшылығына генерал – лейтенант Владыслав Андерсті тағайындады. Кеңес Одағындағы поляк әскерінің тарихы жайлы сөз қозғағанда көп жағдайда " Андерс әскері " деген атпен береді. Андерс әскерінің тарихы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы кеңес – поляк қатынастарының соңғы жылдарда зерттеле бастаған аспектілерінің бірі болып табылады. Владыслав Андерс 1892 жылы дүниеге келген. Ригадағы политехникалық институтта оқып жүрген кезінде әскерге шақырылған. Бірінші дүниежүзілік соғыста Ресей әскері қатарындағы поручик шенінде атты әскер эскадронын басқарған. Оның әскери білімі өте жоғары, Петербургтегі Әскери академияны және Париждегі жоғарғы қолбасшылар мектебін бітірген. 1920 жылғы кеңес – поляк соғысында 15 – Познань полкынбасқарған. Одан кейін Польша мемлекеті әскерінің штаб бастығы болған. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда В.Андерс басқарған атты әскер бригадасы Польшаға басып кірген кеңес әскерлеріне қарулы қарсылық көрсеткен [2.99б]. Ауыр жараланған генерал тұтқынға түсіп, кеңес түрмесінде болды.

В.Андерсті Қызыл Әскер қатарына кіруге үгіттеп,бұл ойлары іске аспай қалғаннан кейін НКВД қызметкерлерінің көрсеткен жан түршігерлік азабын өзінің естеліктерінде сипаттап жазған болатын [26]. 1941 жылы 4 тамызда В.Андерс Лубянка түрмесінде 22 ай отырып шықты. Түрмеден босап шыққаннан кейін кеңес – поляк әскери келіссөздеріне қатыса бастады. 1941 жылы 30 – шілдеде генерал Сикорский мен кеңес елшісі И.М. Майский екеуі қол қойып, екі ел арасында елшілік қатынас орнатуға және КСРО жерінде польша әскерін құруға келісті. КСРО жерінде құрылатын поляк әскерлерінің қолбасшысын тағайындау В. Сикорскийге қиынға түсті. Себебі, ол адамның кандидатурасы Англия мен КСРО басшылары У. Черчилль мен Сталинге ұнауы керек болатын. Польшаның эмиграция үкіметінің басшысы В. Сикорскийдің ұсынысымен генерал В. Андерс тағайындалды. Ол Германияны Польшаның жауы ретінде жек көрді. Сталин Андерсті білді, КСРО үкіметі Германиямен соғысып жатты. 1941 жылы 4 – тамызда В. Андерс түрмеден Берияның нұсқауымен өз жұмыс орнына шақырып кездесті. Кездесуде генерал В. Андерстің түрмеден босатылғанын және КСРО жерінде құрылатын поляк Армиясының қолбасшысы болып тағайындалғанын айтты. Генерал В. Андерс босатылғаннан кейін, поляк әскерін құруға кірісті. Польша армиясының Бас штабы Бузулук қаласында орналасыты.

Генерал В. Андерс КСРО жерінде поляк Армиясын құрып, зор ерлік үлгісін көрсетті. Фашисттік Германияны талқандауға, Польшаның 2 – Корпустың басшысы ретінде Италияның Монте Кассино бекінісін қорғауда Андерс әскерлері ерлікпен шайқасты. Генерал Андерс туралды 2 – Корпуста соғыс қимылдарына қатысқан жазушы Юзеф Чапски былай деп еске алады: "Ол ешқашан ұсақ – түйекке назар аударған емес, бірақ жұмыс бабында мұқият тыңдап дауыс көтермеген. Ол өзінің әскерлеріне сеніп, бастаған істерін тез және тиянақты орындайтын." В. Андерс Польшаны сүйді, көп жылдар шетелде тұрып, 1970 жылы 12 – мамырда қайтыс болды. Өзінің өсиеті бойынша генерал Монте Кассинодағы солдаттардың зиратында жерленді.

Поляк әскерін құрудың жеке мәселелерін талқылады. Кеңес – поляк аралас комиссиясының 16 тамыздағы отырысында поляк әскерін құрудың пинциптері мен мерзімі, құрамдардың саны, қару – жарақпен және жабдықтармен қамтамасыз ету, азық – түлік және қаржыландыру мәселелері жан – жақты талқылады. Генерал Андерс үшін ең бастысы Кеңес Одағы жеріндегі лагерьлер мен түрмелерде отырған поляк офицерлері мен жауынгерлерін босатып алу болды, олар әскердің негізгі күшін құрауға тиісті еді.

ІІ-тарау. КСРО жерінде Андерс әскерінің жасақталуы. - student2.ru

5-сурет 1942 жылы КСРО жерінде құрылған поляк әскерлері.

Поляк әскерін құруды Кеңес Одағы жеріндегі поляк жауынгерлері мен офицерлерінің тілектерін анықтаудан бастау қажет еді. Сондықтан Поляк соғыс тұтқындары шоғырландырылған Грязовецк, Старобельск, Южск және Суздаль лагерьлерінде шақыру комиссиялары құрылды, олардың құрамына поляк қолбасшылығының, Қызыл әскердің және КСРО Ішкі істер халық комиссариятының өкілдері кірді [27].

Сонымен қатар поляк дивизиялары мен полктарды Қызыл Әскер жэне НКВД ұйымдарымен байланыстыратын арнайы офицерлер тағайындалды. Алғашқы әскерге шақыру комиссиясы өз жұмысын 1941 жылдың 20 – тамызында бастады. Әскерге қызмет етуге тілек білдірген қалған адамдар ездері тұратын жерлердегі аудандық әскери комиссариаттарға жолығып анық-қанығын шешіп алды. Ал жергілікті комиссариаттар поляк ұлтының өкілдеріне жаңадан поляк әскері жасақталып жатқаны туралы кұлақтандырып отыруға міндетті болды. Әскерге кызмет жасау әркімнің өз еркімен жүргізілді. Лагерьлер мен түрмелерден босатылған, арнаулы қоныстардан кетуге рүқсат алған жэне Поляк әскерінің жасақталатынын естіген поляктар шақыру комиссиясына өз тілектерін білдіріп келіп жатты. Алайда әскердің штабы мен жеке бөлімдері қай жерде орналасатыны толық шешілген жоқ. Сондықган шақыру комиссияларын қай жерде құру керек екені белгісіз болып, мұның өзі Поляк әскерін құру жұмысын бастап кетуге әжептеуір кедергі келтірді. Генерал В. Андерске штабтың, жасақталатын екі дивизияның орналастырылатын жерін 22 – тамызда ғана хабарлады. Әскерді ұйымдастыру орталықтары болып, Саратов және Орынбор облысының аудандары белгіленді. Әскердің алғашқы бөлімдері Бузулук ауданында, Татищевода, Колтубанкада және Тоцк бекетінде жасақталатын болды. 1941 жылы 22-тамызда генерал Владыслав Андерс өзінің алғашқы бұйрығын жариялады, онда « Речь Посполитая мен КСРО арасындағы келісімдер бойынша, Кеңес Одағы жерінде Польшаның егеменді қарулы куштері құрылады » деп, поляк азаматтарын өздерінің азаматтық борыштарын өтеуге және « Ақ Бүркіт жалауының астына » тұруға шақырды [28.251]. Қыркүйек айының алғашқы күндері Везенки темір жол бекеті арқылы бүл жерлерге 9 551 поляк азаматы аттандырылды, соның ішінде: 2 – 5 – қыркүйекте 1000 адам – Бузулукқа, 6208 адам – Татищевоға, 2143 адам - Архангельскіге жіберілді. 6-қыркүйекте 200 ұшқыш Архангельскіге аттанды.

1941 жылдың 31 – тамызындағы хабарлама бойынша, Поляк әскеріне кірген адамдардың жалпы саны 20,7 мыңнан асты[29]. Поляк азаматтарын әскерге шақыру жұмысы басталған бойда осындай табысқа жеткізуі генерал Андерсті бұл процестің жылдам іске асу мүмкіндігі туралы ойларға әкелді. Армия жасақтаудың алғашқы аптасында генерал Андерс « қысқа мерзім ішінде әскери іс-қимыл аймағына кіру үшін дивизиялар құрудың қарқынын арттыра түсуіміз қажет » деді. Аралас комиссияның екінші мәжілісінде әскери дайындықтарды 1941 жылы 1-қазанға дейін үлгеру белгіленді [30].

Андерс әскер негізінен бұрын әскери қызметте болған тәжірибелі жауынгерлер мен офицерлерден құралады деп үміттенді, алайда Поляк әскеріне келген лагерьлерден босатылған соғыс тұтқындарының жауынгерлік тәжірибесі болғанымен, тұтқындық азаптан шаршап келгендер еді, олармен қоса арнаулы қоныстарда жоқшылық жағдайда өмір сүрген жер аударылғандар да келді. Демек олардың денсаулығын қалпына келтіруге уақыт керек болатын.

1941 жылдың қыркүйегінде Мәскеуде АҚШ, Ұлыбритания және Кеңес Одағы өкілдерінің конференциясы басталды. Сол кезде генерал В. Андерс жасақталып жатқан Поляк әскеріне қажетті қару- жарақтыҰлыбританиядан алу мүмкіндігін білу үшін Мәскеуге келіп, Ұлыбританияның өкілі лорд Бивербрукпен жолықты. Алайда ол лорд Бивербруктан Поляк әскерін қаруландыруға ағылшындардың көмек беру мәселесіне қатысты ешқандай жағымды хабар ала алмай, қиналыспен қайтты [19.221]. Алайда осыдан кейін аз уақыт өткен соң Кеңес Одағының жерінде Поляк әскерін құру туралы шешімді батыстық одақтастардың дұрыс қабылдағаны байқалды. 1941 жылы 13-қазанда Ұлыбритания Сыртқы істер министрі А.Иден Лондондағы кеңестік елші И.М.Майскиймен кездесу барысында британ үкіметі КСРО жеріндегі поляк армиясына барлық жағынан көмектесуге дайын екендігін білдірді [10.114б]. Ал осы мәселе төңірегінде 1941 жылдың 24-қазанында Владыслав Сикорскимеи болған әңгімесінде Черчилль осыған ұқсас сөздер айтгы.

1941 жылдың қараша айының басында Поляк әскерінің кұрамындағы еріктілер мен шақырылғандардың саны 40 961 адамға жетті (төмендегі кестені қараңыз);

Наши рекомендации