Кестелік процессор туралы жалпы түсінік
Microsoft Excel – Microsoft Office дестесінің электронды кестелерді әзірлеуге және өңдеуге арналған қолданбалы бағдарламасы. Электронды кестенің басты артықшылығы – кез келген операнд мәні өзгерген кезде өрнектік тәуелділік арқылы байланысқан барлық деректерді қайта есептеу мүмкіндігі.Microsoft Excel-дің қолданылу аясы өте кең. Excel терезесі дайын кесте болып табылатындығының арқасында ол көбінесе қандай да бір есептеулері жоқ, жай кесте түрінде ғана көрінетін құжаттар (кестелер, прайс-беттері, т.б.) жасау үшін қолданылады.Excel-де сызбалар мен диаграммалардың алуан түрлерін оңай жасауға болады (спортпен айналыса бастаған уақыттан бергі дене салмағаның азаю сызбасы, мал басы санының өсуі диаграммасы, т.б.).Excel-ді қарапайым пайдаланушылар элементар есептеулер жүргізу үшін қолдана алады (отбасы бюджеті, ақшалай қаражаттың кірісі мен шығысы).
Excel-де көптеген математикалық және статистикалық жетелер болуы арқасында оны мектеп оқушылары мен студенттер курстық және зертханалық жұмыстар есептерін шығару үшін пайдалана алады.Excel бухгалтерияда қарқынды қолданылады – көптеген фирмаларда бұл құжаттар мен есептерді рәсімдеудің, диаграммалар жасаудың негізгі құралы. Онда бұл үшін қажетті жетелердің барлығы бар.Excel бағдарламасын Microsoft Windows-тың кез келген басқа бағдарламаларын қосу үшін қолданылатын тәсілдерінің бірімен іске қосуға болады. Кеңінен тараған амалдардың бірі – Бастау мәзірінен Барлық бағдарламалар тармағын және Microsoft Excel тармағын таңдау. Орнатылған Microsoft Office дестесінің нұсқасына қарай, бұл тәсіл мынадай ретпен де орындалуы мүмкін: Бастау – Бағдарламалар – Microsoft Office - Microsoft Excel немесе Бастау – Бағдарламалар – Microsoft Excel.Терезенің негізгі элементтері:
· Тақырып жолағы – бұл құжаттың атауы және терезені басқару атырмалары · Бас мәзір. Әрбір тармағы бір типтес әмірлер тобынан тұрады:
· Стандартты құралдар үстелі – Жаңа, Сақтау, Ашу, Басып шығару, Қиып алу, Көшіру, Қою сияқты: құжатпен жұмыс істеуге арналған негізгі стандартты батырмаларды қамтиды.
· Пішімдеу құралдар үстелі – мәтіннің қажетті параметрлерін және оның құжатта орналасатын орнын (туралауды) белгілеуге арналған:
· Айналдыру сызықтары – құжат ішінде қозғалуға (құжаттың түрлі бөліктерін қарап шығу үшін) мүмкіндік береді
· «Алдын ала қарап алу» – бұл файлды басып шығарылатын күйінде қарап шығу.
Әдепкіде әрбір Excel кітабындағы парақтар Парақ1, Парақ2 және Парақ3 деп аталады. Кітапқа ерекше атау беру – оның не туралы екенін есте сақтап қалуға көмектесетіні сияқты, парақтың атауын өзгерту де оның мазмұнын есіңізге салады.Парақты қайта атау үшін Парақ1 қосымшасын екі рет шертіңіз. Парақ1 мәтіні ерекшеленеді. Жаңа атау, мысалы Кіріс деп енгізіңіз де, <Enter> пернесін басыңыз. Қосымшада Кіріс атауы пайда болады.Ашық тұрған Microsoft Excel қосымшасында жаңа құжат жасау үшін мына әрекеттердің бірін орындау қажет:
· Стандартты құралдар үстелінде Жаңа батырмасын шерту;
· <Ctrl> + <N> пернелер тіркесімін басу;
· Файл мәзірінің – Жаңа, содан кейін Жаңа бөлімінде оң жақта қалқып шығатын үстелде Таза кітап әмірін орындау.Осыдан кейін сіздің көз алдыңызда жұмыс істеуге әзір жаңа Excel құжаты ашылады. Бағдарлама жаңа құжатқа Кітап1 деген ат береді, бірақ сіз құжатты сақтау кезінде оған айрықша есім беруіңізге болады.Бар құжатты ашу үшін Файл мәзірінде Ашу бұйрығын таңдаңыз немесе <Ctrl+О> пернелер тіркесімін басыңыз, сонда бейне Ашу сұхбат терезесі пайда болады.
Екі рет шертіп қажетті файлды көрсетіңіз. Егер ол файл жұмыс аймағанда жоқ болса, Ашу әмірінің сұхбат терезесін пайдаланып, оны басқа қалтадан немесе дискіден іздеп көріңіз.
Кітапты сақтау үшін Файл мәзірінен Сақтау әмірін таңдаңыз немесе пернетақтадан бір мезгілде <Ctrl+S> пернелерін басыңыз, егер сіз бұл құжатты бірінші рет сақтап отырсаңыз, бағдарлама Басқаша сақтау сұхбат терезесін ашады.Содан кейін файл атауын енгізіп, осы сұхбат терезесін пайдаланып, файлды сақтау жолын нұсқаңыз. Файлдың атауы мен сақтау орны сіздің талаптарыңызға сай келетініне көз жеткізіп алып, Сақтау батырмасын басыңыз.Кестенің құрылымы.Электронды кесте нөмірленген жолдар және латын әліпбиі әріптерімен белгіленген бағандар жиынтығы болып табылады.Баған мен жолдың қиылысқан тұсында кестенің ең кіші құрамдас бөлігі – ұяшық орналасқан. Әр ұяшықтың баған әрпі мен жол нөмірінен құралатын айрықша мекен жайы бар (мысалы, “A1”, “B4”).
Ұяшық мекен жайы ұяшыққа деген сілтеме болып табылады және осы ұяшықтағы деректерді өрнекте пайдалану үшін қолданылады.