Дәріс 12. Графиктік редактор. Қазіргі заманғы компьютерлік көрсетілім. Презентацияны жасау құралы

1. Редактордың топтамасы.

2. Үш өлшемді графиктік жүйелер.

3. Презентацияны жасау құралы.

Графикалық редактор – графикалық бейне түрiндегi суреттердi салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазiргi кезде нүктелiк (немесе растрлық) және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екi түрi белгiлi. Нүктелiк графикалық редакторларда кез келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кiшкене бейнелер (мозаика) арқылы салынады, ал нүктелердiң әрқайсысы түрлi түске бояла алады.

Paint (Paintbrush)- Windows жүйесiнiң стандартты программалар тобына кiретiн қарапайым нүктелiк графикалық редактор. Paint өзiнiң мүмкiндiктерi жағынан профессионалды графикалық редакторлардан бiршама төмендеу болғанымен ол едәуiр күрделi әрi тартымды, түрлi-түстi және ақ-қара суреттердi, схемаларды, сызбаларды (чертеждер) даярлауға мүмкiндiк бередi. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалық форматында сақталады.

Редакторды iске қосу үшiн (Windows 3.х) «Реквизиттер» тобындағы Paintbrush белгiсiн таңдаңыздар.

Ал, Windows хр жүйесiнде Iске қосу – Программалар- Стандартты- Paint командалар тiзбегiн орындасақ, экранда программаның терезесi пайда болады. Оның құрамында бiзге осыған дейiнгi таныс элементтермен (жұмыс аумағы, меню мен тақырып жолдары) бiрге бiрсыпыра жаңа элементтер де бар.

Терезенiң сол жақ шеткi қабырғасын аспаптар тақтасы орналасққан. Одан сiздер Paint-та кездесетiн барлық сурет салу аспаптарын көре аласыздар. Кез келген аспаптарды таңдау үшiн соның белгiсiне тышқан курсорын жеткiзiп, оны шерту жеткiлiксiз. Осында екйiн таңдап алынған аспаптың бейнесi (шартбелгiсi) айқын түстен ерекшеленедi.

Терезенiң төменгi жақтауы бойымен түстер палитрасы орналасқан. Paint-та бiр уақытта екi түспен сурет салуға болады: қалам түсiмен (мұнан былай оны қысқаша негiзгi түс деп айтамыз) және фон түсiмен (мұнан былай оны фондық деп айтамыз). Палитраның сол жақ шетiнде бiрi екiншiсiнiң iшiне орналасқан кiшкене екi тiктөртбұрыш түр, осылардың үстiнгiсi – негiзгi түстi, ал астыңғысы – фондық түстердi көрсетедi. Кез келген сәтте түстердi өзгерту мүмкiндiгi бар. Ол үшiн курсорды палитрадағы жаңа түске апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шерте отырып негiзгi түстi, ал оң жақ батырмасын басу арқылы – фондық түстi өзгертуге болады.

Аспаптар тақтасының төменгi жағында сызықтар қалындығын анықтайтын терезе орналасқан. Сызықтар қалындығын таңдап алған соң, соның көмегiмен түзу сызықты, доғаларды, тiктөртбұрыштар мен эллипс контурларын сызуға болады. Сызықтың қалындығы сондай-ақ мыналарға да әсер етедi:

- аэрозоль балонының сиясының енi;

- өшiргiш (ластик) енi;

- бояуш немесе қылқалам (кисть) енi.

Жұмыс аумағы – салынатын графикалық бейне орналаса алатын экранның тiктөртбұрышты ауданы (бөлiгi). Егерде мөлшерi жұмыс аумағынан да үлкен сурет салынса, онда терезе шеттерiнде жылжу сызғыштары пайда болады. Олар экран бетiнде жылжи отырып, бейненiң кез келген бөлiгiн көруге мүмкiндiк бередi. Ал егер жұмыс аумағынан кiшi сурет салынса, онда ол терезенiң жоғарғы сол жақ бұрышында қара жақтаулармен қоршалып көрсетiлетiн болады.

Fhoto Shop, Corel Draw, Auto CAD көбіне белгілі, кен тараған графикалық жұмыс құралдары. Олардың біріншісі растрлық графика бағдарламасына жатады, ал екіншісі мен үшіншісі векторлық болып табылады. Қазіргі уақытта құжаттар дайындау кезінде графиканың екі түрінде аралас қолданады. (Мысалы: расторлық, векторлық бейне, мәтіндік алаң). Яғни, графикалық құжат күрделі структура бола алады.

Компьютердегі бейнені сақтау, көру және өңдеу үшін оларды цифрлық түрде көрсету керек.

Бұған бейнеленетін объект бірдей шартты элементтерге бөлінеді. Әрбір элементке жеке мәлімет беріледі. Бұл элементтерді пиксел деп атайды. Осылай берілген бейнені расторлық бейне деп аталады.

Расторлық бейнеге фотосурет, шығармалық сурет жатады.

Векторлық графикада пиксел емес, басқа графикалық элементтер қолданылады (түзу сызық, көпбұрыш). Кейде бұл объекттерді вектор деп атайды. Векторлық редактор көмегімен схемалар, сызбалар жасалады. Расторлық бейнені үлкейткенде, сапасы төмендейді. Векторлық бейненің сапасы масштаб қолданылғаннан өзгермейді.

Auto CAD жүйесін қосу жолдары:

1. Пуск ----- Программы----Auto CAD.

2.Windows жұмыс үстел тақтасында Auto CAD пиктограммасын екі рет тышқанмен басамыз.

Бұдан кейін Auto CAD жүйесінде Начало работыдиалогты терезесі ашылады. Диалогты терезеде тұтынушыға 4 батырма көрсетіледі:

Открыть рисунок (Сурет ашу). Бұл батырманы бұрын салынған суретті ашу үшін пайдаланады.

Шаблонсыз ( Start from Sctatch) сызбаны құру үшін, онда Petult Settings ауданында тек ғана бір өлшем қолданылады- британдық ( футтар және дюймдар) немесе метірлік өлшемдер .

Шаблон бойынша сызбаны құру үшін (use a Temlate) шаблон қолданылады.

Жаңа сызба параметрін құру үшін Мастер шақыру (use a wizard) диалог терезесің Ашу қажет.

Жұмыс барысында (startup) диалогты терезесін шақырып, жұмыс істеуге болады.

Әрбір загрузка кезінде Auto CAD сеансында суретті құру үшін Жаңа суретті құру (Create New Drawing) диалогты терезесін шақырады.

Наши рекомендации