Информатика және ақпарат» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
1. Француз тіліндегі «Informatique» термині қандай екі терминнің бірігуінен пайда болды?
A) документалистика және кибернетика
B) informacion және kyberneticos
C) Information және Automatique
D) automatique және informatio
E) computer science және informatio
2. Батыс Европа елдерінде және АҚШ-та Информатика ғылымының атауына қандай термин қолданылады?
A) automatique
B) informacion
C) kyberneticos
D) informatio
E) Computer science
3. Информатика ғылымы қандай екі ғылым негізінде қалыптасты?
A) информатика және автоматика
B) документалистика және кибернетика
C) информатика және кибернетика
D) автоматика және документалистика
E) компьютерлік ғылым және информатика
4. Автоматты басқару және байланыстардың жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым _______ аталады?
A) информатика
B) документалистика
C) автоматика
D) кибернетика
E) компьютерлік ғылым
5. Документалистика ғылымы XIX ғасырдың аяғында өндірістік қарым-қатынастардың қарқынды дамуына байланысты қалыптасты, оның негізгі зерттеу аймағы?
A) құжаттар айналымының (ақпараттардың) тиімділігін арттырудың құралдары мен әдістері
B) автоматты басқару және байланыстардың жалпы заңдылықтары
C) ақпараттық іс-әрекет, ақпараттық үрдістер және олардың адам-машина жүйелерінде ұйымдастырылуы
D) есептеуіш техникасының аппараттық және бағдарламалық құралдарымен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерін жүйеленуі
E) алдыңғы қатарлы, барынша тиімді технологияларды таңдау, енгізу және дамыту
6. Кибернетика ғылымының негізін қалаған ғалымды атаңыз:
A) Клод Шеннон
B) Норберт Винер
C) Дж. фон Нейман
D) Б. Паскаль
E) Билл Гейтс
7. Норберт Винер кибернетика ғылымының негізін қай жылдары қалады?
A) 1948 ж.
B) 1978 ж.
C) 1946 ж.
D) 1951 ж.
E) 1971 ж.
8. Кибернетика ғылымы гректің қандай терминінен шыққан?
A) Automatique
B) Informacion
C) Kyberneticos
D) Informatio
E) Computer science
9. Гректің kyberneticos сөзінің аудармасы қандай мағына білдіреді ?
A) басқару өнерлілігі
B) компьютерлік ғылым
C) ақпараттандыру
D) техникалық ғылым
E) құжаттар айналымы
10. Информатика пәнiнiң технологияға жақындығын көрсететін тағы да бір аталуы:
A) басқару өнерлілігі
B) компьютерлік ғылым
C) ақпараттандыру
D) техникалық ғылым
E) ақпараттық технология
11. Адамның аппараттық және бағдарламалық құралдармен өзара байланысының құралдары мен әдiстерiн __________ деп атайды.
A) басқару өнері
B) компьютерлік ғылым
C) қолданушы интерфейсi
D) кибернетика
E) алгоритм
12. Информатиканың негізгі міндеті дегеніміз -:
A) есептеуіш техниканың апараттық және бағдарламалық құралдарымен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерін жүйелеу
B) автоматты басқару және байланыстардың жалпы заңдылықтарын зерттеу;
C) ақпараттық іс-әрекет, ақпараттық үрдістер және олардың адам-машина жүйелерінде ұйымдастырылуын зерттеу
D) есептеуіш техниканың апараттық және бағдарламалық құралдарымен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерін жүйелеу
E) алдыңғы қатарлы, барынша тиімді технологияларды таңдау, енгізу және дамыту
13. Информатика ұғымына анықтама берілген халықаралық ғылыми конгресс қай жылы өтті?
A) 1948 ж.
B) 1978 ж.
C) 1946 ж.
D) 1951 ж.
E) 1971 ж.
14. 1978 жылы «Информатика» ұғымына анықтама берілген халықаралық ғылыми конгресте қай елде өтті?
A) Франция
B) Жапония
C) Англия
D) Қытай
E) Ресей
15. Информатика ғылымының базалық ұғымдарын атаңыз:
A) Ақпарат, компьютер, құжат
B) Ақпарат, ақпараттық үлгі, құжат
C) Компьютерлік технология, құжат, бағдарламалау
D) Ақпарат, ақпараттық үлгі, алгоритм, компьютер
E) Бағдарламалау, компьютерлік технология, ақпарат
16. Информатиканың математикалық логика саласына негізделген бөлігі __________ қалай аталады?
A) Теоретикалық информатика
B) Есептеу техникасы
C) Бағдарламалау
D) Ақпараттық жүйелер
E) Жасанды интеллект
17. Есептеу техникасын құру мәселелерін, оны пайдалану заңдылықтарын архитектура деңгейінде зерттейтін бөлім __________ қалай аталады?
A) Теоретикалық информатика
B) Есептеу техникасы
C) Бағдарламалау
D) Ақпараттық жүйелер
E) Жасанды интеллект
18. Бағдарламалық жасақтама құру және жасау мәселелерін зерттейтін бөлім __________ қалай аталады?
A) Теоретикалық информатика
B) Есептеу техникасы
C) Бағдарламалау
D) Ақпараттық жүйелер
E) Жасанды интеллект
19. Әртүрлі күрделі жүйелердегі ақпарат ағындарын анализдеу, тиімділеу, құрылымдау, ақпаратты сақтау және іздеу мәселелерін зерттейтін бөлім __________ қалай аталады?
A) Теоретикалық информатика
B) Есептеу техникасы
C) Бағдарламалау
D) Ақпараттық жүйелер
E) Жасанды интеллект
20. Адам интеллектілік қызметін машиналық модельдеу мәселелерін зерттейтін бөлім __________ қалай аталады?
A) Теоретикалық информатика
B) Есептеу техникасы
C) Бағдарламалау
D) Ақпараттық жүйелер
E) Жасанды интеллект
21. Ақпараттық, есептеу, білім беру және тағы да басқа мәселелерді шешу мақсатында байланыстырылған компьютер (ЭЕМ) желілерін архитектура тұрғысынан зерттейтін бөлім __________ аталады?
A) Теоретикалық информатика
B) Есептеу желілері
C) Бағдарламалау
D) Ақпараттық жүйелер
E) Жасанды интеллект
22. Информатиканы жалпы тұрғыдан қарастырғанда қандай екі бағытқа бөлінеді?
A) Теоретикалық және қолданбалы
B) Есептеу техникасы және бағдарламалау
C) Ақпараттық жүйелер және жасанды интеллект
D) Есептеу техникасы және жасанды интеллект
E) Қолданбалы информатика және есептеу техникасы
23. Информатиканың ақпараттық ресурстарды, олардың қызмет істеу және әлеуметтік прогресстің қозғаушы күші тұрғысынан пайдаланудың жалпы заңдылықтарын зерттейтін бөлімі қалай аталады?
A) Қолданбалы
B) Есептеу техникасы
C) Ақпараттық жүйелер
D) Теоретикалық
E) Жасанды интеллект
24. Информатиканың мамандандырылған ақпараттық жүйелердің негізінде қалыптасатын ақпараттық технологиялардың белгілі бір түрін зерттейтін бөлімі қалай аталады?
A) Теоретикалық
B) Қолданбалы
C) Есептеу техникасы
D) Ақпараттық жүйелер
E) Жасанды интеллект
25. «Ақпарат» термині латынның қандай сөзінен шыққан?
A) Informatio
B) Automatique
C) Informacion
D) Kyberneticos
E) Informatique
26. Латынның «informatio» сөзі қандай мағына береді?
A) баяндау, ақпарат, жаңалық
B) жеткізу, сақтау, қабылдау
C) жеткізу, сақтау, тарату
D) түсініктеме, баяндама, хабар басу
E) қабылдау, хабар беру, сақтау
27. Есептеу техникасы тұрғысынан қарастырғандағы ақпаратұғымының анықтамасы қандай:
A) компьютер жадында сақталатын, қажеттігіне байланысты өңделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер
B) тіркелген сигналдар
C) біздің санамызбен қабылданатын, ақиқат өмірдің белгілі бір объектілері, үрдістері мен құбылыстарының қасиеттері мен қатынастарының бейнелері
D) ешқандай анықтамасыз алынатын негізгі ұғым
E) көпмағыналы, сондықтан да оның біржақты анықталуы мүмкін емес
28. Ақпараттың берілуінің пішімдеріне байланысты жіктелуі:
A) таңбалы – мәтіндік, графикалық, дыбыстық
B) биологиялық, әлеуметтік, ғылыми, экономикалық
C) визуальды, аудиальды, тактильдік, органалептикалық, машиналық;
D) таңбалы – мәтіндік, визуальды, аудиальды, экономикалық
E) биологиялық, әлеуметтік, органалептикалық, машиналық
29. Ақпараттың берілу және қабылдау тәсілдеріне байланысты жіктелуі
A) таңбалы – мәтіндік, графикалық, дыбыстық
B) биологиялық, әлеуметтік, ғылыми, экономикалық
C) визуальды, аудиальды, тактильдік, органалептикалық, машиналық
D) таңбалы – мәтіндік, визуальды, аудиальды, экономикалық
E) биологиялық, әлеуметтік, органалептикалық, машиналық
30. Ақпараттың пайда болу және қолдану аумақтарына байланысты түрлері
A) таңбалы – мәтіндік, графикалық, дыбыстық
B) биологиялық, әлеуметтік, ғылыми, экономикалық
C) визуальды, аудиальды, тактильдік, органалептикалық, машиналық;
D) таңбалы – мәтіндік, визуальды, аудиальды, экономикалық
E) биологиялық, әлеуметтік, органалептикалық, машиналық
31. Ақпараттың қасиеттері қандай екі топқа бөлінеді?
A) Негізгі және қосымша
B) Біртекті және аралас
C) машиналық және табиғи
D) динамикалы және жасанды
E) ішкі және сыртқы
32. Ақпараттың жеке көзқарастар мен талқылаудан тәуелсіздігін анықтайтын қасиеті қалай аталады?
A) Объектілік және субъектілік
B) Өзектілік
C) Ақиқаттық
D) Қатынау мүмкіндігі
E) Адекваттық
33. Ақпараттың объектіні немесе үрдісті толық мінездеу қасиеті қалай аталады?
A) Объектілік және субъектілік
B) Өзектілік
C) Ақиқаттық
D) Толықтылық
E) Адекваттық
34. Ақпараттық ағымдық уақыт мезетіне сәйкестік дәрежесін анықтайтын қасиеті қалай аталады?
A) Объектілік және субъектілік
B) Өзектілік
C) Ақиқаттық
D) Толықтылық
E) Адекваттық
35. Ақпаратта жасырын қателіктердің болмауы қасиеті қалай аталады?
A) Объектілік және субъектілік
B) Өзектілік
C) Ақиқаттық
D) Толықтылық
E) Адекваттық
36. Пайдаланушының ақпаратты алу мүмкіндігі дәрежесін анықтайтын қасиеті қалай аталады?
A) Объектілік және субъектілік
B) Өзектілік
C) Ақиқаттық
D) Қатынау мүмкіндігі
E) Адекваттық
37. Ақпараттың өзі бейнелейтін объектіге немесе құбылысқа, үрдіске бірмәнді сәйкестігін анықтайтын қасиеті қалай аталады?
A) Объектілік және субъектілік
B) Өзектілік
C) Ақиқаттық
D) Қатынау мүмкіндігі
E) Адекваттық
38. Белгілі қолданушы үшін ақпараттың пішімі мен көлемінің ықғайлылық дәрежесін көрсететін қасиеті қалай аталады?
A) Объектілік және субъектілік
B) Өзектілік
C) Ақиқаттық
D) Қатынау мүмкіндігі
E) Эргономдық
39. Ақпараттың көрсетілуінің формаларын атаңыз:
A) Статикалық, динамикалық
B) Семантикалық, прагматикалық
C) Құрылымдық, дискретті
D) Семантикалық, үздіксіз
E) Экзогенді, эндогенді
40. Информатика тұрғысынан алғанда мәліметтер дегеніміз:
A) Статикалық түрдегі ақпарат
B) Тіркелген сигналдар
C) Динамикалық ақпарат
D) Канал бойымен берілетін хабар
E) Кодталған ақпарат
41. Ақпарат көрсетімінің ең кіші бірлігі:
A) Бит
B) Байт
C) Бод
D) Пиксель
E) Пункт
42. Ақпаратты өлшеудің ең кіші бірлігі:
A) Бит
B) Бод
C) Байт
D) Пиксель
E) Пункт
43. Машиналық сөз дегеніміз не:
A) Екі өзара байланысқан бит
B) 8 өзара байланысқан байт
C) 8 өзара байланысқан биттер тобы
D) 16 өзара байланысқан биттер тобы
E) Екі еселенген бит
44. Біртұтас бүтін ретінде ЭЕМ-нің аппараттық бөлігімен қарастырылатын биттер немесе таңбалар тізбегі қалай аталады?
A) Санау жүйесі
B) Сигнал
C) Машиналық сөз
D) Машиналық код
E) Алфавит
45. Машиналық сөздегі байттардың саны қандай санға тең?
A) Оң
B) Теріс
C) Бөлшек
D) Бүтін
E) Аралас
Дұрыс жауаптар коды