ІІІ. Зертханалық сабақтар мазмұны

Апта Зертханалық сабақтардың тақырыптары Сағат саны Сабақта қолданылатын техникалық құралдар және т.б. Жұмысты орындау үшін әдістемелік нұсқау
Интернеттің дүниеге келуі және оның қоғам дамуына ықпалы 1.1. «Интернеттегі менің әлемім...» атты тақырыпта эссе жазу. Компьютер, ноутбук, интернет. Тапсырманы орындауда Google, Рамблер, Yahoo және тағы басқа ақпараттық сайттарымен танысып, олар туралы деректерге талдау жасалады. Қазіргі таңдағы Google тұтынушылары мен оның ұсынып отырған қызметтерімен танысып, Gmail поштаға тіркеліп, өз тобын құруды үйренеді. Бұл поштаның артықшылықтары мен мүмкіншіліктерімен танысады.
Бұқаралық апарат құралы ретіндегі интернеттің ерекшелігі 2.1. Интернеттегі жүйелер мен адрестердің таңбалануы. 2.2. «Жастарға арналған сайттар немен айналысуда?» журналистік зерттеу дайындау. Компьютер, ноутбук, интернет, веб-камера, құлаққап. Зертханалық сабақта интернетті жеткізуші браузерлер Mozilla, Internet Explorer, Google Chrome, Opera және тағы басқаларымен танысу. Бейнелерді, суреттер сапасын арттыруға арналған компьютерлік бағдарламалармен танысады. Gmail-мен хат алмасу, чатта сөйлесудің жолдарын және поштаның басқа мүмкіндіктерін анықтайды.
Интернет журналистиканың бейнелеуіш құралдары 3.1. Клондар, желілік басылымдар, аралас (кешенді) басылымдар. 3.2. «Менің болашақ сайтым» тақырыбында жоспар құрып, оны өз блогын безендіру арқылы көрсету. Компьютер, ноутбук, интернет, веб-камера, құлаққап. Gmail пошта қызметіне тіркелу арқылы Wordpress-тен блог ашып, оны безендіру. Интернет газеттер: «Ұлт.kz», «Намыс.kz», «Zona.kz», «Мәңгілік ел», «Алаш айнасы» талдау. Дәстүрлі БАҚ-тың сайттарымен танысып, олардың безендірілуі, ақпараттардың жаңартылу жиілігіне мән беру. Интернет басылымдар мен айырмашылығын анықтау. Блогты түрлі түстермен безендіреді.
Журналистер үшін электронды пошта 4.1. Журналистке Интернет қоятын талаптар. 4.5. «Менің газетім…» интернет сайттарынан өзіңе қажетті ақпаратқа тапсырыс беру және жеке парақшаларға жазылып, тұсаукесерін жасау.   Компьютер, ноутбук, интернет, веб-камера, құлаққап, диктофон. Интернет басылымдар мен ақпараттық порталдарды тақырып, мазмұн, бағыт-бағдарына қарай топтастыру. Әлеуметтік желіде немесе өз блогыңда қандай ақпараттық порталдармен, қандай қауымдастыққа кіргендігің және сапалы ақпаратты қалай алудың жолын көрсету. Танымал сайттармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктерімен танысады.
Желідегі виртуалдық конференциялар 5.1. Түрлі конференцияларға қатысу және олардың бағытына қарай жіктеу. 5.2. Өзің қалаған тақарапта конференция ұйымдастыру.   Компьютер, ноутбук, интернет, веб-камера, құлаққап, диктофон. Индизайн бағдарламасын жүктеу. Онда суреттерді түрлі пішінде сақтап, әр түрлі фонмен әрлеу. Мәтінді түрлі түспен берудің тәсілдерін үйрену. Суреттің айқындылығы мен суретке түсіруге байланысты өз қағидаларыңды орта салу және оларды талқылайды.
Интернеттегі пікірталас өнері 6.1. Интернет желісіндегі жарияланымның ақпараттық жиынын әзірлеу. 6.2. Желілік материалдарды әдеби өңдеудің ерекшеліктері. Мағынаны әдеби өңдеу. Ақпараттың артық жүк көтеруі. Баяндау стилі. Отбасылық стиль. Тілдің қарапайымдылығы. 6.3. Пікірталас тудыратын тақырыптарға талдау. 6.4. Әлеуметтік желіде болашақ журналист ретінде пікірталас ұйымдастыру. Компьютер, ноутбук, интернет, веб-камера, құлаққап, интерактивті тақта. Онлайн байланыстағы досыңмен сұқбат құру. Онлайн байланыстағы өз тобыңа журналистік сауал немесе белгілі тақырып әлеуметтік зерттеу жүргізу. Осы сұқбат мәтінін әдеби өңдеуден өткізіп немесе дайын болған мақаланы ақпараттық порталда, өз блогыңда, жеке парақшаңда жариялау. Шағын ақпаратты жазудың техникасын меңгереді, оның ақпараттық порталда орналастыруды үйренеді.
Желідегі жарияланымдардың тілі мен стиль ерекшелігі 7.1. Жаңалық және жаңалықтар лентасы. Веб-күнделіктер. Фотодеректер. 7.2. Репортаж элементтері. Сұқбат. Көзқарас, пікір. 7.3. Аналитикалық мақала (шолу, очерк). 7.4. Интернет-журналистиканың тілі мен стиліне байланысты кейбір олқылықтары. 7.5. «Қазақ ғаламторының халі қалай?» контент жасаушылармен онлайн сұқбат құру. Компьютер, ноутбук, интернет, веб-камера, құлаққап, интерактивті тақта. Бірнеше интернет газеттерден публицистика жарнларына байланысвты мысалдар табу. «Әдебиет порталындағы» талдамалы, көркем-публицистикалық жанрларға талдау. «Abai.kz» ұлттық порталындағы хабарлама жанрларының жазылу ерекшеліктерін айқындау.
Веб журналист: жұмыс істеу дағдысы 8.1. Аудиторияның құрылымы және оларды қызықтыратын жайлар. Мотивтер. 8.2. Веб журналистің жұмыс істеу дағыдысына байланысты өз ережеңді немесе ұсынысыңды білдір. Компьютер, ноутбук, интернет, веб-камера, құлаққап, интерактивті тақта. Өз блогының мазмұнын байытудың жолдарын іздеу. Audasity, Picasa бағдарламаларын жүктеу. Soundslide, Soundcloud, Youtube, Kaztube сайттарына өз өнімдерін дайындап, жариялау. Аталған сайттардағы жеке прақшаларға талдау жасау. Ұнаған, ұнамаған тұстарын нақты мысалдармен көрсету.
Онлайн режимінде жұмыс істеу ерекшелігі 9.1. Онлайн, офлайн ұғымдарына сипаттама. 9.4. «Өз блогыңды жарнамалау» немесе онлайн режимінде жұмыс жасай тәжірибесін көрсету. Компьютер, ноутбук, интернет, веб-камера, құлаққап, интерактивті тақта. Интернеттен дәстүрлі БАҚ сайттарының рейтингісіне статистикалық талдау жасау. Сайттарда жарнама орналастыру саясатын, принциптерін анықтау. Өзің дайындаған жарнаманы парақшаңда орналастыруға дағдылану қажет.
Веб сайттардың қазіргі заманғы дизайны 10.1. Дизайн туралы түсінік. 10.2. Веб сайт дизайнындағы соңғы технология мүмкіндіктері. 10.3. Өз парақшаңды безендіру.   Компьютер, ноутбук, интернет, веб-камера, құлаққап, интерактивті тақта. Қазақ тілді контент жасауға байланысты қабылданған заңнамалар мен құқықтық актілерге сараптама жасау. Қазіргі қазақ тілді оқырмандар үшін қажет емес сайттардың тізімін жаса. Көпшіліктің көңілінен шығатын сайттарды сараптай отырып, өз талғамыңмен бұрын-соңды болмаған, ашылмаған сайт жсопарын дайында.
Желілік БАҚ және ақпараттық порталдар 11.1. Интернет газеттер мен ақпараттық порталдарға шолу. 11.4.Олардың рейтингісіне талдау жасау.   Компьютер, ноутбук, интернет, веб-камера, құлаққап, интерактивті тақта. Мультимедиалық өнім дайындаудың технологиясын меңгеру. Audasity, Picasa бағдарламасында шығармашылық тапсырмалар орындау. Әдеби және публицистикалық жанрда хабар дайындау, оны әуенмен әрлеуді үйрену.
Интернет және оның аудиториясы 12.1. Ең танымал сайттармен және ең төмен деңгейдегі сайттармен танысу. 12.2. Интернет аудиториясын қызықтыратын ақпараттар туралы не білеміз? Әлеуметтік зерттеу.   Компьютер, ноутбук, интернет, веб-камера, құлаққап, интерактивті тақта. Интернеттегі сандық кодтаудың мәнін ашу. HTML – негізгі тәртіптері мен құрылымына түсінік беру. Журналистерге арналған сайттармен танысу, тіркелу. Шығармашылық конкурстарға қатысуға өтінім дайындап, жоспар құру. Әлеуметтік желідегі парақшада гиперсілтеме жасауға дағдылану.
Интернет және радиохабар тарату 13.1.Аудасити бағдарламасының көмегімен аудиожазба әзірлеу. Оны дыбыс жазбалар қоймасында сақтау. 13.2. Интернеттегі радиохабарлар мұрағатымен танысу. Өзіңе ұнаған хабарға талдау.   Компьютер, ноутбук, интернет, веб-камера, құлаққап, интерактивті тақта. Ақпараттық портал, интернеттегі пошта қызметі, интернет газеттердегі жарнамаға талдау. Жарнаманың түрлері мен рейтингісі жоғарыларына сараптама жасау. Өзіңізге ұнайтын басылымның немесе телеарнаңызға, авторлық бағдарламаға жарнама жасау. Оған мультимедиалық технологияны пайдалану.
Интернет және телевизия 14.1. Мамандық жайлы жарнама ролигін дайындап, пикасо бағдарламасының көмегімен, бейнежазбалар қоймасынада сақтау. 14.2. Телеөнімдер мұрағатымен танысу. Өзіңе ұнаған хабарға талдау.   Компьютер, ноутбук, интернет, веб-камера, құлаққап, интерактивті тақта. Интернетте сілтеме жасау, мәтін жазудың тәсілдерін меңгеру. Гипермәтіндерге талдау жасау. Гипермәтіндерге сілтеме жасаудың тәсілдерін үйрену. Әлеуметтік желіде, жеке блогта гипермәтін жазуды үйрену. Пікір қалдыру кезінде де сілтеме жасауды үйрену. Мақала барысында түрлі сайттарға сілтеме жасау.
Мультимедиа технологиялар 15.1. Мультимедиа технологиялары жайлы түсінік. 15.2. Мультимедиалық технологиялар арқылы жұмыс жасау.   Компьютер, ноутбук, интернет, веб-камера, құлаққап, интерактивті тақта. Сайттарға сараптама жасай отырып, интерактивтілік, гипермәтінділік, мультимедиалық ерекшеліктердің көрінісіне мән беру. Өзіңнің үй бетіңді дайындап, оны безендіру. Заставка, түстердің гармониясын сақтау.

Наши рекомендации