Тақырып. Брокер-дилерлiк қызметті ұйымдастыру
Қаржылық институттар өздерiнiң бағалы қағаздарын шығару арқылы эмитент ретiнде, өз шотынан бағалы қағаздарды сатып алғанда инвестор рөлiнде және бағалы қағаздар операциясын жүргiзетiн делдал ретiнде шығады.
Бағалы қағаздар нарығында қаржылық институттар келесi кәсiби қызмет түрлерiн атқарады:
– Брокерлiк қызмет
– Дилерлiк қызмет
– Кастодиандық қызмет
– Клирингтiк қызмет
Қаржылық институттардың осы аталған қызмет түрлерiн, клирингтен басқасын, бiрiгiп атқаруға лицензия Ұлттық Банкпен берiледi. Үкiмет және Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен және Заңға сәйкес ұйымдардың жарғылық капиталына қатысушы банктерге қосымша талаптар қойылған.
Брокер-дилерлiк қызмет Конституциямен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамасымен, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келiсiм-шарттармен, банктiң iшкi шарттар мен iшкi құжаттарымен реттеледi.
Брокер-дилерлiк қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша лицензиялауға мiндеттi болғандықтан, брокер-дилер өз қызметiн жүзеге асыру үшiн лицензияның келесi түрлерiн иемденуi керек:
1) бiрiншi категориялы лицензия-клиент шоттарын номиналды ұстаушы ретiнде жүргiзу құқымен (бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу құқымен);
2) екiншi категориялы лицензия-клиент шоттарын жүргiзу құқығынсыз (бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеуi құқығынсыз).
Қаржылық ұйымдар мемлекеттiк бағалы қағаздармен операцияларды жүргiзу кезiнде алғашқы Дилер ретiнде шығады.
Алғашқы дилер – мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар бойынша депозитарлық және регистраторлық қызметтер атқару жөнiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлiгiмен келiсiм жасаған бағалы қағаздар нарығының кәсiпқой қатысушысы болып табылатын банк.
Брокер-дилердiң ұйымдық құрылымы келесi бөлiмдердi құрау керек:
1) Сауда бөлiмшесi-бағалы қағаздармен мәмлелердi жасасу функциясы басты болып табылатын бөлiм
2) Бэк-офис-негiзгi функциясы бағалы қағаздармен мәмiлелердi iске асыру және бұл брокер-дилердiң, оның клиентерiнiң бағалы қағаздарымен ақшасына есеп жүргiзу.
Брокер-дилер мен инвестор арасында бағалы қағаздарымен операцияларды жүзеге асыру туралы келiсiм-шарт жасалғаннан кейiн олардың арасында мiндеттер мен құқықтар пайда болады.
Дилердiң құқықтары мен мiндеттерi:
1. Брокер-диллер клиенттiң талабы бойынша оған өзiнiң соңғы есептi кезеңдегi қаржылық есеп берудi, кiрiстерi мен шығыстардың есеп беруiн, шаруашылық қызмет балансын ұсынуы мiндеттi.
2. Брокерлiк келiсiм-шарт жасау кезiнде брокер-дилер клиентке келесi қызмет түрiн көрсетуге құқылы:
– клиенттiң инвестициялық шешiмiне қажеттi ақпараттар ұсыну;
– клиентке бағалы қағаздармен мәмiленiң жүзеге асыруы туралы ұсыныстар көрсету;
– басқа да ақпараттық, аналитикалық және кеңес берушiлiк қызметтер көрсету.
3. Брокерлiк келiсiм-шарт жасау кезiнде брокер-дилер клиент туралы ақпаратты және клиенттен алған ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасы бекiткен шарттардан басқа құпия ұстауға мiндеттi.
4. Клиент тапсырысы келiсi реквизиттердi қамтиды:
– клиент тапсырысының үлгiсiн көрсету;
– клиент тапсырысының мерзiмi туралы мәлiмет;
– тапсырыстың нақты алынған күнi мен уақыты;
– бүл тапсырысты алған брокер-дилер қызметкерi туралы мәлiмет;
– клиент талабы бойынша мәмiле мақсатын көрсету;
– брокер-дилер iшкi ережесiмен бекiтiлген басқа да реквизиттер.
5. Дилер клиенттердiң бағалы қағаздары мен операциясын инвестормен бекiтiлген брокерлiк қызмет көрсету келiсiмiне сәйкес жүргiзедi.
6. Қажеттi құжаттар берiлгеннен кейiн клиенттiң бағалы қағаздары мен ақша қаражаттарының есебiн жүргiзетiн сәйкес шоттар ашады.
7. Брокер-дилер бағалы қағаздармен мәмiлелердi өз шотынан және өз мүддесi шегiнде, сондай-ақ клиент шотынан және клиент мүддесi шегiнде жүзеге асыру мүмкiн.
8. Дилер мемлекеттiк бойынша аукционға инвестор шотынан және талабынан қатысады.
9. Дилер инвестор тапсырыс бойынша мемлекеттiк бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру бойынша аукционға бұйрықты беруден бас тартуына құқылы:
– егер инвестор аукционға қатысу бұйрығын Алматы уақыты бойынша сағат 10-нан кеш жiберсе. Тапсырыстар факсимильдi байланыс арқылы жеткiзiлуi мүмкiн;
– егер инвестор дилер шотында аукционға жiберетiн клиенттiк тапсырысын соммасын резервiлемесе бас тартуы мүмкiн.
10. Келiсiм-шарт мерзiмi iшiнде дилер инвесторды хабардар етуге мiндеттi:
– өз шотындағы бағалы қағаздардың сандық мәлiметтерi туралы;
– дилер мен инвестор арасындағы мүдделер қақтығыстары туралы, сонымен қатар оның қаржылық жағдайының нашарлау себептерi немесе мүндай жағдайлар туындаған уақытта 3 күн iшiнде өкiлеттi органдардың санкциялары туралы;
– өкiлеттi мемлекеттiк органы, өзiн-өзi реттеу ұйымдардың және дилерге қатысты сауда ұйымдастырушылардың оның қызметкерлерiне және аффинирленген түлғаларына жарияланған санкциялары туралы;
– осы көрсетiлген ескертулер жазбаша түрде құжатталып клиентке почта, электронды почта, факсимильдi, телекстi, телеграфтық және басқа байланыс жолдарымен 3 жұмыс күн iшiнде хабарлануы керек.
11. Мәмiле жасау кезiнде клиент тапсырысын орындауды жетiстiктi етi үшiн барлық күш жiгер салады.
12. Бағалы қағаздармен мәмiле жасау кезiнде қарсы тапсырыстардың ең жақсы бағасынан төмен бағамен жасауға құқықы жоқ.
13. Дилерге бағалы қағаз мәмiлесi жөнiнде ұсынысын мүдделер қақтығысына әкелетiн болса беруге тиым салынады. Оны бұзған жағдайда дилер инвесторға бүл бұзушылықтан туындалған шығындарды, мәмiле соммасының 3% мөлшерiнде айыппұл төлеуi керек.
14. Дилер инвесторлар бағалы қағаздарының номиналды ұстаушы функциясын атқарады:
– инвесторлардың бағалы қағаздармен мәмiлесiн тiркеу;
– бағалы қағаздарға құқықты растау;
– бағалы қағаздардың болуын қамтамасыз ету және олармен мәмiленi жүзеге асыру;
– төлем агентi функциясын атқару;
– инвесторға номиналды ұстауға берiлген бағалы қағаздар туралы ақпараттар беру;
– Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да функциялар.
15. Бағалы қағаздармен мәмiлелердiң екi жақты және көп жақты тiркелуi сауда қатысушыларының қарсы тапсырыстары болған кезде жүзеге асады.
Инвестордың (клиенттiң) құқықтары мен мiндеттерi:
1) Инвестор аукционға қатысу туралы клиенттiк тапсырысты жергiлiктi уақыттың сағат 10.00 кешiкпей және екiншi нарықта мәмiле орындалуы үшiн сағат 17.00 кешiкпей жiберуi мiндеттi. Тапсырыстар факсимильдi байланыс арқылы жiберiлуi мүмкiн. ()
2) Инвестор диллер шотына ақша қаражаттардың уақыттылы түсуiн қамтамасыз етуi керек.
3) Инвестор диллер субдепозитарийiнде сақталған мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша мәмiлелердi тек қана диллер арқылы iске асырады. Субдепозитарий – номиналды ұстаушының клиенттердiң бағалы қағаздарына есеп жүргiзу жүйесi.
4) Инвестор диллер субдепозитарий шегiнде тек бiр тұлғалық шот иемденедi.
5) Қосымша келiсiм негiзiнде инвестор дилерге мемлекеттiк бағалы қағаздар портфелiн басқаруға құқын беруi мүмкiн.
6) Инвестор мына құқықтарға ие:
– мемлекеттiк бағалы қағаздар кесiмдi (конкуренттi) баға көрсетiлуiмен сату сатып-алу;
– мемелекеттiк бағалы қағаздарды ағымды (конкуренттi емес) баға көрсетуiмен сату сатып-алу;
– мемлекеттiк бағалы қағаздарды шығару номерiн көрсетiлуiмен мемелкеттiк бағалы қағаздар сатуға бұйрық шығару;
– сатып алуға бұйрықты ақша қаражаттарды салу мерзiмiн немесе теңге салым соммасын көрсетiлуiмен беру;
– биржалық нарықта операция жүргiзуде сауда сессиясын анықтау уақытында бұйрық беру;
– жүзеге асыру алдында немесе бұйрық орындамау алдында бұйрық беру.
Есеп айырысу шарттары:
1) Диллер инвестордан эмиссияны реттеу немесе инвестор табысынан портфелiнен сатқанда, мемлекеттiк бағалы қағаздар соммалық портфель мөлшерiне байланысты комиссиондық сыйақыны ұстап қалады;
2) Инвестор басқа алғашқы дилер субдепозитарий негiзiнде орналасқан мемелекеттiк бағалы қағаздарды сатып алу кезiнде дилер шотында сатып алуды жүзеге асыру үшiн жергiлiктi уақыттың сағат 16.00 дейiн қажеттi сомманы аударуға мiндеттi. Басқа жағдайда диллер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне мемлекеттiк бағалы қағаздар және ақшаны аударудың электрондық тапсырысын беруге мiндеттi емес.
3) Жеке шотта алты ай iшiнде бағалы қағаздар болмаса шот жабылмайды және инвесторға бұл туралы хабарлама берiледi.
4) Жасалған мәмле бойынша екi жақ арасында ақшалай есеп айырысу тәртiбi мен мерiзiмi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 14.11.1997 ж. № 396 Басқарма Қаулысымен бекiтiлген Қаржы Министрлiгімен эмиссияланатын мемлекеттiк бағалы қағаздарды алғашқы орналдастыру Ережесiне сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi 30.06.1997 ж. № 246 Қысқа мерзiмдi ноталарды орналастыру, айналдыру және өтеу Ережесi, 05.04.1999 ж. № 363 арнайы валюталық мемлекеттiк облигацияларды мерзiмi 5 жылдан жоғары шығару, айналу және өтеу Ережесiнiң жағдайы; 10.03.1999 ж № 221 бiр немесе одан көп мерзiмге шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк индекстелген қазынашылық мiндеттемелердiң шығаруы, айналысы мен өтеу Ережесi; 10.06.1997 ж. № 945 Қазақстан Республикасының 2-3 жыл мерзiмге шығарылған МЕОКАМ шығару, айналыс және өтеу тәртiбi туралы Жағдай; 31.12.1998 ж. № 20 Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында брокерлiк және диллерлiк қызметтi iске асыру Ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
5) Ақша аудару мерзiмiнен кешiккен жағдайда кешiгiп алынған ақша-қаражат дилермен инвестор оған берiлген формада жаңа тапсырыс бермегенге дейiн қолданылмайды.
6) Инвестор дилер шотына ақшаны керi шақыруына құқы бар. Ақша аудару тапсырысы инвестормен дилерге Алматы аудару уақытының 17.00 сағатына дейiн берiлу керек. Осы жағдайда дилер керi шақырылған соманы инвестор шотына бiр банктiк күн iшiнде аударады.
7) Комиссиондық сыйақы инвестор мен дилер жасасқан «репо» мәмiлесiнен алған табыстан алынбайды.
8) Дилер инвестор шотына мемлекеттiк бағалы қағаздарды өтеуден түскен ақшаны келесi күнi расталған уақытта аударады.[5; 18б].
Клиенттер туралы және бағалы қағаздар туралы жазбаша ақпарат коммерциялық құпия болып табылады және жариялануға келмейдi. Комерциялық құпия шот иесiне немесе бағалы қағаз ұстаушы, кепiлшi, қарыз берушi шот иесi жазбаша келiсiм негiзiнде үшiншi түлғаға жариялануы мүмкiн.
Банк брокер-дилер өз атынан немесе клиент тапсырысы бойынша бағалы қағаздармен жасалған барлық операцияларды iшкi есеп беру ведомостiнде операция жасалған күнi жазылуы керек. Егер банк бағалы қағаздар операциясының жасалғаны туралы жұмыс күнi аяғында ақпарат алса, онда бұл операция жұмыс күннiң аяғында iшкi есептеу ведомостiнде жазылады.
Банк iшкi есебiнде өзiнiң ақша-қаражатпен бағалы қағаздарын және клиенттiң ақша-қаражаттары мен бағалы қағаздарын бөлiп көрсетуi керек. Осы мақсатқа жету үшiн брокер-дилер iшкi есептеу жүйесiнде бағалы қағаздар бойынша жеке шоттар және ақша-қаражаттар бойынша аналитикалық шоттар ашады. Олар есептеу жүйесiнiң iшкi нумерациялау принциптерi негiзiнде номерленiп әр клиентке және банк контрагентiне номер берiледi.
Коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығының қатысушылары брокер-диллер ретiнде iшкi есептеу ведомостi және келесi журналдарды үнемi жүргiзедi:
– жасалған мәмiлелер журналы
– орындалған мәмiлелер журналы
– дилерлiк операцияларға есеп жүргiзу журналы
– бағалы қағаздарға күнделiктi есеп жүргiзу журналы
– ақша-қаражаттарды күнделiктi есептеу журналы
Сонымен қатар брокер-дилерлер қосымша есеп жүргiзудiң ведомостерiн жүргiзедi:
– орындалмаған операциялар журналы
– клиенттiк операциялардың есебiн жүргiзу журналы
– клиенттердiң бағалы қағаздары бойынша түскен табыстарды есептеу журналы
– клиенттердiң жеке шоттарымен операциялар бойынша журналы
– есеп берудi үлестiру журналы
– клиент бойынша ақпараттар журналы
– клиенттердiң наразылығын есептеу журналы
Банктер, яғни брокер-диллерлер операциялар көлемi және бағдарламалық қамсыздандыру мүмкiндiгiне байланысты iшкi есептеу журналын жүргiзу әдiсiн таңдайды.
Дилерлiк операцияларды есеп жүргiзу журналы бағалы қағаздардың орташа өлшенген бағасын және баланстық құнын есептейдi. Дилерлiк операцияларды есептеу журналы банк бэк-офисiмен жүргiзiледi. Журнал мәлiметтерi банк басшылығына есеп беруде қолданады. Журнал хронологиялық тәртiпте толтырылады:
– операциялардың жасалған күнiне есеп жүргiзу
– фактикалық есептеу күнiне операциялар нәтижесiн қайта бағалау
– мәмiле есебi аяқталған күнiне негiзделген мәмiле сомасының толық төлемi және бағалы қағаздарды қайта тiркелудi қоса алғанда операциялар нәтижесiн көрсету;
– барлық құндық көрсеткiштер журналда бiр валютада (теңге), сондай-ақ бiрнеше валютада есептелуi мүмкiн;
– бағалы қағаздар орташа өлшенген баға әдiсi бойынша бағаланады;
– банк бағалы қағаздар портфелiн бағалау үшiн орташа өлшенген баға қолданады;
– орташа өлшенген баға айыппұл, комиссия және басқа котировкаларды ескермегенде мәмiлелердiң фактикалық бағасы негiзiнде анықталады;
– операциондық шығындар;
– басқа есептi регисторлармен салыстыру.
Дилерлiк операцияларды есептеу журналы мiндеттi екi бөлiмдерден түрады:
1) Мәмiлелер туралы жалпы ақпарат
2) Портфел туралы жалпы ақпарат
Олар базалық көрсеткiштердi, әсiресе банк бағалы қағаздар портфелiнiң баланстық қүнің және операциондық табыс – шығынын есептеу үшiн қажет. Журнал мәлiметтерi банкке нарықтық баға негiзiнде есептелетiн бағалы қағаздар портфелiнiң құнына және оның потенционалды табыстылығына әсер ететiн нарықты котировкалар ауытқуын бағалауға мүмкiндiк бередi.
Клиентке қызмет көрсетуде брокер-дилер бағалы қағаздар бойынша түсетiн табыстар журналын жүргiзедi. Ол мына мазмұнды құрайды:
– клиент туралы мәлiмет
– бағалы қағаздардың атауы
– клиенттiң бағалы қағаздар бойынша табыстардың түскен сомасы мен күнi
Бiрiншi категориялы брокер-дилер жеке дара немесе эмиссионды сендикат құрамында андеррайтер ретiнде шыға алады.
Андеррайтер – брокер-дилердiң бiрiншi категориялы лицензиясы бар және андеррайтингалық қызметтi сыйақыға жасайтын тұлға. Андеррайтингалық қызмет – бұл эмитентпен келiсiм негiзiнде бағалы қағаздардың жаңа шығарылымына бағытталған мақсатты қызмет.
Андеррайтингалық операциялардың мәнi эмитент пен андеррайтер мүдделерiнiң бiрыңғайлығында. Егер бағалы қағаздар эмиссиясын орналастыру Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында, әрi шет мемлекеттердiң бағалы қағаздар нарығында жүргiзiлсе, онда эмиссионды синдикат мөшелерi бұл елде брокер-дилер қызметтi жүзеге асыруға құқы бар шет ел ұйымдары да бола алады. Екi жақты мүдделердiң өзара қызметi бағалы қағаздар нарығының артықшылықты тиiмдiлiкке әкеледi, себебi мұнда эмиссияны дайындау сапасы жақсарады, эмитент өзiнiң экномикалық жағдайы және болашақтағы жобалары туралы толық ақпарат ашады. Сонымен қатар нарықта мамандардың экспертизасынан өткен бағалы қағаздар пайда болады.
Брокер-дилерлер – эмиссионды синдикат мөшелерi арасында келiсiм-шарт (андеррайтингалық келiсiм-шарт) жасалған кезде ол Қазақстан Республикасының заңнамасы бекiткен нормалардан басқа мына нормаларды қамтуы керек:
– эмисиионды синдикат мөшелерi арасынан үшiншi тұлғалар алдында жауап беретiн басқарушыны тағайындау;
– қажет жағдайда қосымша басқарушыларды тағайындау;
– олардың өкiлдiктерi мен функциясын анықтау;
– эмиссионды синдикат мөлшерi арасында құқықтар, мiндеттер мен жауапкершiлiктi бөлу;
– андеррайтерлер (эмиссионды синдикат) арасында келiсiм шарт мерзiмiн белгiлеу;
– келiсiм шартта бағалы қағаздар орналастырудың бағдарлы бағасын қою;
– бағалы қағаздарды әрбiр андерайтерлерге бөлу;
– бiр бағалы қағаздарға есептегендегi комиссионды сыйақы немесе жеңiлдiктер;
– эмиссионды синдикат жүргiзу, бақылау жасау және заңдық қызмет көрсетулер жасаған үшiн комиссионды сыйақы алу.
Андеррайтерлер потенциалды инвесторларға қате ақпараттарды беруге және зерттеулерi бойынша дұрыс емес, қате нәтижелердi ұсынуға, эмиссия проспектiсiн толық емес орналастырғаны жөнiнде қате ақпаратты беруге құқығы жоқ.
Брокерлік фирманың қызмет аясына мына міндеттер кіреді:
1) Консалтинг (кеңес беру);
2) Бағалы қағаздарды бірінші және екінші нарыққа орналастыру ;
3) Инвестициялық қорларды құру және оны басқару.
Бұдан басқа брокерлер ақша нарығында бірсыпыра ерккше қызмет көрсетеді, атап айтқанда банктік несие алушыларға делдалдық жасау және мәмілені қамсыздандыру, оның ішінде биржалық келсімді сақтандыру.
Брокер-дилерлiк қызметтi жүзеге асыру тәртiбi
Брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия нақтылы ұстау ретiндегi клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен немесе клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығынсыз болуы мүмкiн.
Брокер-дилер осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде, өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарында белгiленген, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу тәртiбiне қойылатын талаптарды сақтауға мiндеттi.
Брокер мен оның клиенттерiнiң арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тапсырма немесе комиссия шартының нормалары қолданылатын брокерлiк ққызмет көрсету туралы шарт негiзiнде туындайды.
Дилер – олар да делдалдар. Олардың брокерлерден айырмашылығы шарт жасасқанда өз капиталын жұмсайды. Бағалы қағаздар операциясына маманданған дилерлерді жауапкешілігі шектеулі дилер деп атайды. Олардың бағалы қағаздарды сатып алу-сатуға тәуекелмен шығарған шығыны, эмитенттер мен инвесторлардың шығынынан әлдеқайда аз. Себебі сатып алу-сату аз уақыт аралығында болады.
Дилерлердің атқаратын қызметі:
1) Бағалы қағаздарды шығару, олардың курсы және сапасы туралы хабар тарату;
2) Клиенттердің тапсырмасын орындау;
3) Бағалы қағаздар нарығындағы өзгерістерді бақылап отыру. Егер бағалы қағаздарды сату- сатып алу баяуласа, онда бағалы қағаздардың курсын тұрақтандыру мақсатында дилерлер өз есебінен операция жүргізеді;
4) Сатып алушылар мен сатушыларды бір-біріне кездестіріп, бағалы қағаздар нарығының жұмысын жолға қлюға себепші болады. Олар нарықтын шапшаңдатушысы (катализаторы) ретінде жұмыс істейді.
Бағалы қағаздар нарығында дилерлердің қызметі брокердің қызметінен өзінің кең көлемділігімен ерекшеленетінің атап өткен жөн. Дилерлік фирмалардың алғашқы өзінің бірсыпыра капиталы болады, кейінен олар делдалдық сыйақымен және инвестициядан түскен пайдамен үнемі толтырылып отырады.
Қазақстан Республикасындағы брокер-дилерлік қызметті жүзеге асырғанда мынадай мәселелер кездесуі мүмкін:
– ақпараттың кейбір жағдайда тез, жедел жеткізілмеуі;
– брокерлік ұйымдасқан фирмалармен бағалы қағаздармен мәмілелерді жүзеге асыруда үнемі бәсекелесте болуы;
– нарықтың әлі де толық дамымауы;
– бағалы қағаздар портфелінің есептеуі бағамының өзгеруімен байланысты;
– мемлекет тарапынан толықтай реттеу базасының ұйымдастырылмауы т.б.
Бұл мәселелер біліктілік куәліктері бар мамандарға байланысты болуы мүмкін. Бағалы қағаздар бөлімінді бірінші немесе екінші категориялы кәліктері бар мамандар жұмыс істейді.
Коммерциялық банктердің кәсіпқой қатысушы, брокер-дилерлер ретіндегі қызметтің даму болашағы технологиялық факторлармен, персоналмен қызметтің жаңа формасының кәсіби мамандығымен анықталады. Артықшылықтарға мыналар жатады:
1 Жеке инвесторлардың қаражаттарын үздіксіз инвестициялау механизмі. Брокер-дилерлер өз клиенттерімен шоттарды ашуға келісім жасайды, ал оны бағалы қағаздар портфелін басқаруға лицензиясы бар брокерлік компаниялар басқаруды жүзеге асырады. Шот ашу кезінде клиент екі бірдей келісім-шартқа қол қояды: банк-кастодианмен кастодиандық қызмет көрсету келісім-шарты және брокермен активті басқарудың сенімділік келісім шарты.
2 Интернет жүйесі даму контекстегі технологиялық фактор қарастырылады. брокер-дилерлердің интернетті пайдалану клиенттермен on-line режимінде ақпараттар алмасуы аз шығынмен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Интернетті қолдану бағалы қағаздар нарығында қатысушылар және кастодиандық қызметке сұраныс туғызатын, ынталандыратын жасалу мәмілелерінің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
3 брокер-дилерлердің жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін есептеу мен сақтау бойынша қызмет көрсету құқығына сәйкес талаптар ендірді, халықаралық депозиттік есепайырысу жүйесіне қол жеткізетін келесі түрлері болуы керек:
– тікелей мүмкіндіктің болуы
– бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызмет көрсететін шетел ұйымдарының кастодиандық келісім-шарт жасау және бұл жүйелерге тікелей қол жеткізу мүмкіндігінің болуы
– Орталық Депозитарий арқылы қызмет атқару.
Бұл шешім Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау Агентігінің «Жинақтаушы Зейнетақы Қорының зейнетақы активтерін есептеу мен сақтау бойынша қызмет көрсететін брокер-дилерлерге қойылатын талаптар туралы» Қаулысымен құжатталды. Қазақстандық банк-кастодианның ірі шетел инвесторлары мен жетекші брокер-дилерлер арасынан клиенттердің болуы – бұл оны әлемдік брокер-дилерлік жүйесіне қатысты екендігін растайтын іс жүзіндегі артықшылығы болып табылады. Қазіргі кезде брокер-дилерлер қызмет көрсетудің сапасына үлкен назар аударады. Клиент өзінің бағалы қағаздарын сақтау үшін брокер-дилерлік қызметті пайдалану арқылы партнер көмегімен сақтаудың жай операцияларынан және есепайырысуларды жүргізуден минималды шығын арқылы максималды пайла алу мүмкіндігі болып табылады.
брокер-дилерлердің бағалы қағаздар нарығындағы негізгі міндеті ұлттық инвесторларға қызмет көрсету. Отандық қор нарығының өсуі және жұмыс істейтін зейнетақы қорларының жетілуі осы инвесторлар саны мен маңыздылығына байланысты болады.
Коммерциялық банктер қазіргі кезде түрақты және табысты қызмет ететін ұйымдардың бірі болып табылады. Өнеркәсіп салаларында байқалатын жалпы құлдырауға қарағанда банктер белсенді өсуде. Бұған үкіметтің қазақстандық нарыққа шетел банктердің енуін шектейтін саясатына байланысты, ол отандық банктік жүйенің қарақынды дамуына бағытталған. Меншікті бағалы қағаздарын шығару арқылы банктер эмитент ретінде, инвестор және делдал ретінде нарыққа шығады.
Брокер-дилерлік қызмет Қазақстан Республикасының Конституциясымен және басқа да заңнамаларымен (соның ішінде осы Ережелермен), сонымен қатар Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келісім-шарттармен (келісімдермен) реттеледі.
Брокер-дилерлердің өзін-өзі реттеу ұйымдарының (ӨРҰ) және Сауда ұйымдастырушыларының Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бекітілген ережелерімен брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыруды аталған ӨРҰ және Сауда ұйымдастырушыларының мүшелері реттеп отыратын қосымша нормалар белгіленуі мүмкін.
Брокерлік-дилерлік қызмет Брокер-дилердің ішкі құжаттарына, Брокер-дилер мен оның клиенттері арасында брокерлік қызметтер мен әдет-ғұрыптар (соның ішінде іскерлік айналым әдет-ғұрыптарын) көрсету туралы жасалған келісім-шарттарға сәйкес, егер олар Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын заңнамаларға қайшы келмесе, жүзеге асырылады.
Брокерлік-дилерлік қызмет Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен лицензияланады.
Брокер-дилер брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялаудың төмендегі түрлерінің бірін таңдай алады:
1) бірінші санаттағы лицензиялау – номиналдық ұстаушы ретінде клиенттің есебін жүргізу құқығымен (құнды қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу құқығымен);
2) екінші санаттағы лицензиялау - клиенттің есебін жүргізу құқығынсыз (құнды қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу құқығынсыз);
Брокер-дилерлердің филиалдары мен өкілдіктері қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеуді, қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан ары – уәкілетті орган) бекітілген жеке нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген тәртіпте құрылады және жабылады.
Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құқықтары мен міндеттеріне сәйкес уәкілетті орган, сонымен қатар брокер-дилердің өзі мүшесі болып табылатын ӨРҰ және Сауда ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының заңнамаларына және осындай ӨРҰ және Сауда ұйымдастырушыларының ережелеріне сәйкес брокер-дилердің оның өз қызметін реттейтін нормаларды сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
Уәкілетті орган брокер-дилерді тексергенде, аталған брокер-дилердің және оның брокерлік-дилерлік қызметті құнды қағаздар нарығында жүзеге асыруға құқық беретін лицензияға, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігін тексереді, ал тексеруден өтетін брокер-дилер уәкілетті органның тексеру тобына енгізілген қызметкерлерінің сұрауы бойынша аталған Брокер-дилердің брокерлік-дилерлік қызметіне қатысты құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін береді.
Номиналдық ұстаушы ретінде клиенттің есебін жүргізу құқығы бар Брокер-дилердің ұйымдастырушылық құрылымы келесі құрылымдық бөлімшелерден құрылуы керек:
1) қаржы аспаптарымен мәмілелер жасасуды жүзеге асыратын сауда бөлімшесі (бұдан ары - сауда бөлімшесі);
2) қаржы аспаптарымен жасалған мәмілелерді орындайтын, қаржы аспаптарының, осы брокер-дилер мен оның клиенттерінің ақшаларының есебін жүргізетін есеп айырысу бөлімшесі (бұдан ары – бэк-кеңсе);
Бірінші санаттағы брокер-дилердің төменде көрсетілген жұмысшылары уәкілетті органның қолданыстағы біліктілік куәліктерінің келесі түрлерін білуі тиіс:
1) брокерлік-дилерлік қызметтің жүзеге асырылуын бақылайтын бірінші басшы немесе оның орынбасары – бірінші санатты (құнды қағаздармен мәмілелер жасау жұмыстарын орындауға рұқсат беру құқығымен);
2) Сауда бөлімшесінің басшысы – бірінші санатты;
3) бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға қатысатын Сауда бөлімшесінің барлық (тек техникалық қызметтерді атқаратын тұлғалардан басқа) жұмысшылары – бірінші санатты;
4) Бэк-кеңсенің басшысы (құнды қағаздармен жасалған мәмілелерді атқару және тіркеу жұмыстарын орындауға рұқсат беру құқығымен) – екінші санатты;
5) Бэк-кеңсенің және басқа бөлімшелердің қаржы аспаптарымен жасалған мәмілелерді орындауға, қаржы аспаптарының, осы брокер-дилер мен оның клиенттерінің ақшаларының есебін жүргізуге қатысатын (тек техникалық қызметтерді атқаратын тұлғалардан басқа) барлық жұмысшылары – екінші санатты.
Бірінші санаттағы брокер-дилердің уәкілетті органның қолданыстағы біліктілік куәліктерін білуге тиісті жұмысшыларының жалпы саны:
1) бірінші санатта – үш адамнан кем болмауы;
2) екінші санатта – екі адамнан кем болмауы тиіс.