Процессор – компьютерде ақпаратты өңдеуді іске асыратын негізгі микросхема.
Процессор командаларының жүйесі – Система команд процессора – процессордың мүмкін болар нұсқауларының толық тізімі.
Процессор регистрі – Регистр процессора– мәліметтерді өңдеу үшін пайдаланылатын процессордың арнайы ұяшығы. Процессор командасы регистрде сақталатын мәліметтермен операция жүргізеді.
Редакциялау – Редактирование– құжатқа өзгерістер енгізу (құжатты түзету).
Реестр – компьютерде орнатылған операциялық жүйеде тіркелген жабдықтар мен бағдарламалық жасақтаманың үйлесімділігі туралы барлық ақпараты бар Windows 95/98 операциялық жүйесі мәліметтерінің арнайы қызметтік базасы.
Режим MS-DOS – MS-DOS режімі – компьютердің барлық ресурсы MS-DOS-тың бір қосымшасының орындауына берілген кездегі Windows 95/98 жүйесінің жұмыс істеу режімі. Сондай-ақ «MS-DOS эмуляциясының режімі» термині қолданылады.
Резервтік көшірме – Резервная копия– жеке тәуелсіз тасуышта орындалған, компьютерде сақталатын құнды ақпарттың көшірмесі. Қатқыл дискідегі мәліметтердің бүлінуі немесе жоғалуы жағдайында ақпаратты қалпына келтіру үшін пайдаланылады.
Ресурстардың үйлестірілген көрсеткіші – URL (Uniform Resource Locator) – унифицированный указатель ресурсов –Web-тораптың адресі. Мәселен, http://www.rcie.kz алып, Сіз ҰАО-ның серверіне тап боласыз.
Ресурстың әмбебап локаторы – Универсальный локатор ресурса (Uniform resource locator, URL) – Ғаламтордағывеб-сайттың адресі, мысалы, http://www.microsoft.com.
Ретсіз веб-сайт – Беспорядочный веб-сайт (Random Web site) –әр түрлі сілтемелермен жалғасқан, ақпараттадың массивтік жинағын құрайтын, нақты ұйымы жоқ сайт.
Сайт немесе веб-сайт – Сайт или веб-сайт – бір мекемеге немесе жеке тұлғаға жататын және, әдеттегідей, белгілі бір тақырыпқа арналған өзара байланысқан веб-беттердің тобы. Сайт өз мазмұны, титуль парағы және басқа беттері бар кітапты еске түсіреді.
Сервер – Server – өзінің қызметіне немесе ресурсына қатынас құрғызатын компьютер. Клиенттер (оған қатынас жасайтын компьютерлер) сервердегі ақпаратқа қатынас құра алады.
Сервер– ресурстарға, мысалы, қосымша бағдарламаларға, web-беттерге немесе мәліметтерге, суранысты өңдейтін компьютердің, бағдарламалық жасақтаманың және желілік қосылудың комбинациясы.
Сервер – (Server) –барлық ақпарат пен ресурстарды сақтайтын, сондай-ақ желідегі басқа компьютерлерден оған қатынас құруды қамтамасыз ететін клиент-сервер желісіндегі компьютер.
Сервер-DNS – DNS-сервер - IP адрестері туралы ақпараты бар сервер.
Сертификат бойынша орган – Орган по сертификации – сәйкестік сертификатты жүргізуші орган.
Сертификаттау жүйесі – Система сертификации – сәйкестік сертификациясын өткізу үшін процедуралар мен басқарудың өзіндік ережелерін орналастыратын жүйе.
Синергетика (англ. Synergy)– келісіп бірге істелетін жұмыс.
Синхрондық қарым-қатынас – Синхронное общение – дыбыстық және компьютерлік чад, бейнеконференциялар, бағдарламалық өнімдерді бірлесіп пайдалану, виртуалдық дәрісхана.
Спам (Spam) – тұтынушыға әлде-не сатуға ұсыныстары бар электрондық пошталық қоқыс.
Спамға қарсы бағдарламалық жасақтама – Программное обеспечение против спама (Anti-spam software) – спамды сүзгіден өткізетін бағдарламалық жасақтама.
Статикалық IP адрес – Статический IP адрес (Static IP address) – белгілі бір компьютерге тағайындалатын бекітілген IP адрес. Статикалық IP адрес веб-серверлер үшін қажетті болып саналады.
Сызықтық веб-сайт – Линейный веб-сайт (Linear Web site) –сіз бірінші беттен екінші және одан ары қарай орын ауыстыра алатынкітап мәнерінде ұйымдастырылған сайт.
Топология (Topology) – желінің құрылымы немесе желіні құру мен жүргізу, жиірек желілік архитектураға тәуелді болады.
Торап – Host – узел –Internet-ке қосылған кез келген компьютерлік жүйе немесе құрылғы.
Транслятор – бағдарламаның бастапқы кодын процессорға түсінікті объектілік кодқа (машиналық кодқа) түрлендіру үшін арналған қызметтік бағдарлама. Трансляторлардың екі типі болады: компиляторлар мен интерпретаторлар..
Трафик – телеқатынастық желісі бойынша берілетін хабарлар жиынтығы.
Хакер – (Hacker) – 1. Құпия немесе ақысы төленбеген ақпаратқа заңсыз қатынас құруға талаптанатын пайдаланушы (әдетте компьютерлік желіде). 2. Бағдарламалық өнімді әзірлеушілердің авторлық құқығын бұзуға әкелетін, бағдарламалық жасақтамаға рұқсат етілмеген өзгеріс енгізетін пайдаланушы.
Хаттама – Протокол– компьютерлер өзара әрекеттесетін ережелер жиынтығы.
Хаттама – Протокол (Protocol) –компьютерлердің бірін бірі «түсінуіне» көмектесе алатын ережелер жинағы.
Хост– Интернетке қосылған, атау берілген компьютер, сервер.