Жастар интернет байқауының III кезең ережесі

Жастар интернет байқауының III кезең ережесі


1. Жалпы ережелер

1.1. «Жұлдызды 25 жыл» тақырыбындағы ең үздік бейнебаян (клип) әлеуметтік желілердің пайдаланушылары арасындағы облыстық конкурсы, (сайыс) 2016 жылдың қараша айының 1-нен 30-на дейін өткізіледі.

1.2. Байқаудың жеңімпаздары 2016 жылдың 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиында марапатталады.

1.3. Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында өткізіледі.


1.4. Осы ереже байқаудың шарттарын мен мазмұнын мақсатын, тәртібін, айқындайды.

1.5. Достық үйі-қоғамдық келісім орталығы ұжымы байқауды ұйымдастыруға және басқаруға міндетті.

1.6. Бейнебаян тақырыбы: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы тұңғыш Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын этникалық топтар мен этномәдени бірлестіктердің дәстүрі мен мәдениеті.


2.Байқаудың мақсаты.

2.1 Әлеуметтік желілер арқылы жаңа қазақстандық патриотизмді насихаттау. Этникалық саясат мәселелеріне жастарды тарту, патриоттықа тәрбиелеу, ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайту.

2.2. Байқау арқылы жастардың көзқарасын, өздерінің таланттарын көрсетуге мүмкіндік ашу.

Байқау қатысушылары

3.1. Байқауға Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары, сондай-ақ Өскемен қаласындағы Достық үйі- қоғамдық келісім орталығының 14 жас пен 30 жас аралығындағы этномәдени бірлестік мүшелері қатыса алады. Сайыс барысында жеңімпаз атанғандарды, марапаттау рәсімі Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында өткізіледі. Мекенжайы: Тоқтаров көшесі, 47.

3.2. Байқауға барлық өңірлік Достық үйлерінің қызыметкерлері мен олардығ туған-туысқандары қатыса алмайды.

3.3. Байқау жеңімпаздарының жеке басын куәландыратын құжаты болуы керек.


4. Байқау шарттары:

4.1. байқауға қатысу үшін 2016 жылдың қараша айының 23-на дейін төмендегідей құжаттар қабылданады:

- Қосымша берілген үлгіге (1-қосымшаға) сәйкес өтініш;

- Сапасы жоғары бейнебаян (бейнебаян, кино).


5. Қорытынды:

5.1. «Жұлдызды 25 жыл» тақырыбындағы ең үздік бейнебаян (клип) әлеуметтік желілердің пайдаланушылары арасындағы облыстық конкурсы, (сайыс) 2016 жылдың қараша айының 1-нен 30-на дейін өткізіледі.

5.2.байқауға қатысу туралы өтініштерді 2016 жылдың 2 қарашасынан бастап 23 қарашасы аралығында Тоқтарова көшесі 47 мекен-жайында орналасқан Достық үйі-қоғамдық келісім орталығына, 21 бөлмеге сағат 9:00-ден 18.00-ге дейін өткізуге болады. Немесе төмендегі электронды мекенжайға жіберулеріңізге болады [email protected].

5.3. 23-30 қарашаға дейін «В Контакте» әлеуметтік желісінде онлайн дауыс беру өтеді.

5.4. Байқау қорытындысы Достық үйінде 1 желтоқсан күні жарияланатын болады. (Күні өзгерген жағдайда қатысушыларға алдын-ала хабар беріледі)


6.Байқау ережелері:

6.1. Өтінімдер мемлекеттік тілде және ресми тілде қабылданады.

6.2. Байқау қатысушыларының жұмыстары ғаламтордан көшірілген немесе басқа да авторлардан алынған жағдайда, бірден сайыстан шеттетіледі (барлық бейне клиптер мен материалдар) арнайы тексеріледі.

6.3.Ғаламтордағы Лүпіл, жазбаларды бөлісу, өз ойын қалдыру сынды әрекеттер есепке алынатын болады. 6.4. Қатаң тыйым салынады – егер қатысушы жалған лайктар жинаған жағдайда қосымша (топтар және басқа да құралдар) пайдаланса қатысушысының интернет дауысы есепке алынбайды және қайта қалпына келтіру құқығынан айырылады.6.5. Бейнебаянның көлемі: 1280x720 пиксель немесе 720 пішіміне қарағанда 5 минут пен 30 минуттан аралығындағы ұзақтықтан аспауы керек. Бейнебаян сапасы жоғары болуы шарт. 6.6. Ұпай бірдей болған жағдайда , ұйымдастырушы тарап шешушi дауыс беруге құқылы.6.7. Ұйымдастырушылар қатысушының рұқсатымен, бейнебаянды пайдалануға құқылы.6.8.Байқауға қатысушылар «В Контакте» әлеуметтік желісіндегі «Өскемен қаласы Достық үйі» тобына тіркелу арқылы өз жазбаларыңызды орналастыруға болады.6.9. Байқауға қатысушы тек бір ғана өтініш бере алады.6.10. Даулы сұрақтың шешімін тек әділқазылар алқасы мүшелері шешетін болады.

Қосымша 1

«Жұлдызды 25 жыл»

Жастар интернет байқауының III кезең ережесі

Толық аты-жөні    
Туған күні    
Тұрғылықты мекенжайы    
Байланыс телефоны, Электронды почта    
Оқу орны, жұмысы    
Бейнебаян атауы    
Қысқаша сипаттама    

*Сіз осы қосымшаны толтыра отыра байқау шарттарын қабылдайсыз.

Наши рекомендации