Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі.

А ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ

CТОМАТОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН» Медициналық білім беру басқармасының басшысы, м.ғ.к. ______________У.Б.Татыкаева «___» __________2016 жыл

БАЛАЛАР СТОМАТОЛОГИЯ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ ЖӘНЕ ОРТОДОНТИЯСЫ» пәні бойынша

СИЛЛАБУС

Пән коды:РBS-4308

Мамандық: 5В130200– «Стоматология»

Оқу сағатының көлемі: сағат

Дәріс : 15 сағат

Тәжірибелік сабақ : 120 сағат

СӨЖ : 67сағат

Курс: 4

Емтихан : VII, VIII

Түркістан 2016

Силлабус "Балалар стоматология пропедевтикасы және ортодонтиясы" пәні бойынша №651 05.11.2009 ж. ҚР ДСМ бұйрығымен бекітілген типтік бағдарламасына сәйкес жасалған жұмыс бағдарламасы негізінде және университет Сенатымен (26.06.2013 жылы №6 хаттамасы) бекітілген негізі оқу жоспарына сәйкес ҚР ДСМ ( №11 хаттама, 14.06.2007ж.) "Медициналық және фармацевттік жоғары оқу орындарының университеттегі медицина факультеттерінің кафедраларында оқу-әдістемелік құжаттарды өңдеу" бойынша №6 нұсқау хат талаптарына сай жасалған

Силлабус «Стоматология» кафедра мәжілісінде талқыланды.

Хаттама №__ «__» _______2016 жыл.

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к, доцент м.а. _________ М.Ә.Искендиров

Силлабус оқыту және бағалау комитетінде қаралған.

Хаттама №___ «__» _______2016 жыл.

Комитет төрайымы ________ К.Б. Бураева

Силлабус білім беру бағдарламалары комитетінде мақұлданған.

Хаттама № ___ «__» _______2016 жыл.

ОӘК және БББ комитет төрайымы, PhD ________ М.Б. Жунисова

Оқытушылар туралы мәлімет

Ерназарова Бақтыгуль Әліқызы -«Балалар стоматологиясы» пәнінен окытушы. Мамандыгы дәрігер-стоматолог.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б. Саттарханов көшесі, Медицина факультеті, Стоматология кафедрасы. Тел. 8702-261-17-87.

Қожамбекова Эльмира Асанбайқызы -«Балалар стоматологиясы» пәнінен окытушы. Мамандыгы дәрігер-стоматолог.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б. Саттарханов көшесі, Медицина факультеті, Стоматология кафедрасы. [email protected]. Тел. 8702-992-01-06.

Мусаева Алия Амантуровна -«Балалар стоматологиясы» пәнінен окытушы. Мамандыгы дәрігер-стоматолог.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б. Саттарханов көшесі, Медицина факультеті, Стоматология кафедрасы. Тел. 8778-150-63-22

Пәннің саясаты

Ахмет Ясауи атындағыХҚТУ-і медицина кластерінің 2016-2017 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес студенттің білімін бағалау ағымды(электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.

Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.

Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.

Кіріспе.

Балалар дәрігер–стоматологы жоғары мамандандырылған білімі бар маман. Төтенше жағдайлар кезінде жедел көмек көрсетуге және тіс–жақсүйек жүйесі аурулары бар балаларға емдік – диагностикалық көмек көрсетуге құқылы.

Бала жасының жақсүйек-бет аймағының патологиялық процесі ағымының әйгіленімінде, баланың дамуының антенатальдық кезеңінде емдеу әдістерін пайдалануда, туылу және емізу кезеңінде, бет, жақсүйек сүйектері қалыптасқанда және тістің қатты тіндері қалыптасқанда маңызы зор.

Ана мен бала денсаулығына байланысты тұқым қуалаушылық факторларының әсерінен тұқым қуалайтын патология дамиды немесе көрініс береді; тістің қатты тіндерінің кариеске бейімділігі анықталады немесе тістің қатты тіндерінің даму ақаулары қалыптасады. Осыған байланысты дәрігер-стоматолог бала тістерінің қатты тіндеріне жүкті немесе төс сүтімен емізетін әйел ағзасы арқылы аурулардың алдын алуды; балалардың анатомиялық және физиологиялық жас ерекшеліктерін; аурудың алдын алуды, консервативті немесе хирургиялық ем міндеттерін айқындап, емдеу әдістерін таңдай білуі; уақытылы туа біткен ақауларды танып, тіс–жақ жүйесінің аномалиялары мен деформацияларының дамуының алдын алуды білуі тиіс.

Балалар дәрігер–стоматологы балаларды стоматологта диспансерлеудің қазіргі заманғы принциптерін жақсы білуі керек, негізгі стоматологиялық аурулардың алдын алу шараларын жүргізе білуі, ауыз қуысын жоспарлы сауықтыру ерекшеліктерін сақтап, сауықтыруды талапқа сай сапалы жүргізуі қажет.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі компетенциялардың дамуына бағытталған.

Білім алу деңгейі Рөлдермен берілген компетенциялар Салыстырмалы үлестірілімі
  Б1.1. ҒАЛЫМ,ЗЕРТТЕУШІ БІЛІМІН ҚОЛДАНУ: медициналық емес, биомедициналық , клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды ,білімін тәжірибе жүзінде қолданады.     0,2
  Б2.1. ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАР: науқастармен жұмыс жасаған кезде әртүрлі жағдайда коммуникативті дағадыларды меңгергендігін көрсете алады.     0,2
  Б2.2. ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ НАУҚАСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ: науқастардың шағымын жинақтау, физикальды зерттеу жүргізу, анамнез жинақтау, зерттеу жоспарын тағайындау, зерттеу нәтижелерін оқу, дифференциальды диагностика жасау, диагноз қою, емдеу жоспарын жасап әр түрлі жағдайлардағы патологияларды ескере отырып оның тиімділігін анықтау секілді дағдыларды көрсете біледі.   0,3
  Б2.3 ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР: Бакалавр дәрежесіне сәйкес стандартты медициналық процедураларды жасай алатындығын көрсетеді.   0,3

Пәннің мақсаты.

Стоматологиялық аурулары мен жақсүйек-бет аймағында патологиясы бар балалар мен жасөспірімдерді емдеу тәсілдері мен реабилитация принциптерін, даму себептерін, клиникалық ағым ерекшеліктерін, диагностика әдістерін үйрету.

2.3. Оқыту мақсаттары

● беттің, бет қаңқасы сүйектері мен ауыз қуысы ағзаларының туа біткен патологиясы әйгіленімдерін тану;

● балалар мен жасөспірімдердегі парадонт және ауыз қуысының сілемейлі қабығы ауруларының клиникалық ағымының ерекшеліктерін, диагностикасын анықтау және емдеу жоспарын құру;

● бет қаңқасының жұмсақ тіндері мен сүйектерінің, ауыз қуысы ағзаларының ісік және ісік тәрізді ауруларының әртүрлі нозологиялық түрлеріне саралау диагностикасын өткізіп, балалар онкостоматологиялық проблемаларын тануды үйрету;

● балалар мен жасөспірімдердегі самай–төменгі жақсүйек буыны аймағы аурулары мен жақсүйек-бет жарақаттарын емдеу тәсілін дұрыс құрастыруды үйрету.

Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі.

  Рөлдермен берілген құзіреттіліктер Пәнді оқудың соңғы нәтижелері (бағалау әдісі)
    Б.1.1     Ғалым, зерттеуші (1) Білімін қолдану   Білім (когнитивті) домені: Қолданады:Балалар жасындағы стоматология пропедевтикасы,оториноларингология және стоматологиялық ауурулардын алдын-алу атты пәндерден алған білімін қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлдікпен орындайды:Әсерлі презентация жасауды дәлдікпен орындайды Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылығын үйлестіреді: оқу барысында қабылдаған мәліметтердің құндылығын үйлестіреді.
  Б.2.1. Дәрігер-клиницист. Коммуникативті дағдылар   Білім (когнитивті) домені: Есте сақтайды:стоматологиялық қабылдауда баланың психо-эмоционалдық жағдайынның түрін анықтап білуді есте сақтайды. Түсінеді:балалардың психология-физиологиялық ерекшеліктерін түсінеді. Қолданады: медициналық этика және деонтологиядан алған білімін қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлдікпен орындайды:науқаспен, оның туыстарымен, әріптестермен,жалпы басқа да медицина қызметкерлермен сенімді қарым-қатынас орнатуды дәлдікпен орындайды. Қарым-қатынас / мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылығын үйлестіреді: науқастармен жұмыс жасау барысында коммуникативті дағдыларды меңгерудің құндылығын үйлестіреді.
  Б.2.2. Дәрігер-клиницист. Науқастарды жүргізу. Білім (когнитивті) домені: Есте сақтайды:Балалар жасындағы стоматология пәнің негізге ала отырып,науқастарды зерттеуде және тексеруде, аурулардың түрлері мен өзінің қызметі саласындағы құрал-жабдықтар мен санитарлық, гигиеналық ережелерді есте сақтайды. Түсінеді:балалар мен жасөспірімдерде жақсүйек пен жұмсақ тіндерінің, тістер жарақаттарының этиологиясын, патогенезін, жіктелуін, ағым ерекшеліктерін, емін түсінеді. Қолданады:науқастың шағымын сұрастыруда, анамнез жинауда және диагноз қоюда алған білімін қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлдікпен орындайды: науқастың шағымын сұрастыруды , анамнез жинауды, диагноз қоюды, зерттеу және емдеу жоспарын тағайындауды дәлдікпен орындайды. Қарым-қатынас / мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді және ұйымдастырады: жасаған іс-әрекетінің құндылығын үйлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады.
  Б.2.3.   Дәрігер-клиницист. Медициналық процедуралар. Білім (когнитивті) домені: Қолданады: әртүрлі топтарда жұмыс жасай алады және озгелерді үйрету қабілетін көрсетеді Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлдікпен орындайды: балалар мен жасөспірімдерде стоматологиялық кірісулер барысында жергілікті жансыздандыру түрін таңдап, жүргізе білуді, жалпы асқынуларға жедел көмек көрсетуді дәлдікпен орындайды,Қарым-қатынас / мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылығын үйлестіреді: науқастармен жұмыс жасау барысында медициналық процедураларды меңгеріп,құндылығын үйлестіреді

2.5. Пререквизитті пәндер: қоғамдық денсаулық сақтау, эпидемиология, жалпы гигиена,

фармакология, визуальді диагностика, балалар аурулары, инфекциялық аурулар, психология негіздері, коммуникативтік дағдылар, стоматологиялық аурулардың алдын алу, балалар жасындағы стоматология пропедевтикасы мен ортодонтия, ішкі аурулар, жүйке аурулары, оториноларингология.

2.6. Постреквизитті пәндер: ортопедиялық стоматология, терапиялық стоматология,хирургиялық стоматология,балалар стоматологиясы.

Наши рекомендации