Он-лайн журналистика ұлттық тәжірибесі туралы ойыңыз?

Интернет желісінде жұмыс істеу үшін қажетті құралдар қандай?

Интернет – ашық компьютерлік желі, адамдардың өзара ақпарат алмасуына қызмет етеді. Интернет желісінде жұмыс істеу үшін қажетті құралдар: 1) Желілік картасы бар компютер (бүгінгі таңда ол кез келген компютерде бар); 2) Модем (ағылш. modem, modulator-demodulator) — сандық сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыратын және керісінше амал жасайтын электрондық құрылғы. Кейде модемнің орынына роутер немесе свичь қолданылады; 3) Егер Wi-Fi болмаса, желілік бейімдеуіш (ағылш. Network Interface Card, NIC) — компьютерді желіге қосатын құрылғы. Бұл құрылғы сондай-ақ желілік тақта немесе желілік тілдесу тақтасы (NIC) деп те аталады. 4) Сондай-ақ IP/ TCP/ DNS протоколдары да қажет.

Он-лайн журналистика: дамуы, проблемаларына мысал келтіріңіз.

ХХI ғасырда медиа саласының маңызы күрт артып келеді. Медиа саласы қоршаған әлемде болып жатқан оқиғаларды таратушы болып қана қоймай, көп жағдайда оның жекелеген елдерде және тұтас әлемде қалай өрістеп отырғанын айқындайтын жетекшілік негізі бар күшке айналып отыр.

Жаппай онлайн-журналистика – БАҚ дамуының жаңа кезеңі.

Ол БАҚ-ты дамытуға шексіз мүмкіндік береді.

Біріншіден, сарапшылар бағалауы бойынша, таяу келешекте коммуникация мен медиа дамыған елдердегі ұлттық өнімнің елеулі бөлігін құрайтын болады.

Өзге экономикалық салалардағы құлдырау мен тоқыраушылық құбылыстарына қарамастан, медиа-нарық, ең алдымен, тұтынушылар сұранысының артуы есебінен қалыпты әрі дәйекті түрде ұлғаятын болады.

Екіншіден, таяудағы бес жылдың өзінде Интернетке қол жеткізу үшін жалпыәлемдік тұтыну шығынының жыл сайынғы өсімі болжанып отыр, демек, оны пайдалану және контентің құру үшін төлем, орташа алғанда, 9 пайыздан астам болады.

Үшіншіден, шындығында БАҚ тұтынушылардың өзіне тікелей ақпарат беруге бейімделген контент «кезеңіне» енеді.Бұл электрондық медиа үшін де, мерзімді медиа үшін жаңа ахуал қалыптастырады. Бүгінгі таңда қазақ онлайн журналистикасының дамуына кедергі келтіріп отырған, қазақ тілді сайттардың аздығы және олардың сапасыздығы.

Он-лайн журналистика жанрлары: даму эволюциясын қалай түсінесіз?

Он-лайн журналистика немесе конвергентті журналистика (ағылшынша Convergence journalism) - бұл ақпараттық және коммуникациялық технологиялар интеграциясының бірыңғай ақпараттық ресурсқа бірігу процесі. Бүгiнгі таңда қазiргi заманғы медиа - компаниялар ақпараттық және ойын-сауықтық өнiмдерiнiң өз спектрлерiн кеңейтедi және медиа өнiм берудiң «жаңа» формаларын қолданады: ол – онлайн газет, интернеттегі радио, веб-телекөрсетілім. Конвергенция сөзінің өзi латынша «convergo» - «жақындатамын» деген мағынаны білдіреді. «Convergence» ағылшын тiлiнде «бiр нүктеде жинақталу» дегенді бiлдiредi. Павликова М. БАҚ және коммуникацияларды зерттеушi канадалық Дэнис Макуэйлаға сүйене отырып, келесi анықтама бередi: «Бұл бiр маңызды өнiмнiң әртүрлi арналарға әртүрлі құралдармен таратуы». Конвергенция – ақпарат берудің жаңа түрі.

Сонымен, конвергенция – бұл бірыңғай контентті әр түрлі құралдармен (мәтін, дыбыс немесе видео) және коммуникацияның әр түрлі арналары (пресса, телекөрсетілім, радио, Интернет) арқылы тарату.

Алғаш рет Хелемендик В.С. БАҚ қызметінің жаңа тәсілін және «бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі» анықтамасын 1977 жылы енгізді. Нәтижесінде БАҚ-тың дәстүрлі жүйесі өзгерді. Қазіргі газеттер, радио, телекөрсетілім және Интернет жақындасу пайда болатын мультимедиалық ортада қызмет етеді. Хелемендик бұқаралық ақпарат коммуникация координациясының негізгі принциптерін былайша көрсетті: ерекшелігі, мазмұнын жүйелі түрде түзетуі, қызметтің ортақтығы және басылым, радио және телекөрсетілімнің өзара тәуелділігімен, олардың өзара әрекеттесуін мойындау организациялық құрылымы өзгереді және қазіргі таңда дербес газет, радио, телекөрсетілімнің жалпы ақпараттық орталыққа бірігуі олардың бұқараға эффекті әсер етеді.

Он-лайн журналистика ұлттық тәжірибесі туралы ойыңыз?

Еліміздегі интернет-журналистиканың қалыптасуы 1996 жылы саяси процесстермен тікелей байланысты. БАҚтың монополиялану кезінде журналистер өз наразылығын, ой-пікірін, виртуалды кеңістікте жариялай бастады. Үкімет басындағыларды сынау, оппозициялық бағыттағы материалдар сайттарда көрініс тапты. Дуванов өзінің «WEB-журналистика:опасные тенденции» мақаласында интернет-журналистиканың дамуына баға беріп, атышулы www.eurasia.org сайтының материалдары «тым батыл» болғандықтан, арнайы орындардың күшімен оның айналық нұсқасы жасалып, ондағы ең провокациялаушы деген материалдары алып тасталды. Осылайша, сенсацияға құмар оқырман бөлігі шын «Евразия» сайтына кіре алмай, аз уақыттан кейін сайт мүлдем жабылды. Осыған ұқсас жағдайды басынан кешкен басқа да онлайн басылымдар www.turan.kz, www.nomad.web.com, т.б. Анонимді журналистиканың үлгісі болған осындай сайттағы материалдар БАҚ-ң бір түрі дегеннен гөрі саяси таластардың аренасына көбірек ұқсайтын еді. Қазақстандағы алғаш онлайн басылымдардың тағы бір ерекшелігі және кемшілігі, ақпарат сенімсізділігі, тілдің тұрпайылығы. Сенімсіз дейтініміз, келтірілген мәліметтермен танысқан оқырман оны өзі тексеруге қауқарсыз болған. Кейінірек интернет аудиториясы үшін саяси, әлеуметтік топтардың кез-келген өкілі ашық пікірі мен көзқарасын білдіре алатын трибунаға арналған, қазақстандық интернет-журналистиканың жаңа баспалдағы болған «Навигатор» интернет-газеті. Жариялаған материалдарға жасалған пікірлерге редакция жауап қайтарып, оқырманымен тікелей байланыста болатын. Басылымды Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, және Алмания оқырмандары оқып, 40 мемлекетке таралатын. Бұл басылым нағыз журналистік еңбектің жемісі: интернеттің интерактивті мүмкіндіктері пайдаланып, журналистиканың жаңа стандарттарын қалыптастырды. Осы тұста басылмның талантты журналисі марқұм болған Асхат Шәріпжанның жасаған еңбегі де зор екенін айтқымыз келеді. Тәуелсіз қоғамдық-саяси басылым бірнеше сот процесстерінен кейін адресін өзгертуге мәжбүр болды, «Навигатордың» аты да өзгерді: «Зона KZ» бүгінгі технологияларға сай шығып жатыр.Ақпарат таратудың басқа көзіне қарағанда мүмкіндігі зор жаңа медиа технологияның алғашқы қарлығаштары ретінде бүгінде тұрақты аудиториясы қалыптасып келе жатқан (қазақ тіліндегі) Abai.kz ақпарттық порталын, «Мінбер» (minber.kz) Ұлттық интернет газетін, «Замандас», «Алтын Орда», Masa.kz, Аzattyq.org, т.б. бірнеше интернет ресурстарды айтуға болады. Электронды және баспадағы ақпарат құралдарының интернеттегі нұсқалары да жұмыс жасап жатыр. Электрондық БАҚ жыл өткен сайын қоғамдық өмірде маңызды орын ала бастады. Бұған бірінші кезекте БАҚ-тың жаңа сапасы ғана емес, барлық қоғамның дамуының белгісі - ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы, ТВ-ның сандық қалыпқа көшуі әсер етеді. Сөзсіз, бұған қоғамдық пікірді қалыптастыру мен жас ұрпақты тәрбиелеуде ықпалы зор контенттің де әсері мол. Менің ойымша, электрондық БАҚ-та оң ақпаратқа үлкен назар аудару керек.

ҚР Журналистика академиясының президенті Сағымбай Қозыбаевтің айтуынша, Марат Барманқұлов ғаламтор әлеміне есігін ашып, БАҚ болашағын жаһандық кеңістікте көре білген.

Наши рекомендации