Delphi программалау ортасы

Программа негізінен екі бөлімен түрады.

1. Borland Delphi программалау тілі.

2. Paradox берілгендер қоры.

Дипломдық жұмыста Delphi программалау тілін пайдалану себебім,қазіргі таңдағы күрделі және жұмыс істеу жағынан мүмкіндігі тілдердің бірі.

Программалау тілінде негізгі жұмыстарды істейді, яғни формаларды іске қосып және форма бетіндегі алма суреттерін шығаруға және есеп нәтижесін беріп отыруда пайдаланды.

Paradox берілгендер қорын пайдалануымның себебі, Delphi программалау тілімен жақсы байланысады және онымен жұмыс істеу кез-келген адамның қолынан келеді.

Берілгендер қорын басқару жүйесі (БҚБЖ) — берілгендер қорымен жұмыс істеуге арналған Delphi ортасындағы программалар қатарында dBase, Paradox, Access, FoxPro т.б. да бар. Database Desktop утилитасының құрамындағы Paradox ең қолайлы, көп тараған программа. Paradox программаның Paradox 1, Paradox 2, Paradox 3, Paradox4, Paradox5, Paradox6, Paradox 7 сияқты бірнеше нұсқалары бар.

Берілгендер қорында екі өлшемді кестенің жолдары жазбалар деп, бағандары өрістер деп аталады. Дәлірек айтқанда берілендер қорында кестедегі әрбір жол жазба болып табылады, ал жазба бірнеше өрістерге бөлінеді.

Windows жүйесінің элементтерімен таныс кез-келген қолданушының Paradox программасын оқып үйренуіне қиындық жоқ десе де болады. Өйткені, Paradox программасымен жұмыс істеу принциптері Windows жүйесіне негізделген, оның объектілері терезе түрінде ашылады.

Процедуралық программалау тілдерінде программаның жұмысы операторларды ретімен орындау бойынша, ал, логикалық программалау8 тілдерінде ол қатаң логикалық ережелерге сәйкес өзгертулер енгізу ретінде қарастырылған болатын. Объектіге бағдарлы оқиғалық программалау тіліне программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері — VisualBasic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, ал Delphi(Дельфи) Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі құрылған (visual — көзбен көру, экрандық). Олар, әсіресе, Delphi программалау тілі — кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.

Паскаль тілін оқып үйренуге жеңіл және MSDOS жүйесінде программа дайындауға ең жақсы құрылымдық программалау тілі екені белгілі. Delphi-де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді программалауға болады. DeIphi-дің негізгі ерекшелігі — онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылды (Windows ортасында пайдаланатындықтан, Delphi-де программаны көбінесе қосымша деп айтады). Бұл программалау технологиясында нағыз революция жасады деуге болады.

Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы программалау ортасында дайындалып, арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер элементтерінен жинақталады. Олар жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме программа құрылады. Delphi-де қолданылатын негізгі кітапхананы визуальды компоненттер кітапханасы (VCL, VisualComponentLibrary) деп атайды. Компоненттер панелінде топ- тобымен жинақталған, жүздеген кластарға тиісті, стандартты компоненттер бар. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады.

Delphi Windows жүйесінде праграммалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б. іс-әрекеттерді орындау да мүмкін. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.

Delphiортасында төрт терезе бар. Олар:

l) Delphi5-Projectl - Delphi5-тің негізгі терезесі;

2) Form1 — Форма;

3) Object Inspector - Объект инспекторы терезесі;

4) Unitl.pas — Редактор терезесі.

1DeIphi-діңнегізгі терезесі үш құрылымнан тұрады:

1 Мәзір.

2 Acnanamap панелі алтыға бөлінеді:

•Standard— Стандарттық;

· View— Көрсету;

· Debug— Баптау;

· Custom- Қолданушы;

· Desktop — Жұмыс столы;

· Internet— Интернет.

3. Компоненттер палитрасы төмендегідей беттерден тұрады:

· Standard— Стандартты;

· Additional- Қосымша;

· Win32 — Windowsинтерфейсінің 32-разряды;

· System— функциялық жүйеге кіру мүмкіндік;

· DataAccess — Берілгендер қорындағы информациямен жұмыс;

· DataControl— Берілгендерді элементтермен басқаруды құру;

· dbExpress- SQL-серверіне кіру мүмкіндігі;

· DataSnap - Көп салалы берілгендер қорындағы қосымшаны құру

;· BDE — BDE арқылы берілгендерге кіру мүмкіндігі;

· ADO — ActivX берілгендер объектісін қолданып берілгендер қорына байланыс жасау;

·InterBase — Аттас берілгендер қорына тікелей кіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

· SOAP — Аттас техногия көмегімен анықталған ортады берілгендерді10алмастыру;

·InternetExpress — Аттас қосымшаны құру үшін берілгендер қорындағы анықталған қосымша-клиент және қосымша-сервер бір мезгілде болады;

· Internet— Интернет желісінде қосымша Web-серверін құру;

· FastNet— Инетернет желісіне кіру хаттамасын қамтамасыз ету;

· DecisionCube— Көп өлшемді талдау;

· QReport— Есепті құрастыру;

· DiaIogs— Стандартты сұхбаттық терезені құру;

· Win3.1 — Windows3.1 интерфейсі;

· SampIes— Бірге қойылатын жүйелік мысалдар

;· ActivX— ActivX компанентті;

· COM+ - Аттас объектілерді басқару;

· InterBaseAdmin — Аттас берілгендер қорына кіру мүмкіндігін басқару;

· WebSnap— Web-серверінің қосымшасын құру;

· Server— Жалпы COM серверлерVCL бөлігі үшін;

· IndyCIients — Клиент үшін Интернет тәуелсіз тұжырымдама компоненті;

· IndyServers - Сервер үшін тәуелсіз тұжырымдама компоненті;

· Indy Miss — Интернеттің қосымша тәуелсіз тұжырымдама компонентті.

2. Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен көрінеді. Оның жиектеріне тышқан көрсеткішін орналастырып, ол екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсілі бойынша форманы кеңейту не қысу қиын емес. Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін ViewFormsкомандасын беру жеткілікті.

3. Форманы не онда орынатылған компонентті программа құру үшін дайындау оның кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Қасиеттер тізімі Объект инспекторы (ObjectInspektor)терезесіне енгізілген. Тізімді инспектор терезесіне шығару үшін сәйкес объектіні (форманы не формада орнатылған форма компоненттін) бір шерту арқылы таңдау керек. Инспектор терезесінің жоғарғы қатарына таңдалған объект атауы да жазылып қойылады. Терезенің екі қосымша беті бар:Properties- қасиеттер жәнеEvents — оқиғалар. Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашылулы тұрады. Бірінші бағанда көрінетіндер - қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар — олардың мәндері.

4. Delphi-депрограмма (проект) екі бөлімнен тұрады: алғашқыда автоматты түрде project1 атауы берілетін проект файлы (негізгі модуль) және unit1.pas атауы берілетін модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес ic-әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Программа мәтінін программалық код деп, терезені программалық код терезесі не қысқаша редактор терезесі деп те атайды. Delphiіске қосылған кезде ол форма терезесінің астында көрінбей тұрады. Оны экранға шығару тәсілдері: - форманы жабу (жабу түймесін шерту); - код терезесінің бір шеті форма астында көрініп тұрса, оны шерту. Терезе белсендірулі түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (үлгісі) көрінеді.

Наши рекомендации