Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары.

Тақырыбы Өткізілу түрі Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)
  1-ші семестр
Кредит №1
Пән, мазмұны, міндеттері, әдістері. Еңбек туралы заң. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік санитарлық қадағалау. Қазақстан Республикасының №193-IV «Денсаулықты қорғау жүйесі және тұрғындардың денсаулығы туралы» кодексі. ҚР санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің функциясы және құрылысы. Теориялық сұрақ- тарды талқылау, заңды құжаттармен танысу және жұмыс жасау.    
Жарықтандыру, ауаның қозғалысы, ылғалдылықты, жылуды өлшеу құралының құрылысы және жұмыс істеу қағидалары.Желдетуді бағалау, жұмыс орындарындағы химиялық заттарды, шаңдарды, ауа сынамаларын алу нүктелерін талдау ережесі. Жұмыскерлердің денсаулық жағдайы өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысы және еңбек жағдайын бағалаудың негізгі статистикалық әдістері. Зертханалық сабақ, кіші топпен жұмыс  
Еңбек гигиенасындағы өндірістік физикалық факторлар және оларды бағалау. Өндірістік микроклимат: микроклимат көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының жіктелуі және адам ағзасына микроклиматтың әсерін бағалау. Өндірістік шу, діріл, инфрадыбыс, ультрадыбыс. Адам ағзасына ультрадыбыстың және инфрадыбыстың әсер етуіне гигиеналык бағалау және оларды анықтау әдістері. Кіші топпен жұмыс, пікір-талас.TBL
Өндірістік аэрозольдер: түсінігі және жіктелуі. Өндірістегі шаңдану және газдануды гигиеналық нормалау мен бағалау және олардың алдын-алу әдістері. Аэрозольдер мен шанданудың түзілуіне байланысты негізгі жұмыс түрлері. Фиброгенді әсерлі аэрозольдердің қасиеттері. Гигиеналық нормалаудың қағидалары. Кіші топпен жұмыс, жағдайлық есептерді шешу
Қолайлы еңбек жағдайын жасаудағы өндірістік желдетудің маңызы. Желдетуге қойылатын гигиеналық талаптар. Желдету құрылымдарының жіктелуі, олардьң әсер ету принциптері және нәтижелі критериялары. Жұмыс орындарында желдетуді дұрыс ұйымдастыру және гигиеналық нәтижесі. Кіші топпен жұмыс, тестілеу
Жұмыс орнын ұйымдастырудың физиологиялық негіздері. Еңбек жағдайын гигиеналық-физиологиялық бағалау: еңбектенушілердің ағзалары мен жүйелері жағынан өзгерістерін, еңбектің кернеулігін және ауырлығын бағалау және әртүрлі еңбек жағдайлары арасындағы байланыстарын анықтау. Пресс-конференция
«Еңбек жағдайының зияндылық керсеткіші бойынша бағалаудың гигиеналық критерийі және қауіпті өндірістік орта, еңбек процессінің ауырлығы және кернеулігі» жіктелуі. Алдын-алу шаралары кешенін өндеу. Өндірістік мекемелерде кәсіптік қауіптілікті бағалау. Өндірісті еңбек жағдайы бойынша аттестациялау. Кіші топпен жұмыс, тестілеу
Өндірістік құрылыс нысанының құрылысын және жобалауын, жобаны гигиеналық сараптау. Жарықтану және атмосфералық ауаға бөлініп шығатын қалдықтарды, өндірістік желдетуді гигиеналық сараптау. Қосалқы ғимараттар және бөлмелер жобасын сараптау (әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар). Өндірістік құралдар және жаңа технологиялық процесстердің жобаларын гигиеналық сараптау. Кіші топпен жұмыс, жағдайлық есептерді шешу
Металлургия өндірісіндегі еңбек гигиенасы. Негізгі кәсіптік топтар. Денсаулыққа негізгі қолайсыз факторлардың әсер етуі. Таукен жұмысшыларының ауру­шаңдығы. Еңбек жағдайын жақсарту бойынша шаралары. Машина құрылысы өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы. Құю өндірісі. Ұсталау-тығыздау цехы. Термиялық цехтары. Механикалық цехтар. Денсаулыққа негізгі қолайсыз факторлардың әсер етуі. Жұмысшылардың аурушаңдығы. Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары. Теориялық сұрақ- тарды талқылау, кіші топпен жұмыс
Өндірістік жарақаттану. Алдын-алу шаралары. Құрылыс материалдары өндірісіндегі еңбек гигиенасы.Негізгі кәсіптік топтар. Негізгі қолайсыз факторлар. Денсаулық жағдайына әсер етуі. Жұмысшылардың аурушаңдығы. Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары. Кіші топпен жұмыс, жағдайлық есептерді шешу TBL
Медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасы.Негізгі қолайсыз факторлар. Денсаулық жағдайына әсер етуі. Медицина қызметкерлері еңбегінің ерекшеліктері. Аурушаңдық. Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары. Жасөспірімдер және әйелдердің еңбек гигиенасы.Өнеркәсіп салаларындағы әйелдер еңбегінің концентрациялану дәрежесіне байланысты топтастыру. Өндірістік ортаның кейбір химиялық және физикалық факторларының әйелдер ағзасына әсер ету ерекшеліктері. Әйелдердің еңбекке қабілеттілігінің және аурушаңдығының негізгі сұрақтары. Кіші топпен жұмыс, тестілеу
Енбек етушілер денсаулығын кешенді бағалау. Алдын-ала және кезеңді медициналық қарау. Кезеңді медициналық қарауды ұйымдастырудағы еңбек гигиенасы бойынша санитарлық дәрігердің рөлі. Өндірістегі аурушаңдық. Еңбек етуші тұрғындардың аурушаңдығын және денсаулық жағдайын талдау. Жоғары аурушаңдықтың себебін анықтау. Өндірістік мекемелерде кәсіптік қауіптілікті бағалау. Кіші топпен жұмыс, жағдайлық есептерді шешу
  Жалпы сағаты:  

Наши рекомендации