Формалар шеберінің көмегімен форма құру

Форма шеберін пайдалана отырып, біршама өзгергіш форма құруға болады, және де құру үрдісі кезінде тікелей топтастыру тәсілін және деректердің сортталуын анықтауға болады, сол сияқты кестелер мен сұраныстардың ара қатынастары алдын ала анықталған жағдайда формаға бірнеше кестелер мен сұраныстар өрістерін енгізуге болады.

Форма шеберінің көмегімен форма құру үшін келесі іс-әрекетті орындаңыз:

1. Ауысулар облысына өтіңіз, содан кейін деректері бар кестеде немесе сұраныста тышқанды шертіңіз, осының негізінде форма пайда болады.

2. «Құру» қосымшасына өтіңіз, «Форма» тобын таңдап алыңыз, содан кейін ашылған мәзірден «Формалар шебері» пунктін таңдап алып, «Басқа формалар» пиктограммасында тышқанды шертіңіз.

Сурет. Пішімдер шебері.

3. «Формалар құру» терезесінде (12-сурет) «Қол жетімді өріс» облысына көшіңіз, содан кейін тышқанмен бағдар сызығын шертіп, Таңдап алынған өріс облысындағы сізден талап етілген өріске «озып кетіңіз», содан соң Келесі батырмасында тышқанды шертіңіз.

Сурет. Формада бейнеленетін өрісті таңдап алыңыз.

4. Форма құрудың екінші терезесінде (13-сурет) сіздің болашақтағы формаңыздың түрін таңдап алуға тура келеді. «Келесі» батырмасында тышқанды шертіңіз.

Сурет. Бұл терезеде құрылған форманың сыртқы түрі таңдап алынады.

5. Шебердің келесі терезесінде сіздің құрған формаңыздың мәнерін таңдап алуға тура келеді (14-сурет). Келесі батырмасында тышқанды шертіңіз.

Сурет. Мұнда құрылған форманың мәнері таңдап алынады.

6. Шебердің соңғы терезесінде (15-сурет) пішімді көру және деректерді енгізу үшін Ашыңыз ауыстырып қосқышын (бұл кезде пішімді құру аяқталады) әйтпесе «Форманың макетін өзгерту» ауыстырып қосқышын (бұл кезде сіз жаңа құрылған пішімді өзгертуге мүмкіндік аласыз) таңдап алуға тура келеді.

Сурет. Форманы құрастырушы режимінде құруды аяқтау немесе оның «тюнингін» таңдап алыңыз.

7. Деректерді қарау және енгізу үшін Форманы ашыңыз ауыстырып қосқышын орнатыңыз, содан кейін Дайын батырмасында тышқанды шертіңіз (16-сурет).

Сурет. Пішім шеберінің көмегімен құрылған форма осындай болады

8. Егер «Форманың макетін өзгерту» ауыстырып-қосқышын таңдап алсақ және «Дайын» батырмасына тышқанды шертетін болсаңыз, онда пішімді құрастырушы режиміне ауысу орындалады (17-сурет).

Сурет. Пішімді құрастыру режиміндегі жұмыстық орта.

Формалар құрастырушысы (конструктор)

«Форманы құрастырушы» режиміне өтудің қарапайым жолы Ассеss 2007 жұмыстық үстелінің оң жақ төменгі бөлігіндегі сәйкес пиктограммада тышқанды шерту.

 
 

Бұл режимде пайдаланушыға пішімді құрудың іс жүзіндегі шексіз мүмкіндіктері туындайды. «Форманы құрастырушы» режиміне өткеннен кейін, формаларды «құрастыруға» арналған «Құрастырушы» (Конструктор) қосымшасы пайда болады (18-сурет).

Наши рекомендации