PAINT графикалық редакторының құралдары

Жарияланды 21-01-2012, 21:26 Категориясы: Информатика

Сабақтың тақырыбы:PAINT графикалық редакторының құралдары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Графикалық редактормен жұмыс істеу кезіндегі практикалық біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыруды жалғастыру. Редактордың құрал-саймандарын дұрыс пайдалана білу және командаларды орындай алу қызметін меңгерту.
Дамытушылығы: Графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Информатика пәніне деген оң көзқарас пен эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру
Сабақтың түрі: практикалық жұмыс, іскерлік ойын сабақ.

Сабақтың әдісі:, сұрақ-жауап, көрсете түсіндіру, баяндау, деңгейлік тапсырмалар, практикум
Көрнекіліктері: Дербес компьютер, мультимедиа, «Алтын қақпа», бағалау парағы, сандықша, үлестірме қағаздар, қиықшалар.
Пән аралық байланыс: Геометрия, бейнелеу өнері, сызу, дене тәрбиесі
Сабақтың жүру барысы:
І.Ұйымдастыру.«Көзі өткір, ойы озық –Білгішбектің» дайындаған тапсырмалары.

ІІ. Үй тапсырмасы.
«Біліміңді тексер» ойыны (Тест жұмысы)
Ой қозғау. Қайталау
Физкультминут

ІІІ. Жаңа сабақ.
«Алтын қақпа» ойыны (Практикум, деңгейлік тапсырмалар )
Сергіту сәті (көз жаттығуы)
«Жұбын тап» ойыны.

ІҮ.Бекіту
«Сиқырлы сандық» ойыны
ІҮ. Қорытынды. Түртіп алу стратегиясы.
Ү. Үй тапсырмасы.
ҮІ. Оқушыларды деңгейлік бағалау жүйесі арқылы бағалау.
І.Ұйымдастыру.
А) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ә) Оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіру
ІІ. Үй тапсырмасы.
«Көзі өткір, ойы озық – Білгішбектің» дайындаған тапсырмалары.

«БІЛІМІҢДІ ТЕКСЕР» ОЙЫНЫ
Тест сұрақтары

1). PAINT графикалық редакторының іске қосылу жолын көрсетіңіз.
А) Іске қосу→Программалар→Стандартты→ Paint; *
В) Іске қосу→ Стандартты→ Paint;
С) Программалар→Стандартты→ Paint;
Д) Іске қосу→Программалар→ Paint.
2). PAINT графикалық редакторының терезесінің құрылымдық элементтерін атаңыз.
А) Түстер палитрасы;
В) Жұмыс алаңы, түстер палитрасы;
С) Тақырып қатары, меню қатары, құрал-саймандар жиынтығы, жұмыс алаңы, түстер палитрасы;*
Д) Жұмыс алаңы, меню қатары, тақырып қатары.
3). PAINT графикалық редакторында қанша құрал бар?
А) 12;
В) 16; *
С) 10
Д) 8
4). «Қарындаш» құралының қызметін көрсетіңіз.
А) Сызықтар салу;
В) Қисық сызықтар салу;
С) Әр түрлі геометриялық бейнелерді салу;
Д) Әр түрлі түсте сызықтар салу. *
5). Негізгі түс қалай таңдалады?
А) тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы;
В) ешқандай батырманы баспай таңдауға болады;
С) тышқанның сол жақ батырмасын басу арқылы; *
Д) Екі батырманы қатар басу арқылы.
6) Түстер палитрасын өзгерту қалай жүзеге асырылады?
А) Палитра→ Палитраны өзгерту; *
В) Түр→ Палитра;
С) Файл → Палитраны өзгерту;
Д) Түр→→ Палитраны өзгерту,
7) Құралдар жиынтығы мен «Палитра» қандай менюде орналасқан?
А) Түзету;
В) Түр немесе Файл
С) Түр; *
Д) Түзету немес Түр
8). Құю (Заливка) құралы қандай қызмет атқарады?
А) Кескін мен фон түсін бояйды; *
В) Төртбұрыш салу;
С) Мәтін енгізу;
Д) Түзу сызықтар салу
9). Жаңа құжат жасау үшін мына командаларды жүзеге асырамыз?
А) Файл→Кірістіру;
В) Файл→Ашу;
С) Файл→Сақтау;
Д) Файл→Құру.*
10). Қандай түстер үнсіз келісім бойынша орындалады?
А) Таңдалған түс бойынша тышқанның оң жақ батырмасын шерту;
В) Кескіннің қара түсі мен фонның ақ түсі;*
С) Таңдалған түс бойынша тышқанның сол жақ батырмасын шерту;
Д) Сызықтың керек түсін таңдау.
ОЙ ҚОЗҒАУ. (Оқушыларға сұрақтар қойылады)

Сабақтың мақсаты: PAINT графикалық редакторының құралдары туралы түсінік беру, олармен таныстыра отырып, атқаратын қызметтерін көрсету
Білімділігі: Графикалық редактормен жұмыс істеу кезіндегі практикалық біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыруды жалғастыру. Редактордың құрал-саймандарын дұрыс пайдалана білу және қызметін меңгерту
Дамытушылығы: Графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту. Эстетикалық талғамын қалыптастыру, істеген жұмысынан қорытынды ала білуге машықтандыру
Тәрбиелілігі: компьютермен жұмыс жасағанда ұқыптылыққа, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, өз бетімен жұмыс жасауға, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас, АКТ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрсете түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар
Көрнекіліктері: Дербес компьютер, слайдтар, оқулық
Пән аралық байланыс: Геометрия, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі (1-2 минут, оқушыларды түгелдеу, сабаққа назарларын аудару)

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау. (2-3минут) сұрақтар «Біліміңді тексер»

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сонымен Paint графикалық редакторы көмегімен біз қарапайым графиктік кескіндерден бастап, күрделі бейнелерді салып, редакциялай аламыз. Енді біз бүгінгі сабағымызда ары қарай осы редактордың құралдарымен жеке-жеке толық танысатын боламыз.

Құрал кескіні Міндеті Құрал кескіні Міндеті
Ерікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық пішінді үзіндіні таңдауа қызметін атқарады. Бүріккіш, пульверизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.    
Белгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады Жазу, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.    
Өшіргіш/түрлі-түсті өшіргіш, бұл суретің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған Сызық, түзу сызықтар салуға арналған.    
Құю (Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды. Қисық, тегістелген сызықтар салуға арналған.    
Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді. Тік төртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған.    
Масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді. Көпбұрыш, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.    
Карандаш, бұл кез келген сызықты әр түрлі қалыңдықта сызуға арналған. Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған.    
Қылқалам, ерікті сызықтарды салуға арналған. Қылқаламның қажетті түсін таңдап алуға болады. Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш, бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.    

Біздің бірінші қарастыратын құралымыз

Наши рекомендации