Медбиофизика курсымен, информатика, математика кафедрасы
Силлабус
Бойынша Информатика
Мамандық: 5B130100 «Жалпы медицина»
Дәріс : -
Іс-тәжірибелік (семинар) сабақтары : 90 сағат
ОСӨЖ : -
СӨЖ: 45 сағат
Емтихан 1 (семестр)
Барлығы : 135 сағат
Курс: І
Семестр: 1
Астана, 2014 ж.
Силлабус Қазақстан Республикасы мемлекеттік білім берудің жалпыға міндетті стандартқа сәйкес құрастырылды. 051301 «жалпы медицина» мамандығы үшін «Информатика» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде жетілдірілген.
Құрастырушы: Баймаханбетова А.Қ.
Силлабус 051301 «жалпы медицина» мамандығы бойынша «Астана медицина университеті» АҚ студенттеріне арналған.
20__ жылы «___» _________ айында кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілген, №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі _____________ _______________
(Т.А.Ж)
20__ жылы «___» _________ айында кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілген, №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі _____________ _______________
(Т.А.Ж)
20__ жылы «___» _________ айында кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілген, №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі _____________ _______________
(Т.А.Ж)
1.7 Оқытушылар туралы мағлұмат:
Медбиофизика курсымен, информатика, математика кафедрасы
Чудиновских Валентина Робертовна – доцент , каф.меңгерушісі мамандығы «Физика және математика», 65 жариялымдардың авторы, биостатистика, математика, физика пәндері бойынша дәріс оқиды.
Султанова Жаңыл Джиенгелдіқызы – аға оқытушы, мамандығы «Физика», «Ақпараттық жүйелер», техника ғылымдарының магистрі.
Оспанова Ғалия Қарталықызы – аға оқытушы, мамандығы «Физика», «Ақпараттық жүйелер», техника ғылымдарының магистрі.
Каипова Әсемгүл Шабиденқызы – аға оқытушы, мамандығы «Математика», «Ақпараттық жүйелер», техника ғылымдарының магистрі.
Алтаева Айгуль Умурзаковна – аға оқытушы, мамандығы «Эканомика және информатика», «Ақпараттық жүйелер», техника ғылымдарының магистрі.
Тастанова Айнұр Серікқызы – аға оқытушы, мамандығы «Физика, эколог».
Бактиярова Назира Ақжігітқызы – оқытушы, мамандығы «Информатика, математика және есептеу техникасы».
Баймаханбетова Әсем Қанатқызы – оқытушы, мамандығы «Математика және информатика».
1.8 Байланыс ақпараты:
Биостатистика курсымен информатика, математика кафедраның орналасқан орны: Бейбітшілік көшесі-49А, 6 қабат. Тел-539544, е-mail [email protected]
1.9. Пәннің саясаты:
Информатика медициналық жоғарғы оқу орындарының барлық студенттерінің оқуы үшін міндетті болып табылады.
Информатика курсын оқу процесі кезінде студент барлық тәжірибелік сабақтардың тақырыптары мен СОӨЖ, 9 аралық бақылау тақырыптарын, қорытынды сынақ және СӨЖ 9 тақырыбын орындап, тапсыруы тиіс.
Әрбір сабақ кезінде студенттер жұмыс бойынша ауызша теорияға жауап беруі, тәжірибелік тапсырманы орындауы, бақылау тестін тапсыруы қажет. Барлық жұмыс түрлерінің нәтижесі бойынша сабаққа баға қойылып, ол рұқсат рейтінгін бағалауды (РБ) есептеу кезінде ескеріледі. Тақырыптарды қайта тапсыруға жол берілмейді. Студенттердің студенттік ғылыми үйірмелердің жұмысына қатысуы студенттердің рұқсат рейтінгін есептеу кезінде есепке алынады.
Емтихан мен қорытынды тестілеуге оқу жоспарын орындаған, ағымдағы және аралық бақылауға бөлінген 50% баллдан кем емес жинақтаған студенттер жіберіледі.
Студенттер сабаққа дайындықпен келуі тиіс. Бұл дегеніміз – негізгі теорияны оқу, сабақ тақырыбы бойынша әдістемелік нұсқауларға сәйкес тәжірибелік тапсырмаларды орындау, өзімен бірге оқу дәптерінің және сабаққа әдістемелік құралдың болуы.
Сабақтарға әдістемелік нұсқаулар кафедра стентдіне ілінеді, кафедра зертханашысынан электрондық нұсқасын немесе көшіруге арналған данасын алуға болады. Сабаққа кешігіп келген студент аудиторияға тек оқытушының рұқсатымен жіберіледі.
Сабаққа қатыспау деканаттың рұқсат беруі бойынша өтеу және оқытушы кеңес беру сағаттарындағы өтеу кестесіне сәйкес сабақтан қалған күнени бастап 2 апта аралығында өтіледі. Қатыспаған сабақтардың тақырыптарын өтемеген студенттер емтиханға жіберілмейді. Себепсіз жіберілген әр дәріс үшін РРБ-дан 1балл алынады.
Сабаққа себепті қатыспаған кездегі өтеу уақытындағы алынған баға РРБ (рұқсат рейтінгін бағалау) есептеу кезінде ескеріледі. Сабаққа себепсіз қатыспау кезіндегі өтеу уақытындағы алынған баға РРБ есептеу кезінде есепке алынбайды.
Студенттердің информатика пәні бойынша өзіндік жұмысы өзіндік оқуға берілген 9 тақырыпты оқып үйренуді көздейді. Студент өзіне алғашқы сабақта берілген тапсырма бойынша тақырыптардың бірін семестр бойы мұқият орындайды. СӨЖ нысандары келесі болуы мүмкін: реферат, рефератқа пікір, презентация, тест құрау, тесттерді рецензиялау, интернеттен тақырыптар бойынша ақпараттар жинақтау, алгоритмдер мен бағдарламалар әзірлеу, ситуациялық міндеттер шешу, биологиялық процестердің математикалық моделдерін әзірлеу.
Өзіндік жұмыс тақырыптары кафедрамен келісілген мерзім ішінде тапсырылады. Өзіндік жұмысты уақытылы орындамағаны үшін баға 0,5 баллға азайтылады.
СӨЖ жазу және ресімдеу талаптарына сәйкес ресімделуі тиіс (кафедрадағы ақпарат тақтасында ұсынылған). Жұмыстарды ресімдеу тәртібі орындалмаған кезде (рефераттың, әдебиеттер тізімінің, қорытындының бір бөлімінің болмауы, рефератты ресімдеу, мазмұндау бойынша талаптарының орындалмауы және т.б.) жұмыс бағасы 0,5 баллға төмендетілуі мүмкін. СӨЖ оның кафедра оқытушысына жазбаша немесе электрондық нұсқада қайта тапсырылуы, жұмысқа баға қойылуы және тапсыру мәліметін журналға тіркеу кезінде кафедраға тапсырылған болып есептелінеді. СӨЖ-дің қалған тақырыптарын студент өз бетінше оқып, теорияны түрлі нысандарда тәжірибелік сабақтарда, аралық немесе емтихандағы қорытынды бақылау тақырыптарын тапсыру кезінде тапсырылады.
Сабақта студенттер халат, таза аяқ киім киюі тиіс. Топ басшы әрбір сабаққа кезекшіні тағайындап, ол студенттік билетін тапсыру арқылы зертханашыдан оқу бөлмесін қабылдайды, сабаққа қажетті жабдықтарды, әдістемелік материалдарды алады, оқу бөлмесінің жағдайын, жабдықтың сақталуын қадағалайды және сабақ біткен соң жабдық пен бөлмені зертханашыға тапсырады. Сабақ аяқталғаннан кейін студент жұмыс орнын тәртіпке келтіріп, кезекшіге тапсыруы қажет. Бүліну, аспаптар мен жабдықтарды істен шығару, әдістемелік материалдарды жоғалту кезінде студенттер және кезекші оларды қалпына келтіреді немесе құнын өтейді.
2. Бағдарлама:
Кіріспе.
Денсаулық сақтау саласының кең ақпараттануымен байланысты информатика және медициналық ғылымдар информатизациясының негіздерін білетін, сондай-ақ жаңа компьютерлік технологиялармен таныс болашақ дәрігерлерді даярлау қажеттілігі туындады.
Пәннің мақсаты
Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттерін информатика негіздерімен және денсаулық сақтауды ақпараттандыру әдістерімен, жаңа компьютерлік технологиялармен таныстыру, сондай-ақ қазіргі заманғы деңгейдегі ақпараттандырудың қолда бар мүмкіндіктерін тәжірибелік қызметте пайдалану бойынша білім мен дағдыларын қалыптастыру.