Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер

Түсінік хат

Осы берілген оқу бағдарламасы ЖМБС ТЖКБ (ҚР ҮҚ 2012 ж. 23 тамызда №1080, 2016 ж. 13 мамырынан өзгерістер және толықтырулар енгізілген № 292 бұйрығы) және 2013 ж. 10 шілдесінен № 268 бұйрығымен «Алгоритмдеу негізі және бағдарламалау» пәні бойынша және 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамассыз ету» мамандығы бойынша колледждің оқу жоспарына сәйкес ҚР ҒБМ бекітілген типтік оқу жоспарымен құрастырылған.

Берілген оқу бағдарламасы «Алгоритмдеу негізі және бағдарламалау» пәні бойынша дайындық деңгейіне және минимум міндетті мазмұнына мемлекеттік талаптарды жүзеге асыру үшін арналған.

Он бір бөлімнен тұрады. Оқу жұмыс бағдарламада материалдар: теориялық деректер; иллюстрациялар; көмекші құралда көрсетілген материалдар көптеген мысалдармен қатар бекітілген, ал олар өз кезегінде бағдарламалаудың жаңа тәжірибелік әдістерін меңгеруге және ұғуға мүмкіндік береді; әрбір пункттің соңында жаттығулар берілген, олардың бірінші бөлімі жаттығуларды орындауға әдістемелік нұсқаудан, ал екінші бөлімі өз бетімен орындауға арналған жеке тапсырмалардан тұрады, олар оқылған материалдарды толық меңгеру үшін қолданылады; өзін өзі тексеруге арналған бақылау сұрақтары да бар.

Жалпы көлемі - 222 сағат, соның ішінде:

- теориялық оқу –96 сағат;

- зертханалық-тәжірибелік оқу –78 сағат;

- курстық жоба - 48 сағат.

Осы оқу жұмыс бағдарламада студентке бағдарламалаудан базалық білім, алгоритмдерді құру кезіндегі математикалық модельдерді құру және білім саласында әр түрлі түсініктерді беруді және де бағдарламалау тіліндегі алгоритмның жұмыс бағдарламасын құра білуді қарастырған.

Бағдарламалаудың базалық тілі ретінде , бағдарламалауды оқыту үшін Н.Вирттың құрған - қатаң формалды, құрылымды, визуалды (DELPHI) жоғарғы деңгейлі тілі алынды.

Осы оқу жұмыс бағдарлама студенттердің «Математика», «Информатика», «Физика» пәндерінен алған білімдерімен негізделіп жасалынған.

Пәнді оқу барысында пәнаралық байланыс келесі пәндермен болады: «Сандық әдістер», «Жоғарғы математика негіздері», «ЕК бағдарламамен қамтамасыз ету және операциялық жүйесі», «Бағдарламамен қамтамасыз етуді өңдеу технологиясы», «Микропроцессорлық техника негізі», «Объектік - бағыттау бағдарламасының негізі».

”Алгоритмдеу және бағдарламалау ” пәні бағдарламасы 11 бөлімнен тұрады. Пәнді оқыту кезінде дәрістер және зертханалық сабақтардыңжәне міндетті бақылау жұмыстарының өтілуі қаралады. Зертханалық жұмыстар компьютерді қолдана отырып топтағы студенттерді екі топқа бөліп оқытылады.

Оқу жұмыс бағдарламасында берілген бөлімдер мен тақырыптарды, оларды оқытуға бөлінген сағаттарды жалпы сағат көлемінде өзгертуге және кейбір тақырыптарды тереңдетіп оқытуға болады.

Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер

Наши рекомендации