Ысқаша теориялық мәлімет

Зертханалық жұмыс №3

Кернеу бойынша іске қосу максимальды токтық қорғаныс


Жұмыстың мақсаты: кернеу бойынша іске қосу максимальды токтық қорғаныс жұмысын оқып-үйрену және микропроцессорлық элементтік базада жүзеге асыру ерекшеліктері; қорғаныс уставка тексеру және есептеу әдістерін оқып-үйрену; максимальды ток қорғанысының әрекет ету аймағына, селективтілігіне және сезімталдығына әсер ететін факторларды зерттеу.

ысқаша теориялық мәлімет

Қысқа тұйықталу кезіндегі максимальды токтық қорғанысының сезімталдығын арттыру үшін және жүктеме токтарынан оларды алып шығуды жақсарту үшін төмендетуді немесе максимальды кернеу релесі көмегімен блокировкалауды (көбіне осылай атайды) қолданады (сурет8).

Сұлбада көріп тұрғандай, қорғаныс ажыратуға әрекет жасайды тек кернеу релесі 1 іске қосылған кезде ғана. Кернеу релесінің 1 уставкасы жұмысшы кернеудің минимальды деңгейінде, тіпті токтық реле 3 желінің жүктемесі артып кету нәтижесінде контактілері тұйықталсада, қорғанысқа ажыратуға мүмкіндік бермейтіндей етіп таңдалады.

Қысқа тұйықталу кезінде желінің кернеуі төмендейді және минимальды кернеу релесі1 қорғғанысқа ажыратуға рұқсат беріп, іске қосылады.

Тізбек үзілген жағдайда, қоректендіруші реле кернеуі өз контактілерін тұйықтайды да, қорғаныс блокировкасынан айырылады. Сондықтан сұлбада кернеу релесі 1 контактілерінің қалып-күй сигнализациясы қарастырылған, ол блокировканың ақаулығын көрсетеді.

Екі фазалық қысқа тұйықталу кезіндегі блокировканың сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін, желінің сызықты кернеуіне қосылған, үш кернеу релесі 1 орнатылады ( токтық релелер санына қарамастан). Дегенмен, сызықты кернеуге қосылған кернеу релесі 1 бірфазалы қысқа тұйықталуларға сезімталдығы нашар. Сондықтан жерге қондырылған бейтарабы бар желілерде блокировка жасайтын төртінші қосымша реле қарастырылған, ол жерге тұйықталу кезінде пайда болатын нольдік тізбектегі U0 кернеуіне сезімтал.

Оқшауланған бейтарапты желіде сұлбаның токтық бөлігі екі фазалы етіп орындалады. Кернеу релесі бөлігінде сұлба үш фазалы етіп орындалуы тиіс, екі фазалық қысқа тұйықталулар кезіндегі сенімді жұмысын қмтамасыз ету үшін. Реле Н0 орнатылмайды, себебі қорғаныс тек фазааралық қысқа тұйықталуларда әрекет етуі тиіс.

Ысқаша теориялық мәлімет - student2.ru

Сурет 8. Минимальды кернеу блокировкасы бар максимальды токтық қорғаныс сұлбасы

Минимальды кернеудің түсіп кетуі релесінің Uc іске қосылу кернеуі мына формуламен есептеледі

Ысқаша теориялық мәлімет - student2.ru (3)

мұндағы Uраб.мин – жұмысшы кернеудің минимальды мәні ;

kн – сенімділік коэффициенті (kн =1,1),

kвоз – реленің қайта оралу коэффициенті (kвоз=(1.1÷1.5))

Кернеу релесінің сезімталдығы қорғаныс аймағының соңындағы қысқа тұйықталу кезіндегі максимальды кернеу мәнімен тексеріледі. Сезімталдық коэффициенті

Ысқаша теориялық мәлімет - student2.ru (4)

Мұндағы Uс.з –қорғаныстың іске қосылу кернеуі;

Uи.макс - қорғаныс аймағының соңындағы қысқа тұйықталу кезіндегі максимальды кернеу мәні. Егер ол 1,5 тең немесе одан асатын болса, қанағаттанарлық деп есептеледі.

Іс-тәжірбие қуатты жүйемен қоректендірілетін ұзын желілерде, сондай-ақ реакторы бар желілерде кернеу релесінің сезімталдығы жеткіліксіз екендігін көрсетеді. Сондықтан кернеу бойынша блокировкалы қорғаныс ұзындығы орта және қысқа желілерде қолданылады.

Реленің іске қосылу кернеуі U0 – бұл кернеудің артып кету релесі. Ол нольдік тізбек кернеуінің пайда болуын туындатын, бірфазалық және екі фазалық жерге қысқа тұйықталулар кезінде іске қосылады. Қалыпты режимде U0 = 0.

Дегенмен, релені қоректендіруші сүзгінің қателіктері есебінен, олардың қысқыштарында баланссыздық Uнб кернеуінің әлдебір мәні болады, одан реленің баптауы бұзылады, яғни Uс.р > Uнб. Осы жағдайды ескере отырып, Uс.р мәнін, әдетте, бір фазалық қысқа тұйықталу кезіндегі сүзгі қысқыштарындағы максимальды кернеуге тең немесе 15-20 % артық етіп таңдайды. Баланссыздық мәні желі жұмысының қалыпты жағдайынағы реле қысқыштарындағы кернеуді өлшеу арқылы оңай анықталады.

Минимальды кернеуге блокировкасы бар максималды қорғаныс кернеудің төмендеуіне алып келетін артық жүктемелерде әрекет етпейді және қарапайым максимальды қорғаныспен салыстырғанда қысқа тұйықталу тогына аса сезімтал. Ол қарапайым максимальды қорғаныс жеткілікті сезімталдықты және артық жүктемелерден сенімді алып шығуды қамтамасыз ете алмайтын, үлкен апаттық жүктемелері бар желілерде қолданылады.

Наши рекомендации