Магнитті-резонансты томография әдісі (МРТ).

Ультрадыбысты әдіс.

Қолдану көрсеткіші: плевральды қуыста аздаған мөлшерде сұйықтық болған жағдайда,егер де патологиялық түзіліс өкпе тінінің беткей қабатында орналасса және кеуде қабырғасына жабысқан болса.

Қарсы көрсеткіш: ультрадыбысты зерттеуге жоқ.

Техникасы: Сұйықтық плевральды қуыстың сыртқы бөліміне жиналу үшін науқас ауыратын қырымен жатады.Терінің ультрадыбысты орнатпаның датчигімен жақсы жанасуын қамтамасыз ету үшін,оған арнайы акустикалық гель немесе вазелин жағады.

Интерпретация: Бірөлшемді ультрадыбысты зерттеу барысында (эхография)бейнеленген сигнал экранда түзу сызықтағы шың түрінде көрінеді.Бастапқы шың(пик) ультрадыбысты импульстің генерациясы мезетіне,ал қайталанған шыңдар-анатомиялық құрылымдардан келетін эхосигналдарға сәйкес келеді.Осылайша,плевраның париетальды және висцеральды жапырақшаларының арасындағы арақашықтықты-яғни олардың плевральды жалқақпен ажырау дәрежесін анықтау қиынға соқпайды.Сонымен қатар бұл әдіс,егер түзіліс бар болса,ол түзілістің жұмсақ тіннен құралғанын немесе онда сұйықтық барын анықтауға мүмкіндік береді.Әрбір нүктенің жарықтығы сигналдың интенсивтілігіне байланысты:күшті сигналға ашық дақ,әлсіз сигналға-нүктенің сұр түстен қара түске дейін ауысуы сәйкес келеді.Экран мен фотоізтаңбаларда тығыз түзілістер ақ аймақ,ал сұйықтық –қара аймақ түрінде көрінеді.Өкінішке орай,өкпе тінінің басқа зақымдануларының ультрадыбысты диагностикасы әзірге шектеулі,өйткені ауалы өкпелік тін мен кеуде қуысының сүйектері ультрадыбысты толқындарды өткізбейтіндіктен,дәл өкпе зерттеуге “көрінбейтін” аймақтар қатарына жатады.

Радионуклеарлы зерттеу.

Радионуклидті зерттеулер көмегімен өкпелік вентиляция мен өкпелік қанағыстың сандық және сапалық анализін жүзеге асыруға(перфузионды және ингаляционды

сцинтиграфия,радиопульмонография,эмиссионды томография),қабыну ошақтары және өкпе мен көкірек ісіктерін анықтауға(позитивті сцинтиграфия),өкпе тамырларының өткізгіштігін бағалауға болады.

Әдістің принципі: науқастың ағзасына радионуклидтермен белгіленген индикаторларды енгізеді(радиофармацевтикалық препараттар-РФП).Өкпеден РФП шығуы мен фиксациясын,жылжу сипаты мен жылдамдығын бақылау үшін гамма-камералар қолданады.РФП-ды өмірлік процесстердің ағымына әсер етпейтін өте аз мөлшерде қолданады(микрограммның жүз және мың бөлігі).

Перфузионды сцинтиграфия.Бұл әдіс өкпенің капиллярлы қанағысын зерттеуге арналған.Әдістің принципі капиллярлы арнаның уақытша эмболизациясымен жүретін прекапиллярлы артериолалар немесе өкпе капиллярларында радиоактивті бөлшектердің “тұрып қалуына” негізделген.Науқасқа тамырішіне альбумин бөлщектерін(микросфера немесе микроагрегат түрінде),белгіленген ⁹⁹ᵐ Тс,активтілігі 80 МБк.Бөлшектер қанмен оң жүрекше мен оң қарынша арқылы өкпе артериясына түседі.Бөлшектердің өлшемдері 20-дан 40 мкм өзгереді;бұндай көлемдегі бөлшектер өкпе капиллярларында 100% жағдайда тұрып қалады(уақытша эмболизация).Олардың регионарлы өкпелік қанағыспен таралуы пропорционалды.Өкпе капиллярларының аз көлемдегі эмболизациясы пульмосцинтиграммаларды алуға жеткілікті және өкпе қызметі мен ағзаның тіршілігіне әсерін тигізбейді.Өкпеден қан сарысуы альбуминінің макроагрегатының (МАА)жартылай шығуының биологиялық кезеңі 2-6,2 сағ құрайды,эффективті кезең-1,5-3сағ. МАА технециясының бөлшектері қарапайым механикалық эрозия және фрагментация әсерінен өкпеден шығарылып,бауырда жиналады,онда бөлшектер ферменттер әсерінен аминқышқылдар мен пертехнетатқа айналады,содан қанға түсіп,бүйрек арқылы шығарылады.

⁹⁹ᵐ Тс ядроларының ыдырауы салдарынан энергиясы 140кэВ болатын гамма-кванттар түзіледі,олар гамма-камерамен жақсы тіркеледі.Оның көмегімен радионуклидті сурет алынады-алты позициядағы сцинтиграмма.Компьютерге қосылған гамма-камера көмегімен суреттерді әртүрлі өңдеуге болады(фонды бөлу,тегістеу,фильтрация,масштабтау,”қызығу зонасын”бөлу,құру және ”белсенділік-уақыт” қисығын өңдеу және т.б.)

Зерттеу әдістемесі: Сцинтиграфияға арнайы дайындық қажет етпейді.Зерттеуді көбіне науқасты тұрған қалпында жасаған дұрыс,бұл бізге өзгермеген анатомо-топографиялық тұрғыда өкпе суретін алуға болады.Сцинтиграммалар полипозиционды статикалық режимде жазылады:алдыңғы-артқы,артқы-алдыңғы және екі бүйірлік проекцияда,сонымен бірге қажет жағдайда 45ᵒбұрышпен қиғаш(сол және оң алдыңғы және артқы).Сәулелік жүктеме: ⁹⁹ᵐ Тс макроагрегаттары немесе адам сарысуындағы альбумин микросфераларымен

жасалған өкпенің перфузионды сцинтиграфиясында эффективті эквивалентті доза 0,011-0,013 МЗв/МБк,демек 1 процедурада 1,5МБк/кг дене массасына енгізгенде,1,56-1,95 МЗв артық болмауы керек.

Жанама әсерлері мен асқынулар болмайды,өйткені өкпелік қанағыстан капиллярлардың аз ғана бөлігі өшеді(250-280млрд-тан 300000-500000-ден көп емес).Оның үстіне ақуыздық бөлшектер бірнеше сағаттан кейін қан ферменттері мен макрофагтармен ыдырайды.

Қарсы көрсеткіштері: жүктілік,130 кг жоғары салмақ,ақуызды көтере алмаушылық,16 жасқа дейінгі балаларды бақылау және ғылыми мақсатпен тексеруге тыйым салынады.

Интерпретация: Патологиялық өзгерістер табылмаған жағдайда өкпе алаңына РФП біркелкі таралуы анықталады.Қанағыс бұзылыстары кезінде суретте ақаулар пайда болады.Олардың орналасуы,пішіні мен көлемі зақымдалу сипатына байланысты.Өкпенің біреуінде РФП тотальды жоқ болуы өкпе артериясының тармағының бітелуі(оң немесе сол),оның атрезиясы,өкпе ателектазымен жүретін басты бронх ісігі,кистозды гипоплазия,пульмонэктомиядан кейінгі және т.б. жағдайларда көрінеді.Бөлік немесе сегменттің паренхиматозды зақымдалуында, соның ішінде бөліктік немесе сегментарлы артериялардың эмболмен бітелуінде ақау осы бөліктің(сегмент) топографиясымен сәйкес келеді,бұған қоса тромбоэмболия кезінде ол әдетте рентгенограммадағы қараюға қарағанда үлкен.

Ингалляционды (вентиляционнды) сцинтиграфия).Әдістеме тыныс алу кезінде кезекті клиренсті (өкпенің тазаруы) бағалау үшін радиоактивті газ немесе аэрозольдің өкпеде таралуын зерттеуге негізделген.Зерттеу бронхиальды өткізгіштікті,альвеоларлы тіннің вентиляциясы мен альвеолокапиллярлы мембрана арқылы РФП диффузиясын анықтауға мүмкіндік береді.Радиоактивті газ есебінде ¹³³Хе (немесе 81mКг) инертті газын қолданады.Өкпенің вентиляционды сцинтиграфиясын орындау үшін РФП-мен аэрозольды қоспа дайындалады. Препарат радиофармпрепараттың өндірілген мезгілінен 30мин кеш емес енгізілуі қажет.Ауалы-ксенонды қоспаны спирографтың жабық жүйесіне енгізіді,оған еріндік пен мұрындық қысқышты қолдана отырып науқасты қосады.Науқас 4 мин ағымында терең демалады.Одан кейін науқасты ”арқамен жатқан” қалпына жатқызуымыз керек.Динамикалық тепе-теңдік пайда болғанда өкпенің сцинтигарфиясын орындайды.Содан кейін газдың ”жуылуы” жүріп жатқанда сцинтиграмманы әрбір 45 секунд сайын қайталайды.Сканирлеуден өткеннен кейін радиоизотопты диагностика бөлімінің дәрігері өңдеу және жұмыс станциясында алынған ақпараттардың сипаттамасын жүргізеді.

Процедура аяқталған соң науқасқа көп сұйықтық ішу(1,5-2л күніне) және

радиационды қауіпсіздік талабына сәйкес жақын арадағы бірнеше күнде жүкті әйелдер және балалармен жақын қатынаста болуына шектеу қою жайында тағайындаулар беріледі.

Қарсы көрсеткіштер: жүктілік,130 кг жоғары салмақ,ақуызды көтере алмаушылық,16 жасқа дейінгі балаларды бақылау және ғылыми мақсатпен тексеруге тыйым салынады.

Интерпретация:Қалыптыда газ өкпеде біркелкі таралады және содан соң одан біркелкі шығады.Обструктивті зақымдануларда бірінші этапта өкпенің зақымдануға сәйкес бөлімдерінде РФП азаюы немесе жиналмауы көрінеді. ”Плато” кезеңінде РФП ақау аймағына диффузияланады және газдың ”жуылу” уақытында сонда ұсталып тұрады.

Позитивті пульмоносцинтиграфия –галлий цитратын(67 Ga) тамырішілік енгізу арқылы өкпені радионуклидті зерттеу әдісі,ол айқын активті пролиферативті үрдіспен жүретін тіндермен таңдалып жұтылады,галлий өкпе тінінің белсенді қабыну аймақтарында жиналады,соның ішінде туберкулез,саркоидоз,фиброздаушы альвеолит,пневмокониоз,лимфома,өкпе ісігі мен өкпенің метастатикалық зақымдануларында.

Магнитті-резонансты томография әдісі (МРТ).

МРТ мәні мынадан құралған,кейбір атомдардың ядролары,соның ішінде сутегі атомдары (протондар),әрдайым магнитті өрісте жүре отырып,сыртқы ауыспалы электромагнитті өрістің әсерінен энергияны жұтып алу қасиетіне ие,ал осы әсер ету тоқтаған жағдайда оны радиосигнал түрінде шығарады (энергияны резонансты бөлу).

Заманауи магнитті-резонансты томографтар сутегі атомының ядроларына ”негізделген”,бастысы тіндік сұйықтық және май тіндерінде орналасқан протондардан радиосигналдарды қабылдау.Томограф статикалық магнитті өрісті тудыратын магниттен құралған.Магнитте туннель бар,онда орындықта науқас орналасады.

Жоғары жиілікті катушка көмегімен протондардың радиотолқынды қозуы іске асады.Импульс аяқталғаннан кейін протондардың релаксациясы болады,ол энергияның радиосигнал түрінде бөлінуімен тіркеледі.Олар компьютерге түседі және дәрігерге кейін сурет ретінде бейнеленеді.Протондар релаксациясының екі нұсқасы жиі қолданылады: спин-торша(Т1) және спин-спинді(Т2). Соған сәйкес Т1 және Т2-өлшенген суреттер ажыратылады.

МР-томографияның жетістігі адам денесінің кез келген кесіндісінен жұқа қабатты суреттерді алу болып табылады:компьютерлі томографиядағыдай тек аксиальды 102

ғана емес,фронтальды,сагиттальды,аксиальды және қиғаш жазықтықта алуға болады.МР-томографияда қантамырлардың суретін контрастты зат енгізбей ақ алуға болады.Сонымен қатар жүрек қуысы мен тамырлардағы қан қозғалысын бақылауға болады.

Интерпретация: Спин-торша томограммада өкпелік фон және кеуде қуысының қаңқасы қара түспен бейнеленеді,ал бұлшықеттер.жүрек қабырғалары мен қантамырлар- ақ түсті.Жүрек камералары мен қантамыр ішіндегі қан томограммада қара болып көрінеді.Т2 әдісі бойынша МР-томографияда керісінше көрініс:өкпелік фон-ақ,ал жүрек қабырғалары мен тамырлар-қара.

МР-томография-бағалы және зиянсыз зерттеу әдісі;ол ешқандай сезімдер мен асқынулармен сүйемелденбейді.

Қарсы көрсеткіштер: денесінде металлды бөгде заттары бар науқастарға,соның ішінде ритм жүргізушісі және бас миына жасалған хирургиялық операциялардан кейінгі металлды клипстар болса жасауға болмайды.

Наши рекомендации