Сымсыз технологиялар. Сымсыз локальді желілер. Локальді желінің қаупсіздігін қамтамасыз ету.

Wi-Fi

Атақты Wi-Fi (Wireless Fidelity) технологиясы концентратор арқылы 2-ден 15 аралығындағы компьютерлерді байланыстыруға ммүмкіндік береді. Компьютерлер саны 10 мен 50 аралығында болса бірнеше концентратор арқылы іске асады және де бұл технология қуатты сымсыз көпірлер арқылы 25 км қашықтықта орналасқан екі локальді желіні қосу мүмкіндігін береді.

Технологияға байланысты сымсыз желіні үш түрге бөлуге болады:

- жергілікті есептеуіш желі;

- кенейтілген жергілікті есептеуіш желі;

- мобильді желі (тасмалданатын компьютер).

Сымсыз желілер

Сымсыз локальді желілер үшін (WLAN – Wireless LAN) аз қашықтыққа радиоканал арқылы қосылу қолданылады (әдетте 100 метр). Көбінесе екі жиілікті диапазон колданылады – 2,4 ГГц және 5 ГГц. Тарату жылдамдығы 54 Мбит/с дейін. 11 Мбит/с жылдамдықпен тарату кең таралған.

WLAN

желілері шектелген территорияда сымсыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді (әдетте офис ішінде немесе университет ғимаратында).

Сымсыз желі келесі жағдайларда қолдану тиімді:

- адамдарға толы мекемелерде;

- бір орындарда жұмыс істемейтін адамдарға;

- онашаланған мекмеледе;

- жоспарлау үнемі ауысып отыратын мекемелерде;

- құрылыста, қазба жұмысы жүріп жатқан жерлерде және т.с.с.;

Cымсыз байланыс технологиялары жылдан жылға күштiрек таралуда. Жеке қарастырғанда сымсыз жергiлiктi желіні құрастыру үшiн IEEE 802.11x стандарттардың тобы туралы айтылған.

Сымсыз жергiлiктi желі технологиялардың стандартизациясымен IEEE 802.11x-шi тобы қолданатын болды. Мысалы, WLAN Wireless Local Area Network қысқартумен жиi кездеседi, немесе, сымсыз жергiлiктi желі.

WLAN - желi және Ethernet - желi ұқсастығы бар. (жеке алғанда - деректердi ортасына берудi тәсілі), алғашқыда RadioEthernet деп атайдыi. Бұл атаулар дегенмен ескiрдi және сирек қолданылады. Желiлердiң ең әйгiлi атауы Wi-Fi- Wireless Fidelity - "Сымсыз байланыс" деп аударылады.

Wi-Fi желiсінің жұмыс iстейтiн тағы басқа (IEEE 802.11a, b, g) бiрнеше стандарттары бар. Стандарттар жеке алғанда құрылымдаы мен деректердi беру жылдығымен ерекшелінедi. Бағалары қатты ерекшеленбейді, сондықтан желі құрар алдында тиімдісін және жылдамдығын қолданған жөн.

Bluetooth (IEEE 802.15.1)

Bluetooth (ағылш. Bluetooth — көк тіс) — радиомен тілдесу арқылы ақпарат алмасу технологияларының бірі. Ол 2,4 — 2,4835 GHz (ISM — Industrial, Science and Medical band, лицензиялау қажет емес диапазон) жиілік арасында 10 немесе 100 m (классына байланысты) арақашықтықта істейді.

WiMAX технологиясы

WiMAX – қарқынды дамып келе жатқан технологиялардың жиынтығы және ол іс жүзінде телекоммуникацияның барлық салаларымен байланысқан. Кеңжолақты сымсыз ақпарат тарату желілері бүгінгі күнде IT-индустрияның негізгі бағыттының бірі болып табылады. Бүгін WiMAX КСҚ рыногының едәуір бөлігін алады. Juniper Research болжамдарына жүгінсек 2013 ж. соңына қарай WiMAX абоненттік базасы 50 млн. адамды құрайды, ал 2020 жылы WiMAX дүниежүзілік мобильді байланыс нарығының 20% ала алады (Farpoint Group). Сонымен, бұл технология әлі ұзақ уақыт бойы сұранысқа ие болады.

Сымсыз байланыс локальді желінің негізгі міндеті (WLAN) – ғимарат ішіндегі ақпарат ресурстарына қол жетімділік. Пайдалану сферасында екінші мағынасы – бұл қоғамдық байланыс нүктелерін (hotspots) көрнекті жерлерде ұйымдастыру – қонақ үйлерде, әуежайда, кафеде, және аталмыш мерекелерде уақытша желіні ұйымдастыру.

Сымсыз байланыс локальді желісі IEEE 802.11 стандарты неізінде құрылады. Бұл желілер Wi-Fi (WirelessFidelity) атымен ақ белгілі, стандарттарда әрине көрнекілік үлгіде жазылмаған, Wi-Fi бренд атауы барлық әлем бойынша кең таралған

Сымсыз байланыс технологиясына көп мән беретін өндірушілер сапасының жоғарлауына байланысты,соңғы уақытта оны құрал ретінде пайдаланып,қазіргі замандағы компьютерлік өмірді сымдардан қорғауға мүмкіндік тудырып отыр.

Сымсыз байланыс технологиясын құрастырушылар бірінші мүмкіндіктері сәтсіз аяқталған. Сымсыз байланыстың кең таралуының келеңсіз жағдайы ол ақпараттың қауіпсіздігі.

Наши рекомендации