Тақырыбы: Перифериялық кұралдары.

Жоспары:

Перифериялық құралдардың техникалық мүмкіндіктері, құрылымы, қолданылуы. Перифериялық құралдар. Ақпаратгы енгізу құралдары. Перне тақта және графикапық манипулятор.

Ақпаратты бейнелеу құралдары . Видеоманитор. ҚМДЖ. Принтер. СD-RОМ. Олардың қызметтері.

Лазерлік принтер

Тақырыбы: Перифериялық кұралдары. - student2.ru

Лазерлік принтерде кескінді баспаға шығару үшін, арнайы ұнтақ «тонер» қолданылады. Лазермен сәуле түсіру кезінде арнайы ұнтақпен толтырылған барабан сәуле түскен жерлерде сейіледі. Сейілген жерлерде тонердің оң зарядталған бөлшектері қалып қояды. Барабан мен қағаз жанасқанда, тонердің бөлшектері қағазда қалады. Кейіннен қыздырылған пресстің көмегімен тонер қағазға бекітіліп қойылады.

АҒЫНДЫҚ НЕМЕСЕ СИЯ БҮРІККІШ ПРИНТЕР.

Тақырыбы: Перифериялық кұралдары. - student2.ru

Сия бүріккіш принтердің инесі (головкасы) бояғыш затпен, яғни түрлі-түсті сиялармен толтырылған жіңішке түтікшелерден тұрады. Түтікшелердің негізіне арнайы элементтер (пэзоэлементтер) орналасады. Иненің қағаз бетімен қозғалу кезінде арнайы элементтерге кернеу беріліп, деформацияланады да қозғалып жатқан қағазға ине бойымен бояу жағылады.

Тақырыбы: Перифериялық кұралдары. - student2.ru

МАТРИЦАЛЫҚ ПРИНТЕР. Матрицалық принтер бірнеше металл инелерден тұрады. Олар әдетте тоғыз немесе жиырма төрт болады. Инелер бір-біріне перпендикуляр орналасады және электромагнит арқылы қозғалысқа келтіріледі.

Матрицалық принтердің жұмыс істеуі кезінде инелер кезектесіп бояушы лента арқылы қағазды соққылайды. Нәтижеде нүктелі оттискілер, ал олардан басып шығарылатын бейнелер пайда болады.

ТІНТУІР.

Тінтуір – өзін тегіс бетте қозғалтқанда бейне беттегі жүгіргіні (курсорды) жылжытатын шағын манипулятор.

Тақырыбы: Перифериялық кұралдары. - student2.ru

Тінтуір – компьютермен әдетте сым арқылы жалғанатын және тұрпаты кәдімгі тышқанға ұқсайтын, 2-3 батырмасы бар қорапша. Оны басында қалжыңдап «mouse» – «тышқан» деп атағанмен, кейіннен осы сөз ресми атауынаайналыпкетті. Тінтуірді үстел бетінде немесе басқа да жазықтық бетінде қозғалтқан кезде компьютер бейне бетінде тінтуір көрсеткіші – жүгіргі сол ретпен қозғалады. Жүгіргі орындалып отырған амалға қарай өз түрін өзгерте алады. Қандай да бір әрекетті орындау қажет болғанда пайдаланушы тінтуір пернелерінің бірін басады.
Тінтуірдің сол жақ пернесін бір рет шерту – нысандарды ерекшелеу үшін қолданылады. Тінтуір жүгіргісін нысанның үстіне апарып, бір рет шерту (басып, қайта жіберу) қажет. Екі рет шерту – терезені, құжатты ашу үшін немесе бағдарламаны іске қосу үшін қолданылады және <Enter> пернесін басқанмен бірдей қызмет атқарады. Жүгіргіні нысан үстіне апарып, екі рет жылдам шерту қажет (тінтуір орнынан қозғалмауы тиіс).
Сонымен қатар, тінтуірдің сол жақ пернесі бейне беттегі нысандардың орнын ауыстыру үшін қолданылады. Тінтуір көрсеткісін нысанның үстіне апарып, пернені басып ұстап тұрып, нысанды басқа жерге апарып, содан кейін пернені жібере салу керек. Тінтуірдің оң жақ пернесі мәтінмәндік мәзірді шақыру үшін қолданылады (мәзірде осы бағдарламада немесе бейне беттің осы аумағында жұмыс істеу кезінде рұқсат етілген әмірлер қамтылған), бұл көптеген әмірлердің орындалуын жылдамдатады. Тінтуір жүгіргісін нысанның үстіне апарып, тінтуірдің оң жақ пернесін бір рет шерту қажет.
Кей кездері тінтуір орнына текбол, сезімтал тақта немесе трекпойнт қолданылады. Қызметі жағынан бұл құрылғылардың бәрі тінтуірге пара-пар.

МОДЕМ.Модемнің жұмыс істеу принципі келесіге негізделген. Компютер берілгендерді тізбекті порт арқылы жөнелту кезінде, модемге тізбекті биттер жіберіледі.

Тақырыбы: Перифериялық кұралдары. - student2.ru

Бұл тізбекті биттер желіге информацияны жіберуді немесе модемге адрестелген командаларды қамтиды. Мысалы: АТД командасы. Одан кейін модем қашықтағы модеммен байланыс орнатады. Жіберілуі тиіс берілгендер, модем модуляторы арқылы аналогтық сигналға түрлендіріледі. Қашықтағы

модем бұл сигналды қабылдап, демодуляциялау арқылы цифрлық сигналға түрлендіріп және түрлендіруші компьютердің тізбекті портына жібереді.

СКАНЕР. Сканердің жұмыс істеу принципі оптикалық түрлендіруші CCD Sensor- дың қасиеттеріне негізделген. Жеке CCD Sensor-лар жарықсезгіш зарядталған конденсторлардан тұрады және жарықталу кезінде зарядтың бір бөлігін жоғалтады.

Тақырыбы: Перифериялық кұралдары. - student2.ru

Зарядтың қалдық көлеміне қарай, жарықтың әсер ету күшін анықтауға болады. Түпнұсқадан шағылған жарық сәулесі жартылай мөлдір айнаға келіп түсіп, одан өткен кезде интенсивтілігі бірдей үш сәуле шоғырын құрайды. Бұл сәуле шоғырлары түрлі-түсті фильтрлердің арғы жағында орналасқан CCD Sensor-ларды жарықтандырады. Қалдық зарядтың көлемі, сканерленіп жатқан аймақтың жарықталуын және түсін анықтауға мүмкіндік береді.

ДИНАМИКАЛЫҚ ГОЛОВКА. Динамикалық головка аккустикалық жүйенің негізгі элементі болып табылады, ол металл қораптан, воронка тәрізді диффузордан және диффузордың алқымына кірістірілген цилиндр пішінді тұрақты магниттен тұрады.

Тақырыбы: Перифериялық кұралдары. - student2.ru

Алқымға сыртынан жіңішке сыммен оралған катушкаға сигнал беріледі және ол катушкада магнит өрісін туғызып, диффузорды магнит бойымен қозғалуға мәжбүр етеді, осылайша дыбыстық толқындар туындайды.

СТРИМЕР. Стример берілгендерді магниттік лентада сақтауды қамтамасыз ету үшін арналған.

Тақырыбы: Перифериялық кұралдары. - student2.ru

Стимердің жұмыс істеу принціпі үйдегі магнитофонның жұмыс істеу принципіне ұқсас және магниттелмеген бөліктерін тізбектеп кодтауға негізделген.

МОНИТОР. Монитордың электронды сәулелік түтікше негізінде жұмыс істеуі. Электрондық зеңбіректер арқылы шығарылатын қызыл, жасыл және көк электронды сәулелер шоғыры, арнайы люминафор құрамымен қапталған экранға түсіп, оны сәулелендіреді.

Тақырыбы: Перифериялық кұралдары. - student2.ru

Электрондық сәуле шығару жолында қосымша сәуле шоғырының бағытын өзгертуге мүмкіндік беретін ауытқушы жүйе электродтар және келіп түскен бейненің жарықталуын реттейтін модулятор болады. Саңлау жүйесі көлеңкелік маска жәрдемінде әр түстің сәулесі сәйкес люминафор нүктесіне түсуін қамтамасыз етеді.

СҰЙЫҚ КРИСТАЛДЫ ДИСПЛЕЙ. Дисплейлердің сұйық кристалдар арқылы жұмыс істеу принципі. Мұндай дисплейлер кристалдардың электрондық-оптикалық қасиетіне негізделген.

Тақырыбы: Перифериялық кұралдары. - student2.ru

Сұйық кристалды дисплейлерде екі мөлдір шыны пластина арасында сұйық кристалл қабаты, оның арғы жағында люминисцентті жарықтандырғыш орналастырылған. Пластинаның біреуінде түрлі-түсті жарықтандырғыш фильтр бар, ал екінші пластинада мини (миниатюрлы) транзисторлар бар. Мұнда әр транзистор бір ғана ұяшықты басқарады. Ұяшыққа берілген кернеу әсерінен сұйық кристалл молекулалары кристаллдағы түстерден өтіп, поляризация бұрышы арқылы өзгереді. Неғұрлым ұяшыққа берілетін кернеу жоғары болған сайын, ол түсті соғұрлым аз өткізеді.

Оптикалық диск CD-R. CD-ROM(оқу,жазу),CD-RОМ (Орнату). CD-R ОПТИКАЛЫҚ ДИСК CD-R DVD.

Диск алюминий немесе алтыннан жасалған шағылдырғыш беттен, микроскоптық шұқырлармен жабылған және мөлдір пластикпен қапталып қорғалған. CD және DVD диск жетектері мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға («күйдіруге») және оқуға мүмкіндік береді. CD және DVD дискілер – ауыспалы тасымалдаушылар. CD дискіге 400 Мб, DVD дискіге 4,7Гб ақпарат сыяды.

Дискілер бір рет жазылатын (CD-R және DVD-R) және қайталап жазылатын (CD-RW және DVD-RW)болады. Кез келген диск жетектері мәліметтерді оқи алады, көбісі – жазуға да қабілетті, бірақ мәліметтерді сақтауға және алмастыруға арналған арнайы құрылғылар да бар. Әдетте бұлар – сыртқы құрылғылар, оларға компьютердің USB-портына тікелей қосылатын USB-диск немесе флеш-карта жатады. Флеш-карталар өте ықшам, қазіргі таңда оларға 128 Мбайттан 8 Гбайтқа дейін ақпарат сыяды. Компьютерді бейне және дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті ететін, сондай-ақ оны компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік беретін бірнеше құрылғылар түрі бар. Бұл құрылғылар құрамдас та, қосымша да болады, қосымша болған жағдайда олар кеңею слоттарына орнатылады.

Тақырыбы: Перифериялық кұралдары. - student2.ru

CD-ROM. Лазерлік жинақтаушының компакт-дискілермен жұмыс істеуі. Лазерлік сәуле компакт-дискінің бетіне бағытталады және ондағы «1» және «0»сандары микроскоптық шұқыр және дөңестер көмегімен кодталады. Дөңеске тура келген «1»саны сәуле арқылы шағылады және жарықты айырғыш призмадан өтіп, фотоқабылдағышпен қабылданады. Шұқырға тура келген «0»санында сәуле сейіледі және фотоқабылдағышпен қабылданбайды.

Тақырыбы: Перифериялық кұралдары. - student2.ru

CD-ROM(ОРНАТУ). Компакт-дискттер жинақтағышын орнату үшін, жүйелі блоктың алдыңғы панеліндегі қақпағын міндетті түрде шешу керек. Жинақтағыш беттік панелімен алдыға қаратылып орнатылады және арнайы винттармен екі жағынан жүйелік блокқа бекітіледі. Сонан-соң қоректендіретін разъём және информациялық кабель шлейф қосылады. Осыдан кейін қатты

дискінің бірінші контроллері IDE-ге SLAVEрежимінде немесе екінші IDEконтроллер бар болса ,MASTERрежимінде қосылуға болады. Соңғысы VideoCDжәне MPEG-CD-ді көруге мумкіндік береді.CD-ROM интерфейсі бар болған жағдайда, дыбыстық платаға жалғануға мүмкіндік бар.

CD-R. Өндірістік жасауға қарағанда, CD-R алюминий штамптауға тұйық-талған дайын, тік бұрыш пішінді матрицалы дөңес және ойпаң болады, CD-R –ге жазбаны жазу аса қуатты лазер көмегімен жүргізіледі, сонымен қатар арнайы қабаттың фотоэкспонирлеуі жүріп жатады, кейін сол күшті когеренттік сәуле шығарудың әсерінен қараяды, CD-R-ді оқу кезінде, лазерлік сәуле қосымша қабаттан өтіп, оның интенсивтілігі төмендейді, бұл эффектің орнын толтыру үшін, CD-R-дің төменгі бөлігін алтыннан жасайды.

Тақырыбы: Перифериялық кұралдары. - student2.ru

Наши рекомендации