Зертханалық жұмыс. Жұмыс парағының мәліметтері бойныша диаграмма құру

Жұмыс парағының мәліметтері бойныша диаграмма құру.

Мәліметтерді талдау мақсатында диаграммаларды қолдану

Сабақтың мақсаты:

1. Жұмыс парағының мәліметтері бойынша диаграмма парақтарын құру мүмкіндіктерін анықтау.

2. Microsoft Excel мәліметтер базасы негізінде диаграммаларды құрып үйрену.

Құрал – жабдықтар:компьютерлік класс

Әдебиеттер тізімі:

1. Фигурнов В.Э. IBM PS для пользователя. Краткий курс. Москва. ИНФРА –М 1998. Стр. 15-62.

2. Microsoft Excel. Версия 5.0. Руководство пользователя. Корпорация Microsoft. Стр. 301 – 419.

Диаграмма – бұл жұмыс парағының мәліметтерінің грфикалық көрсетілімі. Ұяшықтағы жұмыс парағының мәндері немесе мәліметтері жол, бағана, сектор немесе диаграманның басқада компонентері ретінде экраннан көрінеді. Мәліметтер нүктесі «ряды данныхта» топталады, олар бір-бірінен белгілері және түстері бойынша ерекшеленеді.

Диаграмма түрінде көрсетілген мәліметтер оңай қабылданады және түсінікті болып табылады. Сондай-ақ диаграма түріндегі мәліметтерді салыстыру және бағалуа оңайға түседі.

МАТЕР ДИАГРАММ.Мастер диаграммда диалогты терезелер көмегімен оңай дигарммаларды құру мүмкіндігімен сипатталады. Мастер диаграмм бұл үшін қажетті барлық шараларды атқарады: белгіленіп тұрған мәліметтерді тексеріп, диаграмма типін таңдап және оларды есептеп, қандай атау компонентерін еңгізу керектігін анықтайды. Диаграммаларды құру барысында олардың нұсқасы тікелей экранға шығып тұрады, бұл Мастер диаграммамен жұмыс жасау барысында қажетті өзгертулерді енгізу мүмкіндігін береді.

Мәліметтермен бірге диаграмма бір жұмыс парағында болуы мүмкін, онда ол внедренная диаграмма деп аталады. Мұндай диаграммалармен жұмыс жасау есеп және т.б құжаттармен жұмыс жасау кезінде ыңғайлы болып табылады.

Егерде сіз экранның бетіне тек қана диаграмманы шығарғыңыз келсе,онда диаграмма парағын құрасыз.

Қандай диаграмма болмасын (внедренная немесе жалғыз диаграмма), олар өздерінің құрылуына негіз болған жұмыс парағымен тікелей байланысады. Егер жұмыс парағындағы мәліметтер өзгертілсе сәйкесінше диаграмаларда жаңартылады.

Адамнан қадамға (шаг за шагом).

Кестені құрып болған соң жұмыс парағынан қажетті мәліметтерді бөліп алып «МАСТЕР ДИАГРАММ» тетігін басу керек.

Бірінші қадам-диаграмма типін таңдап алу керек.

Екінші қадам- Далее тетігін басып диапазонды таңдаймыз: жол немесе бағанадағы мәліметтерді таңдаймыз.

Үшінші қадам- диаграмманың параметрлерін енгіземіз: диаграмма атауын, Х және У осьінің атауын және т.б Кейін Далее тетігін енгіземіз.

Төртінші қадам- диаграмманы орналастыру: жеке парақта немесе жұмыс парағындағы мәліметтердің қатарына. Диаграмманы орналастырып болған соң ГОТОВО тетігін басамыз. Дайын диаграмма құрылып болды.

Егер сізге көмек қажет болса Мастер диаграммадағы «Справка» тетігін басыңыз.

Студенттерге арналған тапсырма

1. Файлды ашу, Microsoft Excel бағдарламасында құрылған кесте (№3 лабораториялық жұмыс).

2. МАСТЕР ДИАГРММАҒА кіріп, мәліметтерді талдау құралдарын табу.

3. МАСТЕР ДИАГРАММАНЫҢ қадамдық инструкциясын орындау.

4. Кестедегі мәліметтерді қолданып, өздігінен диаграмма құру.

Бақылау сұрақтары:

1. Диаграмма дегеніміз не? Олар қандай мақсатпен құрылады?

2. Диаграмманы құратын инструменттер қай жерде орналасады?

3. Сіз диаграмма мен графиктердің қандай түрлерін білесіз?

4. Статистикалық талдаудың негізгі түрлеріне сипаттама беріңіз?

5. Мастер диаграмманың жұмысы қалай жүзеге асырылады?

6. Дайын диаграмманы қалай форматтауға болады?

Зертханалық жұмыс

Access пакетінің функциялары

Жұмыстың мақсаты:

1. «Microsoft Access» бағдарламасының негізгі бағыттары мен мүмкіндіктерін меңгеру.

2. «Microsoft Access» бағдарламасы принціпімен және онда жұмыс істеу әдістемесімен танысу.

Құрал-жабдықтар:компьютерлік класс.

Әдебиеттер тізімі&

1. Финурнов В.Э. IBM показователя. Краткий курс. Москва. ИНФРА-М.1998. Стр. 15-62ю

СУБД Microsoft Access

СУБД-мәліметтер базасыман басқару жүйесі.

Accessкесте құрудың үш әдісі бар:мәліметтерді енгізу жолымен,кесте конструкторы көмегімен және кестені құру «Мастері» көмегімен. Осы әдістердің әрқайсысы үшін кестелер тізімінде жаңа объектілердің арнайы ярлыгы болады.

Егер мәліметтер базасында жыңа файл құрастырылса, онда кесте тізімінде осы ярлыктардан басқа ештене болмайды. Егер бұл ярлыктар көрінбей тұрса,онда Сервис командасының көмегімен Парамерт терезесін ашу керек, кейін Создать тетігін бас .сол кезде жаңа кестенің диалогты терезесі шығады, бұл кезде кестені құру әдісін таңдау мүмкіндігі туады.

Accessинструменттер тақташасында Жаңа объект тетігі орналасады.Тыштанның оң жақ тетігемен бұл объекті шертсек,онда Кесте объектісінің мәзірінен, жаңа кесте диологты терезесін ашуға болады.

Студенттің өзіндік жұмысы:

1. Microsoft Access бағдарламасына қалай кіруге болады және мәліметтер базасының жұмысымен танысу.

2. Бағдарламаның жұмысымен танысу үшін кестенің Мастері көмегімен жаңа мәліметтер базасын құру.

Тышқанның сол жақ тетегін екі рет шерту арқылы мастер көмегімен кестенің ярлыгын құру. Диалогты терезеде кестенің белгілерін, бағыттарын таңдаыз: іскерлік немесе жеке. Кестенің үлгісі жолынан ұқсас кестені таңдаңыз- Список рассылки. Тізімнен керекті жолдарды , жаңа кестенің жол тізіміне орналастыру керек. Қажет болып жатса жолдың атын өзгертуге болады.

Келесі диалогты терезеде жаңа кестенің атына кіріңіз, оны «бірінші семестірдің аяқталу рассылкасының тізімі деп атаңыз».

Microsoft Accessавтоматты немесе өзіндік кілтін таңдаңыз.Егер автоматты кілт таңдалса, онда автоматты номерлеу жолы шығады.

Кейін имя жолын таңдаңыз, ол кйін кілт болады,ал бұдан соң қосымша жолда тұратын мәліметтердің типін анықтаңыз.Кейін кестелер арасында байланыс түзуге болады.

Бақылу сұрақтары:

1. ПЭВМ қандай бағдарламалармен мәліметтерді өңдеуге болады.?

2. Microsoft Accessмәліметтерді өңдеу мүмкіндіктері?

3. Microsoft Accessталдау мүмкіндіктері.

Наши рекомендации