Санау жүйесi. Санау жүйесінің түрлері. Бір санау жүйесінен екіншісіне өту жолы.

Жаңа сабақ 1

Операциялық жүйелердің (ОЖ) дамуы көбінесе компьютерлердің аппараттық базасының жетілдіруімен байланысты. Ең бірінші компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ – олар бір ғана енгізілген программаны орындады; программаны дайындау мен енгізу бойынша барлық әрекетті, сонымен қатар деректер мен нәтижелерді енгізу/шығару пайдаланушыдың өзімен қамтамасыздандырылды. Сонымен бірге ОЖ шығу тарихы компьютерлердің ең алғаш пайда болуынан басталды, 1949 жылы ағылшын компьютері ЕDSАС өзінің бірінші автоматтық есептеуін жасады. Оның оған дейінгі компьютерлерден негізгі айырмашылығы программалық жабдықтаманы ұйымдастыру жаңа концепциясында болды: оперативті жадта сақталатын программа, жиі пайдаланылатын есептеулер үшін стандартты программалар кітапханасы және программалардағы қателерді табу құралы. ЕDSАС үшін есептеу процесін автоматты басқаратын және компьютер ресурстарын жобалауды қамтамасыз ететін программалар жиыны ретінде бірінші ОЖ жасалды. Компьютерлердің 1 және 2 кезендері үшін операциялық жүйелер өзінің дамуының бірінші қадамдарында, негізгі зейінін дестені орындау процесінде пайдалунышы мәселелерін автоматты ауыстыруына бөліп, бірінен соң бірі жүретін мәселелер дестелерін автоматты орындау функцияларын қолдайтын. ОЖ-нің ары қарай дамуы олардың басқарушылық және жоспарлаушы функцияларының күрделенуінде, қарапайым мультипрограммалық және диалогтық режимдердің т.б. пайда болуында көрінеді.

3-кезендегі компьютерлердің аппараттық құралдарының дамуы ОЖ-нің ары қарай дамуына түрткі берді. Бұл кезде аппараттандырудың жоғары дәрежелі пайдаланушылардың көптеген тапсырмалар ағымын бір уақытта орындауға мүмкіндік беретін дестелік өндеу режимінің қалыптасуы аяқталды.

Қазіргі заманғы ОЖ-ге мынадай талаптар қойылады:

· сыйымдылық – ОЖ басқа ОЖ-лер үшін әзірленген қосымшаларды орындайтын құралдарды қамтуы тиіс;

· көшірушілік – ОЖ- ні бір аппараттық тұғырнамадан басқасына көшіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;

· сенімділігі мен бас тартуға төзімділігі – ОЖ-ні ішкі және сыртқы қателіктерден, іркілестерден және бас тартулардан қорғауды ойластырады;

· қауіпсіздік – ОЖ-де бір пайдаланушының ресурстарын екінші пайдаланушыдан қорғау құралдары болуы тиіс;

· ұлғайтылымдығы – ОЖ келесі өзгерістер мен толықтыруларды енгізудің қолайлылығын қамтамасыз етуге тиіс;

· өнімділігі – жүйе жеткілікті тез әрекет ету қасиетіне ие болуы тиіс.

Windows 95-тің пайда болуы операциялық жүйе MS-DOS кезеңінен дербес компьютерлер әлемінде жаңа эраға өтуі болды. Келесі нұсқа — Windows 98-ті пайдаланушыларға одан да көп құрал және жұмыс өнімділігін арттыру мен Internet-те жұмыс істеу үшін ыңғайлы интерфейс мүмкіндігін ұсынды. 2000 жылғы қарай — Windows NТ дің мирасқоры болып табылатын, жаңа операциялық жүйе Windows 2000 шығарылды. Windows 2000-да өндірістік операциялық жүйе Windows NТ- дің мүмкіндіктері мен Windows 98-дің қарапайым интерфейсі мен қуаты қосылды. Мағлұматты ары қарай беру барысында Windows 2000-дағы жұмыс қарастырылады, бірақ айтылған Windows 98-ге қатысы бар.

Бірнеше бағдарламамен жұмыс істеген кезде есте болатын ережелер бар:

· әрбір бағдарлама өзінің терезесінде жұмыс істейді;

· уақыттың әр сәтінде бір ғана бағдарлама пәрменді;

· пәрменді бағдарламаның тақырыбы ерекшеленген, пәрменді емес бағдарламалар «сөндірілген».

· пәрменді бағдарламаның терезесі әманда алдыңғы қатарда болады.

· пәрменді емес бағдарламамен жұмыс істеу үшін оның терезесін пәрменді ету керек;

· бағдарламалардың ашық терезелерінің барлығының міндеттер панелінде өздерінің батырмалары болады.

Жаңа сабақ 2

Ақпараттық жүйенің құрылымы Ақпараттық жүйенің құрылымын ішкі жүйелер деп аталатын жекеленген бөліктер құрайды. Қолдану саласына тәуелсіз ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын ішкі жүйенің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда классификацияның құрылымдық белгісін қарастырып, ал ішкі жүйелерді қамсыздандырушы ішкі жүйелер деп аталады. Жүйенің жалпы құрылымын мынадай қамсыздандырушы ішкі жүйелер құрайды: ақпараттық, техникалық, математикалық, программалық, ұйымдастырушылық және құқықтық. 1. Ақпараттық қамсыздандыру ішкі жүйесінің негізгі міндеті басқарудағы шешімдерді қабылдау үшін шынайы ақпаратты дер кезінде ұсыну. Көптеген ұйымдар жұмысын талдау кезінде ондағы құжаттарды жүргізу ісінде бірқатар кемшіліктер байқалды: қолмен өңдеуге арналған құжаттың шамадан тыс үлкен көлемі; бірдей көрсеткіштердің түрлі құжаттарда қайталануы; құжаттың үлкен көлемімен жұмыс істеу мамандардың негізгі жұмысын орындауына кедергі болуы; жасалған көрсеткіштің қолданылуы; Аталған кемшіліктерді жою ақпараттық қамсыздандыру алдында тұрған мәселелердің бірі болып табылады. Ақпарат ағымдарының схемасын жасау ақпараттың қозғалыс маршруттарын сипаттайды. Осындай схемаларды талдау нәтижесінде басқару жүйесін толығымен жетілдірудің іс шараларын жасап шығаруға болады. Ақпараттың көлемін анықтау және оны бөлшектеп талдау мүмкіндіктерін беретін ақпараттық ағымдардың схемалары қайталанатын және қолданылмайтын ақпаратты жоюды ақпаратты тиімді түрде сипаттау және жіктеуді қамсыздандырады. Сонымен қатар ақпараттың басқару деңгейлеріне сәйкес өзара байланыс қозғалысын қарастырған жөн. Басқару шешімін қабылдау үшін қандай көрсеткіштің қажет немесе қажет еместігін анықтау қажет. Орындаушының әрқайсысына оның қолданатын ақпараты ғана келіп тұруы тиіс. Деректер қоймасын құру методологиясы оны жобалаудың теориялық негіздеріне негізделеді. Методологияның негіздерін тәжірибеде тізбектей жүзеге асырылатын екі кезең түрінде атап өтейік. 1 кезең: ұйымның барлық функционалды бөлімшелерін зерттеу мақсаттары: оның іс әрекетінің құрылымы мен спецификасын түсіну; ақпарат ағымдарының схемасын жасау; ондағы құжат айналымы жүйесіне талдау жасау; ақпараттық объектілерді және олардың қасиеттері мен міндеттерін сипаттайтын реквизиттің құрамын анықтау. 2 кезең: 1 кезеңде зерттелген іс әрекет саласына арналған концептуалды ақпараттық логикалық деректер моделін жасау. Бқл модельде объектілер мен олардың реквизиттерінің арасындағы барлық байланыстар орнатылып, оңтайландырылуы тиіс. Ақпараттық логикалық модель деректер қорын жасаудың негізі болып табылады. Ақпараттық қамсыздандыруды жасау үшін: ұйымды басқарудың толық жүйесінің функцияларын, мақсаттары мен міндеттерін айқындау; талдау үшін ақпараттық ағымдар схемасы түрінде ұсынылған ақпараттың пайда болуынан бастап басқарудың түрлі деңгейлерінде қолданылуына дейінгі ақпарат қозғалыстарын анықтау; құжат айналымы жүйесін жетілдіру; жіктеу және кодтау жүйесін жетілдіру; ақпараттың өзара байланысын сипаттайтын ақпараттық логикалық моделді жасау методологиясын меңгеру; қазіргі заманғы техникалық құралдың көмегімен ақпараттың массивтерін тасымалдаушыларға жазу.

Алынған ресурс: http://www.izden.kz/referattar/informatika/26 Ғылыми жұмыстар жинағы. © izden.kz

Жаңа сабақ 3

Санау жүйесi. Санау жүйесінің түрлері. Бір санау жүйесінен екіншісіне өту жолы.

Сан түсiнiгi – математикалық сияқты ақпараттануда да басты негiз. Егер математикада сандрды өңдеу әдiстерiне көп көңiл бөлiнетiн болса, онда ақпараттану үшiн сандарды ұсынуды пайдаланады. Себебi, тек солар ғана жадтың қажеттi қорын, жылдамдықты есептеуде жiберетiн қатенi анықтайды.

Санау жүйесi- деп белгiлi бiр мөлшердегi таңбалардың көмегiмен сандарды өрнектеу мен жазудың жиынтығы. Санау жүйесi екi топқа бөлiнедi: позициялық және позициялық емес.

Позициялық емес санау жүйесiнде әрбiр цифрдық мәнi оның алатын орнына байланысты емес. Мұндай санау жүйесiнiң мысалы ретiнде римдiк жүйенi алуға болады. Осы жүйеде жазылған ХХХ санында Х цифры кез келген позицияда 10-ды бiлдiредi. Позициялық емес санау жүйесiнде арифметикалық әрекеттердi орындау қиын болғандықтан, позициялық санау жүйесi қолданылады.

Позициялық санау жүйесiнде цифрдық мәнi оның орнына байланысты болды. Позициялық мән санау жүйесiнiң негiзiнде дәрежесi арқылы анықталады. Позициялық санау жүйесiнiң негiзi деп қолданылатын цифрлар санын айтады.

Санау жүйесi төртке бөлiнедi:

1. ондық санау жүйесi;

2. екiлiк санау жүйесi;

3. сегiздiк санау жүйесi;

4. оналтылық санау жүйесi.

Наши рекомендации