Ақпаратты түрлері мен формалары
Билет
1.1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар, және ақпараттық процесстері туралы ұғым.Жалпы түрғыдан алғанда, ақпарат – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген əлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлүматтар мен мəліметтер алу деген сөз.
Ақпарат –табиғатта, қоғамда жəне адамзаттың өзі құрған жүйелерде айналып жүретін мəліметтер жиыны. Сондықтан информацияны жинайды, сақтайды, бір-біріне береді, өңдейді жəне пайдаланады. Бұл мақсат үшін ақпараттық технологиялар пайдалынады.
Ақпараттық технологиялардегеніміз информацияларды жинау, жинақтау,сақтау, іздеу, өңдеу жəне беру тəсілдері мен əдістерінің жүйесі.
Ақпараттық технологиялар - қолданылу диапазоны ауқымды кешенді ғылыми пəн.
Оның приоритетті бағыттары:
- Есептеу жүйелері мен бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау;
- ақпараттар теориясы, ақпараттарды тарату, қабылдау, түрлендіру мен сақтауға байланысты үрдістерді оқытады;
- математикалық моделдеу, есептеу жəне қолданбалы математиканың əдістері жəне олардың білімнің əртүрлі облыстарындағы фундаментальды жəне қолданбалы зерттеулерде қолданылулары;
- жасанды интелектілік əдістер, адамның интелектуальды іс-əрекетіндегі логикалық жəне аналитикалық ойлауын модельдеуші əдістер (логикалық тұжырым, оқыту, сөзді түсіну, көру арқылы қабылдау, ойындар жəне т.б. );
- жүйелік анализ, əртүрлі сипаттағы күрделі мəселелер бойынша шешімдерді дайындау мен негіздеу үшін пайдаланылатын əдістемелік құралдарды оқытады;
- биоинформатика, биологиялық жүйелердегі ақпараттық үрдістерді оқытады;
- əлеуметтік информатика, қоғамды ақпараттандыру үрдістерін оқытады;
- машиналық графика, анимация, мультимедия құралдары əдістері;
- телекоммуникациялық жүйелер мен желілер, соның ішінде, бүкіл адамзатты біртұтас ақпараттық қоғамдастыққа біріктіретін ауқымды компьютерлік желілер ;
- əртүрлі қосымишалар, өндірісті, ғылымды, білімді, медицинаны, сауданы, ауыл шаруашылығын жəне шаруашылық пен қоғамның іс-əрекетінің басқа да барлық түрлерін қамтиды.
Ақпараттық процесс – бұл процесс нәтижесінде ақпаратты қабылдау, жинау, шығару, өңдеу және сақтауға болады.
Ақпаратты қабылдау – техникалық жүйеге немесе сыртқы өмірден тірі ағзаға түскен мәліметтің болашақта пайдалануға ыңғайлы формаға түрлендіру процесі.
Ақпаратты жинау – сыртқы ортадан ақпаратты қабылдау және оны берілген ақпараттық жүйеге сәйкестендіру. Ақпаратты шығару – арнайы программаның және ақпараттық құралдардың байланыс каналдарымен жүзеге асады.
Ақпаратты өңдеу – қазіргі дамыған ақпараттық жүйеде тізбектей және уақытқа сай есептеулерді шешу.
Ақпаратты сақтау бұл оның қайталанып пайдалануымен туындаған және ол ақпараттық массив түрінде машиналық тасымалдаушымен жүзеге асады.
Ақпаратты түрлері мен формалары
Информацияны əртүрлі əдістермен жіктеуге болады. Сондықтан əрбір ғылымда информацияны өзінше жіктейді.
Информатикада информацияны көрсетудің екі формасы бар:
• Аналогтық (үздіксіз)- дененің температурасы, домбырадан шығатын үн, əрине ойнау тоқтатылмаған кезде, автомобиьдің қозғалысы;
• Дискретті (үзік-үзік) – жыл мезгілдері,Морзе азбукасындағы нүкте жəне тире.
“Пайда болу саласы” нышаны бойынша:
• Элементарлы – жансыз табиғаттың процесстері мен құбылыстарын қамтып көрсетеді;
• Биологиялық –жан-жануар мен өсімдік өмірінің процестерін қамтып көрсетеді;
• Əлеуметтік – адамзат қоғамының процестерін қамтып көрсетеді.
Қабылдап алу мен беру тəсілдеріне байланысты:
• Көзбен шолу – символдар жəне көрінетін бейне арқылы беріледі;
• Есту (аудиальды) - дыбыс арқылы беріледі;
• Тактильді – сезім арқылы беріледі;
• Органды- иісі мен дəмі арқылы беріледі;
• Машиналы –есептеу машинасының көмегімен қабылданып беріледі.
Адамдар сезім жəне түйсік органдары арқылы информацияларды ұғынып, оны аналогты , яғни үздіксіз информация түрінде қабылдайды, сақтайды жəне өңдейді. Адамзат құрған көптеген құрылғылар да аналогты информациялармен жұмыс істейді. Мысалы, телевизор, телефон, магнитофон жəне т.б.
Цифрлық құрылғыларға дискретті яғни цифрлі түрде берілген информациялармен жұмыс істейтін дербес компьютерлер жатады.
1.3 Ақпараттық қор немесе ресурсдеп арнайы ЭЕМ-ларында өңделген жəне ұйымдастырылған, қоғамды басқаруда, техникада жəне өндірісте пайдалынатын мəліметтерди айтады.
1.4 Қоғамды ақпараттандыру– ең анық информацияны дер кезінде жəне толық пайдалануымен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін жаппай енгізу. ҚА жаңа инф-лық технологиялардың дамуы мен оны игеру дəрежесіне байланысты.
Ақпараттандыру дегеніміз– қоғамда, танымда, əрбір салада информатика жетістіктерін қолдану процесі.
Ақпараттандырудың материалдық негізі– информация ала алатын информациялық, компьютерлік, бейне- аудио коммуникациялық құралдар.
Ақпараттандырудың саналық негізі– ғылыми, əсіресе математикалық, формалдық, информациялық əдістер мен моделдер, білім базалары жəне т.б.
Ақпараттандырудың технологиялық негізі– жаңа АТ жəне интерфейс ұйымдастыру əдістері, информацияларды маңыздылау жəне т.б.