Зен эрозиясының кезеңдері мен циклдері деген не, олар қалай танымдалады?

Өзен өзiнiң даму барысында жастық, кемелденген және көнеру (қаусау) кезеңдерiнен өтедi. Жастық кезеңiнде өзеннiң бойлық тепе-теңдiк профилi әлi қалыптаспайды. Арнаның жылдам тереңдеуi V-тәрiздi пiшiндi аңғар жаралуына әкеледi. Тепе-теңдiк профилiнiң қалыптасуы барысында өзен кемелденген кезеңге өтедi. Бұл кезең өзен түбi бедерiнiң бойлық тепе-теңдiк профилiне жақындаған кезде орнайды. Кемелдену кезеңiнде өзен өзiнiң арнасын тереңдiк эрозия процестерi байқалатын жоғарғы ағысында ғана тереңдетуге ұмтылады.

Өзеннiң көнеру сатысында оның аңғарында сутасу кезiнде су астында қалатын, ал қайта сабасына түскенде арнадан биiк орналасатын аңғар бөлiгi – кең жайылма, немесе жайылма террасасы жаралады. Жайылмаүстi террасалары төменнен жоғары – ең жасынан көнелерiне қарай нөмiрленедi: жайылма деңгейiнен жоғары қарай бiрiншi, екiншi, үшiншi және т.б. террасалар бөлiнедi.

Зен аңғарының морфологиялық элементтері қалай жіктеледі және қалай қалыптасады?

Өзен өздерiнің типiне қарамай үш бөлiкке жіктеледі: жоғарғы ағысы немесе басы, ол бастауына тiреледi; ортаңғы ағысы (негiзгi арна) және төменгi ағысы немесе төменi, ол сағасымен аяқталады. Саға – өзеннiң белгiлi бiр сушараға келiп құятын жерi. Алап ауқымында өзендердiң бастауы, арнасы және сағасы бөлiнедi, және де салалары болады.

Андай жағдайларда өзендердің бұрып әкету құбылысы орын алады?

Мору мен өзен эрозиясы процестерiнде суайрықтар қирайды және жылжиды. Суайрықтың екi жағында орналасқан алаптардың өзендерi әдетте суайрықты түрлi жылдамдықпен қиратады. Бұл жағдай суайрықтың қарама-қарсы орналасқан беткейлерi еңiстiгiнiң әртүрлi болуына, суайрық бөлген өзендердiң эрозия базисi түрлi деңгейде орналасуына, ал суайрық беткейлерiнiң берiктiгi әртүрлi таужыныстардан тұруына байланысты. Өзеннің қарқынды регрессиялық эрозия жолымен суайрықты қиып түсiп, көршi су жиналу алабындағы суларды өз алабына алып кету процесiн өзендердi бұрып әкету (немесе басып алу) деп атайды. Осындай процестер нәтижесiнде суайрықты жарып өтiп, көршi алаптағы өзендердiң бiрiнiң басын бұрып әкететiн өтпелi аңғар пайда болады.

Аллювий құрамында қандай пайдалы қазбалар болады және олар қалай жаралады?

Аллювийлiк түзiлiмдерде түбiрлiк таужыныстардың немесе түбiрлiк кенорындардың қирауы нәтижесiнде жаралған шашылымдық кенорындар кездеседi. Эрозия процесiнде бастапқы жатысында құрамында рудалы және бейрудалы пайдалы қазба бар таужыныстар жиi шайылады. Қирау өнiмдерiнiң бiр бөлiгi өзен сулары ағызып әкетуiнен сейiлiп Ә. Б. Байбатша 198 кетсе, ал ендi бiр бөлiгi қолайлы жағдайларда аллювийлiк терраса түзiлiмдерiнде шөгiп қалады. Аллювийде көбiнесе тығыздығы жоғары минералдар тежеледi. Кейде аллювийлiк түзiлiмдер құрамында құнды минералдар шоғырлануынан концентрациясы бiршама жоғары, өндiруге экономикалық тиiмдi кенорындар жаралады. Осындай жолмен алтын, платина, алмас, вольфрам, шеелит, күмiс, магнетит, гематит, хромит, анартас, циркон, т.б. шашылымдық кенорындар жаралады.

Көл деген не, ол қандай түрлерге жіктеледі және қандай геологиялық жұмыс атқарады?

Көл –Әлем мұхитымен байланысы жоқ тұйық сушара. Оның геологиялық әрекетiнiң масштабы теңiздермен салыстырғанда болмашы, өйткенi көлдердiң жиынтық ауданы Әлем мұхиты ауданынан 120 есе аз. Дегенмен бiздiң планета масштабында көлдердiң әрекетi едәуiр роль атқарады. Жердегi көлдердiң жалпы ауданы 2,7 млн км2 болады, бұл Жерорта теңiзiнің ауданына парапар. Көлдерді зерттеумен лимнология айналысады.

Көлдердiң Әлем мұхитынан оқшауланғандығына байланысты олар әр түрлi гипсометриялық деңгейлерде орналаса алады. Мысалы, көлдер -401 м деңгейден (Өлi теңiз) +5400м-ге дейiнгi (Тибеттегi Хорпатсо көлi) биiктiктерде кездеседi. Көлдер өздерінің тереңдiгi, суының тұздылығы және т.б. бойынша бiр-бiрiнен айтарлықтай өзгешеленедi. Дегенмен олардың басты жiктемелiк белгiсi – көл қазаншұңқырларының жаралу тегi. Осы белгiсi бойынша жаралуы жербеттiк факторларға байланысты – экзогендiк және пайда болуы тереңдiк факторлардың жер бетiнде бiлiнуiне байланысты – эндогендiк көлдер бөлiнедi.

Наши рекомендации