Сырғыманың жаралуы мен салдары қандай?

Таужыныстардың қия беткейлердегі жылжуы сипаты бойынша да, масштабы бойынша да әр түрлі болады. Атап айтқанда, ұсақ жылжулар немесе көшкіндер, ірі жылжулар немесе сырғымалар және таужыныстардың ірі массивтерінің кенет құлап түсуі немесе опырылымдар бөлінеді, олар әдетте таулы аудандарға тән. Ең үлкен мәнге табиғатта кең таралған сырғымалар ие болады. Сырғыма – таужыныс массивтерінің ауырлық күші ықпалынан табиғи жылжуы, ол жерасты суы әрекетінен және қимада пластикалық саз горизонттар болған кезде жүреді. Бұзылмаған күйде мұндай саздардың кәдімгілерден айырмасы шамалы. Бірақ олар механикалық әрекет ету мен ылғалданған кезде жоғары пластикалылыққа ие болады.

Жерасты суы қандай түзілімдер мен бедер пішіндерін жасайды?

Мұнай мен газ кенорындарындағы жерасты суын зерттеудің мәні қандай?

Мұнай-газ кенорындарында мұнай мен газ жерасты суымен бiрге орналасады. Мұндай жағдайда олар тығыздығы бойынша табиғи жiктеледi (сепарацияланады), яғни газ ең жоғарғы жағына орналасады, одан төмен қабаттың мұнайға қаныққан бөлiгi, ал ең астында – сулы қабат жатады. Қабаттың бұл бөлiкшелерi бiр-бiрiнен шартты түрде газ-мұнай жапсары (ГМЖ) мен су-мұнай жапсары (СМЖ) беттерi арқылы бөлiнедi. Газ, мұнай мен суды табиғи жiктеуге олардың жоғарыда айтылғандай қабiлетi, мұнай мен газдың табиғи жағдайда арнайы тұтқыштарда орналасуы себеп болады. Ең көп таралғаны құрылымдық типтi тұтқыштар, яғни қабаттардың өтiмсiз таужыныстармен жабылған дөңес иiлiмдерi.

Мұнай-газ кенорындарының қабаттық суы М.А.Жданов және т.б. (1966 ж) бойынша, мұнай жатынына немесе мұнайлы қабатқа қатысты бiрнеше түрлестерге бөлiнедi: 1) төменгi шетiндегi су мұнайлы қабаттың төменгi бөлiктерiнде орналасып, мұнайлы жатынды астынан кернеп тұрады; 2) табандық су барлық құрылым ауқымында, оның дөңес бөлiгiн қоса алғанда, мұнайлы қабаттың төменгi, табандық бөлiгiнде орналасады; 3) аралық су сулы қабаттарда немесе бiрегей мұнай өндiру нысаны болып табылатын мұнайлы қабаттың қабатшаларында болады. жоғарғы су мұнай жатынының үстiнде жатқан таза сулы қабатта, ал төменгi су мұнай жатынының астындағы таза сулы қабатта орналасады.

Мұнай кенорындарында оқшауланған газ жатындары мен жерасты суының көптеген типтерінің болуы мұнай, газ бен судың арасындағы жапсарлардың әртүрлі жағдайына да әкеледі. Атап айтқанда, төменгі шеткі су үшін мұнай-газ жапсарының жағдайы екі – сыртқы және ішкі контурмен анықталады. Сыртқы контур мұнайлы қабаттың жабыны бойынша, ал ішкісі – табаны бойынша жүргізіледі. Мұнайлылықтың ішкі және сыртқы контурларының арасында орналасқан қабат бөлігінің жоғарғы жағында мұнай, төменгі жағында су орналасып, ол контур маңы белдемі деп аталады.

Балшық жанартаулары деген не?

Жерасты суының геологиялық әрекетi пiшiндерiнiң арасында ерекше орын алатыны – мезгiл-мезгiл каналдардан өз бетiнше газ, су мен балшық атқылайтын балшықты вулканизм құбылысы.

Балшық жанартаулары бiршама кең таралған. Олар Румыния, Италия, Мексика, Бирма, Қытай, т.б. елдерге белгiлi. ТМД аумағында балшық жанартаулары Әзiрбайжанда, Қазақстанда, Түркіменстанда, сонымен қатар Тамань және Керчь түбектерiнде орналасқан. Ең жақсы зерттелгенi Әзiрбайжандағы балшық жанартаулары, олардың саны 200-ден асады.

Құрылысы бойынша балшық жанартаулары магмалық судың табиғи көздері – гейзерлерді еске түсіреді. Егер балшық вулканизмі өнімдерінің арасында газ бен су басым болса, онда жер бетінде сальза – сұйық балшыққа толған алап жаралады. Одан мезгіл-мезгіл грифон түрінде газ бен су атқылайды. Атқылама өнімдерінің арасында балшық пен таужыныстардың қатты сынықтары басым болған жағдайда, сальза болған жерде біртіндеп жайпақ төбе – балшық шоқысы өсіп шығып, ол шоқы брекчиясынан тұрады. Балшық вулканизмінің бұл айрықша өнімі саз материалмен цементтелген түбірлік таужыныстардың үшкір, жұмырланбаған және іріктелмеген сынықтары болып табылады. Канал шоқының төбесінен шығып, кратер жасайды. ал атқылаған балшық шоқының беткейлерінде баяу ағатындықтан, шоқы биіктеп өсе береді.

Наши рекомендации