Жерорта теңіз алқабы мен алдыңғы Азия тау қыраттары
Евразия мен Африканың Жерорта теңізі жагалауы бойына орналасқан облыстары табиғат және мәдени ландшафтарының бірлігімен ерекшеленеді.
Жерорта теңіз алқабының табиғат жағдайларынын ерекшеліктері мен өзіндік өзгешеліктері ең алдымен, жазы құрғақ және қысы ылғалды субтропиктік климатына банланысты. Климаттың бұл түрі Жерорта теңізі жағалауынан басқа еш жерде дәл мұндай кең тараған емес. Климатының ерекшеліктері топырақ түзілісі процестерінің өзіндік және қызыл-қоңыр ерекше генетикалық типтегі топырақ пайда болуына жағдай туғызады.
Жерорта теңіз алқабы түтелдей дерлік вулканизм мен сейсмика кең тараған альпілік қатпарлы белдеу шегінде жатыр.
Жерорта теңізі алқабының рельефіне көбіне карбонатты жыныстарда құралған, тегістелген сатылы беттер кең тараған және жекелеген учаскелерінде биік таулы рельеф кездесетін орташа биік келген таулардың басым болуы тән.
Жерорта теңіздік климат пен жерорта теңіздік ландшафтар деп аталатындардың кең тарауы бірегей теңіз бассейні – Жерорта теңізінің болуына байланысты.
Аумағының мөлшері, су массасының көлемі мен тереңдігі жөнінен Жерорта теңізі дүние жүзінде бесінші орын алады. Батыс бөлігі Корсика және Сардиния аралдарымен бөлінген. Шығыска қарай, осы аралдардың Апеннин түбегінің және Сицилияның аралығында, тереңдігі 3330 метрден астам Тиррен теңізінің қазан шұңқыры орналасқан. Апеннин мен Балқан түбектері аралығында суы таяз Адриат теңізі жатыр. Оңтүстікке қарай, Ион теңізінің шұңғыма алабында 5121 метрлік максимум тереңдік байқалған. Балқан түбегінен шығысқа қарай, онымен Кіші Азия аралығында толып жатқан ұсақ аралдары бар Эгей теңізі жатыр. Дарданелл бұғазы, Мрамор теңізі және Босфор бұғазы Жерорта теңізін Қара теңізбен жалғастырады.
Жерорта теңізін Атлант мұхитымен жалғастырып тұрған енсіз Гибралтар бұғазында су асты шоңғалы көтеріледі, онда тереңдік не бары 300 метрге ғана жетеді.
Жерорта теңізінің гидрологиялық режимінің негізгі белгілері оның мұхиттан оқшаулығына, субтропиктік белдеудегі орнына және ағын сипатына байланысты.
Бүкіл жыл бойына судың барлық қабатында беткі қабатын есептемегенде, 13°С-ге жуық температура сақталады. Судың беткі қабатының жазғы температурасы +20°-тан бастап, Лион бұғазында 21°С, Гибралтарда +24°-қа дейін, Испания жағалауында +25°С-ден + 28°-қа дейін, оңтүстік-шығыста +30°С-ге дейін өзгереді. Қысқы температура оңтүстікте +17, +18°С-ге жуық, Адриатиканың солтүстігінде +6, +7°С-ге дейін төмендейді, яғни тереңдеп сулардан анағұрлым салқын болады. Қыста Жерорта теңізінің оңтүстік бөлігі үстінен атланттық ауаны әкелетін циклондар өтеді.
Жерорта теңізі регионының материк ішіндегі жалғасы Алдыңғы Азия аталатын тау қыраты болып табылады, ол біршама шөккен және ішкі тегіс учаскелері бар, сонымен бірге, оларды биіктігі жағынап орташа жоталар көмкерген тау ғимараттарының курделі жасалған жүйесінен тұрады. Жоталар олардың аралығына ішкі тау үстірттері сыналап кіргенде алшақтайды, немесе тау түйіндерік, немесе шоғырларын жасап жақындай түседі. Құрылымы жағынан шеткі жоталарға альпілік антиклинориялы, ал ішкілеріне (ішкі үстірттерге, тау үстіртіне және арқау массивтерге) ортаңғы массивтер мен тауаралық ойыстары сәйкес келеді.
Алдыңғы Азия тау қыраттарының бүкіл бойында Жерорта теңізіне тән климаттың жалпы заңдылықтары сақталған.
Алдыңғы Азия тау қыраттары флоралық және зоогеографиялық аудандастыруда Жерорта теңізі алқабына жатады, бірақ өздерінде батыстан шығысқа қарай арта түсетін аридтенудің ізін сақтап келеді.
Алдыңғы Азия тау қыраттары алабында базисті егіншілікпен айналысатын көне мәдени орталықтар қалыптасқан.
Азиялық Жерорта теңіз алқабы (Левант)
Облыс Жерорта теңізінің шығыс жағалауын бойлап солтүстіктен оңтүстікке қарай біршама енсіз өңір түрінде созылып жатыр. Солтүстікте оның кішкене -бөлігі Түркия жеріне еніп жатады, содан соң Сирияның батыс таулы бөлігін, Ливанды, Израильді және Иорданняның бір бөлігін қамтиды, оңтүстік-батыс шекарасы Синай түбегінің шығыс шетін ала өтеді. Шығыс және оңтүстік-шығыста Сирия шөлімен және Аравия түбегімен арада нақты табиғи шекара жоқ. Тектоникалық жағынан Левант дсгеніміз — ол жас қозғалыстармен көтерілген, бөлшектенген және катпарларда қыртыстанған Аравия-Сирия орқашы.
Левант алабында кристалдың негізді жыныстары бор мен палеоген шөгінділерінің кей жерінде базальт жарып кірген қалың қабаттарының астында қалған. Бұл жыныстар қатпарларға бүктелген, сонан кейін бүкіл жағалық белдеу облыс алабында кең құлаш жайған және Азиялық жерорта теңізі алқабының қазіргі рельефінің ерекшеліктерін тағайындаған дифференциалды вертикаль қозғалыстарға ұшыраған. Олардың қазіргі уақыттағы жаңғырығы жиі жер сілкінулер болып табылады.
Жылдың жазғы мезгілінде Левантта тропиктік ауа үстемдік етеді және құрғақ болады; қыста циклондық әрскетіне байланысты толассыз нөсер жаңбыр түріндегі жауын-шашын түседі. Жауын-шашын мөлшері солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай кемиді. Ылғал бәрінен де гөрі таулардың батыс өңірінің батыс беткейлері мен жағалық ойпаттың солтүстік бөлігіне көп түседі.
Жер бетіндегі сулардың аз таралуы климатқа, геологиялық құрылыс ерекшеліктеріне (ізбес тастардың таралуы) және рельефіне байланысты. Территорияның едәуір бөлігінен мұхитқа ағып шықпайды және мардымсыз, кейде ішкі көлдерге келіп құятын, отқа-текте болатын арна ағыстарымен суландырылады. Ішкі ағын аудандарының ең ірі өзені бастауын Хермон массивінен алатын және Гхор опырылмасының түбімен ағатын — Иордан өзені.
Өсімдігі мен топырақтарында облыстың жалпы субтропиктік сипаты айқын көрінеді. Жағалауда және таулардың батысқа қараған беткейлерінде ландшафт топырағы қызыл және қошқыл-қоңыр түсті, маквис немесе гаррига типіндегі мәңгі жасыл бұта қаулары (ылғал мөлшері мен жер қыртысы жағдайына байланысты) немесе негізінен емендерден тұратын сирек мәңгі жасыл ормандар бар нағыз жерорта теңіздік.
Левантта егіншілік суармалы және суарылмайтын жерлерде дамыған. Оңтүстік пен оңтүстік шығыстық құрғақшылық аудандарында лаидшафтары арасында оазистер кездеседі.
Леванттың фауна құрамында Жерорта теңізі алқабының қалған бөлігімен ұқсастықтар көп, бірақ сонымен бірге Африка мен Азияның кейбір облыстары фаунасының өкілдері бар.