Тақырыбы: Топырақтың физикалық қасиеттері 3 страница

Гликогалофиттер бұған ксерофильді өсімдіктер жатады (мысалы, дала мен жартылай далада тіршілік ететін көпшілігі ермендер). Гликогалофиттер тұқым жүйесі тұздарды өткізбейді. Сондықтан қатты тұзды топырақта өсетін өсімдіктер ұлпаларында тұз жиналмайды. Бұл «тамыр кедергісі (барьері)» жұмысы белгісіз. Бір авторлар тамыр жасушаларының қабырғаларының жуандауына мән береді, басқалары – зиянды тұздың тоқталуын қамтамассыз ететін биохимиялық үрдістер, үшіншілері - өсімдіктердің су режимі аз кезде тіршілік ету және «бласты» иондарды аз сіңіру қабілеттілігіне ие болады.

Терең тамыр жүйесі арқасында тұздалудан қашатын өсімдіктер топтарын еске салуға болады. Бірақ олар қатты тұздалған жерде тіршілік етеді, олардың сору тамырлары терең аз тұздалған деңгейде орналасады. Мысалы: тростник, Сырдарья қойнауларында өсетін тростниктің химиялық сараптамасы тұздалуды әртүрлі дәрежелі және құрамды болуы жер асты мүшелері мен тамырларының құрамының біртектілігін көрсетеді. Сол кезде осы жерде өсетін біржылдық сораң (солянка) онша терең емес тамырымен жоғары деңгейдегі тұздалған ерекшелігіне байланысты. Қамысқа ұқсас сібір кендірі т.б. түрлер. Бұларды кейде псевдогалофиттер деп те атайды.

Галофиттерде зиянды тұздарды «зиянсыздандыру» және басты айналымнан шығару биохимиялық ерекшеліктері болады. Бұл цитоплазма және органикалық қышқылдар ақуызымен иондарды таңдаулы байланысы және де қорғаныш функциясын атқаратын заттардың (кейбір көміртегі, аминоқышқылдар, пигменттер т.б.) жиналуы қамтамассыз етіледі.

Көптеген галофиттерде тұздар үшін цитоплазма өткізгіштігі төмен, ол көбінесе гидрофильді тұзды аз сіңіріп, су мөлшерін аз жұмсауға әкелетін коллоидты –байланысқан суы көп болады.

Галофиттің жасуша шырынындағы тұз концентрациясы жоғары осматикалық қысымға шамамен 5000 кПа және одан да көпке шарттайды (ал басқа өсімдіктерде жоғары осматикалық қысымы –ксерофиттер- ол қант көмегімен өтеді). Осматикалық қысымның жоғарылауы концентрлі топырақ ерітіндісінен тамырлардың суды сіңіруіне мүмкіндік береді.

Көптеген галофиттерге топырақта тұздардың концентрациясының жоғарылығы – қажетті әрі жағымды фактор болып табылады. Солерос және теңіз жолжелкені өсімдіктерімен әртүрлі топырақ ерітінділерінде жүргізген тәжірибелер олардың өсуіне тұздардың 2-3% концентрациясы қолайлы, ал осы өсімдіктерді тұрақты суға өсіргенде солуы байқалған. Осындай жағымды «тұзды әсер» сарсазан, алабота өсімдіктерінде байқалған. Ол ересек өсімдіктерде де өсіп келе жатқан тұқымдарда да байқалады.

Тәжірибе жүзінде көрсетілгендей галофиттердің әртүрлі физиологиясына тұздылықтың аз мөлшерінің жағымды әсер етуі (әсіресе галофиттермен салыстырғанда байқалады). Мысалы, галофиттерді натрий хлор қосылған қоректік ортада өсіргенде, тұздың айналымына жауап беретін ферменттер белсенділігі 12 г/л қатарлы концентрацияда болса да жоғары болып қала береді (ал гликофиттерде 3 г/л болғанда ақ түседі). Топырақтың қорында келесі өзгерістер болады: галофиттерде белгілі фосфорды сіңіру рН 8-9 болғанда максимальді және Na иондарымен реттеледі, ал гликофиттерде бұл үрдіс үшін рН 5-6 болғанда оптимальді, Na болса оған кері әсерін тигізеді.

Тұздылыққа галофиттердің тұрақтылығы келесі көріністе болады: жапырақшаларымен тұзды ерітіндіге малынған жапырақтарында дұрыс фотосинтез сақталады, ал сол кездерде гликофиттер жапырақтарында фотосинтез бәсеңдеуі, хлорофильдің бұзылуы «тұзды күйінді» (жапырақ тақтасының бөліктерінің өлімі) байқалады.

Бірақта тұзға төзімді галофиттерде тұздылыққа төзімділігінің шегі бар: тұздылық лезде артқан кезде олар зардап шегеді. Бұл солерос пен басқада тұздылығы жоғары топырақта өсетін тұзды солянкаларда жақсы көрінеді.

Салыстырмалы ылғалды солончакта өсетін көптеген галофиттер құрғашылыққа төзімсіз болады. Көбінесе құрғақ топырақта (мысалы, жазда қатты құрғап кететін солончакты солонецтар) ксероморфты ерекшеліктері бар галофиттер өседі: көкпек, қотыр көкпек – түкті жапырақты және терең тамыр жүйесі бар, биүргін – қалың екі қабатты эпидермисі бар. Құрғақ діңгек тәрізді солонецтарда ксероморфты ерекшеліктері көрінген түрлері басымдырақ болады. Қатты түптенген және жүйкеленген жапырақтар (жусан – сирек бас жусаны және Лерха, кесте жусан) немесе ұсақ ине тәрізді жапырақты болады (camphorosma monspeliacum). Осы топырақтарда кейбір тұздылыққа көнетін дала ксерофиттері осы жерлерде тіршілік ете алады, мысалы, типчак. Осыдан қазіргі галофиттерді галоксерофитпен ксерофитке ауысу қатарын байқауға болады.

Басқада аралық топ бар – галомезофиттер. Бұл негізінде шалғындық өсімдіктері, аз тұздыланған орманды дала және дала сулары қоймаларындағы және тұзды жер асты суларының топырақтарында өседі. Сырт пішіні мен құрылысы жағынан қалыпты шалғын мезофиттерінен еш айырмасы жоқ. Бұлар түлкіқұйрық, бытыраңқы ақмамық, теңіз түйнекөлеңі, бессер сәбізшөбі т.б. Олардың кейбіреулері жоғары деңгейлі тұздылыққа ие (осы шалғын шөптеріне тұзды дәм беріп жануарларды еліктіреді) және гутация кезінде оның артығын бөлуге қабілетті.

Ерекше топты теңіз жағалауы галофиттері және галомезофиттері құрайды – «марштар өсімдіктері» (теңіз жағалауы шалғындығы өсімдіктері), литорал, дюндер мен дюндарға қатысты аймақтар, теңіз жартастары өсімдіктері. Осы тіршілік ету орталарында теңіз суынан топыраққа сіңген тұздыланған жер асты суларынан немесе желмен келген тұздылықтың артықшылығы кейбір түрлерге ылғалдылықтың көп болуымен сәйкестенеді (құйылу кезінде уақытша анаэробиоздану), басқаларына биік және құмды субстратта – шектеулі мөлшерде болатын ылғалдылық сәйкес келеді. Теңіз жағалауы флорасының түрлік ерекшелігі (Европа көлемінде) біртекті болып келеді. Бұл жерлерде қарапайым галофит – солерос және галоморфты түрлері – суккулентті жуан жапырақты (Honkenya peploides, Glaux maritima, Mertensia maritima т.б.) және тұздылынған құмда өсетін осындай ерекшеліктері бар галопсаммофиттер (Фин жағалауында кездесетін кесек астық тұқымдастарының ірі қияқкөкшіл балауызды жамылғысы бар жапырақтарымен қопаларды көруге болады). Литва теңіз жағалауы өсімдіктерінде зерттеулерде көрсеткендей, жасуша шырынының асқан концентрациясымен жоғары осматикалық қысымы бар (2200-5300 кПа дейін) және жер үсті бөліктерінде минералды тұздардың мөлшерін жинайды (күл салмағының 12-22%). Кейбір кездерде теңіз жағалауы галофиттерімен бірге тұздылыққа шыдамды гликофиттер өседі: мысалы, тұщы сулар жағалауында өсетін түр – кербезгүл, ол топырақ рН - 2,0-12,0 дейін және тұздылық концентрациясы 3% дейінгіні көтереді.

Тұзды жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер арасында ерекше топта мангралы орманды және мангралар – тропикалық жағалаулардың топанды ормандары, теңіз сулары аймақтарында немесе тропикалық өзендер эстуарияларында өсетіндері кездеседі. Бұл аймақтардың аса тұздылануы теңіз сулары арқасында жағалауларда тұз жиналу, желмен тұздардың шаңдарының келуіне әсер етеді. Мангралық ағаш түрлері ретінде Aviccenia, Rhizphora т.б. туыс түрлері таралған.

Тұздылыққа бейімделу оларда кейбір физиологиялық механизмдерінде иондарды таңдаулы сіңіруін орындауда байқалады. Мысалы, улы натрий калийға қарағанда аз сіңіріледі. Тұздардың артықшылығы лептесіктерден бөліну арқылы белсенді бөлініп азаяды, сондықтанда астыңғы эпидермис тұзды қабыршықпен жабылған болады. Бұл тұздар басқадан қонған емес, шынымен, жапырақтан бөлінгендігін интактілі жапырақты шайғаннан кейін тұзды қабыршықтың қайта пайда болуынан байқауға болады, әсіресе, «желді көлеңкеде», тұзды шаңның қонуы мүмкін емес болғанда байқалған. Мысалы: Шығыс Африкада өсетін Аvicennia, оның жапырағынан бөлінген ерітіндіде хлор, калий, натрий иондары болады және осы ерітіндіде олардың концентрациясы жоғары екендігі зерттеулерде дәлелденіп, көрсетілген. Мангралық ағаштар мухитті «ерітіндіден» тұщы суды қарапайым фильтрация (метаболитті емес) арқылы сіңіруге қабілетті. Осмотикалық қысым мангралық ағаш түрлерінде жоғары шамамен 5000-7000 кПа болады. Оның ауыспалы болуы мүмкін: Ява аралында Аvicennia су қайтуы кезінде осматикалық қысымы 16300 кПа, ал су келуі кезінде 200 кПа жетеді. Мангралық ағаштарда тұздардың концентрациясы жоғары болған кезде фотосинтезі қалыпты жүреді, ал гликофиттерде оны бәсеңдетеді.

Тіршілік ету ортасының тағы бір түрі белгілі, тұздылыққа өсімдіктердің бейімделуінің қажеттілігі – ол мұхиттар мен теңіздер сулары. Әлемдік мұхиттардың сулары 3-4 % тұзды сақтайды. Ол біздің планетамыздың шамамен 97% құрайтынын еске саламыз. Бірақ теңіз өсімдіктерінің тұздылыққа бейімделуі әлі де аз кездеседі.

Кейбір деректерде, теңіз балдырлары ұлпаларында көп мөлшерде тұздарды жинақтауға қабілетті болатыны байқалады (құрғақ салмақтың 60% дейін). Көптеген түрлер тұщыланған ортада өсіргеннен нашарлай түсу белгілері пайда болады. Сөйтіп, галофильді балдырларға NaCl 3-12% концентрация ерітіндісі қолайлы, тұщы суда тіршілік ету бұзылып, олар өлімге ұшырайды. Осы мағынада кейбір авторлар теңіз өсімдіктері облигатты галофиттер деп санайды, ал жер үсті өсімдіктері - тек факультативті, себебі олар тұздылығы жоқ топырақта өсуге қабілетті.

Су немесе жер үсті өсімдіктерде тұздың концентрациясына қатысты анатомиялық-морфологиялық өзгерістері ұқсас болып келеді. Содан, тұщы су балдырлары тұз ерітіндісіне көшкенде жасушалар көлемі үлкейеді, ал ядро мен ядрошықтары да үлкейеді (галофильді суккуленттерде сияқты). Теңіз суынан гөрі концентрациясы жоғары ерітінділерде өсетін теңіз балдырлары қарапайым түрлерден өзгешеленеді. М: галофиль гүлді өсімдіктер ұлпаларының борпылдақ құрылымымен, механикалық элементтер аз дамуымен, жүйеленуінің аздығымен өзгешеленеді.

Соңғы 10 жылдықта жаңа мәселе туындады, ол өсімдіктердің тұздылыққа тұрақтылығымен – көше бойларында топырақта тұздардың жиналуымен байланысты.1968 жылы қыста АҚШ Солтүстік штаттарында (шоссе) көшелерінде 6 млн. т тұз (95% NaCl + 5% KCl) қолданылған.Жаңа Англия аудандарында қыста жолдарда шамамен 6 кг тұз әр метр екі жаққа қалады. Осыдан көрші аймақтың тұздылануы басталып, осы себепті көше бойы отырғызылғандарға тұзға төзімді түрлердің қажеттілігі туындайды. АҚШ-та тұздылықтан қантты үйеңкі, Канада тсугасы, қарағайлардан шегеді (өсудің нашарлауы, сарғаю, өлу). Ал цитрустармен алмалар төзімді болады, ағаштарға қарағанда шөптесін өсімдіктер төзімдірек.

Тұздыланған топырақты арнайы мелиорация арқылы жақсартады.(дренажбен, шаюмен, сіңген натрийді химиялық жолмен кетіру). Өсімдіктерді қолдануға да болады, ол фитоелиорация оның әсерінен жер асты суларының тұздылығы азайып, топырақ тұзсызданады.

ПСАММОФИТТЕР МЕН ЛИТОФИТТЕР

Псаммофиттер мен литофиттер морфологиясы мен биологиясында топырақтың механикалық ерекшелігі және онымен шарттанған экологиялық жағдай көрінеді.

Топырақ субстраты ретінде құм ерекшелігі мен көшетін құм өсімдіктері псаммофиттер. Бірақ құм туралы көрініс шөл даламен байланысты болғанымен құмды сілемдер (массивы) аридті және көбінесе қоңыржай белдеулерде таралған. Шығу тегі жағынан құмдар: теңіз жағалауының, өзен жағалауы, көл жағалауы (осы су қомалары жағалауына таралған) болады; мұздықтыр көшіне байланысты (қазіргі және ерте кездегі)- флювигляциальді, немесе жел арқылы – эоловты (эоловыми)төкпелі, ағынды, жел арқылы көшетін (мысалы, көшпелі шөл дала бархандары немесе теңіз жағалауының көшпелі дюндары) және өсімдік жамылғысына бекіген құмдар деп айыруға болады.

Субстрат ретінде құмды ерекшеліктері болады, олар өсімдіктің бейімделуіне қажеттілік туындатады. Біріншіден, ол жылу режимі: аз жылу сиымдылығымен және жоғары жылу өткізгіштігімен, құмдар қатты қызу мен тәуліктік температураның өзгертуіне қабілетті (әсіресе беткейінде).Орта Азия шөл даласында ыстық күндерде беткі температура 70-78ºС ал көлеңкеде 40-43ºС жетеді (2м биіктікте). Осыдан жерүсті қабатта ауаның қатты қызуы байқалады.

Өсімдіктердің құмда су ырғағы жақсы қалыптаспайды. Ол жауын-шашынның тез және кедергісіз төменге өтуімен сипатталады, өйткені құмның ылғалдылықты ұстау күші өте төмен. Құмның аз капилярлануынан жерасты суларынан кері ағынының күші мүлдем аз. Осы құмды топырақтың ерекшеліктері беткейлі горизонттарды өсімдіктердің тамыр жүйесіне аз сумен қамтылу жағдайы жасалады.

Жаз айларында ортаазиялық шөлдерде құмның беткі қабаты толығымен кепкен болады. Вегетациялық кезеңнің соңына кебу 50-60 см тереңдікке дейін жетеді. Сонымен қатар құмды топырақтарда терең горизонттарда атмосфералық жауын-шашынның ылғалдылық жиналуына жағдай жасалады. Құмдар аз көлемде ылғалдың өлі қорын сақтайтынын ескеру қажет (коэфицент завядания): мысалы, көшпелі құмдарға ол 1% таяу. Шөлді аймақтарға түсетін жауын-шашынның аз мөлшерінде құмның беткі қабаттары терең емес ылғалданады (1 м дейін). Сондықтан гравитациялық су жер асты суларына жетпей, «подвешенный» сулы горизонт құрайды. Осының арқасында шөлдаланың өсімдіктері тіршілік етеді. Терең тамыр жүйесі бар бұталарға су қорының негізі болып жер асты суларының капилярлы қоймасы болып табылады. Кейде (күзде) өсімдіктер топырақ ішіндегі конденсациядан болған ылғалды қолданады.

Құмдар шайылып және сіңіру комплексі жоғары емес болғанда тұздылық аз болады. Өсімдіктері аз болатын шөлді далада органикалық заттардың құмда мөлшері топыраққа органикалық қалдықтар шамалы түскендегідей көп емес болады. Олармен әсіресе бекімеген құм бархандары кедей болып келеді. Тек кейбір шөл дала бұталары мен ағаштардың түбінде гумустың азот қосындысының, минералды тұздардың құрамы көбірек болады.

Өсімдік субстраты ретінде құмның экологиялық ерекшелігі болып, оның топырақ бөлшектерімен нашар байланысымен шарттанған жылжымалдылығы табылады.

Құрғақ кезінде сүзілген құмдар борпылдақ, төгілгіш және құрылымсыз болып келеді. Құмның жылжымалдылығының нәтижелерінің мысалдары ортаазиялық дамушылық тарихынан белгілі.(үлкен қалалардың көмілуі, жол массивтері т.б.) құмды шөлдалада немесе теңіз жағалауы дюндарында құмдардың желмен үздіксіз көшуі – эпизодты фактор емес, үнемі және өсімдіктің оған бейімделуінсіз болмайды. Шөлді өсімдіктерге үнемі болатын қатер (ұсақ шөптесінде ғана емес кесек ағаш пен бұталарда да) – олардың бөлігінің немесе толығымен құмға көміліп қалуы болып табылады. Кері қатері бар өсімдіктің кеуіп қалуына әсері болатын тамырдың жалаңаштануы мен үрделіп қалуы болып табылады. Қорғаныш ретінде шөл пасамофиттерінде көшіліп қалған кезде, кез келген биіктікте діңнен жанама тамырларды қалыптастыру қабілетінің жетілуі. Осылайша жүзгін бұталы өсімдіктері көшіліп қалғанда діңде тамыр аймағынан жоғары мықты жанама тамырлар қалыптастырады, ал сабақтың тез өсуі олардың бархандарды озуға мүмкіндік береді. Үлкен 3-4 м биіктіктегі бұтақтан бархан бетінде тек жасыл өскіндерінің шөткесі қалады, бірақ жанама тамырлары көмегімен бұта тіршілік етуді жалғастырады. Құм қайтқанда жанама тамырлары жалаңаштана болған көшудің деңгейін көрсетіп – кейде орта шенінде немесе жоғары шыңында болғаны көрінеді. Шөл астық тұқымдастарынан Aristida туысының қазбаларда бірінің үстінде бірі 3-10 см деңгейде орналасқан бірнеше тамыр ярусы - жаңа жерден өсіп шыққаны бірнеше көшілу болғанның дәлелі.

Жылжымалы құм өсімдіктеріне үлкен қатерді тұқым және жемістерінің көмілуі болып табылады. Осыған байланысты көптеген түрлердің тұқымдары желмен таралуға бейім («желкенді» өскіндер сексеуіл мен сораңда, құмоттың қауырсынды өстері, құмды өлеңшөп үрделуі). Жалпы спецификалық «псаммофильді» бейімделу - жүзгін тұқымдарында қатты бұтақты түктердің дамуы (олардың бірі «медуза басы» атына ие болды; олар тұқымының секірмелі болуын және құммен жел арқылы жылжымалдылығын қамтамассыз етеді. Шөл псаммофиттері тұқымдары жоғары температураға төзімді және құммен көмілгенде де өміршеңдікті көпке дейін сақтайды.

Сумен қамтылу қиындығына байланысты (шөлдала аймақтарында) псаммофиттерде ксероморфты құрылымның анық көрінетін ерекшеліктері қалыптасты. Олардың ішінде суккуленттер көп (құмды шөлдерде кесек суккуленттер әртүрлілігі жоғары). Шөлдала ағаш және бұта түрлерінің көпшілігі жапырақсыз (сексеуіл, жүзгін, сораң, бүйірген); оларда фотосинтез цилиндр формалы жасыл сабақтарымен атқарылады. Басқаларда жапырақтары редукцияға ұшыраған (құмды қараған). Ең ыстық кездерде көптеген шөл пасаммофиттері жапырақтар мен шырынды бұтақтарын түсіру арқылы бұлану беткейін немесе кезеңді жапырақ алмасуды қысқартады.

Псаммофильді бұталарға судың жеткіліксіздігін өткеру ерекшеліктерінің бірі – мықты терең орналасқан тамыр жүйесі сексеуілдің ағаштары мен бұталары жер асты суларының капиллярлы деңгейде байланыса тереңдегі ылғалымен қоректенеді.

Шөптесін псаммофиттер ішінде эфемерлер мен эфемероидтар көп олар ерте көктемде, шөлде әлі де ылғал барда вегетацияланады. Псаммофитті өсімдіктер құмды субстратта, шөлден басқа, қалыпты климатты аймақтарда – теңіз, үлкен көлдер, құмды терасса қоймасында, өзендер жағалауларында кездеседі. Олар қияқ, құмды цмин, құмды қазтабан т.б. Шөлді дала псаммофиттері сияқты қатты жағдайда өскен бұл өсімдіктер арнайы ерекшеліктері жоқ: бірақ оларда тамыр қапшықтары, ілінгіш ұзын тамырлары болады. Жер асты бөліктерінің құрылысында сероморфты ерекшеліктері кездеседі. (мысалы: қияқ жапырағандағы көкшіл балауызды жамылғы, цминнің құрғақ гүлшоғы гүлінде және жапырағының қалың күмісті түктері болуы т.б.)

Солтүстік Американың Тынық мұхиты жағалауында өсетін кейбір псаммофиттерінде құмның деңгейінің ауысу кезеңдерінде өсу үрдістерінің қызық ерекшеліктері байқалған – құмдардың деңгейінің көтерілуіне дейін сәуір - мамыр айларында кезеңділік өсудің шыңының сәйкестігі.

Мелиорация тәжірибесінде көптеген псаммофиттер көшпелі құмдарды ұстауға қолданылады. Бұталы талдар осындай қабілетін тез тамырланып құмның бетін бекіту үшін қолданады.

Литофиттер.Бұлар тастарда, жартастарда, тасты қорымдарда өсетін өсімдіктер, өмірлерінде субстраттық физикалық қасиеті басты роль атқарады. Бұл топқа ең алдымен бірінші тұрғындары (микроағзалардан кейін) жартастар бетінде бұзылған таужыныстарында: алдымен автотрофты балдырлар (носток, хлорелла) олардан кейін субстратқа тығыз жабысқан және жартастарды әртүрлі түрге қызыл, қара, сары бояйтын қайнатпа қыналар және жапырақты қыналар жатады. Литофит қыналар метоболизм қалдығын шығара тау жыныстарының бұзылуына әкеледі (биологиялық желдену) және де жартастың коллониялануының ерте кезеңдерінде топырақ түзуші рольді атқарады. Бұл үрдіс қыналардың ақырын өсуінен өте ұзақ жүреді (осылай, таулы жерлерде жартастарды қыналар басуы жылдан жылға қалыңдығы 0,1 мм артық емес үлкейеді). Бірақ уақыт өте келе беткейде және тас жыраларында мүктер орналасқан органикалық қалдықтың қабаттары жиналады. Мүк астынан қарапайым топырақ қабаты түзіледі, ол жерде жоғары сатыдағы өсімдіктердің литофиттері орналасады. Топырақ толған жартастармен тастар арасын қолдана кейбір түрлер аз мөлшердегі субстратта өмір сүре алады. Оларды хасмофиттер – қуыс өсімдіктері деп атайды. Олардың ішінде тасжарған туысының бұталары мен ағаш текті түрлері (арша, қарағай т.б.) кездеседі. Қырым мен Кавказда – шамшат, емен жартастарда өсетін түрлері жатады. Оларда өсу формалары - бауырлап өсу, қисық өсу, тапал болу т.б. болып келеді. Осылайша, табиғатта тау бұталарының кесек тастарға тығыз жабысқан өскіндерін көруге болады. Осындай өсу түрлері өсімдіктерге тастақ субстраттың күн сәулесімен қызған жылуын қолдануға көмектеседі. Жартастар мен қорымдар өсімдіктерінің басты ерекшелігі – терең емес, бірақ өте мықты тамыр жүйесінің болуы.

Литофит өсімдіктері таулы тасты қорымдарда желдену және жартастарды бұзу нәтижесінде туындайтын ерекше жаңа субстраттар немесе екінші реттік, тау беткейлерінде шектен тыс жайлымдар мен ұсақ грунттың жалаңаштануы әсерінен пайда болады. Өсімдіктер тастақ субстратпен шарттанған экологиялық фактор ырғағына ғана емес, ең алдымен қорымдар жылжымалдылығына бейімделуі қажет. Көптеген өсімдіктер түрлерінде сабақтың бекіну түрлері бар: мысалы, олар жер үстіне тек биік емес жапырақтары мен гүл шоғырының көрінетіндей етіп (бірнеше см) тастақ субстратқа көмілген болады. Басқаларында беткей астынан аз тереңдікте ұзын өрмелеуші өскіндері таралады. Өсімдіктер қорыммен көмілген кезде, субстраттың көшуіне байланысты жанама тамырлар мен жаңа өскіндер түзуге қабілетті. Қорымдарда тамыр жүйесі жарда жоғары бағыттала өседі: өсімдіктер альпинистер секілді жоғары қарай тірекке жармаса өседі. Жиі контрактильді тартымды тамырлар дамиды.

Наши рекомендации