Аэрологиялық станциядағы жұмысты ұйымдастыруды сипаттаңыз

Станциядағы дұрыс ұйымдастырылған жұмыстарға – бақылау бағдарламасының орындалуы, олардың жоғарғы сапасы, құралдар мен құрылғылардың дұрыс жұмыс жасауымен қамтылуы және материалдық шығындарды үнемдеу жатады. Станциядағы ұйымдастыру жұмыстарына келесілер жатады: кезекшілік ауысымды ұйымдастыру жұмыстары, қызметкерлер арасындағы және ішкі ауысымдағы қызметтерді бөлу, кезекшілікті ұйымдастыыру, негізгі құрылғыларды өз уақытында тексеру, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықты уақытымен жүргізу, кезекшілік ауысымдағы және түгел станциядағы жқмыстардың көрсеткіштерін дұрыс жүргізу және шаруашылық жұмыстарды өз уақытында атқару.

Бақылау бағдарламасы мен мерзімдері. Радиолокаторға негізделген «Метеор», «Метеорит», «Метеорит-2» аэрозондының станциялары РКЗ радиозондының көмегімен стандартты мерзімдерде атмосфераның температуралы-желді зондылау жұмыстарын жүргізеді. Стандартты бақылау мерзімдеріне Мәскеу декретті уақытымен 2 сағ 30 мин, 8 сағ 30 мин, 14 сағ 30 мин, 20 сағ 30мин. АС-да дәл уақытты анықтау үшін «уақытты сақтаушы» арнайы сағат болуы керек. олар міндетті түрде күніне кеміне 2 рет Мәскеу радиосымен тексеріліп отыруы керек. Мәскеу декретті уақытын жергілікті орташа күн уақытына ауыстыру үшін АС-да үнемі түзету есептелу керек. Атмосфераның температуралы-желді зондылауы жүргізілетін Мәскеу декретті уақытымен 2 сағ 30 мин және 14 сағ 30 мин мерзімдері – негізгі мерзімдер болып табылады. Әр станцияның нақты бақылау бағдарламасы ГУГМС-тың жылдық жоспарымен анықталады.

Ауысымды кезекшілікті ұйымдастыру. Кезек ауысуларымен қамтамасыздандырылған қадағалау мерзімдері аэрологиядық бекеттердің тәулік бойы жұмыс шарттарын қажет етеді. Кезекшілік кестесін – еңбек туралы заң кодексі, аэрологиялық бақылауларды жүргізудің уақытын, жұмыс уақытын тиімді пайдалану жағдайын, қызметкерлердің жеке ерекшеліктерін, станцияның транспорттық жағдайларды ескере отырып, станция бастығы құрастырады. Ауысымдағы аға қызметкер болып тәжірибелі қызметкер тағайындалады. Бақылаулар арасындағы үзілісте ауысым техниктері РЛС-да профилактикалық жұмыстар жүргізеді, бақылау нәтижелеріне техникалық қадағалау жасайды, аэрологиядық телеграммаларды өңдейді, жұмыс орны мен бөлмені тазалайды, аға қызметкер тапсырмасы бойынша басқа да жұмыстар жасайды.

АС-ның құжаты. АС-ның жұмысын ұйымдастыруда қажетті құжаттың болуы және оның дұрыс толтырылуы – негізгі элементтердің бірі болып табылады. АС-ның құжатнамасы келесілерден тұрады: а) техникалық эксплуатациялық құжатнама; б) ұйымдастырылған жедел құжатнама; в) әдістемелік жинақ; Осы аталғандардан басқа шаруашылық-қаражат құжатанамсы болады. Оның толтырылуы ГУГМС қаражаттық ережелерімен анықталады. Техникалық құжаттар: 1) РЛС және оның құрамына кіретін эксплуатацияланған құжаттар; 2) КИПАС комплектісінің техникалық сипаттамасы және эксплуатация бойынша нұсқама; 3) сутек сақтайтын баллондарды және АВГ-45 баллонды газогенераторларды қауіпсіз эксплуатациялау нұсқамасы; 4) метеолық құралдырдың куәлігі; 5) КАЭ-5 АС-ның техникалық жұмысы; 6) КАЭ-4 АС-ның есеп картасы; 7) электрлік қоректену және жер асты кабельдерінің схемасы; Ұйымдастырылған жедел құжатнама: 1) станция жұмысының айлық және жылдық жоспары; 2) құралдарды тексерудің периодты есеп журналы; 3) станция жұмысының уақытын, бақылау уақытын тіркейтін РЛС-лық жұмыс журналы; 4) бақылауларды тіркеу және кезекшілікті өткізу журналы; 5) Аэрологиялық телеграмманы жіберу алдында критикалық бақылау үшін қолданылатын изобарикалық беткейлерді радиозондылау нәтижесін жазатын журнал; 6) Аэрологиялық телеграмманы жазатын журнал; 7) жарамсыз шығын материалдарды есептеу журналы.

АС-да еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету.АС жұмысын ұйымдастыруда негізгі бөлімдердің бірі – еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жағдайда АС бастығы 27/1/1969ж. ГУГМС бекіткен №19 жарғысына сәйкес, «Гидрометеорологиялық қызметтің өндірістік санитариясы және техникалық қауіпсіздік, еңбекті қорғау ұйымының жағдайы» және «ГУГМС мекемелері мен ұйымдарында өндірістік санитария мен техникалық қауіпсіздік бойынша оқыту және инструктаж жүргізу тәртібінің инструкциясын» басшылыққа ала отырып, жұмыс жасауы керек. Аэрологиялық бақылау жүргізу кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері «Гидрометеорологиялық жұмыстардағы техникалық қауіпсіздік ережелерінде» (1970ж.) көрсетілген.

Наши рекомендации