Теодолиттерді тексеру жұмыстарының жүргізілуін түсіндіріңіз

Теодолит өлшеу жүргізу кезінде үлкен дәлдікті қамтамасыз етуі үшін жоғарғы техникалық мүмкіндікке сай болуы керек. Теодолит осьтері бір-бірімен және лимбпен, сондай-ақ алидадта деңгейді орнату дұрыс болуы керек және люфтсіз болуы керек. Біршама сәйкессіздіктер теодолитті тексеру кезінде анықталады. Нәтижесінде ол кемшіліктердің орнын толтырады, яғни қажет түзетулер енгізіледі. Егер де түзетулер шамадан тыс болса, онда теодолитті жөндеуге беру керек. Теодолиттің қателіктеріне келесілер жатады:

1) деңгейдің дұрыс орнатылмағанына байланысты қателіктер;

2) вертикальды лимб индексін дұрыс орнатпау салдарынан болатын қателіктері;

3) коллимациялық қателік;

4) горизонталды және вертикалды лимбтер эксцентритеті;

Ол қателіктер қалай болатынын қарастырайық. Деңгейді дұрыс орнатпау – нивелирлеу кезінде оңай анықталады. Егер теодолитті вертикальды осі бойынша 180° бұраса, онда көпіршік бұрынғы қалпында қалуы керек. Егер де ол ауытқыса, онда деңгейді қайта орнату керек болады. Вертикальды лимб индексін дұрыс орнатпау немесе нөлдің ауытқуы вертикалды бұрыштардың мәнінде ∆б қателіктерге әкелуі мүмкін. Бұл үшін қандай да бір қашықтықтағы бұрыштық өлшемі кіші «наводка» деп аталатын затқа теодолитті келтіреді. Содан соң трубаны зениттен өткізіп, теодолитті вертикалды осі бойынша 180° бұрап осы операцияны қайталайды. Бұл екінші жағдайды «перекидка» деп атайды және өлшенетін орын бұрышы 180-90° аралығында жатады. Вертикалды шеңбердің нөлдік қате таңбасы мен шамасы ∆б келесі теңдіктен анықталады. ; мұндағы: Н, П – «наводка» және «перекидка» жағдайында анықталған орын бұрышы. Өлшеу мәндеріне түзетуді теріс таңбамен енгізу керек. Коллимациялық қателік трубаның оптикалық осі горизонталды оське перпендикулярлы болмаған жағдайда, яғни сәуленің сыну бұрышы 90° тең емес болғанда туындайды. Бұл сәулені шағылыстырушы призманың (айнаның) дұрыс орнатылмауының салдары болуы мүмкін. Труба зенитке бағытталғанда оптикалық осьтің перпендикулярдан ауытқу бұрышы коллимациялық бұрыш ∆К деп аталады. Оның шамасы келесідей анықталуы мүмкін: ; бұл жағдайда Н, П – «наводка» және «перекидка» жағдайында анықталған азимут шамасы. Горизонталды лимбтың немесе алидаданың эксцентритеті егер олардың центрі сәйкес келмесе бақыланады. Егер аэрологиялық теодолит азимут мәнін алу үшін бір-біріне қарама-қарсы екі индекспен қамтылған болса, онда эксцентритет шамасы екі индекс бойынша 180° айырмашылықтың сәйкессіздігі ретінде анықталуы мүмкін. Эксцентритет үшін түзету мәні келесіге тең: ; мұндағы: α1, α2 – әр түрлі индекс бойынша бір объекттің азимут мәндері. Бұрыш өлшеу оптикалық жүйе арқылы жүретін теодолиттерде эксцентритетті бұл жолмен анықтау мүмкін емес. Оның шамасы коллимациялық қателік ретінде қарастырылады. Теодолитпен жұмыс жасау кезінде басқа да қателіктер жіберілуі мүмкін, мысалы, микрометрлі винттің әлсіз жүрісі. Ол қателіктерді реттеу (регулировка) арқылы жоюға болады. Буссольдің стрелкасы (тілі) жақсы магниттеуші, ал буссольдің өзі түзетілген болуы тиіс.

Наши рекомендации