Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздіг негіздері

Антеннаны қолдану және құрудағы қауіпсіздік

Рахат телеком компаниясының жер станция жүйесі бекітіп,бұрылатын екі айналы Касегрейн сұлбасымен салынған антеннадан тұрады. Биіктігі 4,7 м. Ол арнайы жасалған іргетасқа бекітіледі.Екі айналы антеннаның үлкен айна диаметрі 9,3 м , ал барлық салмағы 5 тоннадай.

Антенна жүйесінің үлкен қондырғы екенін ескере отырып, сол жерде жұмыс жасайтын қызметкерлердің бұрмалау,баптау жұмыс кездеріндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Қауіпсіздік ережесін сақтамаған жағдайда қызметкерлердің әр түрлі жарақатқа: соғып алу,қысып қалу, қозғалыс механизмдерінен жарақат алу тағы басқа.Сонымен қоса таратқыш қосылып қалған жағдайда сәулеленуге ұшырауда жатады.

Осы жағдайларға байланысты кейбір шарттар қарастылады.Мұндай шарттар арасынан кейбір шарттарға көңіл көп бөлінеді. Оларға мыналар жатады: жұмысты мамандандырылған,антенна жүйесін құруды білетін, медециналық тексеруден өткен,18 жастан жоғары қызметкерлер атқарады.Барлық жұмыс арнайы жасақпен (наряд) атқарылады.Жасақ басшысы әр топтың мүшесін қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаумен таныстырады.Сонымен қатар жүк тасымалдау бөліміне көп көңіл бөлінеді.Антеннаны жинауды үш адамнан тұратын топ атқарады.Топ жеке қауіпсіздік жабдықтарымен жабдықталады. Оларға: каска,сақтандыру белдігі тағы басқа құрал-жабдықтар кіреді.

Антеннаның бөлшектерін қозғау жұмыстарына ұзындығы 10 метрден жоғары, 3 тоннадан көп салмақ көтеретін кран қолданады.Жұмыс арнайы бөлінген әкімшілік-техникалық түріндегі қызметкердің басқаруымен атқарылады.Олардың міндетіне антеннаны қауіпсіз орнату және атқарылып жатқан жұмыстың қауіпсіздік бөліміне жауап береді.

Автокраншы көтеріп тасымалдау жұмысымен айналысу құжаты болу керек.Сонымен қатар автокраншы екінші дәрежелі тәжірибелі автокраншылардың арасынан тағайындалады.Жүргізуші кез-келген тоқта бұйрығынан кейін тоқтау керек.Бұйрық кім бергені маңызды емес. Жүргізуші бұйрыққа бағынбайды,егер бұйрық қауіпсіздік ережесіне қарама қайшылық келтірсе.Жүкті көтеру алдында бұйрық беруші адам жүктің салмағын айтады.

Статикалық сынақта кранды беріктікке және орнықтылыққа 25%-ға жүккөтергіш шегінен асатын жүктеме беру арқылы тексереді.

Динамикалық сынақкранның механизмдерін және тежегіштерін тексеру үшін кранның жүккөтергіш шегінен 10%-ға асып түсетін жүк (маркерленген жұмыс жүгін қолдануға болады) ілу арқылы іске асады.Жүккөтергіш крандардың қауіпсіз пайдалануын бақылау мақсатында кәсіпорын басшылары инженерлік-техникалық қызметкерді тағайындау керек.

Электр жетегімен жұмыс істейтін мұнаралы және жебелі өздігінен жүретін крандар машинистерінің біліктілік дәрежесі 2-ші қауіпсіздік тобынан кем болмауы қажет.

Жүкті ілетін жабдықтар мен болат арқандар мезгілімен тексеріліп отырылулары тиіс. Жеке, ұсақ жүктерді салатын ыдыстар да мезгілімен куәландырылып отырылуы тиіс.

Жазатайым оқиға болмас үшін крандармен жұмыс істеу кезінде төмендегідей іс-әрекетке тыйым салынады:

- ақауы бар, арнайы белгісі жоқ, техникалық байқау уақыты өткен,ыдыс пен жүк ілгіш жабдықтарды пайдалануға;

- массасы кранның жүк көтергіштігінен артық жүкті ілуге және оны көтеруге;

- кранның көмегімен аязға қатып қалған,жерге көмілген, жерге құйылған, болтпен бекітілген жүктерді көтеруге;

- монтаж ілгектері үзілген, ақауланған темірбетон құрылымдарын көтеруге;

- жүкті тұрғын, қызмет ғимараттары үстімен, адамдардың үстімен алып өтуге;

- жасақ-рұқсатынсыз крандарды электр желісінің қорғау аумағына орналас-тыруға тыйым салынады.

Сонымен қатар жұмысты 3 м/сек жылдамдықтан жоғары жел кезінде жасауға тыйым салынады.Құрал-жабдықтарды басқа жұмыс түріне қолдануға болмайды.Көтеріп түсіру жұмыстарын электр бағандарынан 10 метр қашықтықта орындау керек.Одан басқа: қозғалмалы бөліктерге бөтен заттар қоюға, жұмыс жасап тұрған құрылғының бөліктеріне қол тигізуге,антеннаның қатырмаларын босатуға,жұмыс жасап тұрған құрылғы жанында қуат бергенде және найзағай кезінде жерге тұйықтағыштан алыс тұру керек.

Электр есептеу құралдарымен жұмыс кезіндегі оператордың еңбек қауіпсіздігі

Рахат телеком компаниясының жерсерік бағытындағы қызметкерклері электр есептеуіш құралдарының өңделген ақпаратымен жұмыс жасайды.Сондықтан ақпаратты көрсету құралы 15 дюмды LG компаниясының Flatron типті мониторы қолданылады.Монитордың қанықтылығын,жарықтығын,түсін тағы басқа баптауларын өзгертуге болады.Тегіс экранның сәулелерден қорғау жабыны бар.

Оператордың жұмысына обьектінің ішкі,сыртқы өзгерістерін басқарудағы ақпараттарды бақылай отырып сигналды қабылдап,бөліп алып,анықтау кіреді.

Оператордың жұмысына психикалық,физикалық факторлар әсер етеді. Оларға:эмоцияналды,көру анализаторының шаршауы, жұмыс бірыңғайлығы секілді тағы басқа факторлар жатады. Оператордың жұмысы тиімді болу үшін,компания эргономика,микроклимат,оператордың жұмыс орнына көңіл бөледі.

Ауа температурасы адам еңбегімен жағдайына әсер етеді.Төмен температура кезінде адам ағзасы салқындап,тұмау ауруына шалдығуы мүмкін.Ал температуатураның жоғарылауы терлеуге және адам еңбегінің төмендеуіне алып келеді.Мұндай факторлар оператордың жұмысқа зер салуын төмендетіп,жұмыстан ақау шығуы мүмкін.Сол секілді ауаның ылғалдылығына көп көңіл бөлу қажет.Егер ылғалдылық бөлмеде артса,өкпедегі және терідегі ылғалдың булануына кедергі етеді.Ал ылғалдың артуы адамның жоғарғы ауа жұту жолдары құрғайды.Бұл факторларда еңбектің төмендеуіне алып келеді.

Ғимаратта еңбекке қолайлы микроклиматты сақтау үшін,бөлмені жылыту және салқындату жүйесін орнату керек.Нәтижесіндн микроклимат парамерлері ГОСТ12.1.005-88 «Жұмыс орнындағы ауа және ортақ гигиена талабына» сай.Бұл 1 а категориялы жұмыс(жеңіл қол жұмысы).Ауаның температурасы әрқашан бірқалыпты 22-24 градус С0,қалыпты ауа ылғалдығы

40-60 % болуы тиіс.

Оператордың өзін ыңғайлы сезіну үшін, жұмыс үстелінің құрылғыларының орналасу маңызды сондықтан мониторды үстелге немесе орнатқышқа орналастырады және 700 мм (тиімді 450-500мм) қашықтықта,ал биіктігі экран ортасымен көлденең көру бұрышы 20 градус,ал жазық бақылау бұрышы 100 градустан аспау керек. Пернетақта қалыпты жағдайда үстелде 750 мм биіктікте 15 градус жазықтықта шет жағынан 100-130 мм қашықтықта орналасады.Биіктігі басқарылатын орындық қолданылады.Оператордың мәліметтерді енгізуге арналған құжат оператор назарынан 450-500 мм қашықтықта сол жақта орналасыады.Сонда монитормен көлденең жазықтық арасы 30-40 градус болады.

Наши рекомендации