Сарамандық жұмыс. Тақырыбы: Бір су нысанына сипаттама беру

Тақырыбы: Бір су нысанына сипаттама беру

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға гидросфера бөлімі бойынша анықтама түсініктерін қалыптастыру. Сәйкестендіру жұмыстары, жоспар бойынша теңіз, мұхиттарға сипаттама беру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік мақсаты: Бірге жұмыс істеу арқылы достыққа, адамгершілікке, табиғатты аялап, қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, дүние жүзінің физикалық картасы, глобус.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды және оқу құралдарын түгендеу.

Сарамандық жұмыстың жүргізілу жоспары:

1.Сарамандық жұмысты түсіндіру

2. І, ІІ нұсқада жұмысты тарату.

І нұсқа

1- тапсырма. Келесі ұғымдарға түсініктеме бер: өзен, бұғаз, шығанақ (Әр дұрыс жауапқа 2 балл. Барлығы 6 балл)

2- тапсырма. Сендердің алдарыңдағы карта сызбада әлемдегі көлемі бойынша ірі он көл ауданының кішірею көрсеткіштері бойынша көрсетілген. Сәйкестікті орнатыңдар: көлдің карта сызбасы – оның атауы. Сонымен қатар әрбір көлге қысқаша сипаттама бер (қай материкте, қай бөлігінде) . (әр дұрыс жауапқа 2 балл. Барлығы 20 балл)

3- тапсырма. Төмендегі жоспар бойынша таңдауың бойынша белгілі бір теңізге сипаттама беріңіз.

1)Теңіздің атауы

2) Қай мұхитқа жатады?

3) Географиялық орны :

- теңіз жағдайының мұхитқа қатыстылығы

- шаятын жағалаулары

4) Орташа тереңдігі

5) Шаруашылықта пайдаланылуы

(Дұрыс жауапқа 10 балл)

4- тапсырма. Африка материгінің Кейптаун қаласынан бастап Дүниежүзілік мұхитқа саяхат жасай отырып, сол қалаға қайтып оралу жолындағы маршрутты жасау.`

(Дұрыс жауапқа 10 балл)

5- тапсырма. Кескін картаға (13 бетке) Амазонка, Ніл, Лена, Обь өзендерін түсіру. (Әр дұрыс жауапқа 1 балл. Барлығы 4 балл)

ІІ нұсқа

1- тапсырма. Келесі ұғымдарға түсініктеме бер: көл, сарқырама, түбек. (Әр дұрыс жауапқа 2 балл. Барлығы 6 балл)

2- тапсырма. Сендердің алдарыңдағы карта сызбада әлемдегі көлемі бойынша ірі он көл ауданының кішірею көрсеткіштері бойынша көрсетілген. Сәйкестікті орнатыңдар: көлдің карта сызбасы – оның атауы. Сонымен қатар әрбір көлге қысқаша сипаттама бер (қай материкте, қай бөлігінде) . (әр дұрыс жауапқа 2 балл. Барлығы 20 балл)

3- тапсырма. Төмендегі жоспар бойынша таңдауыңыз бойынша белгілі бір мұхитқа сипаттама беріңіз.

1) Мұхиттың атауы

2) Географиялық атауы

- экватор мен бастапқы меридианға қатысты жағдайы

- қандай материктерді шайып жатыр

- қандай мұхиттармен байланысқан

3) Ең терең жері, тереңдігі

4) Мұхиттағы ағыстар

5) Адамдардың мұхитты пайдалануы

(Дұрыс жауапқа 10 балл)

4- тапсырма. Еуразия материгінің Токио қаласынан бастап Дүниежүзілік мұхитқа саяхат жасай отырып, сол қалаға қайтып оралу жолындағы маршрутты жасау.`

(Дұрыс жауапқа 10 балл)

5- тапсырма. Кескін картаға (13 бетке) Еділ, Миссисипи, Енисей, Конго өзендерін түсіру. (Әр дұрыс жауапқа 1 балл. Барлығы 4 балл)

Қорытынды: Сарамандық жұмыс 50 балдық жүйемен тексеріледі. Егер 20-25 балл жинаса «3», 26- 35 балл жинаса «4», 36-50 балл жинаса «5» деген бағаларды иеленеді.

Наши рекомендации