Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы
«Дүниетану» пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалау критериалды бағалау жүйесін қолданумен жүзеге асырылады.
Критериалды бағалау – нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген және (оқушылар, мектеп әкімшілігі, педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар және басқа заңды өкілдер) және оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін қалыптастыруға көмектесетін бастауыш білім бері мазмұны мен мақсаттарына сәйкес келетін бағалау үрдісі.
Критериалды бағалау білім беру, оқыту және бағалаумен тығыз байланысқа негізделген. Оның нәтижелері білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін пайдаланылады.
Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау (ҚБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды.
Қалыптастырушы бағалау - бұл оқушылардың жаңа материалды меңгеру кезеңде тапсырманы орындау мен оқу мақсаттарына қаншалықты дұрыс жеткендігін түсінуге мүмкіндік беретін және күнделікті сабақта және/немесе үйде жұмыс жасау дағдылары мен білімдерінің ағымдағы меңгеру деңгейін анықтайтын және оқу барысында мұғалім мен оқушы арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыратын бағалау.
Ішкі жиынтық бағалау – оқушылардың оқу тоқсанын аяқау бойынша оқу бағдарламасының бөлімдерін меңгерудегі дағдаларының қалыптасыуы және меңгерген білімдерінің деңгейін анықтайтын бағалау. Ішкі жиынтық бағалау мектеп мұғалімдері тарапынан жүзеге асырылады.
Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес 1-сыныпта тек қалыптастырушы бағалау түрі қолданылады. Тоқсандық баға 3-4 тоқсанда қойылады. 1-сыныптың жылдық бағасы қалыптастастырушы бағалаудың қорытындысы негізінде қойылады.
2-сыныпта ішкі жиынтық бағалау енгізіледі. Тоқсандық баға 1-4 тоқсан кезінде қалыптастырушы бағалау нәтижесі бойынша қойылады. Ішкі жиынтық бағалау жыл соңында бір рет өткізіледі және жылдық баға қалыптастырушы мен ішкі жиынтық бағалаудың белгілі пайыздық үлесіне байланысты қойылады.
3-4 сыныптарда оқу үлгерімінің нәтижесі келесі түрде беріледі:
- тоқсандық баға – қалыптастырушы және тоқсандық ішкі жиынтық бағалаудың нәтижелері белгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген әр тоқсанның соңындағы баға.
- жылдық баға – төрт тоқсандағы қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалау нәтижелері белгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген оқу жылының соңындағы баға.
II «Дүниетану» пәнінің мазмұны және оқу мақсаттарының жүйесі
Дүниетану» пәнінің мазмұны
Пән бойынша білім мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде сабақтастықты айқындайды. Оқу мақсаттары мұғалімге жұмысын жоспарлауға, оқушылардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
№ | Бөлім | Тақырып |
Мен және қоғам | 1.1 Өзім және отбасым | |
1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы | ||
1.3 Менің атамекенім | ||
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік | ||
1.5 Құқық пен жауапкершілік | ||
1.6 Мерекелер | ||
Елімнің табиғаты | 2.1 Жергілікті жерде бағдарлану | |
2.2 Климат және ауа-райы | ||
2.3 Табиғат жағдайлары және олардың әсері | ||
2.4 Туризм | ||
Тарих беттерінен | 3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер | |
3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары | ||
3.3 Қазақстан тарихындағы аңызды оқиғалар | ||
3.4 Атақты тарихи тұлғалар мен өнер қайреткерлері | ||
3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және отансүйгіштік |
Бағдарламада оқу мақсаттарын тиімді қолдану және мониторинг жасау үшін кодтық белгілеу енгізілді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4. кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.
Оқу мақсаттарының жүйесі
Мен және қоғам
Тақырып | 1 -сынып | 2 -сынып | 3-сынып | 4-сынып |
1.1 Отбасым | 1.1.1.1 Түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «Отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру; 1.1.1.2 Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау | 2.1.1.1 Отбасылық мұрағат негізінде отбасы мүшелерінің ауызша портретін құру | 3.1.1.1. Түрлі дереккөздерді талдау негізінде отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық дәрежесін түсіндіру; 3.1.1.2 Отбасылық шежіре құру | 4.1.1.1. Түрлі дереккөздерді талдау негізінде отбасының қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру |
1.1.1.3 Отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіріп, мысалдар келтіру | 2.1.1.2 Мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру 2.1.1.3 Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау | 3.1.1.3 Өз отбасының құндылықтарын анықтау 3.1.1.4 Жалпыға ортақ отбасылық құндылықтарды анықтау | 4.1.1.2 Өз бақылаулары мен зерттеулері негізінде отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін түсіндіру | |
1.1.1.4 Тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін білу 1.1.1.5 Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау | 2.1.1.4 Бақылау мен сұрақ-жауап арқылы тұтыну заттарына деген отбасы қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін білу | 3.1.1.5 Шығындарын жоспарлау және негіздеу 3.1.1.6 Отбасы бюджетінің негізгі түрлерін талдау | 4.1.1.3 Отбасы бюджетін оңтайландыру жолдарын ұсыну | |
1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы | 1.1.2.1 Мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру | 2.1.2.1 Мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін біліп, түсіндіру | ||
1.1.2.2 Мектептегі функционалдық аймақтардың арналымын және орналасқан жерін білу | 2.1.2.2 Мектеп қоғамдастығының құрылымын және оның мүшелерінің атқаратын қызметін білу | |||
1.1.2.3 Мектептегі мінез-құлық ережелерін және олардың мағынасын баяндау 1.1.2.4 Күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру және күн тәртібін құру 1.1.2.5 Тәулік бөліктері мен апта күндерінің атауларын білу және қолдану | ||||
1.1.2.6 Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау | 2.1.2.3 Мектеп қоғамдастығындағы ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық нормаларын білу және түсіндіру 2.1.2.4 Өз сыныбына сипаттама беру | 3.1.2.1 Қоғамда қабылданған мінез-құлықтың әдеп нормаларын білу және түсіндіру 3.1.2.2 Өз тәжірибесінен мысал келтіре отырып, адамдар арасындағы достықтың қажеттілігін және маңыздылығын дәлелдеу | ||
1.3 Менің атамекенім | 1.1.3.1 Өзі тұратын елді мекеннің географиялық орналасқан жерін қарапайым түрде сипаттау, өз мекенжайын білу | 2.1.3.1 Өз зерттеулеріне сүйене отырып, аймағының көрнекі жерлерін сипаттау және бейнелеу | 3.1.3.1 Елді мекендерді кейбір белгілеріне қарап ажырату (тип, көлемі, қызметі) | 4.1.3.1 Түрлі дәрежедегі әкімшілік-аумақтық бірліктерді (округ, аудан, облыс) ажырату |
1.1.3.2 Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау | 2.1.3.2 Қазақстан картасынан өз облысын, ірі өзендерін, қалалар мен жолдарды көрсету | 3.1.3.2 Қала мен ауылдың байланысын зерттеу, мысалдар келтіру | 4.1.3.2 Түрлі дереккөздерге негізделе отырып, өз аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілеріне қарапайым сипаттама беру | |
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік | 1.1.4.1 Жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын дәлелді түрде түсіндіру | |||
1.1.4.2 Тамақтану режимін сақтау қажеттілігін түсіндіру | 2.1.4.1 Түрлі дереккөздер мен өзіндік зерттеулер негізінде пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау | |||
1.1.4.3 Үй мен мектеп арасындағы қауіпсіз маршрут жоспарын құру | 2.1.4.2 Оқу, ойын әрекеті кезіндегі, күнделікті жағдаяттардағы (үйде, қоғамдық орындарда, көшеде, табиғатта) қауіпсіз мінез-құлық ережелерін білу және түсіндіру | 3.1.4.1 Электр аспаптарын пайдалану ережелерін білу және графикалық түрде көрсету | ||
1.1.4.4 Жолдағы мінез-құлық ережелерін, жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін жол белігілерінің мәнін білу | 2.1.4.3 Көлік түрлерін, олардың арналымын ажырату 2.1.4.4 Қоғамдық көліктегі мінез-құлық ережелерін білу | |||
1.1.4.5 Шұғыл көмек қызметтеріне хабарласу нөмірін білу | 3.1.4.2 Спорт түрлерін білу, спорттың қандай да бір түрімен айналысу үшін қажетті бастапқы белгілерді анықтау | 4.1.4.1 Спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану себептерін зерттеу 4.1.4.2 Спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану қаупін азайту және алдын алу әдістерін ұсыну | ||
3.1.4.3 Түрлі дереккөздер негізінде табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау 3.1.4.4 Өзінің табиғи ортадағы қауіпсіздігін жоспарлау | 4.1.4.3 Түрлі дереккөздер негізінде жасанды ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау 4.1.4.4 Өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлау | |||
1.5 Құқық және жауапкершілік | 2.1.5.1 «Құқық» және «Жауапкершілік» ұғымдарын білу, өз өмірінен мысалдар келтіру | 3.1.5.1 «Конституция» ұғымын білу | 4.1.5.1 Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы қарапайым қорытындылар жасау 4.1.5.2 Қазақстан Республикасының жас азаматы ретіндегі өз құқықтары мен жауапкершіліктерін білу | |
1.6 Мерекелер | 1.1.6.1 Отбасылық мерекелердің бірін сипаттау | 2.1.6.1 ҚР жекелеген ұлттық және мемлекеттік мерекелерін білу және мәнін түсіндіру (таңдау бойынша): Наурыз мейрамы, ҚР Тәуелсіздік күні | 3.1.6.1 Зерттеулер негізінде Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелерін білу және мәнін түсіндіру | 4.1.6.1 Зерттеулер негізінде кәсіби мерекелердің тарихын білу және түсіндіру |