Пайдаланылған әдебиеттер 4 страница

Жер бедерінің рельеф

Жер бедерінің (рельеф) әсері негізінен жер бетіне келген жылу мен суды таратуынан көрінеді. Жергілікті жердің биіктігінің бірталай өзгеруі температуралық жағдайдың едәуір өзгеруіне әкеледі. Таулардағы биіктік (вертикальды) зоналық құбылысы осыған байланысты. Биіктіктің салыстырмалы түрде аздаған өзгерісі атмосфералық жауын-шашынның таралуына әсер етеді. Күн энергиясының таралуы үшін беткейдің экспозициясының мәні зор. Өте көп жағдайда грунт суының топыраққа әсер ету дәрежесі жер бедерінің ерекшеліктерімен айқындалады.

Уақыт

Топырақтүзілудің мүлдем ерекше факторы – уақыт. Топырақта өтетін барлық үрдістер уақыт ішінде өтеді. Сыртқы жағдайлардың ықпалы байқалып, топырақтүзілу факторларына сәйкес топырақ қалыптасуы үшін белгілі бір уақыт қажет. Географиялық жағдайлар тұрақты болып қалмай, өзгеріп тұратындықтан, топырақтың уақыт ішіндегі эволюциясы жүреді.

Адам қоғамы

Қалған барлық факторлардан топыраққа адамның, дәлірек айтсақ адам қоғамының ықпалы күрт ерекшеленеді. Табиғаттың топыраққа әсері кездейсоқ түрде болса, адам өзінің шаруашылық әрекетінің барысында топыраққа бағытты түрде әрекет етеді, оны өзінің қажетіне қарай өзгертеді. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты, қоғамдық қарым-қатынастардың дамуына байланысты топырақты пайдалану және оны қайта құру күшейе түсуде.

Соңғы онжылдықтар барысында анықталғандай, топырақтүзілу факторларының өзара әрекеттесуі заттың зор массасын қозғалысқа әкеледі. Тау жыныстары мен тірі ағзалардың әрекеттесуінің нәтижесінде өзіндік зат алмасу - химиялық элементтердің заңды түрде таралуы жүреді. Дәл сондай құбылыс тірі организмдер – атмосфера, тау жыныстары – түскен атмосфералық су, т.с.с. жүйелерде де жүреді. Топырақта бұл үрдістер ерекше кернеулі жүреді, өйткені топырақтүзілудің барлық факторлары бірдей бір мезгілде қатысады. Басында химиялық элементтердің қозғалысы белгілі мөлшердегі тұйық айналымшеңберлер (кругооборот) түрінде жүреді деп болжанған. Кейінірек топырақтағы заттың айналымы көптүрлі, ал негізгі мәнге миграцияның тұйықталмаған циклдері ие екені анықталған. Топырақтүзілу кезінде өтетін миграция үрдістері өз кезегінде бүкіл биосфераны қамтитын жалпыпланетарлық циклдерге кіреді.

Тест тапсырмасы

1. Атмосфера қысымы төмен жерлер
А) теңіз жағасында
В) тау жоталарында
С) жазықтарда
D) аласа тауларда
Е) биік тауларда

2. Мұхит суын қозғалысқа келтіретін басты себеп
А) өсімдіктер
В) температура
С) жануарлар
D) тұздылық
Е) жел

3.Жердің ауа қабығы

А)атмосфера

В)стратосфера
С) тропосфера
Д)гидросфера
Е)литосфера

4.Ауаның жер бетіне жақын ең тығыз шоғырланған қабаты А)атмосфера

В)стратосфера
С) тропосфера
Д)гидросфера
Е)литосфера

5.Тропосфераның үстінен 80 км-ге дейінгі биіктікте орналасқан атмосфера қабаты

А)атмосфера

В)стратосфера
С) тропосфера
Д)гидросфера
Е)литосфера

6.Жер ғаламшарының су қабығы

А)атмосфера

В)стратосфера
С) тропосфера
Д)гидросфера
Е)литосфера

7.Жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы

А)атмосфера

В)стратосфера
С) тропосфера
Д)гидросфера
Е)литосфера

8.Ауа құрамындағы оттегінінің мөлшері ...

А)21%

В)30%

С)42%
Д)25%
Е)35%

9.Биосфера дегеніміз ...

А) тірі организмдердің орналасқан қабаты

В) экологиялық фактордың жиынтығы

С) адаптациялық морфология

Д) экологиялық кризис факторлары

Е) күн энергия жүйесі

10.Литосфера қабаты дегеніміз .....

А) бу қабаты

В) су қабаты

С) ауа қабаты

Д) озон қабаты

Е) тас қабаты

11.Биосфера ұғымын енгізген ғалым ....

А) Докучаев

В) Сукачев

С) Геккель

Д) Вернадский

Е) Ламарк

12.Ауа құрамының көп бөлігін алатын газ...

А) оттегі

В) азот

С) аргон

Д) гелий

Е) радон

13.Атмосфералың ауа дегеніміз....

А) әр түрлі газдардың қоспалары

В) күн сәулелерінің радиоациясы

С) тірі организмдер жиынтығы

Д) биогеоценоз стратосфера

Е) жел энергиясы мезосфера

14. Биологиялық экология нені зерттейді ...

А) жел энергиясы, күн сәулесі

В) халықтың көптеп қалаға жиналуын

С) фотосинтез процесін нәтижесін

Д) азот бөлінуінің халыққа тигізетін әсері

Е) биосфераның өсімдік пен жануарға әсері

15.Озон қабатының функциясы ....

А) күннің ультракүлгін сәулесін сүзеді

В) оттегіні бөлінеді күн сәулесін сүзеді

С) күн энергиясы сәулесін сүзеді

Д) азотты сіңіреді сәулесін сүзеді

Е) крахмал сәулесін сүзеді.

16. Атмосфераның табиғи ластануы ....

А) заводтар тоқтап қалуы

В) автомобильдердің өшіп қалуы

С) вулкандардың атқылауы

Д) фабрикалар жұмыстан шығуы

Е) отын , көмір жағу таусылуы

Ребус

,,, ,, ,,,,

, ,, , Ф

,,,, ,,, ,

Жауабы: литосфера

      л        
          И          
        Т      
    О                
  С    
  Ф                  
    Е                  
            Р    
          а        
                                                                       

Сөзжұмбақ

1) Жердің кескіні, көлемі пайда болуы, жасы және даму тарихы бойынша әр түрлі үстіңгі қабатының формаларының жиынтығы қалай аталады?

2) Топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерінің жиынтығын қандай фактор құрайды?

3) Жер қыртысы мен ядро аралығында орналасқан ең үлкен аралық қабат қалай аталады?

4) Топырақтың құрамындағы диаметрі 1 мкмдегі аз бөлшек қалай аталады?

5) Тіршілік көзін атаңыз?

6) Жасыл өсімдіктер мен фотосинтездеуші микроорганизмдердің күннің сәулелі энергиясының органикалық заттардың химиялық байланыстарының энергиясына айналдыруы қалай аталады?

7) Тарихта үшінші рет биосфера ілімін зерттеген орыс ғалымын атаңыз?

8) 19-ғасырда француз ғалымы Ле Руа ғылымға қандай үғым енгізді?

9) Жер бетін әуе және ғарыштық түсірім негізінде жоспарға және ірі масштабты картаға түсіру, әрі бейнелеу әдістерін зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?

Орытынды

Топырақ – бұл құрлық бетіндегі химиялық элементтердің циклдік миграциясы, ландшафт компоненттерінің арасындағы зат алмасуы үрдістері жоғары кернеу дәрежесіне жететін ерекше табиғи түзілім. Топырақта заттың жіті таралуымен бір мезгілде күн энергиясы трансформацияланады (күйін өзгертеді) және жиналады (аккумуляцияланады).

Тектоника ғылымында ұзақ уақыт бойы жер қыртысының платформалық-геосинклинальдық дамуы жайлы тұжырымдама басым болып келді. Бұл тұжырымдама бойынша, материктік жер қыртысы салыстырмалы түрде тұрақты бөліктерге — платформаларға және қозғалмалы бөліктерге — геосинклинальдарға жіктеледі. Жер қыртысының үздіксіз дамуы нәтижесінде геосинклинальдар платформаларға айналады, бұл процесс екі кезеңде жүзеге асады. Ұзаққа созылған алғашқы кезеңде қатты майысып, су басқан жер қыртысының ойыстарында қалыңдығы 15—20 км-ге жететін шөгінді жыныстар жиналады. Салмақ күшінің артуына байланысты Жердің ішкі қойнауындағы күштер ара салмағы өзгереді. Соның нәтижесінде геосинклинальдарда жер сілкінулер, жанартау атқылаулары күшейіп, қатпарлану жүреді. Осылайша биік таулар түзіледі. Ал неғұрлым қысқа уақытты қамтитын екінші кезеңде түзілген тау жүйелері сыртқы күштердің әсерінен үгіліп аласарады. бұл процесс көбінесе материктер аумағында жүзеге асатындықтан, "платформалық-геосинклинальдық" дамуы жайлы тұжырымдама Литосфералық тақталар саны тұрақты емес; геологиялық уақыт аралығында олар рифтілер арқылы бөлшектеніп немесе тектоникалық қозғалыстар әсерінен қайта бірігіп отырады. Материктер мен мұхиттар географиясынан жер қыртысының даму барысында бірнеше ірі тақталар болған және бөлшектен. Қазіргі кезде Жер шарында 7 ірі және ондаған ұсақ литосфералық тақталар ажыратылады.

Наши рекомендации