Осымшаның құрылу ортасы

Осымша құру ортасын дайындау

Android ОЖ үшін қосымша құру үшін Eclipse-ті орнату қажет. Бұл тапсырма үшін Classic нұсқасы жарайды.

Android SDK құрал-жабдықтарын құрастырушыларға арналған сайттан жүктеуге болады developer.android.com. Орнату кезінде қажетті SDK платформаларын және элементтерін таңдауға болады.

ADT плагині Eclipse ортасында Android SDK құралдарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. ADT плагинін орнату үшін «Help → Install new software» менюі арқылы «Work with» алаңына «dl-ssl.google.com/android/eclipse/» плагин жүктей адресін енгіземіз. Әрі қарай төмендегі кестеде «Developer Tools» таңдап «Next» батырмасын басу керек. Сондай-ақ плагинді http://developer.android.com/sdk/eclipse-adt.html сілтемесі бойынша жүктеуге болады.

Құрастыру үшін Java Runtime Environment (JRE) орындалу ортасы, Java Development Kit (JDK) құрастырушы комплектісі қажет. Оларды Oracle-дың ресми сайтынан жүктеуге болады (oracle.com).

Android Tools – Android Virtual Devices (AVD) эмуляторын қамтиды. AVD эмуляторы қосымшана Android ОЖ-лі виртуалды мобильдік құрылғыда тестілеуге мүмкіндік береді. Эмулятордың әр-түрлі конфигурациялы бірнеше виртуалды құрылғыларды құру мүмкіндігі бар.Android виртуалды құрылғысын құру үшін «Window → Android SDK and AVD Manager» менюінде «New» батырмасын басып, виртуалды құрылғының атауын енгізіп, оның сипаттамаларын белгілеу керек [12,13].

Java бағдарламалау тілі

Java тілінің негізі және қысқаша тарихы

Java тілі интернет желілірімен байланысқан заманауи технологияларға бағытталған. Java тілінде құрылған бағдарламаларды бағытына байланысты екі топқа бөлуге болады:

- Бірінші топқа арнайы интерпретациялайтын «Java машинасы» басқаруымен автономды жұмысқа арналған қосымшаларды жатқызуға болады. Бұл машинаның өнімдері негізгі барлық компьтер платформаларына арналған.

- Екінші топ – бұл аплеттер (applets). Аплеттерді барлық заманауи браузерларда қолданылатын, Java машинасымен интерпретацияланатын түрлі Java қосымшалар деп түсінуімізге болады.

Алғашқыда тіл ретінде C++ бағдарламалау тілін қолдану жоспарланған. Бірақ, бағдарлама құру кезінде кездескен қиыншылықтардың әсерінен жаңа бағдарламалау тілінің пайда болуына әкеліп соқты. Жүйенің мақсаты – заманауи Eiffel, Smalltalk, Objective C, Cedar/Mesa сияқты бағдарламалау тілдерінің ең жақсы қасиеттерін қамту болды.

Желілік технологиялардың қарқынды дамуы қосымшалардың құрылу процессі және таратылуына деген көзқарастың өзгеруіне әкелді. Заманауи қосымшалар қауіпсіз, жұмыс өнімділігі жоғары, әр-түрлі архитектуралы машиналар таратылған ортасында жұмыс істеуі тиіс болды.Тасымалдануға қойылатын талаптар әсерінен машиналық кодтардан тұратын бинарлық файлдарды құру және жеткізудің үйреншікті әдістерінен бас тартуға тура келді. Java құрастыру жүйесі айтылған барлық талаптарға жауап береді, сәйкесінше:

- қарапайым, сондықтан құрастырушылардың кең ауқымды ортасында қолданылады

- объектке бағытталған, яғни, бағадарламалау туралы заманауи көзқарастарға сай

- көпағындылығы – бір уақытта бірнеше тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді

- интерпретацияланатындығы – тасымалдануын қамтамасыз етеді және динамикалық қасиеттерін арттырады

Бай объектілік ортасы

Java ортасы – бағдарламалау тілінен жоғары деп айтсақ болады. Оның құрамында біздің бағдарламаларға шын өмірде кездесетін негізгі абстракциялардан тұратын негізгі класстар тобы бар. Java тілінің танымалдылығы бұл оны платформаға тәуелсіз ететін орнатылған класс-абстракциялары болып табылады (кесте 1). MFC/COM, OWL, VCL, NeXTStep, Motif және OpenDoc сияқты кітапханалар өз платформаларында жақсы жұмыс істейді, дегенмен, қазіргі таңда негізгі платформа болып Internet табылады.

Java 1.1.6 нұсқасында 23 пакет (Java 1.0.2-де олар 8 болды), ал класстар саны – 503 (211) орналасқан. Қазіргі уақытта JDK 1.2 бета-тестілеудің соңғы кезеңін өткеруде [15].

Алғашқыда тіл ретінде C++ бағдарламалау тілін қолдану жоспарланған. Бірақ, бағдарлама құру кезінде кездескен қиыншылықтардың әсерінен жаңа бағдарламалау тілінің пайда болуына әкеліп соқты. Жүйенің мақсаты – заманауи Eiffel, Smalltalk, Objective C, Cedar/Mesa сияқты бағдарламалау тілдерінің ең жақсы қасиеттерін қамту болды.

Кесте 1

Java API пакеттері Кестенің басы

Пакет атауы Құрамы
java.applet Апплеттерді іске асыру классы
java.awt Графикамен, мәтінмен, терезелермен және GUI-мен жұмысқа арналған класс
java.awt.datatransfer Ақпарат тасымалдауды қамтамассыз ететін класстар (Copy/Paste)
java.awt.event Оқиғаны өңдейтін класстар мен интерфейстер
java.awt.image Суретті өңдейтін класстар
java.awt.peer Платформаға тәуелсіздікті қамтамасыз ететін GUI
java.beans JavaBeans компоненттер моделіне арналған API
java.io Енгізу-шығарудың түрлі типтеріне арналған класстар
java.lang Тіл ядросына арналған класстар (типтер, жолдармен жұмыс, тригонометриялық функциялар, тиым салуларды өңдеу, жеңіл процесстер)
java.lang.reflect Reflection API класстары
java.math Туынды дәлдіктің арифметикалық операцияларына арналған класстар
java.net Интернет желісіндегі жұмысқа арналған класстар (сокеттер, хаттамалар, URL)
java.rmi RMI-мен байланысты класстар (процедураларды алыстатылған шақыру)
java.rmi.dgc RMI-мен байланысты
java.rmi.registry RMI-мен байланысты
java.rmi.server RMI-мен байланысты
java.security Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін класстар
java.security.acl Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін класстар
java.security.interfaces Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін класстар
java.sql  
java.text Көптілдік қолдауды қамтамасыз етуге арналған класстар
java.text.resources Көптілдік қолдауды қамтамасыз етуге арналған класстар
java.util Түрлі пайдалы деректер типтері (стектер, сөздіктер, хэш-кестелер, дата, кездейсоқ сандар генетаторы)
java.util.zip Архивтеуді қамтамасыз етуге арналған класстар

Класстар

Java тіліндегі объектіге бағытталған бағдарламалудың базалық элементі класс болып табылады. Класс құру үшін шығыс файлы болуы жеткілікті. Файл құрамында class негізгі сөзі, одан кейін идентификатор мен фигуралы жақша жұбы болуы тиіс.

Class Point {

}

Java шығыс файлының атауы онда сақталатын класс атауымен сәйкес болуы тиіс. Әріптер регистрі класс атауында да, файл атауында да қажетті.

Класс – бұл объект құруға арналған шаблон. Класс функционалды интерфейс құратын объект құрылымын және әдістерін анықтайды. Төменде классты анықтаудың ортақ түрі көрсетілген.\

Class класс_атауы extends суперкласс_атауы {type объект_айнымалысы:

Type 2объект_айнымалысы:

Type Nобъект_айнымалысы:

Type әдіс_атауы1 (параметрлер_тізімі) { әдіс денесі;

}

Type әдіс_атауы2 (параметрлер_тізімі) { әдіс денесі;

}

Type әдіс_атауыN (параметрлер_тізімі) { әдіс денесі;

}

}

Extends кілттік сөзі «класс_атауы» классы «суперкласс_атауы» класының ішкі классы екенін көрсетеді. Java тілінің класстық иерархиясының шыңында оның жалғыз орнатылған классы – Object орналасқан.

Наши рекомендации